«фармация» мамандығы бойынша 2017-2018 ОҚу жылының талапкерлеріне арналған қЫСҚартылған оқыту түрі бойынша қабылдау емтихандарының СҰРАҚтарының тізімі



жүктеу 103.42 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі103.42 Kb.


С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ







КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL

MEDICAL UNIVERSITY






«ФАРМАЦИЯ»

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ОҚЫТУ ТҮРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

«Фармация негіздері» пәнінен 2017 жылға қабылдау емтихан

сұрақтарының тізімі

1. Фармация экономикасы және басқарылуы


  1. Фармация экономикасы негіздеріне кіріспе: мағынасы, объектісі, пән, макро- и микро деңгейлері, принциптері, спецификасы (ерекшелігі), қолдану аясы.

  1. Дәріхана ұйымын жүйелендірудегі экономикалық көрсеткіштер.

  1. Фармацевтика қызметінің субъектілерін жүйелендірудегі экономикалық көрсеткіштерді болжау, жоспарлау және экономикалық талдаудың негізгі әдістері. Мемлекеттік қаржыландыру.

  1. «Тауарайналымның» экономикалық көрсеткіштері: мағынасы, сипаттамасы, құрылымы. «Тауарайналым», бөлшек және көтерме тауарайналымдар экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы.

  1. Баға индексін ескере отырып және ағымдағы баға бойынша тауарайналымын жоспарлау және болжау.

  1. Дәріхана ұйымдарының рецептурасын жоспарлау және талдау.

  1. Тауар қоры, тауарайналымы.Тауар қорын талдау және басқару.

  1. Тауардың босатылу көлемін қамтамасыз ету. Дәріханаға тауар түсімін жоспарлау, жоспардағы түсілетін тауар көлемін қаржымен қамтамасыз ету.

  1. Дәріхана ұйымындағы айналымның шығындарын талдау, есептеу, жоспарлау және болжау.

  1. Дәріхана ұйымдарының еңбекақы және еңбек көрсеткіштерін талдау, жоспарлау мен болжау.

  1. Дәріхана ұйымының сауда салымы: құрылуы, мағынасы, есептелуі, талдау, жоспарлау және болжау.

  1. Дәріхана ұйымының табысы: анықтамасы, мағынасы, сипаттамасы, түрлері, есептеу методикасы, талдау және жоспарлау, табысты қолдану.

  1. Дәріхана ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері. Рентабельділік (пайдалылық): мағынасы, есептеу әдістері, талдау, жоспарлау және болжау.

  1. «Баға» экономикалық категориясы: мағынасы, жүйелері, жіктелуі. Дәрілік заттардың бағасының түрлері. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаларға қолжетімді баға қалыптастыру және туындайтын қиыншылықтар.

  1. Дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу. ДЗ бөлшек саудада босату бағасын, дистрибьюторлар мен өндірушілерден босатылатын бағаны қалыптастыру реті мен құрылымы.

  1. Фармацевтикалық қызмет субъектілеріне салық салу.

  1. Фармацевтикалық қызмет субъектілерін кредиттеу.

  1. Қазақстан Республикасының есеп беру және есепке алу жүйесі: жалпы сипаттамасы, негізгі түсініктемелері, есепке алу түрлері, есепке алу өлшеуіштері. Дәріхана ұйымының есепке алу саясаты.

  1. Дәріхана ұйымына тауар-материалдық құндылықтардың келіп түсуі мен қабылдануы.

  1. Дәріхана ұйымындағы бөлшек босатудағы тауар есебі. Дәріхана ұйымындағы тауарды көтерме сату мен басқа да шығындарды есептеу.

  1. Дәріхана ұйымындағы нақты қаржы көлемін есептеу. Дәріхана ұйымында қаржылық емес мәнде есептесу. Кәсіпорын, мекеме, ұйымдардағы өзіндік қаржының қалыптасуы.

  1. Дәріхана ұйымындағы есептесулер мен қаржыларға, тауар –материалдық құндылықтарға инвентаризация жүргізу.

  1. Басқарушылық есептің талдауы және құрылуы. Дәріхана «тауар есебін» құру реті.

  1. Дәріхана ұйымының қаржылық есебі.

  1. Фармациядағы есептің автоматизацияланған жүйесі.



2. Фармацевтикалық химия

  1. Фармацевтикалық химия пәні, басқа пәндермен байланысы.

  2. Дәрілік заттардың заманауи аттары.

  3. Фармацевтикалық химияның заманауи проблемалары.

  4. Дәрілік заттардың іздеудің негізгі сатылары.

  5. Химиялық құрылым мен оның ағзаға биологиялық әсерінің байланысы.

  6. Дәрілік заттардың эмпирикалық және бағытталғаніздеуі.

  7. Дәрілік заттарды алудың көздері және әдістері.

  8. Жаңа дәрілік заттарды алудың негізгі бағыттары.

  9. Биологиялық белсеңді заттарды алу жалпы әдістері.

  10. Дәрілік заттардың синтез жолдары.

  11. Дәрілер туралы заң.

  12. Қазақстан Республикасының стандартттау жүйесі.

  13. Дәрілік заттардың сапасын көтеруде нормативті құжаттардың рөлі.

  14. ҚР Мемлекеттіг Фармакопеясы.

  15. Ұллтық және регионалды фармакопеялар.

  16. Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың сертификация жүйесі.

  17. Отандық және шетелдік дәрілік заттардың тіркеу және сараптама тәртібі.

  18. Химиялық және фармацевтикалық кәсіпорында сапа бағалау жуйесі.

  19. Аналитикалық-бағалау зертханада дәрілік заттардың сапасын бағалау.

  20. Фармацевтикалық талдау критерийлары.

  21. Бейорганикалық дәрілік заттарды сәйкестендіру.

  22. Дәрілік заттардыңсапа төменділігініңкөздері мен себептері.

  23. Фармакокинетикалық параметрлері.

  24. Ароматикалық қосылыстардың фармакопеялықталдауы.

  25. 1,2- и 1,4-бензопиран туындыларының фармакопеялық талдауы.



3. Фармакогнозия

  1. Макро және микроскопияның қысқаша сипаттамасы және олардың бір бірінен айырмашылығы.

  2. ДӨШ морфологиялық топтары бойынша қысқаша сипаттамасы (жапырақ, гүл).

  3. ДӨШ морфологиялық топтары бойынша қысқаша сипаттамасы (жеміс,қабық).

  4. ДӨШ хроматографиялық талдау әдістері (ЖҚХ, ГСХ, ҚХ).

  5. Құрамында полисахарид бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  6. Құрамында майлар бар ДӨШ және өнімдер – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  7. Құрамында май тәріздес заттар бар ДӨШ және өнімдер – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  8. Құрамында суда еритін дәрумендер бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  9. Құрамында майда еритін дәрумендер бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  10. Құрамында эфир майлары бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  11. Құрамында фенолды қосылыстар бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  12. Құрамында алкалоидтар бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  13. Құрамында жүрек гликозиттері бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  14. Құрамында сапониндер бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  15. Құрамында флаваноидтар бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  16. ДӨШ флаваноидты сандық анықтаудың фармакопейлік әдісі.

  17. Құрамында кумариндер мен храмондары бар ДӨШ – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  18. Ащы заттар – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  19. Антроцентуындылары – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  20. Илік заттар – жалпы сипаттамасы, физико-химиялық қасиеттері, сапалық анықтау.

  21. Жануар текті дәрілік шикізаттарды талдау: сүлік, бодяга, марал мүйізі.

  22. Шикізаттағы қоспаларды және қамба зиянкестерімен зақымдану дәрежесін анықтау.

  23. Экстрактивті заттарды анықтау фармакоппейлік талаптары.

  24. Спектрофотометриялық және фотоэлектроклоримериялық анықтау әдістерінің принциптері.

  25. Дәрілік өсімдік шикізаттарындағы әсер ететін заттарды анықтау әдістері.


4. Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы


  1. Дәрілер технологиясының міндеттері. Оларды шешудің негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасы медицина және фармацевтика өндірісін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама.

  2. Дәрілік қалыптар мен заттардың сапасын нормалау. Дәрілік заттар және дәрілік қалыптардың өндірісі мен сапасын фармакопея бойынша нормалау. Мемлекеттік фармакопеяның соңғы баспасының ерекшеліктері. Халықаралық фармакопея.

  3. Көмекші заттардың номенклатурасы және классификациясы. Негіз түзуші компоненттер. Дәрілік заттардың тұрақтандырғыштары физика-химиялық жүйелер ретінде. Консерванттар, пролонгаторлар, солюбилизаторлар, корригенттер және т.б. Қысқаша сипаттама, қолданылуы.

  4. Ұнтақтар дәрілік қалып ретінде. Анықтамасы. Сипаттамасы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар технологиясының сатылары. Ұнтақтар сапасын бағалау. Сақтау.

  5. Медициналық ерітінділер. Ерітінділердің жіктелуі. Ерітінділердің қазіргі заманғы номенклатурасы және оны зауыт жағдайында дайындалатын ерітінділердің кеңейту перспективалары. Химия-фармацевтикалық кәсіпорындарда ерітінділердің әртүрлі әдістермен дайындалуы.

  6. «Міндетті өндіріс тәжірибесі (GMP)» нұсқаулығының негізгі ережелері мен талаптары. Өндірістік (өнеркәсіптік) регламент – негізгі технологиялық құжат ретінде.

  7. Фармацевтикалық өндірісте жүргізілетін жылу процестері. Периодты және үздіксіз әсер ететін жылу алмасу аппараттары. Вакуумды булау. Аппараттар және олардың жұмыс істеу принциптері. Булау кезінде байқалатын жанама құбылыстар және оларды жою әдістері.

  8. Фармацевтикалық өндірістегі әртүрлі материалдарды кептіру. Кептіру процесін анықтайтын факторлар. Кептіру әдістері. Кептіргіштер.

  9. Экстракциялау. Экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін негізгі технологиялық факторлар. Массаалмасуды қарқындату жолдары. Экстракциялау әдістері.

  10. Тұндырмалар. Жіктелуі. Тұндырмаларды алу. Тұндырмалардың номенклатурасы. Тұндырмаларды тазалау. Тұндырмалардың стандартизациясы. Сақтау жағдайлары.

  11. Экстракттар. Анықтамасы. Консистенциясы және қолданылған экстрагенттер бойынша жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Сұйық экстракттар. Алу әдістері. Тазалау. Стандартизациясы. Сақтау. Сұйық экстракттардың номенклатурасы.

  12. Қою және құрғақ экстракттар. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары. Қою экстракттар номенклатурасы. Майлы экстракттар. Полиэкстракттар. Экстракттар өндірісінің даму перспективалары.

  13. Максимальды тазартылған фитопрепараттар. Өсімдік материалдарын экстрагирлеу әдістері. Экстрагенттер. Ілеспелі заттардан біріншілік сығындыны тазалау әдістері. Стандартизациясы. Индивидуальды фитопрепараттар. Сығындылау, тазалау және бөліп алу әдістері. Стандартизация. Сақтау жағдайлары.

  14. Жануар тектес шикізаттардан алыатын препараттар. Жануар тектес шикізаттар ерекшеліктері. Органопрепараттар жіктелуі. Препараттарды алу. Стандартизация. Ферменттік препараттар. Жіктелуі. Ферменттік препараттарды алу. Ииммобилизация және стандартизация әдістері. Орамдау. Сақтау жағдайлары. Анықтамасы.

  15. Таблеткалар. Сипаттамасы. Таблеткалардың түрлері мен номенклатурасы. Таблеткалаудың теориялық негіздері. Таблеткалар өндірісінде қолданылатын көмекші заттардың негізгі топтары. Таблеткаларды алудағы технологиялық процесс сатылары. Сақтау жағдайлары. Сапасын бағалау. Номенклатура.

  16. Медициналық капсулалар және микрокапсулалар. Медициналық капсулалардың түрлері. Желатинді капсулалардың өндірісінде қолданылатын көмекші заттардың ассортименті. Медициналық капсулалардың өндірістік әдістері. Капсуладағы дәрілердің стандартизациясы. Орамдау. Сақтау жағдайлары. Дәрілік препараттарды микрокапсулалау.

  17. Суспензиялар және эмульсиялардың өнеркәсіптік өндірісі. Аппаратура. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары.

  18. Жақпамай және пасталар. Дерматологиялық, ректальды және вагинальды жақпамайлардың технологиясының ерекшеліктері. Аппаратура. Жақпамайлардың тұрақтылығы мен эффективтілігін анықтаудың заманауй әдістері. Жақпамайлар мен пасталардың сақтау жағдайлары.

  19. Өнеркәсіптік өндірістегі суппозиторилер. Негіз сипаттамалары. Суппозиторилер өндірісіне және орамдауға арналған технологиялық қондырғылар. Суппозиторилер өндірісінің өнеркәсіптік әдістері. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары. Ректальды дәрілік қалыптар өндірісінің даму перспективалары.

  20. Инъекцияға арналған ампуладағы ерітінділер. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын талаптар. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар еріткіштері. Ампула және флакон өндірісі. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптардың өндірісі. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптардың стерилизациясы. Дайын өнімнің сапасын бағалау. Ампуланы этикеткалау. Орамдау. Ампулаларды орамдауға арналған автоматтар.

  21. Өнеркәсіптік өндірістегі көз дәрілік қалыптары технологиясының ерекшеліктері. Көз жақпамайлары. Көз дәрілік пленкалары. Көзге арналған дәрілердің орам түрлері және перспективалары. Бір рет қолдануға арналған орамдар, тюбик-тамшылатқыштар.

  22. Биофармация дәрілер технологиясының теориялық бағыттарының бірі ретінде. Дәрілік заттар әсерінің терапевтикалық адекватсыздығы. Эксперимент нәтижесін статистикалық өңдеу. Дәрілік заттардың биологиялық тиімділігі. Анықтау әдістері. Дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне әсер ететін фармацевтикалық факторлар.

  23. Ветеринарлық препараттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Ветеринарлық препараттар өндірісінде қолданылатын бастапқы заттарды дайындаудың ерекшеліктері мен ережелері.

  24. Жас ерекшеліктеріне байланысты дәрілік қалыптардың жіктелуі. Оларға қойылатын талаптар. Көмекші заттарға қойылатын талаптар. Балаларға және қарт кісілерге арналған дәрілік қалыптар мен дәрілік препараттарды құрастырудағы проблемалар.

  25. Жаңа дәрілік қалыптарды құрастырудағы фармацевтикалық технология жетістіктері. Терапевтикалық жүйелер (ТДЖ, МЖ).



Редакция: 1



Сұрақтар тізімі

Фармация департаменті


беттің беті






Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет