«Фармацияның басқарылуы және экономикасы»



жүктеу 1.29 Mb.
бет1/6
Дата07.05.2019
өлшемі1.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

044 – 40/15





«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы


«Фармацияның басқарылуы және экономикасы»

пәні бойынша

ДӘРІС КЕШЕНІ

Мамандық: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013

Дәріс кешені «Фармацияның басқарылуы және экономикасы» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып, ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілген.

Хаттама № ___ _______ 20__ ж.

«Фармацияның басқарылуы және экономикасы»
Кредит 1


  1. Тақырыбы: «Фармация экономикасының негіздеріне кіріспе. Фармацевтика экономикасының және фармацевтикалық нарықтағы тұтынушылардың іс-қимылдарының ерекшеліктері»




  1. Мақсаты: Студенттерді фармация экономикасының негіздеріне кіріспе және фармацевтика экономикасының ерекшеліктерімен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

1. Тауар айналымы жүйесіндегі фармацевтикалық экономика.

Фармацевтикалық экономика басқа ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, интегралды ережелер (дисциплина) қатарына жатады: математика мен статистиканың (анализге арналған құралдар және ұйымдардың экономикалық көрсеткіштерін болжауда); химия, медициналық биологияның (дәрілік зат алу үшін негіз ретінде – фарм. өсімддіктердің өнімдері қолданылады). Сонымен қатар социология, политология, психология, менеджмент және маркетинг аумағынан мүмкіндік, әдіс-тәсіл және тәжірибе алады.

Фармацевтикалық экономиканың интегралды мінездемесі қазіргі кезде заманауи экономикалық теорияда үш құрамды қосылыс арқылы түсіндіріледі:


    • Саяси экономика

    • Микро и макроэкономика

    • Мемлекеттің меншікті жүйесі

Адамдар арасындағы экономикалық іс-әрекет және шаруашыллық жағдай әртүрлі сәйкестіктерді ескеруге мәжбүр етеді. Осы ұйқастан процестің біз екі жағын қарастырамыз:

Объективті – ең алдымен меншік қатынасымен аныықталады;

Субъективті – шаруашылықтағы әртүрлі субъектердің (қолданушы, ұйымдар, мемелекет) экономикалық ұстанымдар рөлін анықтайды.

Жаңа экономикалық теория объективті заңдармен шаруашылықты дұрыс жүргізуді және әртүрлі дәрежеде (мега - , микро - , макро – дәрежелер) шаруашылықтағы субъектілердің рациональды ұстанымдарын терең зерттейді. Оның талдауындағы маңызды объект болып жаңа (араласқан) экономика табылады.

«Экономика» сөзінің мағынасы бір мағыналы емес, күрделі құрылымды категория. Сол сияқты фармацевтикалық экономика сөзін де талқылаған кезде осы қиындықтарға жолығамыз, яғни, бұны әртүрлі көзқараста қарастыруға болады.

І. Фармацевтикалық экономика – ол қоғамда денсаулықты сақтау және қолдау үшін дәрі-дәрмектерді медициналық бұйымдарды өндіретін, бөлетін және сататын бірлескен салалар жиынтығы.

ІІ. Фармацевтикалық экономика – фармацевтикалық көмек көрсету кезіндегі, процесстің жүру барысындағы шарттары мен адамдардың осы іс-қимылға бағытталған жер механизмі.

ІІІ. Фармацевтикалық экономика – шектеулі дәрілік зат ресурстарын қолдану, басқа да дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қолдану, басқа да дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қолдану және олардың эффективті жұмсалуын қадағалайтын, осы мәселелер аймағын зерттейтін ғылым. Бұл іс-әрекеттер жергілікті тұрғындардың, медициналық көмек көрсету органдардың басқа да мекемелер мен ұйымдардың қажеттіліктерін соның ішінде фармацевтикалық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін максимальды қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі.

2. Фармацевтикалық экономика мемелкеттің макроэкономикалық жүйесінің құрам бөлігі ретінде қарастырылады, сондықтан да ол жалпы және жеке принциптер қатарымен базаланады.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация


  1. Әдебиет:


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Тауар айналымы жүйесіндегі фармацевтикалық экономика.

  2. Фармацевтикалық экономика – мемлекеттің макроэкономикалық жүйесінің құрам бөлігі ретінде.

  3. Фармацевтикалық сауда ұйымдарының экономикалық жүйесі.




  1. Тақырыбы «Экономикалық көрсеткіштің және экономикалық анализдің негізгі болжамдық әдістері»




  1. Мақсаты: студенттерді экономикалық көрсеткіштің және экономикалық анализдің негізгі болжамдық әдістерімен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Дәріханалық ұйымдардың негізгі мақсаты болып – дәріханадағы тауар ассортиментіне сұранысты қанағаттандыру және пайда табу табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін экономикалық іс-әрекетті тиімді пландау, болжамдау сапасы көп септігін тигізеді.

Болжамдау (пландау) – негізгі мақсаттарды, іске асуы мүмкін жағдайларды сонымен қатар олардың орындалуын қалыптастыратын процесс.

Пландау, болжамдау процессі экономикалық көрсеткіштердің орнығыун жіті қадағалайды. Бұл көрсеткіштер шектеулі ресурстардың толық қолданылуы кезінде күткен экономикалық нәтижелерге толық қол жеткізуге әкеледі.

Мекеменің экономикалық іс-әрекетін болжамдау, пландау барысында анализге әртүрлі ұстанымдар мен көрсеткіштер ұшырады, яғни, осылар арқылы жүзеге асырылып отырады.

Негізгі экономикалық көрсеткіштер. Фармацевтикалық сауда ұйымдарының іс-әрекеттерінің негізгі экономикалық көрсеткіштеріне мыналар жатады:


  • тауар айналымы (реализация көлемі)

  • жалпы (валовый) кіріс (сауда үстемесі)

  • шығыстар мен кеткен қаржылар (шығындар)

  • тауар қоры және айналымдағы басқа заттар

  • сауда іс-әрекетінен түскен жалпы (валовый) кіріс, сонымен бірге операциялы және реализациядан тыс кіріс

  • таза табыс

Экономикалық анализ әдістері:

а) балансты

б) нормативті

в) есепті-аналитикалық

г) экономико-математикалық

д) эффективті экономикалық әдіс


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

    1. Тауар айналымы жүйесіндегі фармацевтикалық экономика.

  1. Фармацевтикалық экономика – мемлекеттің макроэкономикалық жүйесінің құрам бөлігі ретінде.

  2. Фармацевтикалық сауда ұйымдарының экономикалық жүйесі.



  1. Тақырыбы «Дәрілік препараттарға деген бағаайналымының негізі»




  1. Мақсаты: студенттерді экономикада баға және бағаайналымының негізімен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Баға сұраныс және ұсыныс сияқты маңызды экономикалық категориялардың бірі болып саналады. Бағаның бағалы емес факторлардың өсуіне қарамастан маңызды элемент болып қала береді. Ол тұтынушының сол тауарды сатып алу шешіміне әсер етеді, ал дәріхана үшін табыс әкелу көзі болып саналады.

Баға және бағаайналымы сауда орындарындағы экономиканың шешуші элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Түгелдей қоғам, экономиканың дамуындағы барлық негізгі мәселелер тікелей осыған байланысты. Бұлар – тауардың өндірісі мен реализациясы, құнының, құрылымының жоспарлануы, қолданылуы мен таралуы.

Баға барлық тауарлы-ақшалы қатынастарды қалыптастырады. Жалпылама түсіндірер болсақ, баға – тауардың ақшалай көрсетілген құны. Кезегінше, тауар құны оны өндірудегі еңбек шығыны қатысында құрылады.

Бөлшек баға – бұл соңғы тауар бағасы, яғни тұтынушылардың сол тауарға төлеген ақшасы.

Дәрілік препараттардың бағаайналымының құрылымында қолданылады:


    • мекеменің еркін босату бағасы;

    • еркін көтерме (босату) бағасы;

    • еркін көтерме бағасы;

    • дәрілік препараттарға деген еркін бөлшек бағасы;

    • бағалық саясат;.

Бағаайналымының мақсаты. Бағаайналымы жүйесіне қатысатын факторлар.

Фармацевтикалық ұйымдардағы бағалық саясат мақсаты ориентирдің 3 тобын бөліп қарастырады:



  1. тауарайналым

  2. табыс

  3. конкуренттер (бәсекелестік)

Тауар айналымының негізгі мақсаты абсолютті көрсеткіштер түрінде де көрсетілуі мүмкін (мыс, табиғи бірліктігі, тауарайналымының өсуі) сол сияқты салыстырмалы көрсеткіштерде де (мыс, өсім темпінің артуы, базар үлесі). Тауар айналымының мақсаты ағынды (қысқа мерзімді) бола алады, және стратегиялы (ұзақ мерзімді) бола алады. Олар ұйым мақсаттарымен тікелей байланысты болуы шарт.

Бағалық стратегия және бағаайналым әдістері. Стратегия сөзі іс-қимылды орындау өнері деп түсіндіріледі. Бағалық стратегия – бағаайналым жолындағы нұсқаулық шешімдердің қабылдануы.

Дәрілік препараттарға бөлшектік баға құрылғанда дәріханада 2 методикалық әдісті ұсынады:


  1. дайын дәрілік препараттарға бағаайналым

  2. дәріханада дайындалған дәрілік препараттарға бағаайналым.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5.Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

    1. Баға – экономикалық категория ретінде. Бағалық саясаттағы реализацияның сатылары.

    2. Бағаайналымының мақсаты мен факторлары.

    3. Бағалық стратегия және бағаайналым әдістері.


Кредит 2


  1. Тақырыбы «Тауар өтімділігін болжау. Сатылу көлемін ағымды жоспарлау»




  1. Мақсаты: студенттерді тауар өтімділігін болжаумен сатылу көлемін ағымды жооспарлаумен таныстыру




  1. Дәріс тезистері:

Өтімділік – ол дәріханаллық мекемелердің (жұмысын іс-әрекетін) бағалайтын негізгі экономикалық белгі (критерия) сонымен қатар ол тауар айналым процесстерінің көрсеткіші.

Осыған байланысты қаззіргі экономикалық жағдайда барлық жоспарлау жүйесінің негізін құрайтын - өтімділікті болжау (сатылу көлемі тауарайн).

Дәріхананың өндірістік экономикалық, қаражаттық іс-әрекеттерді өтімдділікті (сатылуды) болжау негізінде құралады.

Ескертілмеген және кездейсоқ факторлардан дәріханалық факторлардың дәріханалық мекемелердің қаражаттық жағдайына әсері өте зор. Сондықтан болжау әр уақытта белгілі дәрежеде өз ықтималын тигіздіреді. Өтімділікті болжауды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: (аз уақытқа, орташа және ұзақ уақытқа) қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді.

Қысқа мерзімді – болжаудың өте кең таралған түрі. Бұл түрді көбінесе смета жасағанда және қаражаттың керектілігін анықтағанда жоспарлаудың негізі ретінде қолданылады. Бұндай болжамдар: жылдық, жартыжылдық, кварталдық болып бөлінеді.

Орта мерзімді болжау – 2 жылдан 5 жылға дейінгі аралықта болжам, ал ұзақ мерзімді ол 5 жылдан – 50 жылға дейінгі уақыт аралығындағы болжам. Неғұрлым болжау аралығы қысқа, аз болған сайын, сол ғұрлым өтімділікті болжау дәл, тура болады.

Құрылымына қарай жалпы тауар айналымы 2 түрден тұрады:

Олар: бөлшек сауда тауарайналымдары. Олардың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: дәріханалық қоймаларда көтерме сауда тауарайналымы сыртқы және ішкі жүйелі тауарайналымдарына бөлінеді. Сыртқы – ол дәріхханалық мекемелерге емес басқа емдеу орындарына және басқада мекемелерге бөлшек сауда бағасымен сату (босату). Ішкі жүйелі – ол дәріханалық мекемелерге көтерме сауда бағасына қосымша бағасымен (наценка) тауарларды босату.

Дәрілердің өтімділігіне әсер ететін факторлар:


    • аймақтың экономикалық дамуының болашағы;

    • тұрғын сандарының көбеюі;

    • ауру тұрғындардың деңгейі;

    • бөлшек сауда бағасының ддеңгейі;

    • тұрғындардың материалдық хал-жағдайы;

    • жарнама және ақпарат жұмыстары;

    • дәрі-дәрмектерді алуға бөлінетін ассигнование (10 статья);

    • қала мен ауыл тұрғындарының аралығындағы айырмашылықтардың жойылуы;

    • дәріханалармен емханалардың көбеюі;

    • емдеудің жаңа тәсілдерінің енгізілуі;

    • дәріханалық мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету деңгейі;

    • жақсы арадағы делдал (посредник);

    • уақытылы қамтамасыз ету, тауар қорларының барлығы және т.б.

Дәрі-дәрмектердің сатылу көлем жоспарларының жобасын жасау үшін алдыменен мына төмендегілерді біліп алу керек.

Олар:


  1. Өткен жылдардағы тауарайналымының жоспарының орындалуын білу.

  2. Тауарайналымының өсу қарқын (жылдамддығын) талдау.

  3. Сатылу көлеміне әсер ететін негізгі факторларды білу.

  4. Өткізуді (сатуды) жоғарлату үшін ішкі резервтерді табу. (пунктер 1-2 кат, киоскалар т.б.).

Бұл талдау негізінде тауарайналым қарқынының өсуін немесе төмендеуін әртүрлі тәсілдерді қолданым анықтауға негізделген.

Талдау кезінде динамиканың абсолюттік емес салыстырмалы мөлшерін қолданады. Олар коэффициенттік немесе % түрде көрсетіледі.

Мысалы: 1995 жылы тауарайналым 5 млн. теңге еді 1996 жылы 5 млн. 600 болды.

Шаруашылық – қаражат іс-әрекеттерді талдау және оларға жоспардың жобасын жасау жыл бітпей, яғни ІV кварталдан бастап жасалынады. Сондықтан дұрыс жасау үшін біз ІV кварталда болатын тауарайналымының орындалуын анықтап біліп алуымыз керек. Ол үшін біз 1-ші жарты жылдықтағы немесе дайдағы нақты орындаған тауарайналымын біліп, өткен жылдардағы 2-ші жарты жылдыққтағы немесе ІV кварталдық тауарайналымының меншікті салмақтарын және олардың өсу қарқындарын ескере отырып анықтауымыз керек. Мысалы: ІV кварталдың басында (октябрь) дәріхананың осы жылға (күтіп отырған) алдағы тауарайналымын есептеу керек. Өткен 9 айдың нақты айналымы 200 мың теңге болды, ал ІV кварталдың тауарайналымы жоспар бойынша 80 мың теңге. Осыдан күтіп отырған тауарайналымымыз 280 мың болуы керек.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Тауарайналым – тауардың өтуінің (сатылуынан) бір элементі.

  2. Тауарайналымының құрылымы.

  3. Сатылу көлем мөлшеріне әсер етуші факторлар.

  1. Тақырыбы «Дәріханадағы тауарлар қорын және оларды жоспарлау»




  1. Мақсаты: студенттерді дәріханадағы тауарлар қоры мен оларды жоспарлаумен таныстыру




  1. Дәріс тезистері:

Жалпы, дәріхананың шаруашылық заттары негізгі және айналымдағы заттар болып екі топқа бөлінеді. Негізгі заттарға бағасы 600 теңгеден жоғары заттар, яғни дәріхана ғимараты, құрылыс, қолдануы жылдам бір жылдан асатын құрал-жабдықтар жатады. Айналымдағы заттарға тауарлы-ақша заттары және басқа да заттар жатады. Қолданылуы белсенді заттарға құндылықтарға жатқызуға болады. Бағасы аз және төмен тозатын заттарға бағасы 600 тенгеден төмен болатын және қолдану мерзімі 1 жылғы дейінгі заттарды жатқызуға болады, яғни көмекші заттар, ббарлық түрдегі ыдыстар (М. Характера). Егер д.х-ның шаруашылық заттары 100% деп алар болсақ, оның 20%-ін негізгі, ал массасы (85%) тауарлар болып, табылады. Тауарлар қоры реализация көлемін тауарлармен және тұрғындарды дәрі-дәрмектер, басқа да дәріхана ассортиментіндегі заттармен қамтуға қажет базаны құрайды.

Минимальды тауар қоры мен белсенді қолданылатын құндылықтарды ұйымдастыруға қажетті заттар, дәріханаға меншікті немесе заемді айналым заттары түрінде пайдалануға беріледі. Тауарлар қоры қолдануына қарай ағымдық қажеттілік, маусымдық және мақсаттық тауарлар қоры болып жіктеледі. Ағымдық тауарлар қоры жыл бойында кәдімгі реализацияны қамтамасыз ету мақсатында толықтырылып отырылады.

Маусымдық тауарлар қоры жылдық белгілі периодында, шалғайда орналасқан дәріхханаларда құрылады. (М: минералды сулар, дәрілік шикізаттар және т.б.).

Белгілі бір мақсатқа арналған тауарлар қоры денсаулық сақтаудың арнайы міндетін орындау үшін ұйымдастырылады:



    • Эпидемиямен күрес, тұрғындарға жаппай вакцинация жүргізу;

Тауарлар қорын сақталу орнына байланысты жіктеуге болады:

    • қоймадағы тауарлар қоры;

    • дәріхана желісіндегі тауар қоры;

    • жолдағы тауар қоры.

Тауарлар қорының мөлшеріне әсер ететін факторлар:

  • реализация көлемі (сбыта);

  • д.х тауарларының ассортименті;

  • тауарлармен қамту жүйесінің, ұйымдастырылды;

  • жеткізудің жиілігі мен комплектілігі (поставка);

  • д.х. қоймасынан қашықтығы және т.б.

Норматив бойынша күндік тауарлар қоры неғұрлымжоғары болса, тауарлар қорының сомасы (бағасы) да соғұрлым жоғары болады. Дәріхана тауарлар қоры ассортиментінің жарамды мерзімі, қолданылуы, пайдалану жиілігі бойынша әртүрлі болды, тауарлар қорына елеулі әсерін тигізеді. М. Вакунилар сирек қолданылады, бірақ дәріханада бұл заттың қоры шеткілікті болуы керек. Тауарлармен қамту жүйесін ұйымдастырудың нәтижесінде, дәріханаға тауарлардың бір бөлігі жеткізуші зауыттардан, ал бір бөлігі қоймаларддан жеткізіледі.

Дәріхананың жеткізушілерден шалғайға орналасуы, тауарлар қорының мөлшеріне кері әсерін тигізеді.

Дәріханалардағы оптимальды тауар қоры қандай болуы қажет:

Қор, дәріхананың үздіксіз жұмыс жасауына және тұрғындардың дәрілік заттарға сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті болуы қажет. Дәріхана тауарлар қоры ассортиментінің қажетті мөлшерінің болмауы, жұмыс уақытын рационалсыз жоғалтуға әкеледі. Ал тауарлар қоры көбейіп кеткенде, материалды құндылықтардың активті бөлігі азайып, тауар айналымы төмендеййді, сақтауға, анализ жүргізуге, буып-түюге тауарлардың аз мөлшері жұмсалады. (айналым шығындары өседі).

Тауар айналғыштығы деп тауардың айналу жылдамдығын айтамыз.

Тауар айналғыштығына әсер ететін факторлар:



  • тауарларды жолда болу уақытын азайту;

  • тауарларды қабылдауды жылдамдату, оларды сақтауды рационалды ұйымдастыру;

  • дәрігерлерді дәрі-дәрмектер туралы мәліметтермен хабардар ету;

  • тауарлардың қажетті ассортименті және т.б.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Жалпы дәріхананың шаруашылық заттары қандай топтарға бөлінеді?

  2. Дәріханалардағы оптимальды тауар қоры қандай болуы қажет?


Кредит 3
1. Тақырыбы: «Сату көлемін тауарлармен қамтамасыз ету»
2. Мақсаты: «Студенттерді сату көлемін тауарлармен қамтамасыз ету бойынша білімдерін қалыптастыру»
3. Дәріс тезистері:

Көтерме сауда бағасында сату көлемін анықтау үшін өзіндік баға коэффиценті Кө/б қолданылады.Ол дәріханаларда жалпы пайдасындағы көтерме сауда бағалары бойынша сату көлемі қанша пайызын көрсететінін құрайды.

Егер жалпы пайда 100% деп алсақ, онда

Кө/б = 100% - Кжп = 100- 24 = 76%

Ол кезде Р (көтерме сауда бағаларындағы сату көлемі) = (72,0*76%):100% = 54,7 млн.тг.

Егер айналым коэффиценті V=, онда базистік жылдағы нақты тауар айналымдық (а=күн).

Көрсеткіштердің динамикасын талдап және күндердегі жоспарлы нормативті анықтау.
Бір қатар жолдарда қалыптасқан тенденцияны талдау:

А жылы – 54 күн

Б жылы – 51 күн

В жылы – 48 күн

Г жылы – 45 күн

Жыл сайын 3 күнге тауар айналымдылық қысқару орын алып жатыр, демек Джосп. Жылына тауар қорының жоспарлы норматив 42 күн болып белгіленеді.



Сомадағы жоспарлы нормативтін белгіленуі

Сомадағы тауар қоры (көтерме сауда бағаларындағы) =IV тоқс. бір күндік сату жоспары * қор күні.

IV тоқс. бір күндік сату жоспары = IV тоқс. сату көлемінің жоспары (көтерме сауда бағаларындағы) / 90

Егер жоспарлы жылдағы сауда нормасы – 23,5 % болса, онда Ко/о = 76,5%.

IV тоқс.бір күндік сауда жоспары = .

Тауарлық қор нормативі = 0,23 * 42 = 9700000тг.

Тауарлық қор нормативі жыл сайын жоспарлы мерзімнің сонында, және де сәйкес келетін кварталдағы айналымды ескере отырып квартал сонынан белгілейді.
Тауар түсімін есептеу

Белгіленген сату көлемін орындау және тиімді тауар қорын құру үшін жабдықтаушыдан тауарды сатып алу арқылы сәйкес тауарлыққамсыздандыру керек.

Сату көлемі тауарлық қамсыздандарды тауартүсімі деп атайды.

(П) жылына тауар түсімінің көлемі тауарлық баланс формуласынан шығарылады: П=P+Oс-Oб

Мұнда Oс және Oб – жоспарланған мерзімнін басындағы және сонындағы тауар қорлары, сәйкесінше ; Р – жоспарлы мерзімдегі сату көлемі.

Түсімді көтерме сауда бағаларында есептеледі, яғни тауарлық тепетендіктің барлық элементтері жоспары мерзімдегі сату көлеміне сәйкес келуі керек.

(Р) =100,0 млн.тг. (бөлшек сауда бағада)

Жалпы пайданың жоспары деңгейі = 23,5%, демек өздік баға коэффициентті = 76,5%. Сонда бөлшек сауда бағалардағы сату көлемі тен болады.

Жоспарлы мерзімнің соңындағы тауар қоры (тауар қорларынан нормативі) Ос = 9 700 000 тг.

Түсімнін жоспары (П) = 76,5 + 9,7 – 7,0 = 79 200 000 тг.



4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Сату көлемін анықтау.

  2. Күндердегі жоспарлы нормативті анықтау.

  3. Тауар түсімін есептеу.



  1. Тақырыбы «Еңбек ақы қорын және еңбек көрсеткіштерін жоспарлау»




  1. Мақсаты: студенттерді еңбек ақы қорын және еңбек көрсеткіштерін жоспарлаумен таныстыру




  1. Дәріс тезистері:

Еңбек ақы еңбек міндеттемелеріне орындаудағы жұмысшыға белгіленген сыйы.

Әрбір қызметкерлердің ақысы, атқарылған жұмыстың мөлшеріне, сапасына байланысты жұмыс беруші тағайындайды және максимальды шектеумен шектелмейді.

Екі түрлі еңбек ақысын ажыратады:

Негізгі еңбек ақы-жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытында яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне премия мерекелік күндер, түнгі уақытысы, қосымша жұмыстар, қалыпты еңбек жағдайынан ауытқуымен байланысты қосымша ақы үшін негізгі еңбек ақы төленеді.

Қосымша еңбек ақы – еңбек ету заңдарынан сәйкес шарттарда қаралып белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста, қызметте болмаған уақытында төленетін төлемдер жатады. Оларға:


    • жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер;

    • мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарының атқарғаны үшін төленетін төлемдер;

    • жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер;

    • жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төлемдер;

    • кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытында төленетін төлемдер.

Кәсіпорындарда еңбек ақы үш түрлі элементте анықталады: тарифті жүйе, еңбекті нормалау (тарифсіз жүйе), еңбек ақы формалары бойынша.

Тарифті жүйенің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделігіне және көп еңбек сіңіруді қажет есетіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшы қызметкерлерді мамандық дәрежесіне қарай тариф бойынша әртүрлі еңбек ақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болммасын негізгі әрбір түріне жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген көрсетіледі. Әртүрлі разрядтағы жұмыс пен жұмысшылардың еңбек ақысыының тепе теңдігін көрсету, бір сағат немесе бір күндік ақысының көлемін көрсететін тарифтік сетка арқылы тарифтік жүйенің тарифтік ставкасын енгізеді.

Тарифтік ставка (оклад) – қызметкерлердің жұысы уақытысында қалыпты (белгілі бір) жұмысты орындаудағы белгіленген төлем ақы.

Тарифтік сетка – бұл разряд теңдігінің шкаласы және оған енгізілген коэффициенті.

Тарифсіз жүйе – қызметкерлердің орындаған жұмысының нәтижесіне қарай еңбек ақысын ббелгілейді. Тарифсіз жүйе келесі белгілермен анықталады. Жұмысшы еңбек ақы деңгейімен еңбекақы фонды арасындағы байланыс жұмыстың ұжымдық нәтижелерін есептеу (бұл жағдайда тарифсіз жүйе еңбек ақы ұжым бойынша төлеу қаласына жатады), әрбір жұмысшыға тұрақты (тұрақты коэффициенттерді) оның квалификацияялық деңгейімен жұмысшының еңбек әрекетіне, енгізілген жалпы нәтижелерінің еңбек кірісін жүйелі түрде анықтап кіргізіледі. Әрбір жұмысшыға әрекетінің нәтижелеріне еңбектің қатысу коэффициентін жүргізеді. Ол жұмысшының квалификациялық деңгейін бағалауға қосымша мүмкіндік береді. Тарифсіз түрге: «Еңбек ақының тарифсіз жүйесі», еңбек ақының комиссиялық жүйесі кіші кәсіпорындарда еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесі жатады.

Тарифтік және тарифсіз жүйелік еңбек ақысы 2 түрге бөлінеді:



  • уақытысымен – ақы жасалған жұмыс уақытысымен, қызметкер квалификациясымен және еңбек жағдайы жасауына қарай;

  • кесімді – бұл ақы өндірілген зат сапасына, көлемміне, жұмыс күрделігіне, еңбек жағдайына қарай.

Кесімді еңбекақы түріне:

  • тікелей кесімді – бір бағалы еңбек ақы;

  • сыйлықты кесімді – еңбек ақыдан бөлек, нақты жұмыс көрсеткіштеріне жету үшін еңбек ақы көлемінде сы ақы беру.

Белсенді кесімді нақты еңбек –

Уақытылы еңбек ақы түріне:



  • қарапайым – еңбек ақысы жұмыс уақытысының санына байланысты;

  • сыйлықты – қызметкерлерге тек белгілі еңбек ақы ғаға емес, сыйлық ақыда төленеді.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Қосымша еңбек ақы дегеніміз не?

  2. Кесімді еңбекақы түрі.

  3. Уақытылы еңбекақы түрі.


1.Тақырыбы «Айналым шығындарын болжау»
2.Мақсаты: студенттерді айналым шығындарын болжаумен таныстыру
3.Дәріс тезистері:

Дәріханадағы айналым шығындар дегеніміз ол медициналық тауарлардың өндірушіден тұтынушыға (сатып алушыға) жеткізуге дейінгі ақшалай түрдегі шығындар. Бұл шығындарға жататындар: тауарды керекті жерге жеткіздірумен байланысты шығындар, оларды сақтауға, өңдеуге кеткен шығындар дәріхананы штатпен қамтамасыз етуге кететін және т.б. шығындар.

Әрбір мекемеде айналым шығындарының төмендеуі оның табыстылығын, рентабельділігін артырады (көтереді). Айналым шығындарын төмендету (жолдары) үшін төмендегідей шараларды қолдануға болады:


  1. тұрғындарды, емдеу мекемелерін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру керек;

  2. техникалық прогрессті үдетіп қызметкерллерінің еңбек өнімділігін арттыру;

  3. жұмыс түрде медициналық тауарлардың өзіндік құнын және керекті жерге жетілдіру үшін кететін көлік шығындарын арзандату;

  4. товарларды тасымалдау жолдарын жетілдіру;

  5. дайын дәрігер санын көбейту штаттарды дұрыс пайдалану және т.б. шаралар.

Айналым шығындарын үнемдеу – ол дәріханалық негізгі міндеттерінің бірі бірақ себептерге байланысты дәріханалық мекемелерде айналым шығындарының деңгейі сату мекемелеріне қарағанда сәл жоғары болады. Егерде сату мекемелерінде айналым шығындарының орта деңгейі тауар айналымның 6-8% болса, дәріханалық мекемелерде бұл көрсеткіш 20-25% дейін болады. Бұндай жоғарғы көрсеткіш көп себептерге байланысты. Бірінші себебі дәріханада дәрілерді жасау, бақылау кезінде үлкен өндірістік жұмыстар жүреді. Екінші себеп дәріханада жоғарғы дәріжедегі, білімді қызметкерлер көп. Дәрілердің номенклатурасын көптігі және тез өтпеуі. Оларды сақтағанда бұзылуы және т.б. ДСМ 1989 жылы наурызында шыққан №213 бұйрығына сәйкес айналым шығындары төмендегідей 13 статьяға бөлінеді.

        1. тауарды жеткізудегі темір жол, су, ауа көліктерімен автомобильге кететін шығындар.

        2. жабдықтаушыға (поставщик) үстеме баға төлеу.

        3. еңбек ақыға кеткен шығындар.

        4. арендаға кеткен шығындар (здания, сооружения, помещения, инвентарь).

        5. негіззгі заттарға кеткен амортизацииялық шығынддар.

        6. жөндеу қоорына кеткен шыығындар.

        7. арзан, тез тозаатын заттарға және арнайы киімдерге кеткен шығындар.

        8. тауарларды сақтауға, өңдеуге, бұзуға кеткен шығындар.

        9. сату жарнамасына кеткен шығындар.

        10. банктың кредитына кеткен проценттер шығару.

        11. алып келетіндегі, сақтағандығы, өткіздіргендігі нормаға байланысты жетіспейтін шығындар.

        12. тауарларға кеткен шығындар.

        13. тағы басқа шығындар.

І статьяға жататындар: транспортқа кететін (мекемелерге байланысты, салмағын өлшегенге, түсіргенге, кеткен материалдарға сақтағаны үшін, экспертизаға, сапасын талдауға және т.б.).

ІІ статьяға жататындар: жаюбдықтаушыға үстеме баға төлеу (қойма, база).

ІІІ статьяға жататындар: еңбек ақыға кеткен шығындар (барлық қызметкерлерге және бір мезгіл жұмыс (көтеру, салу, жуу және т.б.) істер).

ІV статьяға жататындар: арендаға жұмсалған шығындар (екі жақтан жасалынған шарты бойынша ақша төлейді) (таза тұруы үшін көше, мусорды алу, әк, сыпырғы, щетка т.б.) (өртке қарсы шаралар) (приборларды тексеруге) (сигнализация, охрана объекті т.б.) 50 % кап. ремонт.

V негізгі заттарға кеткен аммортизацииялық шығындарға негізгі заттарды қайтып восстановить етуге және арендаға алынған жайды алып қалуға (шарт) жұмсалған шығындар жатады. Бұл үшін ай сайын 1/12 төлеп тұру керек.

VІ Жөндеу қорына кеткен шыығындарға норма бойынша осы қорға негізгі заттарды жөндеуге отчислять етіліп тұратын шығындар.

VІІ Арзан, тез тозатын заттарды және арнайы киімдерге кеткен шығындар ол тозығы жеткен киімдерді описть еткен, оларды шеберханада жөндеткенде жұмсалатын шығындар.

VІІІ т.т. шығындарға еңбекті қорғау және техника қорғаныстарға жұмсалған шығындар жатады (вентилятор, ограждение машин и их движущихся частей, душ, раздевалка, сушалкариже т.б.) (медициналық мекемелерге аммортизацция үшін) (анықтама, плакат еңбекті қорғау жөнінде) (сабын, дәрілер т.б.) (соц. Страхование отчисление) (кассалық жұмыстарға чеки, ленты, инкассациюден выручка, почта) (подгот. кадров, вышестоящ. Орган).


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Дәріханадағы айналым шығындары дегеніміз не?

  2. Айналым шығындардың статьялары?


Кредит 4


  1. Тақырыбы «Жалпы табыспен таза пайданы болжау. Дәріханалық мекемелерде табысты максимализациялау»




  1. Мақсаты: студенттерді жалпы табыспен таза пайданы болжау мен дәріханалық мекемелерде табысты максимилизациялау жолдарымен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Жалпы табыс дегеніміз – ол сату бағасы мен көтерме сауда бағасының айырмашылығы. Шаруашылық есептегі дәріханалар қоймалардан, фирмалардан көтерме бағасымен сатып алады да бөлшек сауда бағасы бойынша сатады. Ал енді осы екеуінің айырмасы дәріхананың жалпы табысын құрады.

Мысалы: 1 кг новокоиннің бөлшек сауда бағасы 80 тенге болса, көтерме сауда бағасы 8 теңге 50 тиын. Ал осыдан 1 кг новокоиннан түскен жалпы табыс 71 тенге 50 тиын.

80-8,50=71 тенге 50 тиын немесе 8,94%. Жалпы табыстың бұданда басқа көздері бар. кейбір медициналық тауарларға (мед. құралдар, приборлар және жабдықтар, тіс дәрігерінің материалдары, лабораторияллық столдар, рентген пленкалары және т.б.) тек ғана көтерме сауда бағалары бекітілген. Осы тауарлар тұрғындарға, ел мекемелеріне және басқада мекемелерге көрсетілген белгілі үстеме бағамен сатылады. Бұл үстеме бағада жалпы табысқа жатады.

Мысалы: ауруларды күтуге қолданылатын шыныддан жасалынған тауарларға 30% үстеме бекітілген. Көзілдірік футлярының көтерме бағасы 3 тенге. Сондықтан оның сатылу бағасы 3 тенге 90 тиын.

Бұдан басқа тағы бір көзі ол кейбір заттарға (балық майы, киптегі мақта, медициналық термометр) тек ғана сатылу бағасы, яғни бөлшек сауда бағасы көрсетіледі. Осындай тауарлар дәріханаға түскенде сатылу бағасынан белгілі бір скидкамен түседі, ал сабылғанда сол сатылу бағасымен сатылады. Сондықтан осы скидка мөлшері жалпы табыстың үшінші көзі деп есептейміз.

Мысалы: киптік ватаның сатылу бағасына 11,5 % скидка жасап дәріхана қоймадан сабын алды, ал сатқанда сол сатылу бағасымен сатады.

Жалпы табыстың көлеміне әсер ететін фактордың бірі ол дәрілердің, медициналық заттардың көтерме және сату бағаларын өзгеруі. Экономикалық талдау кезінде сабылған заттардың жалпы табысын есептеумен бірге қалдық тауарларында жалпы табысын анықтау керек. Жалпы табыс-айналым шығындарын жауып дәріхананың таза пайдасын құрайды.

Таза пайда дегеніміз – ол жалпы табыс пен шығын айналымдарының айырмасы.

Таза пайда тауар айналым көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Егерде тауар айналым сандық көрсеткіш болса, таза пайда сапалық көрсеткіш.

Таза пайда 2 түрге бөлінеді:



  1. операциялық

  2. баланстық

Операциялық пайда дегеніміз – кәдімгі таза пайда яғни жалпы табыс пен шығын айналымдарының айырмасы. Ал енді осы пайдаға жоспарланбаған кірісті қосып одан жоспардан тыс шығындарды алып табыстық баланстық пайданы аламыз.

Рентабельдік дегеніміз – ол таза пайда соммасының жалпы тауар айналым сату бағасындағы проценттік қатынасы.



Р – рентабельдік, Т – тауар айналым.

Мысалы: Көтерме сауда бағасы бойынша тауар айналымы 80000. пайда 7200 тенге.


дәріхана рентабельдігін деңгейі.

Таза пайда экономикалық көрсеткіш ретінде кейбір факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін:



  • босатылған тауарлар көлемі;

  • үстеме бағынын деңгейі;

  • айналым шығын деңгейі;

  • жоспардан тыс кірістер мен шығындар.

Таза пайданы көрсететін факторлар:

  • еңбек өнімділігін көтеру;

  • тауар өнімділігін көтеру;

  • дәрілердің меншікті салмағын көбейту;

  • экономия режимі;

  • басқару тәсілдерін жетілдіру;

  • еңбек ақы жүйесін жақсарту;

  • және т.б.

Таза пайданы есептеуге мысал:

Жоспарлайтын жылға дәріханаға бөлшек сауда тауар айналым 80000 теңге жоспар болып бекітілген. Жалпы табыс 24000 теңге орташа деңгейі 30% айналым шығындары 16800 орташа деңгейі 2%.

П=7200 Р=9% (жоғарыға қараңыз).

(24000=16800) таза пайданың тауар айналымы % қатынасы.

Дәріххананың бөлшек сауда тауар айналымы 9000 теңге, ал көтерме сауда тауарп айналым 60000 теңге. Таза пайда 7000 теңге (30-23). Сонда рентабельділік деңгейі – 7,7%.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):


  1. Жалпы табыс дегеніміз не?

  2. Жалпы табыс көлеміне әсер ететін факторлар?

  3. Кіріс – дәріхананың сапалы көрсеткіші?

  4. Кіріске әсер ететін факторлар?


Кредит 5
1. Тақырыбы «Есепке алу-ақпараттық жүйе»
2. Мақсаты: Әртүрлі меншіктегі дәріханалардың тауар операцияларын есепке алу жұмыстарының негізгі принциптері жөнінде студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру операцияларына қатысты құжаттарын дайындауда тәжірибелік дағдыларға үйрету.
3. Дәріс тезистері:

Шаруашылық есепке алу дегеніміз – ол шаруашылықтағы болып жатқан процесстредің (жағдайдың) сандық көрсеткіштері мен сапалық қасиеттерін дер кезінде есепке алып отыру.



Есепке алудың негізгі мақсаты мен маңызы ол алға қойған міндеттемелер мен жоспарлардың уақытылы және дұрыс орындалуын бақылау.

Шаруашылық есепке алу – дегеніміз ол шаруашылықтағы болып жатқан процесстердің уақытылы болуын және соны дұрыс басқару үшін сол процесстердің (жағдайдың) сандық көрсеткіштері мен сапалық қасиеттерін дер кезінде алып отыру.

Есепке алудың негізгі мақсаты – ол алға қойған міндеттемелер мен жоспарлардың уақытылы орындалуын бақылау.

Дәріханалық мекемелерде есепке алудың – негізгі міндеттері: 1) мемлекеттік бюджетпен есептеу, еңбек ақы фондысы, табыс және рентабельдік еңбек өнімділігі, тауар – айналым көлемдерінің және т.б. жоспарланған (міндетке алынған) тапсырмалардың орындалуын бақылау; 2) айналымдағы және негізгі фондтардың дұрыс қолдануын және өз меншігіндегі заттардың (дұрыс сақталуын) қолды болып кетпеуін бақылау; 3) соңғы экономикалық және т.б. жетістіктерді іс жүзіне енгізіліп ішкі резервтерді қолдану (моболизировать); 4) еңбекті қорғау ережелерін сақтауды бақылау; 5) жоғарғы мекемелерді толық және сапалы ақпараттармен оперативті түрде қамтамасыз етіп уақытылы есеп беріп отыру; 6) кейбір мед тауарлардың тұрғындарға керектілігін есепке алып отыру.

Есепке алуға қойылатын талаптар:

1. Жоспарланған және есепке алынған көрсеткіштредің туралылығы (сопостовимость);

2. Уақытылы есепке алынуы және дер кезінде есеп берілуі.

3. Толықтылығы, дәлелділігі және туралылығы.

4. Түсініктілігі және анықтылығы.

5. Экономдылығы және тезділігі.

Есепке алудың өлшемдері мен түрлері.

Әрбір объектілерді есепке алған кезде олардың сандық көрсеткіштерін көрсету үшін біз есепке алудың төмендегідей өлшемдерін қолданамыз. Олар – натуральды, ақшалай және еңбек өлшемдері.


Статистикалық, оперативтік және бухгалтерлік

Құжаттар, олардың классификациясы (оправдательный) ақиқаттайтын ақтайтын есепке алу құжаттары – ол кез-келген болған операцияны анықтайтын (подтверждение) құжаттар (тауарлардың түскен кезі, айлық берген уақыты, тозығы жеткен тауарларды есептен шығарған кездерде және т.б.) Бұл құжаттардың зор құқық мәні бар, сондақтан олар дұрыс жазылып біртектес формаларда толтырылуы керек.

Құжаттардың заңдылық күші болуы үшін олардың міндетті түрде төмендегі көрсетілген реквизиттер (белгілер) болу керек: 1) құжаттың аты (формасы), формалық коды; 2) жазған күннің датасы; 3) шаруашылық оперецияның мағынасы; 4) шарушылық операцияның өлшемдері (натур. Колич. Стоим. вир); 5) шаруашылық операцияны жасаған қызметкердің қолы.

Бұл құжаттарды карандашпен толтыруға болмайды бос жерлерін сызып қойған дұрыс. Дәріхана басшысының бұйрығымен құжаттарға қол қоятын қызметкерлер белгіленеді.



Тауарлы-материалды заттарды қабылдауды есепке алу

Дәріханаға тауарлар дәріханалық қоймадан базадан, және т.б. фирмалардан алынған. Дәрі-дәрмек алу үшін дәріханалар қойманың бөлімдеріне сұрау-талап қағаздарын бір айға немесе кварталға жазады.

Ал улы, наркотикалық дәрілерге және этил спиртіне бір мезгілдік сұрау-талап қағазы жазылады.

Қоймаға түскен сұрау-талап қағаздарын реттеп оларға 4-5 данадан счет-фактура жазылады.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

1. Шаруашылық есепке алу дегеніміз не?

2. Дәріханалық мекемелерде есепке алудың негізгі міндеттері?

3. Есепке алуға қойылатын талаптар?



1. Тақырыбы «Дәріханада негізгі заттарды есепке алу»
2. Мақсаты: Студенттерді дәріханада негізгі заттарды есепке алу дағдыларымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:

Қазақстан Республикасының кабинетінің қаулысы бойынша бағасы 600 теңгеден артық заттардың барлығы негізгі заттарға жатады. Дәріхана мекемелерінде бұларға: дәріхана мекен-жайы, ішіндегі бұйымдар, құрал-жабдықтар, есептеу техникалары, өндіріс, шаруашылық құралдары, қозғалыс автокөліктері және т.б. 600-теңгеден артық тұратын заттар жатады негізгі заттарды.

Бухгалтерлік есепке алу жұмыстарын, жақсы ұйымдастыру үшін осы заттарды классификациялап төмендегідей бірнеше топтарға бөледі: - (по принадлежности) меншіктілігіне қарай жекеменшік және арендаға алынған:


  • (по видам) түрлеріне қарай – мекен жай және құрылыс, машиналар және құрал жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары, қозғалыс автокөліктері, көп жылғы көгергіш өсімдіктер (талдар) және т.б.

  • (по использованию) қолдануына байланысты – қолданып (жатқан) жүрген, қорда тұрғындар, қолданылмайтындар (ескірген, кейбір заттары жетіспейтін және т.б.), арендаға берілгендер;

  • өндіріске қатысуына байланысты - өндірістік және өндірістік емес.

2. Негізгі заттарды есепке алудың атқаратын міндеттері:

- негізгі заттардың (наличие) бар-жоқтығын, қозғалысын және сақталуын бақылау;

- есепке алу құжаттарына негізгі заттардың ескеру аударымдарын және амортизациялық қорын бекітілген мөлшерлермен сәйкес дұрыс (көрсетілуін) бақылау;

- негізгі заттардың өз-ара ішкі (перемещение) қозғалыстарын қадағалау;

- негізгі заттардың сатылуынан түскен табыстар мен амортизациялық (отчисление) пайдалануын бақылау.

Дәріханаға түскен негізгі заттар, осы заттарды жіберген мекемелердің (поставщиктер) счеттары мен накладнойлары арқылы немесе жоғарғы мекеменің сол заттарды жасағаны және қолдануға берілгені туралы акт арқылы есепке алынып қабылданады (оприходуют). Түскен негізгі заттарды ОС-1 формалы (акт примеки-передачи) қабылдап-тапсыру актісіне тіркеп бухгалтерияға өткіздіреді. Ал бухгалтерияда бұл негізгі заттарды есепке алу инвентарлық карточкаларын толтырады.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

1. Дәріханадағы негізгі заттар дегеніміз не?

2. Негізгі заттардың атқаратын міндеттері қандай?

1. Тақырыбы «Материалды құнды заттарды есепке алу»
2. Мақсаты: студенттерді материалды құнды заттарды есепке алу дағдыларымен таныстыру
3. Дәріс тезистері:

Негізгі заттарды екі себептермен есептеп шығаруға болады: 1) әбден тозығы жеткен кезде; 2) жоғары мекеменің бұйрығы (распоряжению) бойынша бір мекемеден екінші мекемеге заттарды берген кезде, яғни бір мекеменің балансына берген жағдайда.

Бұларды есептен шығару үшін арнайы комиссия ұйымдастырылады. Олар заттардың тозығын анықтау үшін арнайы нұсқаудың талаптарына сүйене отырып жұмыс істейді. Егерде комиссия мүшелері заттарды жарамсыз деп (списать еткенде) ұйғарғанда N4-ОС формалы актісін жазады, ал бір мекемеден екінші мекемеге берген кезде N1-ОС формалы қабылдау беру (приемки-передачи) актісін толтырады. Заттарды жарамсыз болғанда және басқа мекемеге берген кездерде оларды шығыс ретінде есептен шығарып тастайдыда осы жайында N13-ОС формалы «тұрған жерінде немесе қолдануына байланысты негізгі заттардың инвентарлық тізімі» деген жерде белгілеп қояды.

Дәріханадағы бағасы аз және тез тозатын заттарға бағасы 600 теңгеден кем заттар жатады. Олар: штанглас комплектілері арнайы және санитарлық киімдер және т.б. заттар.

Бағасы аз заттар N2-MБ формалы, «бағасы аз және тез тозатын заттарды есепке алу» карточкасы арқылы есепке алынады. Арнайы және санитарлық киімдер (халаттар мен қалпақтар) N7-MБ формалы арнайы және санитарлық киімдерді алу және қайтарып беруді есепке алу ведомостарында есепке алынады. Бұл ведомоста күні, қызметкердің аты-жөні, қызметі, берілген заттар, олардың саны, берілген мерзімі, алғанын дәлелдейтін қойылған қолы және қайтарылғаны туралы белгілері көрсетіледі.

Әрбір берілген заттарға дәріхананың нөмері, жылы мен айы көрсетілген штамп басылады. Қызметкерлер жұмыстан шығып кеткен жағдайда алған заттарының барлығын материалдық жауапкершілігі бар қызметкерлерге тапсыруы керек.

Бұл заттарды есептен шығару үшін комиссия толтырып жазуы керек.

Тұрғындарды қабылданған дәрілік шөптер N 4-АП формалы қабылдау квитанциясын толтыру арқылы қабылданады. Олар – дана болып жазылады. Сатып алынған дәрілік шөптер жоғарғы мекеменің рұқсатымен N 19-АП формалы акт арқылы тауарға айлық белгіленген баға арқылы сатылады.

Сапасы нашар немесе бұзылған дәрілік шөптреді жоғарғы мекемелердің рұқсаты бойынша есептен шығарып, жойып тастау керек.

Басқа да құнды заттарға жататындар: отын (ағаш, көмір, жанар май), құрылыс материалдары, қосымша бөлшектер (запчасти) және т.б. осы көрсетілген заттардың қозғалысы дәріханада N 25-АП формасында есеп беру журналында көрсетіледі. Осы құнды заттар аттарына (найменование), сандарына және бағаларына қарай N 17-M формалы материалдарды қоймалық есепке алу карточкасы және N 20-M формалы (оборотный) обороттық ведомостар арқылы дәріханада есепке алынып тұрады.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

1. Материалды құндылықтар дегеніміз не?

2. Негізгі заттарды қандай себептермен есептен шығаруға болады?

Кредит 6
1. Тақырыбы «Еңбекті және еңбек ақыны есепке алу»
2. Мақсаты: Студенттерді дәріханалық мекемелерде еңбекті және еңбек ақыны есептеудің негіздерімен таныстырып, практикалық тұрғыда еңбек ақыны есептеуге, демалыс және әлеуметтік-қамсыздандыру ақшаларын анықтап есептеуге үйрету.
3. Дәріс тезистері:

1) Сіңірген еңбегін (сый) ақы (беру) төлеу.

Еңбек ақының екі түрі бар, олар: негізгі және қосымша. Негізгі еңбек ақы – ол істелген еңбек уақытына төленетін ақы. Оларға жататындар: қызметкердің лауазымдық айлығы, зиянды заттармен істегені үшін (за вредность), квалификациялық категориясына, Республикаға еңбегі сіңген провизор атағына, ғылыми атақтарына, істеген еңбегінің көлемі (ұлғайған) көбейген кездер, сыйлықтар (премии) және т.б.

Қосымша еңбек ақы - дегеніміз, ол еңбек туралы заңға байланысты қызметкерлерге дәріханада істелінбеген уақытқа төленетін ақы. Олар негізгі және қосымша демалыс кездері, еметін жас балалар бар аналарға берілетін үзілістер, жас өспірімдерге (подростки) берілетін жеңілдіктер, әскери жиындарда блоған уақыттар және т.б.

2) Еңбек ақының төлену түрлері де екеу, олар: мерзімде төлеу кесімді, еңбекке кесімді ақы төлеу күнбе-күн, істеген күніне төлеу өнім санына қарай ақы алып істейтін. Повременная дегеніміз – ол қызметкерлердің должностық айлығына және басқа да критерияларына қарай отырып оның негізгі істеген уақытына ғана ақы төлеу. Еңбек ақының осылай төленуі көбінесе 2 категориялық дәріханалық пунктермен дәріханалық латоктарды істейтін қызметкерлер арасында қолданылады. Оларға сатылатын тауарлар құнының 16 % және дезередвтердің 3,5 % беріледі.

3) Еңбек ақы төлеуді есепке алудың негізгі мақсаты – еңбек өтімділігінің арттыра отырып еңбек туралы заңның талаптарына сай жұмыс істеу. Ал міндеттері:

- жұмыс уақытын дұрыс пайдалануың және шығарылған өнімнің көлемін бақылау;

- қызметкерлерге еңбек ақының және т.б. төленетін ақшалардың тура және уақытылы берілуін қадағалау;

- еңбек ақы қорының дұрыс пайдалануын бақылау;

- еңбек ақыдан ұстанылатын ұсталымдардың дұрыстығын бақылау;

- ұсталымды уақытылы бюджетке аударуды бақылау;

- қызметкерлердің еңбекке жарамсыз уақытында алатын пособияның дұрыс төленуін қадағалау.

4) Қызметкерлер санын есепке алу үшін дәріхана мекемелерінде әрбір жұмысқа қабылданған қызметкерлерге арнайы N°=2T формалы карточка (личная карточка) толтырылады. Бұндай карточкалар арқылы біз дәріханада неше қызметкерлердің (бар екенін) істейтінін олардың білімдері жұмыс стаждары жастары жайында білуімізге болады.

5) Қызметкерлерге еңбек ақылы дұрыс төлеу үшін және еңбек ақы қорын дұрыс пайдалану үшін дәріханада дәріхана меңгерушісі немесе соның айтуымен басқа бір қызметкер күнделікті жұмыс уақытын есепке алып отыратын N°=T-13 формалы табельді толтырып отыруы керек. Бұл табель айына екі мезгіл әр жарты айға арналып толтырылып, бекітіліп отырылады. Бұл құжат еңбек ақына (төлеудегі) негізгі құжат. Осы табель арқылы кызметкерлерлің жұмысқа қалай келіп жүргендерін, қанша күн және неліктен шықпағандарын білуге болады. Себебі бұл табельде әрбір графада өзіне тиісті керек әріптермен сандармен белгілеуге болады. Мысалы: командировка болса К әрпімен, ауру болса А әрпімен және Т басқадай етіп толтырылады. Қызметкерлердің еңбек ақысын дұрыс алу үшін бухгалтерияға осы табельмен қоса төмендегідей құжаттарды беру керек:

- егерде осы айда жанадан қабылданған қызметкер болған жағдайда оны жұмысқа қабылдағаны жайлы NT-1 формалы бұйрық;

- егерде басқа қызметке ауыстырылған болса NT-5 формалы бұйрық;

- демалысқа шыққаны жайында NT-6 формалы бұйрық;

- егерде бір қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда NT-8 формалы бұйрық;

- егерде біреу ауырып қалған жағдайда толықтырылып жазылған жұмысқа жарамсыздығы жайындағы анықтама қағазы.

Осы құжаттардың негізінде қызметкерлерге бухгалтерияда еңбек ақы есептелінеді содан кейін қызметкерлерге N T-49 формалы есептесу-төлеу ведомосы (расчетно-платежная) айлық беру үшін толтырылады. Бұл ведомствода ұсталынатын барлық ұсталымдар және қолға берілетін ақша мөлшері көрсетіледі. Егерде еңбек ақылы ретінде беретін жағдайда N T-53 формалы төлеу ведомосының (платежная ведомость) толтырады.

Зейнеткерлеге және балаларға берілетін ақшалар басқа ведомствоға толтырылады. Әрбір толтырылған ведомствоның соңында мекеме басшысы мен бас бухгалтердің қолы қойылуы керек және таратқан бухгалтердің. Айлықты үш күннің ішінде таратып беру керек егерде осы үш күн аралығында берілмеген жағдайда «Делонировано» деген штамп басылып осы төленілмей қалған ақшаға 2 экземпляр N-24 формалы реестр толтырып ақшаны мемлекеттік немесе жинақ банкісіне қайтып тапсыру керек. Реестрдің 1-ші экземпляры кассирде есеп беру үшін қалады, ал екіншісі бухгалтерияға кейін алу үшін беріледі. Ведомостың соңында кассир қанша төленгені және төленбегені жайында жазып өз қолын қояды. Ведомосты барлық құжаттармен қоса отырып орталық бухгалтерияға N 72-АП формалы журналмен бірге есеп береді.

6) Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар төмендегідей бірнеше топқа бөлінеді

- мемлекеттік бюджеттің пайдасына төленетін: салықтар, соттың шешімімен сотталған адамдардан түсетін ақшалар айып пұлдар, тексеру кезінде табылған жетіспейтін ақша төлемдері;

- жеке азаматтардың және мекемелердің пайдасына ұсталынатын: алименттер, сатып алынған заттарға төленетін кредиттер, квартплата, коммунальдық услугаларға төлейтін төлемдер және т.б.

- қызметкерлердің өзі істеп жүрген мекемесінің пайдасына төлейтін қарыз ақшалары.

Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар уақытылы ұсталынып мемлекеттік бюджетке (бөлініп) аударылып тұруы керек.

Барлық салықтар мемлекеттік банктен ақша алған бірден бюджетке платежный поручение арқылы аударылып осы салықтарды аударғаны жөнінде анықтама алады.

А) Табыс салығы қызметкерлердің айлық табысына қарай мемлекеттік заңдарға байланысты негізгі және қосымша жұмыс орындарынан ұсталынады.

Ұсталымға жатпайтындар: командировочныйға алынған, бірмезгілдік пособиялар, подъемныйлар, демалыс күндеріне алған және т.б.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

1. Еңбек ақы дегеніміз не?

2. Қосымша еңбек ақы дегеніміз не?

3. Еңбек ақы төлеуді есепке алудың негізгі мақсаты?

4. Еңбек ақыдан ұсталынытын ұсталымдар қандай топтарға бөлінеді?

1. Тақырыбы «Ақша қаражаттарын және есеп айыру операцияларын есептеу»
2. Мақсаты: Студенттерді ақша қаражаттарын және есеп айыру операцияларын есептеумен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:

Дәріхана мекемелері ҚР кассалық операцияларды жүргізу тәртібін шаруашылық есеп талабына сай нақты ақша операциялары жүргізіледі. Осы кассалық операцияларды жүргізу тәртібі бойынша әр кәсіпорында өзінің кассасы болу керек және белгіленген формада кассалық кітапты жүргізу керек. Дәріханалар тұрғындармен есеп айырысу үшін бақылау-кассалық машиналарын қолданады. Кассадағы ақша кәсіпорын және банкпен кесілген лимит негізінде кассада сақталады.

Ақша қаражатының есебі келесі міндеттерді атқарады:

- күн сайын дәріхана кассасындағы ақшаның қозғалысын бақылау;

- кассадағы ақша қаражатының лимитін жүргізу;

- құжаттарда тура және дер кезінде кассалық және банктік операцияларды көрсету;

- ақша қаражатының шығындану тәртібін, сақталунын және дұрыс қолдануын бақылау;

- кассалық, сметалық және қаржылық тәртіптерді қадағалау;

- ақша қаражатының және есептеулерінің тізімге енгізуін жүргізу;

- дер кезінде несиелердің өтуін бақылау.

Ақша қаражат-есебін дамыту айналым заттарының айналымын жеделдетеді және шаруашылық есептің нығайюына жол ашады.

Кассир кассалық кітапты жүргізеді және кассалық есеп беруді құрайды.

Кассир өзінің лауазымдық қызметін орындау үшін жүргізетін жұмыстарының келесі тәртібі мен түрін білу керек:

- біріншілік кассалық және банктік құжаттамаларды;

- сатып алушылармен есептесу тәртібін;

- ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарын қабылдау, сақтау және жіберу тәртібін;

- кассалық кітаптың жүргізуін;

- кассалық есеп беруді құрауды;

- бақылау-кассалық аппаратта, шотта жұмыс істеу тәртібін;

- кассалық аппараттың құрылымын;

- саудадағы тауарлардың ассортиментін және оның бөлшек сауда бағасын;

- мемлекеттік ақша белгілерін;

- өрт және техника қауіпсіздігінің тәртібін және т.б.

Кассир өзіне берілген жұмысты басқа тұлғаға тапсыруға құқы жоқ. Егер уақытша кассирді ауыстыру керек болса, онда ол кассирдің қызметін мекеме меңгерушісінің жазба бұйрығы бойынша белгіленген қызметкерге аударады. Ақша қаражаттарының құжаттарына қол қоюға құқығы бар бухгалтер мен басқа есептік қызметкерлер кассир қызметін атқаруға болмайды.

Кассирдің сатып алушылармен есептесуі келесі реттілікпен жүргізіледі:

- кассалық аппараттың клавиатурасында әр тауардың бағасын тіркейді де, сатылған тауардың барлық бағасын соммалайды және соңғы нәтижені сатып алушыға хабарлайды;

- сатып алушыдан алынған ақшаны анық сатып алушыға хабарлап, сатып алушының көзіне көрінетіндей етіп бөлек жерге қояды;

- сатылған тауарддан алынған ақшаны кассалық аппаратта белгілеп, артық ақшаның қайыру соммасын анықтайды;

- кассалық аппаратта чекті басады;

- қайыратын артық ақша суммасын сатып алушыға хабарлап, оны чекпен бірге сатып алушыға қайтарады;

- есептесудің барлық сатып алушының операциялары біткен соң, алынған ақшаны аппараттың ақша қорабына салады.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

1. Ақша қаражаты есебінің атқаратын міндеттері қандай?

2. Дәріханада кассалық операциялармен кім айналысады және оның атқаратын қызметі?

Кредит 8
1. Тақырыбы: «Дәріханалық ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруі»
2. Мақсаты: Студентерді дәріханалық ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруімен таныстыру
3. Дәріс тезистері:

Шаруашылық есеп дегеніміз ол дәріхананың меншігіндегі барлық негізгі айналымдағы заттардың тиымды пайдалануын бақылап, шаруашылық процестердің сандық, сапалық көрсеткіштерін көрсете отырып басқару.

Шаруашылық есептің негізгі міндеттері:


  • жоспардың орындалуын бақылай отырып кездескен қателіктерді жою үшін және алдағы уақыттағы жоспарларда қателіктер жібермеу үшін;

  • өзінің меншігіндегі заттардың сақталуын және олардың дұрыс пайдалануын бақылау;

  • еңбектің еңбек ақылын дұрыс болуын және тәртіптіңжақсы болып еңбек өнімділігінің көтерілуін бақылау;

  • өзін-өзі қаражаттандыру өзін-өзі өтеу және шығындарды азайту арқасында мекеменің рентабелдігін көтеру.

Шаруашылық есептің үш түрі бар, олар: статистикалық, оперативтік және бухгалтерлік есептер.

Статистикалық есеп дегеніміз халық шаруашылығындағы әлеуметтік- экономикалық процестерді сапалық ерекшеліктерімен әртүрлі сандық өзгерістерін жалпы сан ретінде есепке алу.

Дәріханалық мекемелерде статистикалық есеп рецептураны есепке алу ол туралы беру кезінде, тауарларды топтары бойынша босату есебінің таблицасын толтырған кезде, штаттың құрамы мен саны жайындағы мәлімет берген кезде және айлық фондысы өзгерген уақыттарды қолданылады.

Статистиканың есеп жоспарға керекті мәліметтерді жинап оларды талдау жасауға өте қолайлы есеп.

Оперативтік есеп дегеніміз ол шаруашылық операциялардың тура болып жатқан (процесында) уақытында есепке алу. Ол оперативтік жоспар жасау кезінде тез арада керекті көрсеткіштерді алу үшін өте қажет. Мысалы: тіркелген рецептердің бір күндік немесе 10 күндіктегі саны.

Бухгалтериялық есеп дегеніміз ол қаражат шаруашылық операцияларының басталуынан бастап олардың тіркелуін және керекті құжаттарға толтырылуын қадағалап ақшалай түрде есептеп отыру.

Дәріханадағы бухгалтериялық есепке алынатындар: барлық шаруашылық заттар және осы шаруашылық заттарды формировать ететін шаруашылық процестер.

Егер өлшемдері шаруашылық есептің үш түріндеде қолданылады. Олар: натуралдық еңбек және ақшалай өлшемдер.

Натуралдық өлшем немесе сандық өлшем объектінің саны туралы сипаттама береді: салмағы, штук, көлемі жөнінде. Дәріханада натуралдық өлшем көп рецептердің улы және наркотикалық дәрілердің таралардың сандарын алғанда қолданады.

Еңбек өлшемі натуральдық өлшеммен бірге өнімділігін анықтау үшін айлықты есептеу үшін және норманы орындауды бақылау үшін керек.

Ақшалай өлшем универсальды әсіресе бухгалтериялық есепте басты өлшем.

Шаруашылық есептің негізі ол дұрыс үлгілі толтырылған құжаттар. Құжаттар бірнеше топтарға бөлінеді: по назначению, по объему, по способу использования, по месту составления и обрат.

Первичный құжаттар заңды болуы үшін міндетті түрде төмендегі реквизиттері болуы керек:


  1. Құжаттың аты (формы), қою формы.

  2. Толтырылған күні.

  3. Шаруашылық операцияның мазмұны.

  4. шаруашылық операцияның өлшемдері (натуральдық, сандық ақшалай).

  5. Шаруашылық операцияны жасайтын қызметкерлердің аты жөні, қолдарының қонылуы және расшифровкасы.

Керекті кезде осыларға қосымша: құжаттың номері, мекеменің адресі және т.б. реквизиттер.

Шаруашылық дәріханаларда шаруашылық есептің үш түрі бар:

ортлық, децентрализациялық және аралас жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндеті тапсыру жүйесі.

Есеп беру дегеніміз - ол есепке алу көрсеткіштерін жинақтап қортындылап мекеменің белгілі уақыт аралығындағы жоспар орындауын, қаражат жағдайын және жалпы шаруашылықтың қалай болып жатқанын сипаттау.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Шаруашылықтың негізгі міндеттері қандай?

  2. Құжаттар неше топқа бөлінеді?


1. Тақырыбы: «Бухгалтерлік баланс»
2. Мақсаты: «Студенттерге бухгалтерлік баланс туралы негізгі түсініктері мен мағынасын түсіндіріп, бухгалтерлік балансты құру мен шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуді үйрету»
3. Дәріс тезистері:

Әр дәріхананың мекемелерге өндірістің, қаражаттық және шаруашылық жұмыстарын жүргіздіру үшін шаруашылық заттар бөлінеді.

Құрылымына және орналасуына қарай дәріхананың шаруашылық заттары 3 топқа бөлінеді:


  1. Негізгі заттар.

  2. Айналымдағы заттар.

  3. Басқа жерге аударылған заттар.

Мекемелер бір-бірімен есеп айырылысқан кезде қарызға беруі немесе қарыз болуы мүмкін. Дәріхана қарызға берген кезде, қарызға алған мекеме дебитор болады.

Аударылған заттар дегеніміз ол қайтарылмайтын немесе көп мезгілге дәріхананың шаруашылық айналымынан аударылған қаражат.

Жеке өз заттарының шығу көздеріне жататындар:


  1. Уставтық қор (уставный фонд)

  2. Амортизациялық қоры (амортизационный фонд)

  3. Экономикалық дем беру (жағдай жасау) қоры. (фонд экономического стимулирования)

Бұндай ақпараттарды бухгалтерлік баланс арқылы білуге болады.

Бухгалтерлік баланс дегеніміз дәріханалық мекемелердің шаруашылық заттарының құрамы мен орналасуы және алыну көздері мен қолдану бағытын белгілі уақыт аралығында ақшалай өлшемдермен қамтып көрсету жолы. Баланс негізінде кесте ретінде жазылады, оның сол жағында актив, ал оң жағында пассив жазылады. Активте шаруашылық заттардың құрамына және орналасуына қарай, ал пассивте қалыптасу деректеріне және қолдану бағытына қарай жазылады.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:

  1. Управление и экономика фармации: Учебник / под ред. В.Л.Багировой. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2004.

  2. Управление и экономика фармации: в 4т. Т.2: учет в аптечных организациях: оперативный, бухгалтерский, налоговый. Учебник для студ. высш. учеб. Заведений / под ред. Е.Е.Лоскутовой. –М.: Издательский центр «Академия», 2004.

  3. Управление и экономика фармации: в 4т. Т.3: Планирование в аптечных организациях. Учебник для студ. высш. учеб. Заведений / под ред. Е.Е.Лоскутовой. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Бухгалтерлік баланстың анықтамасы.

  2. Дәріхананың шаруашылық заттарының құрамы.

  3. Аударылған заттар дегеніміз не?





РГП на ПХВ «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия» МЗРК

044 -40/15





Кафедра организации и управления фармацевтическим делом



Тезисы лекций

по дисциплине

«Управление и экономика фармации»

Специальность: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013

Лекционный комплекс составлен в соответствии с рабочей программой утвержденной на заседании Методического Совета ЮКГФА

Протокол №____ от «___»_________20__г.



«Управление и экономика фармации»
Кредит № 1
1.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет