«Еврей мәдениетінің Қарағанды орталығы» қоғамдық бірлестігі



жүктеу 16.66 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі16.66 Kb.

«Еврей мәдениетінің Қарағанды орталығы» қоғамдық бірлестігі
Вилен Борисович Молотов-Лучанский – медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы жетекшісі, «Еврей мәдениетінің Қарағанды орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Еврей мәдениетінің қарағандылық орталығы 1992 жылы құрылып, 1999 жылы «Еврей мәдениетінің Қарағанды орталығы» болып ресми тіркелген болатын.

Этномәдени бірлестіктің төрағасы мен белсенді мүшелерінің жетекшілігімен қазақстандық патриотизм, этносаралық келісім мен толеранттылықты дамытуға арналған ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып, мерзімді өткізіліп тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы, Ішкі саясат басқармасы жоғарғы оқу орындарымен бірлесе жарыққа шығарған ғылыми-практикалық конференциялар еңбектерінің жинақтарын құрастырған редакция алқасында жемісті жұмыс істеді.

Саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен өткен кездесулерде, дөңгелек үстелдер мен семинарларда сөз сөйлетін бірлестік төрағасы қоғамның азаматтық ұстанымын, бейбіт көзқарасын ашық айтып келеді.

Бірлестік жанында театралды клуб құрылған. Еврей мәдениеті қарағандылық орталығы театр клубының белсенділері Қазақстан этностарының тарихи оқиғаларына арналған ондаған спектальдер, концерттік композициялар мен қойылымдар қойды. Бұл қойылымдар облыстағы әртүрлі қалалардың сахналарында қойылып, казақстандық және шетелдік баспасөздердің жоғарғы бағасына ие болды. Студенттер және оқушылармен өткізілген кездесулерде Ұлттық бірлік доктринасының мазмұны ашылып, оны іске асырудағы тәжірибелік қадамдары түсіндіріліп келеді. Қазақстандық патриотизмнің қоғамдағы ұстанымдарын қалыптастыру мен дамыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.



Этнополитика заманауи тәсілдемелерін, этносаралық қарым-қатынастағы медиация саласын меңгеруде қоғам мүшелері үнемі өз біліктіліктерін арттырып отырады.

Еврей этномәдени бірлестігі республика мен облыс қоғамдық өмірінің атаулы оқиғаларына арналған іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен, жасампаздықпен ұйымдастырады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет