Фариза оңҒарсыноваға арналған «поэзия падишасы» атты еске алу кешінің сценарийі



жүктеу 117.69 Kb.
Дата30.03.2019
өлшемі117.69 Kb.
түріСценарий

ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАҒА АРНАЛҒАН «ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІНІҢ СЦЕНАРИЙІ


ПРОЛОГ

Ақырын күй ойнап тұрады.

Ортада әйелі мен күйеуі отырады.

Отағасы қолында домбыра, отанасы қолында кесте.
Отанасы: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде екеуміз қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті. Ол ағашта алманың орнына том-том болып кітаптар ілініп тұр. Сол кітаптардың арасында қып-қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.

Отағасы (күліп): Ай, тәйірі-ай! Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том-том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.

Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!

Кадрдан тыс дауыс:

Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.




Сахнаға жүргізушілер шығады.

Жүргізуші:

Қайырлы күн, әдебиет сүйер қауым! Бүгін біз Фариза Оңғарсыноваға арналған «Поэзия падишасы» атты еске алу кешіне жиналып отырмыз. Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр жинағы 2013 жылы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында бүкіл ел болып оқитын кітап болып тандалғаны баршаңызға аян. Осы акция аясында Балқаш қаласының ОКЖ-інде әр түрлі ісшаралар өткізілген болатын. Акцияны қорытындылау мақсатында Фариза апамызды еске алу кешін ұйымдастырып отырмыз.

Жыл сайын өтетін «Бір ел - бір кітап» акциясына тоқталатын болсақ, бұл жобаның негізгі идеясы АҚШ-тан бастау алған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты — Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты - Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар штаттың басқа қалаларында да ұйымдастырылды.

Қазақстанда «Бір ел - бір кітап» акциясы 2007 жылы Абайдың «Қара сөздерімен» басталды.


Ведущий:

История акции "Одна страна - одна книга».

Идея проекта очень известна в США. Идея чтения одной книги всем городом была предоставлена книжным центром публичной библиотеки Сиэтл, штата Вашингтона в США. В 1998 году целью впервые проведенной акции под названием «Если все жители Сиэтла читают одну книгу» стало укрепление единства народа Сиэтла и пропаганда чтения. Продолжение такого же рода мероприятия проводились в таких городах как: Чикаго, Буффало, Рочестер.

В Казахстане акция "Одна страна - одна книга» началась в 2007 году, впервые акцию любители чтения страны начали со «Слов назидания» Абая Кунанбаева. А в 2013 году читатели Республики выбрали сборник лирических стихотворений Фаризы Онгарсыновой «Дауа».


Буктрейлер «Дауа» көрсетіледі.

Жүргізуші:

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын Алланың айрықша мейір-шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға ғып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі - Фариза Оңғарсынова болатын.

Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі- дауасы - поэзия болды.



«Өзімді таныстыру» өлеңі оқылады

Ведущий:

Стихи не стареют - Стареют поэты,

Да разве поэты жалеют об этом?

Из клетки морщин, как мечта золотая,

Жар-птица бессмертной любви вылетает.

О, вечный юнец во владении стужи –

Снега на висках, а горячие души,

Как прежде, как в двадцать, способны гореть.

Поэты душой не умеют стареть...

Горенье - таково впечатление от поэзии Фаризы Унгарсыновой. Горенье - это и свойство её творческой натуры, и её программная установка.

Поэзия должна разить, как алмазный клинок, а не услаждать слух. Фариза - признанный мастер, автор дорогих сердцу лирических стихов, поразительных по силе духовной энергии поэм «Проклятье», «Алмазный клинок», «Окровавленная победа», «Скитания голоса в двух зеркалах». Она - автор книг на казахском языке: «Соловей», «Мелодия», «Беспокойная пора», «Гордое поколение», «Буйное русло», «Твоя любовь», «Откровенье», «Дауа».



чтец:


Не нужно мне хвалы и славы.

Вы есть,


И не увянут травы.

Я рада каждому лучу.

Мир в лучший образ переплавлен,

Когда я птицею лечу,

Свободной всадницей скачу.
Кто мёрз в снегу, тому понятно

Явленье солнца.

Вероятно,

Понятны зимние ветра.

Вы, искренние безоглядно,

Со мной с утра и до утра –

Без вас не сеять мне добра.


Жүргізуші:

Фариза Оңғарсынова - халық жазушысы. Ол қазіргі Атырау облысы Новобогат ауданы Манаш аулында 1939 жылы желтоқсанның 25-і күні дүниеге келген. Фариза Оңғарсынова 1961 жылы Гурьев (Атырау) педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, 1966 жылдан бастап мұғалім болып, содан кейін ауылдық мектепте директор болып жұмыс атқарды. 1970-1977 жылдар аралығында Фариза Оңғарсынова “Қазақстан пионері” атты республикалық газеттің редакторы қызметін атқарды. 1978 жылы “Пионер” журналының бас редакторы болды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты (1996-2004 жылдары) болған. Жыл сайын өткізіліп жатқан «Бір ел — бір кітап» акциясының да ұйымдастырушысы болып жұмыс атқарды.

Ведущий:

Она родилась на крайнем западе Казахстана, в Гурьевской области. Кругом пески: ни родника, ни ручья, только немногие колодцы. Ребёнком Фариза мечтала о большой воде, о расцвете пустынного края. И поэтому её ранние стихи - о Мангышлаке, о преображении пустынных земель Западного Казахстана, о людях, чьи смелость и отвага не уступают их сердечности.

Жүргізуші:

Фариза Оңғарсынова - адамның бой сұлулығымен қатар ой сұлулығын да таба білген ақын. Ол «Біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, жаным мұздаған кезде, мен сені аялаймын» дейді. Өз өлеңдерін дәл өзі айтқандай пана, қамқор, дос тұтты. Ақын өлеңнің бал- шырағына тамсанды. Соның ләззатына да, азабына да мойынсұнды. Ақын поэзияны «дара күндерінің, нала түндерінің серігі» санайды. Ол - ерлік пен биік рухтың өлеңі, үнінде әрлік, асқақтық бар, дүниетанымы кең, ақындық бояуы қанық, қайратты да қайсар Фариза жыры әрқашан жүрегіңе тиеді, сезімінді қозғайды, жаныңды байытады.

Өлең оқылады

Жүргізуші:

Фариза апамыздың “Өлең” деген туындысын тыңдадыңыздар. Мұнда Фариза апамыз өзінің ақындық кредосын танытады. Өзінің поэзиямен шын туысуы, қуанышты, қайғылы күндерде де бірге болған досы — өлең туралы ұғымы жеткізіліп айтылған.

Фариза Оңғарсынова - сезімнің ақыны, өлендері арқылы қазақ поэзиясына Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев буынын батыл әкелген драматизм мен трагизмге толы лирикалық әуенді, философияны одан сайын байыта түсті. Әріптес ағаларының өкшесін баса жүріп өз көркемдік әлемін оқырмандарына тамаша көрсете білді. Шығармалары 1958 жылдан жариялана бастады. Тұңғыш өлендер жинағы «Сандуғаш» деген атпен 1966 жылы жарық көрді. Ол көптеген поэма, өлең топтамаларының авторы. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудің бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім — менің Отаным», «Маңғыстау монологтары» және «Революция және мен» өлеңдері.



Ведущий:

Казахский читатель давно знает, что Фариза Онгарсынова - оригинальный, ни на кого не похожий поэт, развивающий лучшие традиции казахской поэтической классики: Абая, Макатаева.

Для Фаризы органично слияние с природой, чувство гармонии с ней.

Выросшая на Каспии, поэтесса чувствует себя его дочерью. Волны - её подруги и сёстры, в то же время степь - её родной дом, где она может постелить себе лужайку, положить под голову полынь. Она ликует, когда природные стихии проявляются бурно, ощущая себя частицей взбунтовавшегося моря, соколом в вышине, степной грозой, рекой в половодье, весной в пустыне.


3 чтец:


Я - Каспия дочь.

Я с рожденья верна его делу,

А линии рук моих Тайнами моря полны.

Душа хоть нежна,

Но в броне закалённого тела Суровой покажется –

Взгляд мой смелее волны.



4 чтец:


Вернуться б к Каспию,

Лежащему миражем

Средь берегов пологих, некрутых,

Чтоб с самодельных удочек неважных

Снимать волшебных рыбок золотых.

Той цельной жизни острые осколки

В моей душе засели глубоко.

Идти! Идти! Идти!

Пройду хоть сколько

По жизни - детство всё недалеко.



Жүргізуші:

Ақының анасы халқымыздың аңыз-жырларымен, халық өлеңдерімен сусындатқан. Қыстың ұзақ кештерінде оның балалары кітап оқып, халқымыздың ескі жырларын жаттап өскен.

«Сырласу немесе ана рухымен әңгіме» өлеңі оқылады.



Ведущий:

Женщина в стихах Фаризы - мужественна, непреклонна, преданна и отважна. Она принимает житейские тяготы, печали, горести, неудачи с высоко поднятой головой. Непокорность, неподвластность чуждому уставу - вот суть характера самой Фаризы и её лирической героини. Её жестокость, сменяющаяся женственностью, возвращает мужчине мужественность и силу духа, женщине - нежность и пленяющую власть любящего сердца.

Жүргізуші:

Фариза өлеңдері 1958 жылдан басыла бастаған. Оған алғашқы назар аударған адамның бірі қазақтың ұлы ақыны, жастардың қамқоры Әбділда Тәжібаев еді. Ол Фаризаның алғашқы жырларынан-ақ оның бойындағы талантын танып, оны әкесіндей қолдады және ылғи да кадағалап, куанып отырды.

«Әке» өлеңі оқылады.

Ведущий:

У поэтессы интересный взгляд на мир. Талант Фаризы - многосоставное целое, в нём и гражданственность истинного патриота, и преданность отеческой земле, и сосредоточенность и углубленность серьёзного художника. Её талант покоряет многообразием чувств, напряжённостью глубокой мысли.

В творчестве Фаризы Онгарсыновой нет и намёка на черты, присущие так называемой женской, или дамской, поэзии. Даже в чисто женских проявлениях своей натуры, она остаётся сильной, властной, гордой личностью, из русских женщин-стихотворцев она ближе всех по характеру к Марине Цветаевой.



Жүргізуші:

Фариза жырлары автордың көп ойлауынан, қоғам шындығы мен өз басының мұңды күйлерін түйіндестіре толғаудан туған. Оның ойлары халықтың жарқын тіршілігі, адалдық, әсемдік туралы арман-мұратқа ұмтылады. Бірақ оған жетудің жолы оңай емес. Адам баласы өмір бойы осы ізгі арман үшін күресіп келеді. Фариза ақын басына жиналған ой да, одан туындайтын мұң да осының жалғасы. Сондықтан ол өмірдің, адам жанының күрделігін жырлайды, өзін налытқан жайларды өлеңіне арқау етеді.

Ведущий:

Высокая гражданственность, интернационализм, защита нравственных ценностей - основные темы её поэзии. В творчестве поэтессы соединились многовековая национальная культурная традиция и современные поэтические открытия. Её поэзия - как льющийся поток, берущий начало из глубины столетий и направленный в будущее, и нет ему ещё заглавия и окончательных определений.

Жүргізуші:

Фариза басқа ақындар сияқты Отанын, туған жерін, өзі туып өскен өлкенің кешегі және бүгінгі өмірін, адам еңбегін, әкесі мен анасына деген ұлы махаббатын, достық пен сүйіспеншілікті жырлады.

Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына азаматтық пен әлеуметтік тән, оның өлеңдері өз ұлтын, оның дәстүрін және мәдениетін сыйлауға әрі сүюге үндейді.

Ол - республикалық әдеби-көркем бағыттағы «Тұмар» журналының бас редакторы болды. Аталған басылым арқылы жас дарындарға қолдау көрсетті.


Ведущий:

Немногим поэтам удаётся соединить такие начала, как открытая гражданственность и пронзительная лиричность, трагичность неразделённой любви и мудрые строки о ремесле поэта.

Фариза Онгарсынова пишет о любви и дружбе, об истории своего народа... Стихотворение «Моя биография» - об истории казахского народа.

«Голос пустыни» - монолог самой земли.

Она заявляет: «С землёй степи стихи мои в родстве».

Чтец:

Родная земля,



Манит жизни тропа,

Но как ни забросит далеко от дома

Отчаянней птицы, инстинктом ведомой,

Лечу к тебе - ты мне и мать, и судьба.

Пространство пустыни с пустыней небес

Пришельцы за скудость могли урезонить,

А мне ты с рожденья досталась, как совесть,

На чаше поступков решающий вес.

Мне дорого всё здесь: сказанья, пески,

Обветренный камень у древней могилы...

Живою водой ты слова напоила,

Сквозь сердце любви пропустила ростки.

И я пред тобою ни в чём не солгу.

А если...

Оставьте слова - назиданья!

Казни меня, Родина, мукой скитанья,

Когда я напутствия не сберегу!


Жүргізуші:

Мұқағали поэзия патшайымы Фаризаны мың бір акынның ішінен тандап алып, кеудесіне сыймаған өкініші мен өтінішін аманаттаған. Өйткені Фариза - Нарынның құмында күйіп, күн қақтап, жел сорып, іңкәр дүниеге мен келдім деп жылап емес, айқайлап келген Ақын.

Сен мені білесің бе, білесің бе,

Жан екенмін жаралмаған күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып

Тастағысы келеді күресінге.

Фаризажан, сен соны білесің бе?



Ведущий:

Стихи Фаризы Онгарсыновой хочется читать вслух, читать и перечитывать, и вновь возвращаться... А это - свойство настоящей поэзии.

Сильный, властный, несгибаемый характер поэтессы имеет притягательную силу. Она говорит:

Мой век,

Возьми до капли жизнь мою –

Ты мне открыл бескрайние высоты,

И я, коснувшись золотого солнца

И счастьем переполнившись, пою...


Көрмеге қысқаша шолу жасалады

Алғыс хаттар тапсырылады

Жүргізуші:

Осымен бүгінгі еске алу кешіміз аяқталды. Сіздердің назарларыңызға ұсынылған кітап көрмесін тамашалауға, танысуға шақырамыз.

Уақыттарыңызды бөліп біздің мәдени шарамызға келгендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет