Ғалымдардың бойкот жариялаушылар және Сүннетті жақтайтын мұсылмандарды бидғаттарда айыптайтындар туралы айтқан сөздері мен пәтуалары



жүктеу 418.05 Kb.
бет1/3
Дата23.08.2018
өлшемі418.05 Kb.
  1   2   3




Ғалымдардың бойкот жариялаушылар және Сүннетті ұстанушы мұсылмандарды бидғатшылықта айыптайтындар туралы айтқан сөздері мен пәтуалары

қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы

(Баршаға) аса Мейірімді, (мүміндерге) ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мадақ! Біз Одан өзіміздің жамандықтарымыздан және амалдарымыздың жамандықтарынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолға салса, сол ешқашан адаспайды, ал кімді Ол көмексіз қалдырса, сол ешқашан Ақиқат Жолын таба алмайды!

Содан соң:

‘Убада ибн Самиттен (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Біздің арамыздағы үлкендерді сыйламайтындардың және кішілерімізге мейірімді болмағандардың, сондай-ақ білім иелеріне лайықтысын бермейтіндердің бізге қатысы жоқ». Бұл хадисті Ахмад және әл-Хаким жеткізген. Қз.: «Сахих әл-жәми' әс-сағир» (№5139)

Ғалымдарға лайықтысын беру – біздің міндеттеріміздің бірі, ол өзіне біз оларды құрметтеуімізді, бағалауымызды, қорғауымызды және жамандап-қараламауымызды қамтиды. Ибн Асакир бұл туралы: «Аллаһ сені рахымына бөлесін, ғалымдардың еті уланған екендігін біл, ал оларды сөгетіндермен Аллаһ не істейтіні белгілі!...», - деп айтқанындай.

Осы кезде біз мұсылман үмметінің салиқалы мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының түсінуіне сәйкес Құран мен Сүннетке шақырудың, яғни игі-берекелі шақырудың тазалығына күйе жағудың үлкен қасіретіне куә болудамыз. Бұл нәрселермен басты қамы осы шақырудың ғалымдары туралы еріккен бос сөздер тарату болған адамдар айналысуда. Осындай адамдардың ғалымдар жіберген қателіктер мен кемшіліктерді ақтарып жүргендерін, сондай-ақ өрмекшенің өрмегінен де әлсіз дәйектерге сүйеніп, оларды қара ниеттілікте айыптап жүргендерін көруге болады. Олар салиқалы мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарынан жеткен діни бидғаттардың жақтаушыларын сөгетін және олардан сақтандыратын деректерді (асарларды) қателік жіберген Сүннеттің жақтаушыларына қатысты қолданады. Іс тіпті үлкен ғалымдарға күйе жағуға дейін барды, ал мұның себебі діндар ғалымдардың пікірі осы адамдардың пікірімен бір болмай шыққандығында ғана! Мысалы, Пәтуалар жөніндегі Тұрақты Комитеттің мүшелері туралы олар: «Пәлен шейх шатасыпты», «Ол қазіргі қалыптасқан жағдай туралы білмейді», «Ол дінде босаңсуға жол береді», - деп, т.с.с. сөздерді айтады. Біз Аллаһтан құтқару мен кешірім тілейміз!

Бұл адамдар бүкіл нәрсені қамтушы Исламның мәні мен рухы болып табылатын Сүннетке шақыруды қатаң түрде белгілі бір адамдардың ғана түсінуіндегі қатаң түрде белгілі бір мәселелермен ғана шектейтін болды, әрі сол мәселелерге қайшы келетіндерді салиқалы мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолынан ауытқығандар деп санайтын болды. Сондықтан да жиі жағдайда олар қандай да бір студентті мақтап, одан «көрнекті тұлға» жасап жатқандарын, сосын бір мезетте ол жан-жағынан оған қарай сынның жебелері қадалып жатқан «ақиқаттан тайған топтың (хизб) жетекшісіне» айналып кеткенін көруге болады. Әрі осының барлығы Сүннеттің жеңісі үшін және діни бидғаттардан сақтандыру үшін орын алуда-мыс!

Бұл қасіреттің теріс салдарының бірі ғалымдар туралы өсек сөздердің таралуы болып табылады. Ал осы өсектерді оларға осындай салмақты нәрселер туралы қалайша әңгіме жүргізу қажет екендігі туралы білімдері жеткіліксіз адамдар таратуда. Нәтижесінде олар әлсіз дәйектердің негізінде пайымдар шығарады да, пәленшенің – хизби, ал түгеннің – кутби, үшіншінің – жәми, ал төртіншінің – мадхали екендігін т.с.с. нәрселерді жалпыға естіртіп жариялайды. Олар осылайша Аллаһқа ғибадат жасап жатқандығын және осындай іс-әрекеттерімен Сүннетті қорғап тұрғандығын айтады.

Ал осындай адамдар туралы Ибн Асакир нендей тамаша сөздерді айтқан: «Ол өзінің айтқан сөгістері (Аллаһқа) жақындау, ал айтқан балағаттаулары жаза болып табылатындығына сенетіні таң қалдырады. Сонымен бірге ол Ұлы және Құдіретті Аллаһтан өзін ықыласты етуін және оған Өзінің разылығын сыйлауын сұрайды! Ал егер сіз оның айтқан сөздеріне ой шолсаңдар, оның ақылы парықсыз, ал сөздері өтірік екендігі айқын болады!

Біз қашан балағаттау мен ұрысу арқылы Аллаһқа ғибадат жасадық? Ол қай жерде бізге өздерімізді жала мен жазғыруларға бағыштауымызды бұйырды? Аллаһ бізге лағынеттеуге салынуды рұқсат етті ме? Немесе ол бізді өсек-аяңдармен және біреуге күйе жағумен айналысуға шықырды ма? Немесе Өзінің Кітабында біреудің намысын қорлайтындарды мақтады ма? Немесе, бәлкім, Ол қателіктерді ақтарушыларға және жаман сөз таратушыларға мақтау айтқан шығар!

Егер сіздер, Аллаһ сіздерді рахымына бөлесін, Ұлы Құран үстінен ойлансаңыздар, оның аяттары мен дана Ескертуін түсініп-ұғынсаңыздар, оларда осының барлығына деген тыйымды әрі осының барлығынан - мейлі олар шағын, не көлемді нәрселерде болсын - аулақ болуға деген бұйрықты таба аласыздар. Бұдан қалса, Ұлылық пен Жомарттық Иесі тіпті Өзінен басқа құлшылық жасалатын пұттарды қорлауға тыйым салып, былай деді: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаһқа тіл тигізеді» («Әнғам» сүресі, 108-аят). Сондықтан да Аллаһтың құлдарын боқтап-қаралаумен айналысатындар ұмытшақтығы және білместігі себепті Аллаһқа мойынсұнбады. Өйткені егер Аллаһ тастар мен ағаштарды боқтауға тыйым салған болса, онда ненің негізінде сендерге ең жақсы ғалымдарды қорлауға рұқсат етіледі?!1». Қз.: «Табййин кәзиб әл-муфтари фима насаба ли-ль-имам әл-Хасан әл-Ашари» (377-380-беттер).

Имам әз-Захаби (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «Хадис жеткізушілер туралы айтқанда наз бен ұнатушылықтан аулақ болып, толық бейтараптық (әділдік) сақтау қажет. Сондай-ақ хадистер туралы, олардың жасырын кемшіліктері мен жеткізушілері туралы терең білімге ие болу қажет». Қз.: «Әл-Мауқиза» (28-бет).2

Дәл сондықтан да мен осы мақаланы жазып, онда ислам ғалымдарының мұсылмандарды діни бидғаттарда айыптауға әдеттеніп кеткендерге, осы мәселеде асығыстық жасап, осы манхажды Сүннетті жақтаушыларға теліп, соған ілесетіндерге қатысты пікірлерін келтіргім келді. Нәтижеде осы нәрсе ислам шақыруындағы бөлінуге алып келді әрі барлық қалалар мен елді-мекендерде оның тазалығына нұқсан келтірді. Істің жай-күйі тіпті осы шақырудың шейхтары мен олардың шәкірттері арасында алдын көз көрмеген бүліктің туындауына дейін жетті, Аллаһ Тағаладан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ!

Ал мұндай істерде аса ірі діндар ғалымдардың пікіріне қайту Шариғат тұрғысынан міндетті болып табылады, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Егер білмесеңдер Ескерту (Зикр) иелерінен сұраңдар» («Әнбия» сүресі, 7-аят). Әсіресе бұл мұсылмандардың жүректерінде олар туралы келіспеушіліктер жоқ ислам ғалымдарына қатысты, мысалы, Ибн Базға, Ибн Усайминге және әл-Әлбаниге (Аллаһ оларға рахым етсін)!

Мен жастарымызға, олар қай жерлерде өмір сүрсе де, ұлы ислам ғалымдарының төңірегіне бірігуге, жүректерімізді олардың сөздерімен нұрландыруға, әсіресе, студенттер арасында туындап жатқан қиын мәселелерде, әрі оларға қатысты болмаған істермен айналыспауға насихатты түрде кеңес беремін. Өзімізді Аллаһ Тағаладан кейін ең сенімді қамал болып табылатын сенімді және пайдалы білімдер алуға бағыштауымыз керек, сондай-ақ кез келген күмәндар мен құмарлықтардан өзімізді шеттетуіміз қажет. Біз Аллаһ Тағаладан қауіпсіздік пен есендік беруін тілейміз! Және сөзіміздің соңында Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ айтайық!

Салиқалы мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының ғалымдардың қателіктеріне деген қатынасы

«Құтылған топ» (әл-фирқа ән-наджийа) терминін дұрыс түсінуге қатысты ереже

Шейхуль-ислам Ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) Сүннетті жақтаушылар құтылған топ болып табылатындығын айтқан. Ол сондай-ақ бұл анықтаманың «Егер құтылған топтың сенімі осы болғанда, онда оған ашарилерден, матурудилерден т.с.с. пәлсапашылардан болған осылай деп айтпайтын адамдар кірмес еді» деп тұжырымдайтын қарсыластарына жауап та берді.

Осы адамдардың келіспеушіліктеріне жауап беріп, Ибн Таймийя былай деп жазады: «Кейін мен оларға былай дедім: “Осы сенімдердің қайсыбіреуіңе болса да қайшы келетіннің әрбірі осы себепті құрыған адамға айналуы міндетті емес. Өйткені айтысушы (ғалым) қателескен мужтахид болып табылады ғой, әрі Аллаһ оны қателігі үшін кешіреді, өйткені оған осы мәселе бойынша ол дәйек ретінде қолдана алатын білім жетпеді. Бұдан тыс, оның жаман істерін өшіріп тастайтын игі істері де бар ғой. Ал егер Аллаһтың жазасы жөніндегі қорқыту сөздері игі істері бар, (Аллаһтың) кешіріміне ие т.с.с. бұрыс түсіндірме (тауиль) жасайтын және құдайшыл адамға қатысты қолданылмайтын болса, онда олар сенімге ие болып, сол сенімнен құтылу тапқан (адамға) қатысты тіпті қолданылмайды. Ал кім осыған карама-қарсы нәрсеге сенген болса, не құтылады, не жоқ, өйткені «Кім үндемей қалса – сол құтылды!» деп айтылады ғой». Қз.: «Мажму әл-Фатауа» (3/179).

Ибн Таймийя сондай-ақ былай деді: «Егер көптеген пәтуалар шығаратын ғалымға бірқатар мәселелер бойынша Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді Сүннетіне қайшы келетін әрі салиқалы халифалар ұстанатын нәрселерге қайшы келетін пәтуалар шығару жазған болса, мұндай адамға жалпы қандай болсын пәтуалар шығаруға тыйым салуға болмайды. Жоқ, керісінше, оған оның Сүннетке қайшы келетін қателіктерін түсіндіру қажет. Сахабалар мен табиғиндердің кезінен бастап әрбір заманда осындай жағдайға түскен мұсылман ғалымдары болатын. Мысалы, Ибн ‘Аббас (ол екеуіне Аллаһ разы болсын) сахих Сүннетке қайшы келетін кейбір нәрселер туралы айтатын3. Сахабалар оған келіспеушілігін білдіретін, алайда оған мүлде пәтуа шығаруға тыйым салмайтын. Жоқ, олар оған оның сөздері қайшы келетін Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін түсіндіретін». Қз.: «Мажму әл-Фатауа» (3-том).

Шейхуль-ислам Ибн Таймийя сондай-ақ былай деп жазады: «Алайда жахмилердің көзқарастары таралған кезде, бір топ (Адамның) бейнесі туралы хадисте өздік есімдікті Аллаһ Тағалаға қатысты етпейтін болды. Істің жай-күйі көптеген нәрселерде өздерінің білімдерімен және Сүннетті жақтаушылығымен танылған Абу Саур, Ибн Хузайма, Абу Шейх әл-Исфахани сынды т.б ғалымдардың тұтас тобынан да бұл туралы жеткізілетіндігіне дейін жетті. Сондықтан да ислам дінінің имамдары мен Сүннеттің басқа ғалымдары оларға теріске шығару жасады». ‘Абдуллаһ әл-Гунайман «Шарх Китаб әт-Таухид мин әл-Бухари» (2/69).

Сол туралы Ибн әл-Қаййим әл-Жаузия да (Аллаһ оны рахым етсін) өзінің шейхы Абу Исмаил әл-Харауидің «Үміттің дәрежесі қалаушылардың дәрежесінен әлсіз» деген сөздерін келтіргеннен соң айтқан болатын. Ибн әл-Каййим бұл сөздерге сөгіс білдіріп: «Ақиқатында, шейхуль-ислам бізге қымбат, алайда ақиқат біз үшін қымбаттау», — деген болатын, содан соң ол: «Бұл естен кету (транс) күйлері (шатахат) екі топты азғырып алдады. Олардың біріншісінің назарынан адамдардың жақсы жақтары, олардың күнделікті тіршіліктегі жұмсақтығы және шыншылдығы көрінбей тыс қалды. Сондықтан да олар осы адамдарды өздерінің осындай естен кету (транс) күйіне түскендіктері себепті мүлдем ұмытты, оларға өте қатты сөгіс білдірді және олар туралы өте жаман ойға барды. Ал бұл өшпенділік пен шекке шығушылықтың нағыз өзі. Өйткені егер бір нәрсені дұрыс істемегеннің немесе қателік жасағанның әрбірін жаппай түрде тастап-қалдыратын және оның жақсы істерін ұмытатын болғанда, онда ғылымдар, кәсіптер, билік жарамсыздыққа келер еді, сондай-ақ олардың сипаттары да жойылып кетер еді.



Екінші топқа келер болсақ, адамдардың жақсы істерін, жүректерінің тазалығын, сүйіспеншілігінің шынайылығын және күнделікті істердегі шыншылдығын көрген кезде, олардың назарынан олардың (есі кеткен) транс күйлеріндегі жарамсыз қылықтары мен кемшіліктері көрінбей тыс қалды. Сондықтан да олар оған артық жақсы істерді теліді және өзінің (өзін-өзі жетілдіруге алып барар) жолында оның қолдауын пайдаланып, оған қатысты қабылдау және қорғау үкімін қолданды. Мұндай адамдар да шекараларды бұзып шаққандар және шектен шығушылыққа түскендер болып табылады.

Үшінші топты әр адамға лайықтысын беретін және оған ол соған тұрарлықтай қарым-қатынас жасайтын әділ және алалықсыз адамдар құрайды. Олар сау адам туралы науқас адам туралы пайымдағандай пайымдамайды, әрі тура сол сияқты науқас туралы да сау адам сияқты тұжырым жасамайды. Жоқ, олар қабыл болатын нәрсені қабыл етеді де, тәрк етілетін нәрсені тәрк етеді». Ибн әл-Қаййим «Мадариж әс-саликин» (40-41 беттер).

Ибн әл-Каййим сондай-ақ былай деді: «Кім Шариғат туралы және істердің шынайы жағдайы туралы білімге ие болса, сол Исламдағы ізгілікке және жақсы амалдарға ие болған лайықты адам ең жақсы мұсылмандардың қатарынан бола тұра, қандай да бір кемістік жіберіп алуы және қателесуі мүмкін екенін нақты біледі. Алайда осы орайда ол ақталады және тіпті, бұған қоса, өзінің ижтихад жасауы себепті марапатталады да. Сондықтан да оған осы қателігінде ілесуге болмайды, бірақ сонымен бірге оның жоғары мәртебесін, жетекшілігін және мұсылмандардың жүректеріндегі беделін түсіруге болмайды». Қз.: «Иъләм әл-мууақиин ән рабби-ль-аләмин» (3/283).

Бұдан тыс, Ибн әл-Каййим Абу Исмаил әл-Харауимен (Аллаһ оны рахым етсін) тәубенің кейбір мәселелері туралы пікір-талас жүргізгеннен кейін былай деген: «Шейхуль-исламның4 бұл қатесіне бола оның жақсы істері туралы ұмытуға және ол туралы жаман ойлауға болмайды. Өйткені оның білімге, (мұсылмандардың) жетекшілігіне, хабардар болуға және (өзін-өзі жетілдіру) жолымен жүруге қатысты алар орыны баршаға өте жақсы белгілі. Күнәсіз Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге кез келгеннің пікірін алуға және тәрк етуге болады. Ал кемелдікке өз қателіктерінің есебін жүргізетін (адам) ғана жетеді». Ибн әл-Қаййим «Мадариж әс-саликин» (1/198).

Кемел адам - бұл қателіктерін санауға болатын адам

Саид әл-Мусаййиб (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) былай деген: «Кемшіліктері жоқ болған ғалым да, салиқалы әрі қадірлі адам да жоқ. Алайда адамдардың арасында олардың қателіктері туралы айту қажет емес адамдар бар. Егер адамда жақсы жақтары кемшіліктеріне қарағанда көбірек болса, оның жақсы жақтары оның кемшіліктерін жояды». Ибн ‘Абдуль-Барр «Әт-Тамхид» (11/170).

Имам әз-Захаби (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) былай деген: «Егер ірі білгірдің және дін имамының дұрыс нәрселері көбірек болса, оның өзі ақиқатқа және білімін кеңейтуге деген ұмтылысымен танымал болса, ақыл-парасаттылығы айқын көрінсе, ол салиқалылығымен, тақуалығымен және (Сүннетке) ілесушілігімен ерекшеленсе, онда Аллаһ оның күнәларын кешіреді. Біз мұндай ғалымды адасушылықта айыптамаймыз, одан бас тартпаймыз әрі оның жақсы жақтарын ұмытпаймыз. Иә, біз оның бидғаты мен қателігіне ермейміз, әрі ол олар үшін тәубе етеді деп үміттенеміз» «Сияр аъләм ән-нубалә» (5/271).

Имам әз-Захаби (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Кемелдік – жиі кездесетін нәрсе. Ақиқатында, ғалымды оның жақсы жақтарынан құралған жетістіктері үшін мақтайды, әрі жақсылықтар оның істеген ұнамсыз нәрсесі себепті көміліп тасталмайды, өйткені ол одан бас тартқан болуы да мүмкін ғой. Ол ақиқатты іздеуде үлкен күш сарп еткендігі үшін кешірілді. Әрі Аллаһтың көмегінсіз күш жоқ!» Қз.: «Сияр аъләм ән-нубалә» (16/285).

Ал әл-Хаким оны өз заманының имамы деп атаған, Яхья әт-Таймиден, Исхақ ибн Рахавайхтан, Ибн Шәйбадан тағы да басқалардан хадистер тыңдаған имам, хафиз Мухаммад ибн Наср әл-Маруази туралы айтар болсақ, ол «Құранды ауызбен айту жаратылған болып табылады ма?» деген мәседеле және иманның анықтамасы мәселесінде өрескел қателесетін.

Әз-Захаби (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «“Егер қандай да бір имам жеке мәселелерде ижтихад жасап, шешім шығарғанында кешірілуге тиісті қателіктермен қателескен әрбір жағдайда біз оған қарсы шығып, бидғатта айыптап және онымен қатынасты үзетін болғанымызда, онда бізден Ибн Наср да, Ибн Мандах та, олардан жоғары болғандар да құтыла алмас еді. Аллаһ жаратылыстарын ақиқатқа алып келеді, Ол – рахымдылардың ең Рахымдысы, әрі біз Аллаһқа құмарлықтар мен өрескел қателерден пана іздеп сиынамыз». Қз.: «Сияр аъләм ән-нубалә» (14/40).

Имам әз-Захаби имам ән-Насаи туралы не деп айтқанына қараңыз: «Үш ғасырдың бастапқы кезеңінде ән-Насаидей жадқа (еске) ие ешкім жоқ еді. Ол хадистерге, олардың жасырын кемшіліктеріне және баяндаушыларына қатысты Муслимнен де, Абу Даудтен де және Абу Исадан да (әт-Тирмизи) көбірек біледі. Осы салада ол әл-Бухари мен Абу Зур’аға көршілес тұрады. Алайда оның бойында, Аллаһ оны кешірсін, имам Алидің, мысалы, Муауиямен және Амрмен (ибн әл-Ас) пікірталастары мәселесінде аздап шиғалығы және ауытқулары бар. Сондай-ақ имам әт-Тахауи өзінің «әл-Ақида әт-Тахауия» еңбегінде бірқатар өрескел қателер жіберген, мысалы, нақты айтқанда: «Ол (Аллаһ) шекаралар мен шектерге, мүшелер мен бөліктерге ие болудан Жоғары...», - деп, т.с.с. нәрселерді айтқан (Аллаһтың сипаттарын осындай теріске шығарулар арқылы бекіту салиқалы мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының әдісіне сәйкес келмейді және олардың жолымен ұйқаспайды. Бұдан қалса олар Аллаһқа қатысты мұндай пайымдарды сөгетін). Сондай-ақ әт-Тахауи иржа мәселесінде де өрескел қателескен. Алайда, осындай қателіктерге қарамастан, оның ақида бойынша жазған кітабын осы тақырып бойынша жазылған ең үздік кітаптардың қатарында деп есептеуге, ол туралы мақтап айтуға және оны білім орындарында оқуға оқып-үйренуге кедергі болған жоқ». Қз.: «Сияр аъләм ән-нубалә» (14/133).

Имам Ибн ‘Абдуль-Баррды еске алыңыздар. Ол: «Бұл хадисте пайғамбарлар мен ізгі адамдардың орындары арқылы, олардың болған және өмір сүрген орындары арқылы береке тілеуге нұсқау бар, әрі Абдуллаһ ибн Умар осы хадисті баяндаған кезде дәл осыны меңзеген еді, алайда Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі», - деп айтып, игілік тілеу (табаррук) мәселесінде өте үлкен қателік жіберді. «әт-Тамхид» (13/67).

Тура осы санаттағы сөздерге Ибн ‘Абдуль-Баррдың (Аллаһ оны рахым етсін) мына айтқан сөздері де жатады: «Оның (яғни Пайғамбардың) (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ жымияды», - деген сөздеріне келер болсақ5, олар Аллаһ өз құлына рахым етеді және оны рахымымен, қуанышпен, аяушылықпен және жан ашушылықпен қабыл етеді дегенді білдіреді. Бұл сөздің астарында метафора түсініледі». Қз.: «Сияр аъләм ән-нубалә» (18/245).

«Ақида әт-Тахауияның» түсіндірмесінің авторы, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, былай деген: «Біз осындай қателіктерге ғалымдардың көптеген топтары, солардың қатарында білім мен дін имамдары да түскеніне сенімдіміз. Оларда жәхмилердің, муржилердің, қадарилердің, шиғалардың немесе хауариждердің айтқандарына ұқсас кейбір сөздері бар. Алайда діннің имамдары осы барлық бидғаттарды тұтас ұстанбаған. Жоқ, сөз тармақтардағы тармақтар туралы ғана болуда. Сондықтан да осы бидғаттардың жақтаушылары осындай көзқарастарды атақты мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының топтарына өтіріктен жапсырып (теліп) қойды». «Шарх әт-Тахауия» (439).

Осы себептен де Сүннетті жақтаушылардың көрнекті имамы - имам Ахмад адамдарды Сүннеттен шығаруға қауіптенетін, тек егер адам бидғаттың жақтаушыларымен діннің негіздері бойынша келіспейтін болса.

Әл-Халләлдың6 «Китаб әс-Суннасында» (513) мына дерек келтіріледі. Абу Жа’фар былай деп жеткізген: «Мен: «Уа, Абу ‘Абдуллаһ! Абу Бакр мен Умарға тіл тигізетіндерді сен Сүннетті жақтаушылардан деп есептейсің бе?», - деп сұрадым. Ол: «Маған мұндай сұрақ қоюдың қажеті жоқ! Сонда біз Куфа тұрғындарымен не істемекпіз?», - деп жауап берді. Одан маған Абу Сарийй ‘Абдус ибн ‘Абдуль-Уахид жеткізген Абу Жа’фар: «Адамдарды Сүннеттен шығару – өте салмақты іс», - деді».



Қазіргі заман ғалымдарының мұсылмандарды бойкот жасауды және бидғаттарда айыптауды өздерінің діні мен жолы етіп алған адамдар туралы айтқан сөздері

Құрметті шейх ‘Абдуль-Азиз ибн Баз, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, былай деген: «Біздің кезімізде өзін шариғи білімдерге ие болуға және игілікке шақыруға телитін көптеген адамдар танымал дін насихаттаушылардан болған өздерінің бауырларын жамандайтын құбылыс кең етек алды. Өздерінің әңгімелерінде олар білім талап етушілерді, дінді насихаттап жүргендерді және ұстаздарды талқылайды. Олар осыны құпия түрде өздерінің жиналыстарында жасайды, және тіпті, мүмкін, өздерінің әңгімелесулерін таспаларға (кассеталарға) жазып, оларды халыққа таратады. Ал кейде олар осыны мешіттердегі көптің алдында айтылатын лекцияларда жасайды. Бұл жол көп жағдайда Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған нәрселерге қайшы келеді.



Біріншіден, бұл - мұсылмандардың, әсіресе шариғи білім ізденушілер мен дінді уағыздаушылардың құқықтарын бұзу. Ал олар адамдардың (діни) сауатын ашуда, оларды насихаттауда, олардың сенімдері мен манхажын түзетуде, сондай-ақ сабақтар, лекциялар өткізуде және пайдалы кітаптар жазуда бар күш-жігерін салып, ыждағаттылық жасауда.

Екіншіден, бұл мұсылмандардың біртұтастығын қақ жарады және олардың қатарларын бөледі. Білім талап етушілер мен Исламға шақырушылар басқалардан көбірек бірлікке мұқтаж, әрі олар бөлінушіліктен, келіспеушіліктерден және өзара өсектен қашқақтаулары керек, әсіресе жала жабылып жатқан кісі Әһлю-Сунна уәл-Жәма`адан болса және бидғаттарға, ырым-жырымдарға қарсы күресімен, бидғаттар мен ырымшылдыққа шақыратын адамдармен ымырасыз күрес жүргізуімен, олардың жоспарлары мен бұзық көзқарастарын әшкерелеуімен танымал болса. Бұда мұсылмандарға зиян тигізу мүмкіндігін аңдып тұрған кәпірлерден, екіжүзділерден, бидғаттар мен адасушылықтардың жақтаушыларынан болған Исламның жауларына ғана пайда бар.

Үшіншіден, мұндай іс-әрекет дінге шақырушыларды бір-біріне шағылыстыратын, олар туралы өтірік сөздер таратып, адамдарды оларға қарсы үгіттейтін секуляристтерге (қоғамды діннің ықпалынан арылтуға ұмтылатындар), Батысқа сыйынушылар мен басқа да құдайсыздарға көмек пен қолдау болады. Бұл - Исламдағы бауырластыққа қарсы нәрсе, әрі кейбіреулер дұшпандарға шариғи білім алушылардан, дінге шақырушылардан және басқа да адамдардан болған өздерінің бауырларына қарсы көмектесуге асығып жатады.

Төртіншіден, мұндай іс-әрекет барлық адамдардың және жеке тұлғалардың жүректерінің қараюына ықпал етеді, өтірік пен жалған өсек-аяңдардың таралуына әкеледі, өсек пен ғайбаттың көбеюіне себеб болады. Бұл күмәндар мен фитна таратуда ынта-жігер танытатын және мүміндерді олар істемеген істерде айыптап, оларға зиян тигізуге ұмтылатын залымдарға жол ашады.

Бесіншіден, олардың айтып жүрген нәрселерінің көбі негізсіз. Бұл шайтанның оларға әшекейлеп көрсеткен және солар арқылы оларды адасушылыққа салған күмәндар мен жорамалдардан басқа еш нәрсе емес. Ал Аллаһ Тағала: «Әй, мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңнің артыңнан бірің жаман сөздер айтпаңдар» («Хужурат» сүресі, 12 аят), - деп айтқан ғой. Мүмін адам өзінің діндес бауырының сөздері туралы ең жақсы пайым жасауы қажет. Мысалы, кейбір салиқалы алдыңғы буын өкілдері: «Бауырыңның сөздерінің астарынан жақсы нәрсе түсінуге болатындай болса, оларда бір жаман нәрсе бар деп ойлама», - деп айтатын.

Алтыншыдан, егер ғалымдар мен шариғи білім ізденушілер ижтиһад мүмкін болған мәселелерге қатысты ижтиһадқа жүгініп жатса, әрі олар ижтиһад жасау дәрежесіне жеткен болса, бұл үшін оларды сөгуге де, айыптауға да болмайды. Егер біреу оған қарама-қарсы пікірді ұстанса, онда мұны көркем түрде, ақыиқатқа ең қысқа жолмен жетуге ұмтылып, шайтанның азғыруларына орын қалдырмай және мүміндер арасында мазасыздық туғызбай талқылау керек. Ал егер мұны істеу мүмкін болмай жатса әрі адам білім иесінің ижтиһады дұрыс емес деп жатса, онда ол оған тап бермей, ол туралы жала таратпай және сын айтуға салынып кетпей, осыны ең жақсы сөздермен және ең жұмсақ түрде түсіндіруі керек, өйткені бұл ақиқаттың қабылданбауына алып келуі мүмкін. Сондай-ақ нақты адамдарға қатысты сын айтудан, оларды қараниеттілікте айыптаудан және олар туралы қажетсіз және іске қатысы жоқ сөздер айтудан қашқақтау керек. Мұндай жағдайларда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR -> manhagh
manhagh -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhagh -> Өтіріктің таралуына және адамдардың Өтірікті қабылдауына әкеп соғатын кейбір себептерді түсіндіру
manhagh -> Тмд елдерінің Сүннет ұстанушы мұсылмандарына кезекті жолдау
manhagh -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»
manhagh -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а құлшылық-ғибадатта және жәрдем сұрауда өзіңді тек Аллаһқа байланыстыруға, әрі барлық істерде, соның ішінде өмірде кездесетін қиындықтар мен проблемаларда
manhagh -> Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
manhagh -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»
manhagh -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
manhagh -> Лаңкестік (террор) МҰсылманның жолы емес


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет