Fatca шетелдік шоттарға салық салу туралы Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы халықаралық салық салу ынтымақтастығын нығайту және fatca бойынша міндеттемелерді сақтау туралы моделдік келісімге қол қою туралы



жүктеу 389.42 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі389.42 Kb.


I ҚОСЫМША
АҚШ-ТЫҢ ЕСЕП БЕРЕТІН ШОТТАРЫН АНЫҚТАУ МЕН ОЛАР БОЙЫНША ЖӘНЕ КЕЙБІР ҚАТЫСПАЙТЫН ҚАРЖЫ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША АҚПАРАТ БЕРУ МАҚСАТЫНДА КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ РӘСІМІНЕН ӨТУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
I. Жалпы ережелер.
A. Қазақстан Республикасы АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын және Қатыспайтын қаржы мекемелерінде ашылған шоттарды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелерінен осы I қосымшада көрсетілген кешенді тексеру рәсімдерін орындауды талап етеді.
B. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
1. Доллармен есептегенде барлық сомалар АҚШ долларында көрсетілген және басқа валюталардағы баламаны қамтиды.
2. Егер осы құжаттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, шоттағы қаражат қалдығы немесе сомасы күнтізбелік жылдың соңғы күніндегі немесе басқа тиісті есепті кезеңдегі жағдай бойынша айқындалады.
3. Егер шоттағы қаражат қалдығының немесе сомасының шекті мәні осы I қосымшаға сәйкес Белгіленген күнгі жағдай бойынша айқындалса, онда шоттағы тиісті қаражат қалдығы немесе сомасы тиісті күнгі немесе Белгіленген күнге дейін тікелей аяқталатын есепті кезеңнің соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады; шоттағы қаражат қалдығының немесе сомасының шекті мәні осы I қосымшаға сәйкес күнтізбелік жылдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалған жағдайларда, шоттағы тиісті қаражат қалдығы немесе сомасы күнтізбелік жылдың немесе өзге тиісті есепті кезеңнің соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады.
4. Осы I қосымшаның II бөлімінің Е (1) тармақшасына сәйкес шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде осы I қосымшада көрсетілген кешенді тексеру рәсімдеріне сәйкес сондай болып айқындалатын күннен бастап қаралады.
5. Егер өзгеше көрсетілмесе, АҚШ-тың Есеп беретін шоты бойынша ақпарат көрсетілген ақпарат тиесілі жылдан кейін келетін күнтізбелік жылы жыл сайын ұсынылады.
C. Осы I қосымшаның әрбір бөлімінде сипатталған рәсімдерге балама ретінде Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелеріне шоттың АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Қатыспайтын қаржы мекемесінде ашылған шот болып табылатынын не табылмайтынын айқындау үшін АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында көрсетілген рәсімдерді қолдануға рұқсат бере алады. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелеріне осы I қосымшаның әрбір бөлімі үшін жеке осындай рәсімдерді не оларды барлық тиісті Қаржы шоттарына не, жеке, осындай шоттардың кез келген белгілі бір нақты тобына (мысалы, бизнестің түріне немесе шот ашылған мекеменің орналасқан жеріне сәйкес) қолдана отырып, таңдауға рұқсат бере алады.
II. Жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттары. Мына қағидалар мен рәсімдер жеке тұлғаларға тиесілі бұрын ашылған шоттардың («Жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттары») ішінен АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын анықтау үшін қолданылады.
A. Тексеруге, анықтауға немесе есептілікке енгізуге жатпайтын шоттар. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Жеке тұлғалардың барлық бұрын ашылған шоттарына қатысты не жеке осындай шоттардың кез келген белгілі бір нақты тобына қатысты өзгені таңдамаса, егер Қазақстан Республикасында іске асыру қағидалары осындай таңдау жасау мүмкіндігін көздейтін жағдайда, онда төменде көрсетілген Жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттары АҚШ-тың Есеп беретін шоттары ретінде тексеруге, анықтауға немесе есептілікке енгізуге жатпайды:
1. Осы бөлімнің Е(2) тармақшасына сәйкес қаражат қалдығы немесе сомасы Белгіленген күнгі жағдай бойынша 50,000 АҚШ долларынан аспайтын Жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты.
2. Осы бөлімнің Е(2) тармақшасына сәйкес қаражат қалдығы немесе сомасы Белгіленген күнгі жағдай бойынша 250,000 АҚШ долларына тең немесе одан аз Қолма-қол ақшалай құны бар сақтандыру шарты немесе Аннуитет шарты болып табылатын Жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты.
3. Қазақстан Республикасының немесе Құрама Штаттардың заңнамасы немесе нормативтік актілері осындай Қолма-қол ақшалай құны бар сақтандыру шартын немесе Аннуитет шартын АҚШ резиденттеріне сатуды іс жүзінде (мысалы, егер тиісті Қаржы мекемесінің АҚШ заңнамасына сәйкес қажетті тіркеуі болмаса және Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының резиденттері сатып алған сақтандыру өнімдері бойынша есептілік беруді немесе салықты ұстап қалуды көздейтін болса) болдырмаған жағдайда, Қолма-қол ақшалай құны бар сақтандыру шарты немесе Аннуитет шарты болып табылатын Жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты.
4. Қалдығы 50,000 АҚШ долларына тең немесе одан аз депозиттік шот.
B. Белгіленген күнгі жағдай бойынша қаражат қалдығы немесе сомасы 50,000 АҚШ долларынан асатын (Қолма-қол ақшалай құны бар сақтандыру шарты немесе Аннуитет шарты бойынша 250,000 АҚШ доллары), бірақ 1,000,000 АҚШ долларынан аспайтын («Шағын сома шоттары») жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттарын тексеру рәсімдері.
1. Электрондық құжаттардан іздеу. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінде сақталатын электрондық іздеуге қолжетімді деректерді төменде тізбеленген АҚШ-тық белгілердің кез келгенін табу үшін тексеруге тиіс:
a) Шот иесі АҚШ азаматы немесе резиденті болып табылатыны туралы сілтеме;
b) Шот иесінің АҚШ-тағы туған жеріне тікелей сілтеме;
c) Шот иесінің АҚШ-тағы қазіргі уақыттағы пошталық мекенжайы немесе нақты тұратын мекенжайы (АҚШ-тағы пошта жәшігін қоса алғанда);
d) Шот иесінің АҚШ-тағы қазіргі уақыттағы телефон нөмірі;
e) АҚШ-тағы шотқа қаражат аудару жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтар;
f) АҚШ-та тұрақты мекенжайы бар тұлғаға берілген қолданыстағы сенімхат немесе қол қою құқығы; немесе
g) «хат-хабарды түпкі алушыға беру үшін» мекенжайы немесе «талап етілгенге дейінгі» мекенжайы Шот иесінің Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінде бар жалғыз мекенжайы болып табылады. Сомасы шағын шот болып табылатын Жеке тұлғаның бұрын ашылған шотына қатысты Құрама Штаттар аумағынан тыс «хат-хабарды түпкі алушыға беру үшін» мекенжайы немесе «талап етілгенге дейінгі» мекенжайы АҚШ-тық шот белгілері ретінде қаралмайды.
2. Егер электрондық іздеу кезінде осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген АҚШ-тық шот белгілерінің бір де бірі табылмаса, егер нәтижесінде осы шотта АҚШ-тық шоттың бір немесе бірнеше белгісі пайда болатындай мән-жайлар өзгермеген болса немесе шот осы бөлімнің D тармағында сипатталғандай, Сомасы Ірі шотқа айналмаған болса, одан әрі әрекеттер талап етілмейді.
3. Егер электрондық іздеу кезінде осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген АҚШ-тық шоттың қандай да бір белгілері табылса немесе мән-жайлар өзгеріп, нәтижесінде осы шотта АҚШ-тық шоттың бір немесе бірнеше белгісі пайда болса, осындай жағдайда Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі көрсетілген шотты, егер осы бөлімнің В(4) тармақшасының ережелерін қолдануды таңдамаса, сондай-ақ көрсетілген тармақшаның ерекшеліктерінің бірі көрсетілген шотқа қолданылатын болмаса ғана, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
4. Осы бөлімнің В(1) тармақшасына сәйкес АҚШ-тық шоттың анықталған белгілеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі мынадай жағдайларда көрсетілген шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға міндетті емес:
а) Егер Шот иесі туралы ақпаратта АҚШ-тағы Шот иесінің туған жеріне тікелей сілтеме болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі мынадай:
(1) салық мақсаттары үшін Шот иесі өзінің АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтыны туралы мәлімдемесі (бұл ФСБ W-8 нысанында немесе ұқсас өзге келісілген нысанда болуы мүмкін);
(2) Шот иесінде АҚШ-тан басқа мемлекеттің паспорты немесе басқа елде Шот иесінің азаматтығын немесе мәртебесін растайтын, АҚШ-тан басқа өзге елдің үкіметі берген өзге құжаттың болуы; және
(3) «Шот иесінің АҚШ азаматтығын жоғалту туралы куәлігі» көшірмесінің немесе:
(a) АҚШ азаматтығынан бас тартуына қарамастан, Шот иесінде осындай куәліктің болмауы себептері;
немесе
(b) Шот иесі АҚШ азаматтығын туған кезде алмауы себептерінің ақылға қонымды түсініктемелерінің болуы туралы мәліметтерді алады немесе оларды бұрын тексерген және сақтайды.
b) Егер Шот иесі туралы ақпаратта қазіргі пошталық мекенжайы немесе АҚШ-тағы нақты тұратын мекенжайы туралы немесе осы шот бойынша жалғыз байланыс телефон нөмірлері ретінде көрсетілген АҚШ-тағы бір немесе бірнеше телефон нөмірлері туралы ақпарат болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі:
(1) салық мақсаттары үшін Шот иесі өзінің АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтыны туралы мәлімдемесі (бұл ФСБ W-8 нысанымен немесе ұқсас өзге келісілген нысанда болуы мүмкін); және
(2) осы I қосымшаның VI бөлімі D тармағында айқындалған Шот иесінде АҚШ мәртебесінің жоқ екендігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді алады немесе оларды бұрын тексерген және сақтайды.
c) Егер Шот иесі туралы ақпаратта қаражатты АҚШ-тағы шотқа аудару жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтар болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі:
(1) салық мақсаттары үшін Шот иесі өзінің АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтыны туралы мәлімдемесі (бұл ФСБ W-8 нысанымен немесе ұқсас өзге келісілген нысанда болуы мүмкін); және
(2) осы I қосымшаның VI бөлімі D тармағында айқындалған Шот иесінде АҚШ мәртебесінің жоқ екендігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді алады немесе оларды бұрын тексерген және сақтайды.
d) Егер Шот иесі туралы деректерде АҚШ-та мекенжайы бар тұлғаға берілген қолданыстағы сенімхат немесе қол қою құқығы туралы; Шот иесі байланыс мекенжайы ретінде көрсеткен жалғыз мекенжай болып табылатын «хат-хабарды түпкілікті алушыға беру үшін» немесе «талап етілгенге дейінгі» мекенжайы туралы; немесе АҚШ-тағы бір немесе бірнеше телефон нөмірлері туралы ақпарат болса (егер бұл ретте шот үшін АҚШ-тан тысқары жерлердегі телефон нөмірі де көрсетілген болса), Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі:
(1) салық мақсаттары үшін Шот иесі өзінің АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтыны туралы мәлімдемесі (бұл ФСБ W-8 нысанымен немесе ұқсас өзге келісілген нысанда болуы мүмкін); немесе
(2) осы I қосымшаның VI бөлімі D тармағында айқындалған Шот иесінде АҚШ мәртебесінің жоқ екендігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді алады немесе оларды бұрын тексерген және сақтайды.
С. Шағын сома шоттары болып табылатын Жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттарына қолданылатын қосымша рәсімдер.
1. Шағын сома шоттары болып табылатын Жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттарын АҚШ-тық шот белгілерін анықтау тұрғысынан тексеру Белгіленген күннен бастап екі жылдың ішінде аяқталуға тиіс.
2. Шағын сома шоттары болып табылатын Жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты бойынша мән-жайлар өзгерген жағдайда, нәтижесінде бұл шотта осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген АҚШ-тық шоттың бір немесе бірнеше белгісі пайда болса, онда Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі көрсетілген шотты, егер осы бөлімнің В(4) тармақшасының ережелері қолданылмайтын болса, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
3. Осы бөлімнің А(4) тармақшасында сипатталған Депозиттік шоттарды қоспағанда, осы бөлімнің ережелеріне сәйкес АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалған Жеке тұлғаның кез келген бұрын ашылған шоты Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып отырған кезде барлық кейінгі жылдары АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қаралады.
D. Қалдығы немесе сомасы Белгіленген күнгі немесе 2015 жылғы 31 желтоқсандағы немесе кез келген одан кейінгі жылдағы жағдай бойынша 1,000,000 АҚШ долларынан асатын Жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттарын («Ірі сома шоттары») кеңейтілген тексеру рәсімдері.
1. Электрондық құжаттардан іздеу. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осы бөлімнің В(1) тармақшасында сипатталған АҚШ-тық шоттардың кез келген белгілерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінде сақталатын электрондық іздеуге қолжетімді деректерді тексеруге тиіс.
2. Қағаз жеткізгіштегі құжаттардан іздеу. Егер Қазақстан Республикасы Есеп беретін қаржы мекемесінің электрондық іздеуге қолжетімді деректер базаларында осы бөлімнің D(3) тармақшасында көрсетілген барлық ақпаратты жазу үшін бос орындар болса және осындай ақпарат алуға мүмкіндік беретін болса, осындай жағдайда қағаз жеткізгіштегі құжаттардан қосымша іздеу талап етілмейді. Егер электрондық деректер базалары осы бүкіл ақпаратты алуға мүмкіндік бермесе, онда Ірі сома шоттарына қатысты Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі клиент туралы ағымдағы негізгі деректерді де және клиент туралы ағымдағы негізгі деректердегі ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, осы бөлімнің В(1) тармақшасында сипатталған АҚШ-тық шоттардың белгілерін анықтау тұрғысынан шотқа байланысты және Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі соңғы бес жыл ішінде алған мынадай құжаттарды да:
a) шот бойынша қазіргі кезде соңғы ұсынылған растау құжаттарын;
b) уақыты бойынша соңғы келісімшартты немесе шот ашуға арналған құжаттарды;
c) Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл /Өз клиентіңді біл (бұдан әрі – АЖҚІ/ӨКБ) рәсімдеріне сәйкес немесе басқа реттеу мақсаттары үшін алған уақыты бойынша соңғы құжаттарды;
d) кез келген қолданыстағы сенімхатты немесе қол қою құқығын; және
e) қаражатты аудару жөніндегі кез келген қолданыстағы нұсқаулықтарды тексеруге тиіс.
3. Деректер базаларындағы ақпарат жеткілікті болған жағдайдағы ерекшеліктер. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінің электрондық іздеуге қолжетімді мынадай ақпарат:
a) Шот иесінің азаматтығы немесе резидент болу мәртебесі;
b) қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінде Шот иесі туралы сақталған ақпаратта көрсетілген оның тұратын мекенжайы мен пошталық мекенжайы;
c) қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінде Шот иесі туралы сақталған ақпаратта көрсетілген (егер көрсетілген болса) оның телефонының нөмірі (нөмірлері);
d) осы шоттан басқа шотқа қаражат аудару жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтар (Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінің басқа филиалында немесе басқа Қаржы мекемесінде жүргізілетін шотты қоса алғанда);
e) Шот иесінің «хат-хабарды түпкі алушыға беруге арналған» мекенжайы немесе «талап етілгенге дейінгі» мекенжайы; және
f) шотты басқаруға кез келген сенімхат немесе қол қою құқығы болса, рәсімі осы бөлімнің D(2) тармақшасында сипатталған қағаз жеткізгіштегі құжаттардан іздеуге міндетті емес.
4. Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджердің нақты ақпаратын пайдалану. Электрондық құжаттардан және қағаз жеткізгіштегі құжаттардан жоғарыда көрсетілген іздеуден басқа, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, егер клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерде Шот иесінің АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылатынын растайтын нақты ақпарат болса, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерге бекітілген кез келген Ірі сома шотын (көрсетілген Ірі сома шотына байланысты кез келген Қаржы шоттарын қоса алғанда) АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
5. АҚШ-тық шоттардың белгілеріне сәйкестігін анықтаған кездегі кейінгі әрекеттер.
a) Егер рәсімдері жоғарыда сипатталған Ірі сома шоттарын кеңейтілген тексеру кезінде осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген АҚШ-тық шоттардың бірде бір белгілері табылмаса және осы бөлімнің D(4) тармақшасына сәйкес шот АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасына тиесілі шот ретінде сәйкестендірілмесе, онда нәтижесінде осы шотта АҚШ-тық шоттың бір немесе бірнеше белгісі пайда болған мән-жайлар өзгергенге дейін, одан арғы әрекеттер талап етілмейді.
b) Егер рәсімдері жоғарыда сипатталған Ірі сома шоттарына кеңейтілген тексеру кезінде осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген АҚШ-тық шоттың бір немесе бірнеше белгісі анықталса немесе нәтижесінде осы шотта АҚШ-тық шоттың белгілері пайда болған мән-жайлар өзгерсе, онда Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, егер осы бөлімнің В(4) тармақшасының ережелерін қолдану туралы шешім қабылданбаса және көрсетілген тармақшаның ерекшеліктерінің бірі осы шотқа қолданылмайтын болса, осы шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
с) Осы бөлімнің А(4) тармақшасында сипатталған Депозиттік шоттарды қоспағанда, осы бөлімнің ережелеріне сәйкес АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалған Жеке тұлғаның кез келген бұрын ашылған шоты Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып танылып отырған кезде барлық кейінгі жылдары АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қаралады.
Е. Ірі сома шоттарына қолданылатын қосымша рәсімдер.
1. Егер Жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты Белгіленген күнгі жағдай бойынша Ірі сома шоты болып табылса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осы шот бойынша Белгіленген күннен бастап бір жыл ішінде осы бөлімнің D тармағында көрсетілген кеңейтілген тексеру рәсімдерін орындауға тиіс. Егер осындай тексерудің нәтижесінде осындай шот
2014 жылғы 31 желтоқсан күніне немесе оның алдындағы күнге АҚШ-тың есеп беретін шоты ретінде айқындалса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осындай шот туралы 2014 жылғы қажетті ақпаратты шот бойынша бірінші есепте беруге және одан әрі барлық кейінгі жылдарда жыл сайын беруге тиіс. 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалған шотқа қатысты Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осындай шот туралы 2014 жылғы ақпаратты беруге міндетті емес, бірақ барлық кейінгі жылдарда шот туралы ақпаратты жыл сайын беруге тиіс.
2. Егер Жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты Белгіленген күнгі жағдай бойынша Ірі сома шоты болып табылмаса, бірақ
2015 жылдың немесе кез келген кейінгі күнтізбелік жылдың соңғы күніндегі жағдай бойынша Ірі сома шотына айналса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осы шот Ірі сома шотына айналған күнтізбелік жылдың соңғы күнінен кейінгі алты айдың ішінде осы шот бойынша осы бөлімнің D тармағында сипатталған кеңейтілген тексеру рәсімдерін орындауға тиіс. Егер осындай тексерудің нәтижесінде шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осы шот туралы талап етілетін ақпаратты, ол АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалған жыл үшін және Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып танылып отырған кезде, кейінгі жылдары үшін де жыл сайын беруге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Ірі сома шотына қатысты осы бөлімнің D тармағында сипатталған кеңейтілген тексеру рәсімдерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осы бөлімнің D(4) тармақшасында сипатталған сол бір Ірі сома шотына қатысты клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерден ақпарат алуды қоспағанда, бұл рәсімдерді кейінгі жылдары қайта орындауға міндетті емес.
4. Нәтижесінде осы шотта осы бөлімнің В(1) тармақшасында көрсетілген АҚШ-тық шоттың белгілері пайда болған Ірі сома шотына қатысты мән-жайлар өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі бұл шотты, егер осы бөлімнің В(4) тармақшасын қолдану туралы шешім қабылданбаса және осы тармақшаның ерекшеліктерінің бірі осы шотқа қатысты қолданылмайтын болса ғана, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджердің шотқа байланысты мән-жайлардағы өзгерістерді анықтауын қамтамасыз ететін рәсімдерді енгізуге тиіс. Мысалы, егер клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер Шот иесінің АҚШ-тағы жаңа пошталық мекенжайы туралы ақпарат алса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осы жаңа мекенжайды мән-жайлардың өзгеруі деп есептеуге тиіс және, егер ол осы бөлімнің В(4) тармақшасын қолдануды шешсе, Шот иесінен тиісті құжаттама алуға тиіс.
F. Жеке тұлғалардың басқа мақсаттар үшін ресімделген, бұрын ашылған шоттары. Бұрын Шот иесінен оның АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтын тұлға ретіндегі мәртебесін растайтын құжаттаманы алған Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі білікті делдал, салық ұстайтын шетелдік әріптестік және салық ұстайтын шетелдік траст туралы, ФСБ-мен жасалған келісімге сәйкес өз міндеттемелерін орындау мақсатында немесе АҚШ кодексінің
26-бөлімінің 61-тарауына сәйкес өз міндеттемелерін орындау үшін Шағын сома шоттарына қатысты осы бөлімнің В(1) тармақшасында немесе Ірі сома шоттарына қатысты осы бөлімнің D(l)-D(3) тармақшаларында көрсетілген рәсімдерді орындауға міндетті емес.
III. Жеке тұлғалардың жаңа шоттары. Жеке тұлғаларға тиесілі және Белгіленген күннен кейін ашылған Қаржы шоттарының («Жеке тұлғалардың жаңа шоттары») ішінен АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын анықтау мақсаттары үшін мынадай қағидалар мен рәсімдер қолданылады.
А. Тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейтін шоттар. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Жеке тұлғалардың барлық жаңа шоттарына қатысты не жеке осындай шоттардың кез келген нақты айқындалған тобына қатысты өзге шешім қабылдамаса, егер Қазақстан Республикасында іске асыру қағидалары осындай таңдау мүмкіндігін көздейтін жағдайда, төмендегі Жеке тұлғалардың жаңа шоттары:
1. Шоттағы қалдығы кез келген күнтізбелік жылдың немесе басқа тиісті есепті кезеңнің соңына 50,000 АҚШ долларынан аспайтын Депозиттік шот.
2. Егер Қолма-қол ақшалай құны кез келген күнтізбелік жылдың немесе басқа тиісті есепті кезеңнің соңына 50,000 АҚШ долларынан аспаса, Қолма-қол ақшалай құны бар сақтандыру шарты АҚШ-тың Есеп беретін шоттары ретінде тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейді.
В. Жеке тұлғалардың өзге жаңа шоттары. Осы бөлімнің А тармағында көрсетілмеген Жеке тұлғалардың жаңа шоттарына қатысты, шот ашылғаннан кейін (немесе осы шот осы бөлімнің А тармағында көрсетілген шот болуы тоқтатылатын күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде) Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Шот иесінің өзінің растауын алуға тиіс, ол Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінің салық салу мақсаттары үшін Шот иесі Құрама Штаттардың резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындауына (осы мақсат үшін АҚШ азаматы, егер тіпті Шот иесі басқа юрисдикцияда салық резиденті болып табылса да, салық салу мақсаттары үшін Құрама Штаттардың резиденті деп есептеледі) мүмкіндік беретін, шотты ашуға арналған құжаттаманың бір бөлігі болуы мүмкін және Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жинақталған кез келген құжаттаманы қоса алғанда, шот ашуға байланысты алған ақпараттың негізінде Шот иесі ұсынған осы бекітудің негізділігін растауға тиіс.
1. Егер Шот иесінің өзінің растауында Шот иесінің салық салу мақсаттары үшін Құрама Штаттардың резиденті болып табылатыны мәлімделсе, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осындай шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты деп есептеуге және Шот иесінің АҚШ ССН-ін қамтитын оның өзінің растауын алуға тиіс (ол ФСБ W-9 нысанында немесе осыған ұқсас өзге де келісілген нысанда болуы мүмкін).
2. Жеке тұлғаның жаңа шотына байланысты мән-жайлардың өзгеруі нәтижесінде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесіне Шот иесінің бастапқы растауы қате немесе сенімсіз екені мәлім болған немесе солай пайымдауға негіздер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Шот иесінің өзінің бастапқы растауын негізге ала алмайды және Шот иесінің ол АҚШ-та салық салу мақсаттары үшін Есеп беретін қаржы мекемесіне АҚШ азаматы немесе АҚШ резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын анықтауға мүмкіндік беретін Шот иесінің өзінің дұрыс растауын алуға тиіс. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Шот иесінің өзінің дұрыс растауын алу мүмкіндігі болмаса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осы шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты деп есептеуге тиіс.
IV. Ұйымдардың бұрын ашылған шоттары. Ұйымдарға тиесілі, бұрын ашылған шоттардың ішінен («Ұйымдардың бұрын ашылған шоттары») АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын және Қатыспайтын қаржы мекемелеріне тиесілі шоттарды айқындау мақсаттары үшін төмендегідей қағидалар мен рәсімдер қолданылады.
A. Ұйымдардың тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейтін шоттары. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Ұйымдардың бұрын ашылған барлық шоттарына қатысты не жеке осындай шоттардың кез келген нақты айқындалған тобына қатысты өзге шешім қабылдамаса, егер Қазақстан Республикасында іске асыру қағидалары осындай таңдау жасау мүмкіндігін көздеген жағдайда, қалдығы немесе сомасы Белгіленген күнгі жағдай бойынша 250,000 АҚШ долларынан аспайтын Ұйымның бұрын ашылған шоты ондағы қалдық немесе сома 1,000,000 АҚШ долларынан аспайынша, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейді.
B. Ұйымның тексеруге жататын шоттары. Қалдығы немесе сомасы Белгіленген күнгі жағдай бойынша 250,000 АҚШ долларынан асатын Ұйымның бұрын ашылған шоты және қалдығы немесе сомасы Белгіленген күндегі жағдай бойынша 250,000 АҚШ долларынан аспайтын, бірақ ондағы қалдығы немесе сомасы 2015 жылғы немесе кез келген кейінгі күнтізбелік жылғы соңғы күндегі жағдай бойынша 1,000,000 АҚШ долларынан асатын Ұйымның бұрын ашылған шоты осы бөлімнің D тармағында көрсетілген рәсімдерге сәйкес тексерілуге тиіс.
C. Ұйымдардың есептілік беру талап етілетін шоттары. Осы бөлімнің В тармағында көрсетілген, Ұйымдардың бұрын ашылған шоттарына қатысты АҚШ-тың Белгілі бір тұлғалары немесе АҚШ азаматтары немесе АҚШ резиденттері болып табылатын бір немесе бірнеше Бақылаушы тұлғалары бар Белсенді емес ШҚЕҰ болып табылатын бір немесе бірнеше ұйымға тиесілі шоттар ғана АҚШ-тың Есеп беретін шоттары болып есептеледі. Бұдан басқа, Қатыспайтын қаржы мекемелеріне тиесілі шоттар Қазақстан Республикасының Құзыретті органына Келісімнің
4-бабының 1(b) тармағында көрсетілген жиынтық төлемдер туралы ақпарат хабарланатын шоттар деп есептеледі.
D. Ұйымдардың есептілік беру талап етілетін шоттарын айқындауға арналған тексеру рәсімдері. Осы бөлімнің В тармағында көрсетілген Ұйымдардың бұрын ашылған шоттары үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі шоттың бір немесе бірнеше АҚШ-тың Белгілі бір тұлғаларына, АҚШ азаматтары немесе АҚШ резиденттері болып табылатын бір немесе бірнеше Бақылаушы тұлғалары бар Белсенді емес ШҚЕҰ немесе Қатыспайтын қаржы мекемелеріне тиесілілігін айқындау мақсатында тексерудің мынадай рәсімдерін орындауға тиіс:
1. Ұйымның АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылатынын не табылмайтынын айқындау.

а) Реттеуші мақсаттарда немесе клиенттермен жұмыс істеу үшін сақталатын ақпаратты (АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жиналған ақпаратты қоса алғанда) осы ақпарат Шот иесінің АҚШ тұлғасы болып табылатынын көрсететінін не көрсетпейтінін айқындау үшін тексеру. Осы мақсаттар үшін Шот иесінің АҚШ тұлғасы болып табылатынын көрсететін ақпарат АҚШ-та тіркелу немесе құрылу орнын немесе АҚШ-тағы мекенжайды қамтиды.


b) Егер ақпарат Шот иесінің АҚШ тұлғасы болып табылатындығын көрсетсе, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, егер ол Шот иесінің өзінің растауын алмаса (бұл ФСБ W-8 немесе W-9 нысанында немесе осыған ұқсас келісілген нысанда болуы мүмкін) немесе өзінің қолында бар немесе жалпыға қолжетімді ақпараттың негізінде Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылмайтынын негізді түрде анықтамаса, осы шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты деп есептеуге тиіс.
2. Америкалық емес ұйым Қаржы мекемесі болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындау.
a) Реттеуші мақсаттарда немесе клиенттермен жұмыс істеу үшін сақталатын ақпаратты (АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жиналған ақпаратты қоса алғанда) осы ақпарат Шот иесінің Қаржы мекемесі болып табылатынын көрсететінін не көрсетпейтінін айқындау үшін тексеру.
b) Егер ақпарат Шот иесінің Қаржы мекемесі болып табылатынын көрсетсе немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі шетелдік қаржы мекемелерінің ФСБ жариялаған тізімінде Шот иесіне тиесілі делдалдың жаһандық сәйкестендіру нөмірін растаса, онда бұл шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылмайды.
3. Қаржы мекемесі өзіне қатысты төлемдер Келісімнің
4-бабының 1(b) тармақшасына сәйкес жиынтық есептілікке енгізілуге тиіс, Қатыспайтын қаржы мекемесі болып табылатындығын не табылмайтынын айқындау.

a) Осы бөлімнің D(3)(b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, егер мән-жайларға қарай, шетелдік қаржы мекемелерінің ФСБ жариялаған тізімінде немесе жалпыға қолжетімді немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінің қолында бар ақпаратта Шот иесіне тиесілі делдалдың жаһандық сәйкестендіру нөмірі негізінде Шот иесінде осындай мәртебе бар екендігін негізді түрде анықтаса, Шот иесінің Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы мекемесі болып табылатынын айқындай алады. Мұндай жағдайда осы шотқа қатысты қосымша тексеру, оны анықтау немесе есептілікке енгізу талап етілмейді.
b) Егер Шот иесі Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі немесе ФСБ Қатыспайтын қаржы мекемесі ретінде қарастыратын басқа Әріптестік юрисдикциядағы қаржы мекемесі болып табылса, онда бұл шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылмайды, бірақ Шот иесіне жүргізілген төлемдер Келісімнің 4-бабының 1(b) тармақшасына сәйкес есепке енгізілуге тиіс.
c) Егер Шот иесі Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы мекемесі болып табылмаса, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі ғана:
(1) Шот иесінің өзінен АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларындағы осы ұғымдардың анықтамасына сәйкес оның сертификатталған талаптарды шартты түрде сақтаушы, шетелдік қаржы мекемесі немесе салық ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иесі болып табылатынын растауды (бұл ФСБ W-8 нысанында немесе осыған ұқсас келісілген нысанда болуы мүмкін) алмаса; немесе
(2) қатысатын шетелдік қаржы мекемесі немесе тіркелген талаптарды шартты түрде сақтаушы шетелдік қаржы мекемесі жағдайында шетелдік қаржы мекемелерінің ФСБ жарияланған тізімінде делдалдың Шот иесіне тиесілі делдалдың жаһандық сәйкестендіру нөмірінің болуын растамаса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі оған қатысты төлемдер Келісімнің
4-бабының 1(b) тармақшасына сәйкес есептілікке енгізілуге тиіс Шот иесін Қатыспайтын қаржы мекемесі деп есептеуге тиіс.
4. ШҚҰЕ-ге тиесілі шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылатынын не табылмайтынын айқындау. АҚШ тұлғасы немесе Қаржы мекемесі ретінде айқындалмаған Ұйымның бұрын ашылған шоты бар Шот иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі (і) Шот иесінде Бақылаушы тұлғалардың бар-жоғын, (іі) Шот иесінің Белсенді емес ШҚЕҰ болып табылатынын не болып табылмайтынын және (ііі) Шот иесінің Бақылаушы тұлғаларының бірі АҚШ азаматы немесе АҚШ резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындауға тиіс. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осы бөлімнің D(4)(a)-D(4)(d) тармақшаларында қамтылған нұсқаулықтарды нақты мән-жайларда неғұрлым қолайлы дәйектілікпен ұстануға тиіс.
a) Шот иесінің Бақылаушы тұлғаларын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жиналатын және сақталатын ақпаратты негізге алуға болады.
b) Шот иесінің Белсенді емес ШҚЕҰ болып табылатынын не болып табылмайтынын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Шот иесі Белсенді ШҚЕҰ болып табылатынын қолында бар немесе жалпыға қолжетімді ақпараттың негізінде негізді түрде айқындай алатын жағдайда қоспағанда, оның мәртебесін белгілеу үшін Шот иесінің өзінің растауын (бұл ФСБ W-8 немесе W-9 нысанында немесе осыған ұқсас келісілген нысанда болуы мүмкін) алуға тиіс.
c) Салық салу мақсаттары үшін белсенді емес ШҚЕҰ Бақылаушы тұлғасы АҚШ азаматы немесе АҚШ резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі мыналарды:
(1) Қалдығы немесе сомасы 1,000,000 АҚШ долларынан аспайтын, бір немесе бірнеше ШҚЕҰ-ға тиесілі Ұйымның бұрын ашылған шоты үшін АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жиналатын және сақталатын ақпаратты; немесе
(2) Қалдығы немесе сомасы 1,000,000 АҚШ долларынан асатын бір немесе бірнеше ШҚЕҰ-ға тиесілі ұйымның бұрын ашылған шоты үшін Шот иесінің өзінің (бұл ФСБ W-8 немесе W-9 нысанында немесе осыған ұқсас келісілген нысанда болуы мүмкін) растауын немесе осындай Бақылаушы тұлғаның растауын негізге алуға болады.
d) Егер Белсенді емес ШҚЕҰ-ның қандай да бір Бақылаушы тұлғасы АҚШ азаматы немесе АҚШ резиденті болып табылса, бұл шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қаралады.
Е. Ұйымдардың бұрын ашылған шоттарына қолданылатын тексеру мерзімдері және қосымша рәсімдер.
1. Белгіленген күнгі жағдай бойынша қалдығы немесе сомасы
250,000 АҚШ долларынан асатын Ұйымдардың бұрын ашылған шоттарын тексеру Белгіленген күннен бастап екі жыл ішінде аяқталуға тиіс.
2. Белгіленген күнгі жағдай бойынша қалдығы немесе сомасы
250,000 АҚШ долларынан аспайтын, бірақ 2015 жылғы немесе кез келген кейінгі жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1,000,000 АҚШ долларынан асатын Ұйымдардың бұрын ашылған шоттарын тексеру шоттағы қалдығы немесе сомасы 1,000,000 АҚШ долларынан асатын күнтізбелік жылдың соңғы күнінен кейін алты айдың ішінде аяқталуға тиіс.
3. Ұйымның бұрын ашылған шотына байланысты мән-жайлар өзгерген жағдайда, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесіне Шот иесінің өзінің растауы немесе шотқа байланысты басқа құжаттама қате немесе сенімсіз екендігі мәлім болса немесе солай пайымдауға негіздер болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі шот мәртебесін осы бөлімнің D тармағында белгіленген рәсімдерге сәйкес қайта айқындауға тиіс.
V. Ұйымдардың жаңа шоттары. Ұйымдарға тиесілі және Белгіленген күннен кейін ашылған Қаржы шоттардың («Ұйымдардың жаңа шоттары») ішінен АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын және Қатыспайтын қаржы мекемелеріне тиесілі шоттарды айқындау үшін мынадай қағидалар мен рәсімдер қолданылады.
A. Ұйымдардың тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейтін шоттары. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Ұйымдардың барлық жаңа шоттарына қатысты немесе жеке осындай шоттардың кез келген нақты айқындалған тобына қатысты өзгеше шешім қабылдамаса, егер Қазақстан Республикасында іске асыру қағидалары осындай таңдау жасау мүмкіндігін көздесе, осындай шот ашылған Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Шот иесіне тиесілі шоттағы соманың 50,000 АҚШ долларынан асуына кедергі келтіретін саясат пен рәсімдерді енгізген жағдайда, Ұйымның Жаңа шоты болып саналатын кредиттік картаның шоты немесе жаңартылатын кредиттік желі тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейді.
B. Ұйымдардың өзге жаңа шоттары. Осы бөлімнің А тармағында сипатталмаған Ұйымдардың жаңа шоттарына қатысты, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Шот иесінің: (і) АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы; (іі) Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы қаржы мекемесі; (ііі) бұл ұғымдардың АҚШ-тың Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында айқындалуына қарай қатысатын шетелдік қаржы мекемесі, талаптарды шартты түрде сақтаушы қаржы мекемесі немесе салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иесі; немесе (iv) белсенді ШҚЕҰ немесе белсенді емес ШҚЕҰ болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындауға тиіс.
1. Осы бөлімнің В(2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі нақты жағдайға байланысты Шот иесіне тиесілі делдалдың жаһандық сәйкестендіру нөмірінің немесе ашық қолжетімді немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінің иелігіндегі өзге де ақпараттың негізінде Шот иесінің осындай мәртебесі бар екенін негізді түрде анықтаса, Шот иесі белсенді ШҚЕҰ, Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы мекемесі болып табылатынын айқындай алады.
2. Егер Шот иесі Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі немесе ФСБ Қатыспайтын қаржы мекемесі деп қарайтын басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы мекемесі болып табылса, онда шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты деп танылмайды, бірақ Шот иесінің шотына жүргізілген төлемдер Келісімнің 4-бабының 1(b) тармақшасында көрсетілгендей есепте көрсетілуге тиіс.
3. Барлық басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Шот иесінің мәртебесін анықтау үшін Шот иесінің өзінен растауды алуға тиіс. Алынған растауға байланысты мынадай қағидалар қолданылады:
a) Егер Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі бұл шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
b) Егер Шот иесі Белсенді емес ШҚЕҰ болып табылса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес Бақылаушы тұлғалардың жеке басын анықтауға тиіс және Шот иесінің немесе осы тұлғаның өзінің растауы негізінде Бақылаушы тұлғаның Құрама Штаттардың азаматы немесе резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындауға тиіс. Егер Бақылаушы тұлға Құрама Штаттардың азаматы немесе резиденті болып табылса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
c) Егер Шот иесі: (і) АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылмайтын АҚШ тұлғасы; (іі) осы бөлімнің B(3)(d) тармақшасының ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы мекемесі; осы ұғымдардың АҚШ-тың Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында айқындалуына қарай (ііі) қатысатын шетелдік қаржы мекемесі талаптарды шартты түрде сақтаушы қаржы мекемесі немесе салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иесі; (iv) Белсенді ШҚЕҰ; немесе (v) Бақылаушы тұлғаларының ешқайсысы АҚШ-тың азаматы немесе резиденті болып табылмайтын Белсенді емес ШҚЕҰ болып табылса, онда шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылмайды және ол бойынша есептілік талап етілмейді.
d) Егер Шот иесі Қатыспайтын қаржы мекемесі болып табылса (Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесін немесе ФСБ Қатыспайтын қаржы мекемесі ретінде қарайтын басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы мекемесін қоса алғанда), онда шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылмайды, бірақ Шот иесінің шотына төлемдер Келісімнің 4-бабының 1(b) тармақшасында көзделген тәртіппен есепте көрсетілуге тиіс.
VI. Ерекше қағидалар мен анықтамалар. Жоғарыда сипатталған кешенді тексеру рәсімдерін қолдану кезінде мынадай қосымша қағидалар мен анықтамалар қолданылады:
A. Шот иесінің өзінің растаулары мен құжаттамалық растауларға сенім білдіру. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесіне Шот иесінің өзінің растауы немесе құжаттамалық растауы қате немесе сенімсіз екені мәлім болса немесе ол солай негізді түрде пайымдаса, Шот иесінің өзінің растауына немесе құжаттамалық растауларға сенім білдіре алмайды.
B. Анықтамалар. Осы I қосымшаның мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады.
1. АЖҚІ/ӨКБ рәсімдері. «АЖҚІ/ӨКБ рәсімдері» Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі Қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарға немесе осындай Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі сақтауға міндетті Қазақстан Республикасының осыған ұқсас өзге де талаптарына сәйкес қолданатын клиентті кешенді тексеру рәсімдерін білдіреді.
2. ШҚЕҰ. «Шетелдік қаржылық емес ұйым» АҚШ-тың Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларындағы анықтамаға сәйкес, шетелдік қаржы мекемесі болып табылмайтын немесе осы бөлімнің B(4) (j) тармағында сипатталған Ұйым болып табылатын кез келген Америкалық емес ұйымды білдіреді және сонымен қатар Қазақстан Республикасында немесе басқа Әріптестік юрисдикцияда құрылған Қаржы мекемесі болып табылмайтын кез келген Америкалық емес ұйымды да қамтиды.
3. Белсенді емес ШҚЕҰ. «Белсенді емес Шетелдік қаржылық емес ұйым» – бұл: АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Қағидаларына сәйкес (і) белсенді ШҚЕҰ немесе (іі) салық ұстайтын шетелдік әріптестік немесе салық ұстайтын шетелдік траст болып табылмайтын ШҚЕҰ.
4. Белсенді ШҚЕҰ. «Белсенді Шетелдік қаржылық емес ұйым» – бұл мынадай өлшемшарттардың біріне сай келетін кез келген ШҚЕҰ:
а) ШҚЕҰ-ның алдыңғы күнтізбелік жылдағы немесе өзге тиісті есепті кезеңдегі жалпы кірісінің 50 пайызынан азы - бұл пассивті кіріс және ШҚЕҰ-ның алдыңғы күнтізбелік жылдағы немесе өзге тиісті есепті кезеңдегі иелік еткен 50 пайыздан аз активтері - бұл пассивті кіріс әкелетін немесе пассивті кіріс алу үшін есепке алынатын активтер;
b) ШҚЕҰ акциялары жүйелі түрде бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналады немесе ШҚЕҰ акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жүйелі түрде айналатын ұйымның Байланысты ұйымы болып табылады;
c) ШҚЕҰ АҚШ Аумағында құрылған және төлемдер алушының барлық меншік иелері АҚШ-тың осы Аумағының заңды резиденттері болып табылады;
d) ШҚЕҰ үкімет (АҚШ үкіметінен басқа), осындай үкіметтің әкімшілік-аумақтық бірлігі (екі түрлі мағынада түсінілуін болғызбау үшін ол штатты, облысты, округті, қаланы немесе ауданды қамтиды) немесе аталған үкіметтің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің функцияларын орындайтын мемлекеттік орган, АҚШ Аумағының үкіметі, халықаралық ұйым, америкалық емес орталық эмитент банк немесе жоғарыда көрсетілген субъектілердің біріне немесе бірнешеуіне толығымен тиесілі Ұйым болып табылады;
e) ШҚЕҰ-ның барлық қызметі негізінде бір немесе бірнеше еншілес компанияның шығарылған акцияларын ұстаудан (толық немесе ішінара) немесе Қаржы мекемесінің қызметінен басқа коммерциялық немесе шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бір немесе бірнеше еншілес компанияға қаржыландыруды және көрсетілетін қызметтерді ұсынудан тұрады, алайда, егер ұйым тікелей инвестициялар қоры, венчурлік қор, қарыз қаражатының көмегімен сатып алу қоры немесе мақсаты инвестициялық мақсаттарға арналған капитал активтері ретінде осы компаниялардағы үлестерді кейіннен иелене отырып, компанияларды сатып алу немесе қаржыландыру болып табылатын кез келген инвестициялық құрылым сияқты инвестициялық қор ретінде жұмыс істейтін (немесе әрекет ететін) болса, ұйым ШҚЕҰ мәртебесіне ие бола алмайды;
f) ШҚЕҰ өзінің бастапқы құрылған күнінен бастап 24 ай өткеннен кейінгі күнге ШҚЕҰ осындай ерекшеліктің ықпалына түспейтін жағдайда, ШҚЕҰ әзірге коммерциялық қызметті жүргізбейді және оған дейін бизнес жүргізу өтілі болмайды, бірақ Қаржы мекемесінің коммерциялық қызметінен басқа коммерциялық қызметті жүргізу ниетімен активтерге капиталдар салады;
g) ШҚЕҰ соңғы бес жылда Қаржы мекемесі болмаған және қазіргі уақытта өз активтерін жоюда немесе Қаржы мекемесінің коммерциялық қызметінен басқа коммерциялық қызметті жалғастыру немесе қайта жаңарту ниетімен қайта ұйымдастырылуда;
h) ШҚЕҰ негізінде, Қаржы мекемелері болып табылмайтын Байланысты ұйымдармен немесе Байланысты ұйымдардың атынан қаржыландыру және хеджирлеу операцияларын жасайды және осындай кез келген Байланысты ұйымдар тобы, негізінде Қаржы мекемесінің коммерциялық қызметінен басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырған жағдайда, Байланысты ұйымдар болып табылмайтын Ұйымдарға қаржыландыру немесе хеджирлеу бойынша көрсетілетін қызметтерін ұсынбайды;
і) ШҚЕҰ АҚШ-тың Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында сипатталған «ШҚЕҰ-ға қойылатын талаптарды орындаудан босатылған» болып табылады; немесе
j) ШҚЕҰ барлық мынадай талаптарға сай келеді:
і. Ол тек діни, қайырымдылық, ғылыми, көркем өнер, мәдени, спорттық немесе білім беру мақсаттарында өзі тұрақты орналасқан жердің юрисдикциясында құрылған және әрекет етеді; немесе ол өзі тұрақты орналасқан жердің юрисдикциясында құрылған және әрекет етеді, кәсіптік ұйым, кәсіпкерлер одағы, сауда палатасы, кәсіподақ ұйымы, ауыл шаруашылығы немесе бау-бақша ұйымы, азаматтық одақ немесе тек әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын ілгерілету үшін әрекет ететін ұйым болып табылады;
іі. Ол өзі тұрақты орналасқан жердің юрисдикциясында табыс салығын төлеуден босатылған;
ііі. Онда оның кірістерінде немесе активтерінде мүліктік немесе бенефициарлық үлесі бар акционерлер немесе қатысушылар жоқ;
iv. ШҚЕҰ-ның тұрақты орналасқан жерінің юрисдикциясында қолданылатын заңнама немесе ШҚЕҰ-ның құрылтай құжаттары ШҚЕҰ қайырымдылық қызметін жүзеге асыру немесе көрсетілген қызметтер үшін негізді сыйақы төлеуге немесе ШҚЕҰ сатып алған мүліктің әділ нарықтық құнын төлеуге арналған жағдайлардан басқа кезде ШҚЕҰ кірістерін немесе активтерін бөлуге немесе оларды жекеше адамның немесе қайырымдылық емес Ұйымның мүддесіне пайдалануға мүмкіндік бермейді; және
v. ШҚЕҰ-ның тұрақты орналасқан жерінің юрисдикциясында қолданылатын заңнама немесе ШҚЕҰ-ның құрылтай құжаттары ШҚЕҰ жойылған немесе таратылған кезде оның барлық активтері мемлекеттік ұйымға немесе өзге коммерциялық емес ұйымға берілуін немесе иесіз мүлік ретінде ШҚЕҰ орналасқан жер юрисдикциясы мемлекетінің немесе оның кез келген әкімшілік-аумақтық бірлігінің меншігіне өтуін талап етеді.
5. Бұрын ашылған шот. «Бұрын ашылған шот» Белгіленген күндегі жағдай бойынша Есеп беретін қаржы мекемесінде ашылған Қаржы шотын білдіреді.
6. Белгіленген күн. «Белгіленген күн» АҚШ Салық кодексінің 1471-бөліміне сәйкес АҚШ Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы мекемелеріне қатысты салық ұстауды қолданбауды белгілейтін күнді, осы Келісім күшіне енгенге дейін болуы мүмкін күнді білдіреді. Бұл күн: (a) 2014 жылғы 30 маусым, (i) 2014 жылғы 30 маусымда немесе оған дейін FATCA-ны іске асыру немесе FATCA-ны іске асыруға жәрдемдесу жөнінде Құрама Штаттармен келісімге қол қойған юрисдикция немесе (ii) АҚШ Қаржы министрлігі 2014 жылғы 30 маусымда немесе оған дейін осындай келісімге қол жеткізген юрисдикция деп айқындаған және АҚШ Қаржы министрлігінің осындай юрисдикцияларының тізіміне кіретін жағдайда, (b) 2014 жылғы 30 қарашада, егер Қаржы министрлігі 2014 жылғы 1 шілдеде немесе одан кейін және
2014 жылғы 30 қарашаға немесе оған дейін осындай келісімге қол жеткізген юрисдикция деп айқындаған және АҚШ Қаржы министрлігінің осындай юрисдикцияларының тізіміне кіретін жағдайда, немесе (c) кез келген басқа юрисдикциялар жағдайында осындай келісімге қол қойған күн. Қазақстан Республикасы үшін 2014 жылғы 30 қараша Белгіленген күн болып табылады.
С. Шоттардағы қалдықтарды біріктіру және сомаларды басқа валютада қайта есептеу қағидалары.
1. Жеке тұлғалардың шоттарын біріктіру. Жеке тұлғаға тиесілі Қаржы шоттары бойынша жалпы қалдықты немесе құнын айқындау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, егер тек Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінің автоматтандырылған жүйесі осы Қаржы шоттарын клиенттің нөмірі немесе салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі сияқты деректер элементіне сілтеме жасау арқылы байланыстырса және шоттар бойынша қалдықтарды немесе сомаларды біріктіруге мүмкіндік берсе, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі немесе Байланысты ұйым қызмет көрсететін барлық Қаржы шоттарын біріктіруге тиіс. Осы 1-тармақта көрсетілген біріктіру бойынша талаптарды орындау мақсаттары үшін біріктірілген Қаржы шотының әрбір иесіне бірлескен Қаржы шоты қалдықтарының барлық сомасы немесе жалпы сомасы жатқызылады.
2. Ұйымдардың Шоттарын біріктіру. Ұйымға тиесілі Қаржы шоттары бойынша жалпы қалдықты немесе құнын айқындау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, егер тек Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінің автоматтандырылған жүйесі осы Қаржы шоттарын клиенттің нөмірі немесе салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі сияқты деректер элементіне сілтеме жасау арқылы байланыстырса және шоттар бойынша қалдықтарды немесе сомаларды біріктіруге мүмкіндік берсе, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі немесе Байланысты ұйым қызмет көрсететін барлық Қаржы шоттарын назарға алуға міндетті.
3. Біріктірудің клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлерге арналған ерекше қағидасы. Тұлғаға тиесілі Қаржы шоттары бойынша жалпы қалдықты немесе құнын айқындау мақсаттары үшін Қаржы шоты Ірі сома шоты болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі, сондай-ақ клиенттермен жұмыс істейтін менеджерге олардың тікелей немесе жанама бір тұлғаға тиесілі екендігі, оларды бір тұлға бақылайтындығы немесе ашқандығы (сенім білдірілген тұлға ретінде емес) мәлім болған немесе ол солай негізді түрде пайымдаса, кез келген Қаржы шоттары жағдайында осы шоттардың барлығын біріктіруге міндетті.
4. Сомаларды басқа валютамен қайта есептеу қағидалары. АҚШ долларынан басқа валютада көрсетілген Қаржы шоттары бойынша активтердің жалпы қалдығын немесе құнын айқындау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі осы I қосымшада көрсетілген доллардағы шекті мәндерді Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі активтердің қалдығын немесе құнын айқындайтын жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың соңғы күніне айқындалған, ресми спот бағамын пайдалана отырып, осы шоттардың валютасымен қайта есептеуге тиіс.
D. Құжаттамалық растау. Осы I қосымшаның мақсаттары үшін қолайлы құжаттамалық растау мынадай құжаттардың кез келгенін қамтиды:
1. Төлем алушы резиденттігін мәлімдейтін юрисдикцияның уәкілетті мемлекеттік органы (мысалы, үкімет немесе үкіметтік құрылым немесе муниципалитет) берген резиденттікті растайтын құжат.
2. Жеке тұлғаларға қатысты – әдетте жеке басын анықтау мақсаттары үшін пайдаланылатын, осы жеке тұлғаның атын көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган (мысалы, үкімет немесе үкіметтік құрылым немесе муниципалитет) берген кез келген жарамды жеке куәлік.
3. Ұйымға қатысты – осы Ұйым резиденттік туралы мәлімдейтін юрисдикциядағы (немесе АҚШ Аумағындағы) немесе осы Ұйым тіркелген немесе құрылған юрисдикциядағы (немесе АҚШ Аумағындағы) осы Ұйымның атауын және оның бас офисінің мекенжайын көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган (мысалы, үкімет немесе үкіметтік құрылым немесе муниципалитет) берген кез келген ресми құжаттар.
4. Білікті делдалдық туралы (АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында көрсетілген) келісімге байланысты ФСБ мақұлдаған, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл қағидалары қабылданған юрисдикцияда қызмет көрсетілетін Қаржы шотына қатысты - осы юрисдикцияның жеке тұлғаларды немесе Ұйымдарды сәйкестендіру үшін білікті делдалдық туралы келісіміне қосымшада көрсетілген W-8 немесе W-9 нысанынан басқа кез келген басқа да құжаттар.
5. Кез келген қаржы есебі, үшінші тараптың кредиттік есебі, банкроттық туралы мәлімдеме немесе АҚШ бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясының есебі.
Е. Жеке тұлғаларға - Қолма-қол ақшалай құны бар сақтандыру шарттары бойынша бенефициарларға тиесілі Қаржы шоттары бойынша баламалы рәсімдер. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінде бенефициардың АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылатыны туралы нақты деректер немесе оны білуге негіздер болған жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі жеке тұлғаны - сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуына байланысты сақтандыру жәрдемақысын алатын, Қолма-қол ақшалай құны бар сақтандыру шарты бойынша бенефициарды (меншік иесі емес) АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылмайды деп есептей алады және мұндай Қаржы шотын АҚШ-тың Есеп беретін шотынан басқа шот деп қарай алады. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі алған және бенефициарға байланысты ақпаратта осы I қосымшаның II бөлімінің (B)(1) тармақшасына сәйкес АҚШ-тық шоттардың белгілері болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінің Қолма-қол ақшалай құны бар сақтандыру шарты бойынша бенефициардың АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылатынын білуіне негіз бар. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесінде бенефициардың АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылатыны туралы нақты деректер немесе оны білуге негіздер болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы І қосымшаның II бөлімінің В(3) тармақшасында сипатталған рәсімдерді ұстануға тиіс.
F. Үшінші тұлғалардан алынған ақпаратқа сенім білдіру. Осы І қосымшаның I бөлімінің С тармағына сәйкес таңдау жасалғанына не жасалмағанына қарамастан, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелеріне АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларымен айқындалған шекте үшінші тұлғалар орындаған кешенді тексеру рәсімдеріне сілтеме жасауға рұқсат береді.
G. Осы Келісім күшіне енгенге дейін ашылған Жаңа шоттарға арналған Баламалы рәсімдер.
1. Қолданылуы. Егер Қазақстан Республикасы Белгіленген күнгі жағдай бойынша осы Келісім күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелерін не: (і) Жеке тұлғалардың жаңа шоттарының иелерінен осы І қосымшаның
ІІІ бөлімінде көрсетілген растауды ұсынуларын талап етуге немесе (іі) осы І қосымшаның V бөлімінде көрсетілген Ұйымның жаңа шоттарымен байланысты кешенді тексерудің барлық рәсімдерін орындауға міндеттейтін Қазақстан Республикасының заңдық негізі болмағаны туралы АҚШ-қа жазбаша хабарлама ұсынған болса, онда осы І қосымшаға сәйкес көзделмеген өзге де рәсімдердің орнына Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелері нақты жағдайға байланысты, осындай Жаңа шоттарға қатысты қолданылатын осы баптың G (2) тармақшасында сипатталған баламалы рәсімдерді қолдана алады. Осы бөлімнің G (2) тармақшасында сипатталған баламалы рәсімдер, нақты жағдайға және қайсысының ертерек болатынына байланысты: (і) Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелерін осы
І қосымшаның ІІІ бөлімінде немесе V бөлімінде сипатталған кешенді тексеру рәсімдерін сақтауға Қазақстан Республикасының міндеттеу мүмкіндігі болған күні; нақты жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы сол күн туралы осы Келісім күшіне енген күнге дейін Құрама Штаттарды жазбаша түрде хабардар етеді немесе (іі) осы Келісім күшіне енген күннен бұрын ашылған Жеке тұлғалардың сол жаңа шоттары немесе Ұйымның жаңа шоттары үшін ғана қолданылатын болады. Егер Белгіленген күннен кейін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ашылған, осы бөлімнің Н тармағында сипатталған Ұйымның жаңа шоттарына арналған баламалы рәсімдер Ұйымның барлық жаңа шоттарына немесе осындай шоттардың дәл белгіленген тобына қатысты қолданылса, осы G тармағында сипатталған баламалы рәсімдердің Ұйымның осындай жаңа шоттарына қатысты қолданылуы мүмкін емес. Қалған барлық Жаңа шоттар бойынша Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелері, нақты жағдайға байланысты, шоттың АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Қатыспайтын қаржы мекемесінің шоты болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындау үшін осы І қосымшаның ІІІ бөлімінде немесе V бөлімінде сипатталған кешенді тексеру рәсімдерін қолдануға тиіс.

2. Баламалы рәсімдер.


a) Осы Келісім күшіне енген күннен кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелері: (і) осы бөлімнің G (1) тармақшасына сәйкес Жеке тұлғалардың жаңа шоттары бойынша Шот иесінің осы І қосымшаның ІІІ бөлімінде көрсетілген растауын сұратуға және осы І қосымшаның ІІІ бөлімінде сипатталған рәсімдерге сәйкес Шот иесінің осындай растауының негізділігін растауға және (ii) осы бөлімнің G (1) тармақшасына сәйкес Ұйымның жаңа шоттары бойынша осы І қосымшаның V бөлімінде көрсетілген кешенді тексеру рәсімдерін орындауға және шотты құжаттау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде осы І қосымшаның V бөліміне сәйкес Шот иесінің кез келген растауын сұратуға тиіс.

b) Қазақстан Республикасы, қайсысының кешірек болатынына байланысты: (і) шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе нақты жағдайға байланысты Қатыспайтын қаржы мекемесінің шоты ретінде сәйкестендірілген күннен кейінгі 30 қыркүйекке дейін немесе (іі) нақты жағдайға байланысты, шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Қатыспайтын қаржы мекемесінің шоты ретінде сәйкестендірілгеннен кейін 90 күннен соң, нақты жағдайға байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Қатыспайтын қаржы мекемесінің шоты ретінде осы бөлімнің


G (2) (а) тармақшасына сәйкес айқындалатын кез келген Жаңа шоты туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Осындай Жаңа шотқа қатысты ұсынылуға тиіс ақпарат, егер Жаңа шот шотты ашу күнгі жағдай бойынша, нақты жағдайға байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Қатыспайтын қаржы мекемесінің шоты ретінде сәйкестендірілген болса, ол осы Келісімге сәйкес есептік болып табылатын кез келген ақпарат.
c) Осы Келісім күшіне енген күннен кейін бір жыл толған күнге қарай Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелері Шот иелерінің қажетті растауларын немесе осы бөлімнің G (2) (а) тармағында сипатталған рәсімдерге сәйкес өзге де құжаттаманы жинай алмаған осы бөлімнің G (1) тармақшасында сипатталған кез келген Жаңа шотты жабуға тиіс. Бұдан басқа, осы Келісім күшіне енген күннен кейін бір жыл толған күнге қарай Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелері: (i) осындай жабылуға дейін Жеке тұлғалардың жаңа шоттары болған (мұндай шоттар Ірі сомадағы шоттар болғанына қарамастан) осындай жабық шоттарға қатысты осы І қосымшаның ІІ бөлімінің D тармағында көрсетілген барлық кешенді тексеру рәсімдерін орындауға немесе (іі) осындай жабылуға дейін Ұйымның жаңа шоттары болған осындай жабық шоттарға қатысты осы І қосымшаның IV бөлімінде көрсетілген барлық кешенді тексеру рәсімдерін орындауға тиіс.
d) Қазақстан Республикасы, қайсысының кешірек болатынына байланысты: (і) шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе нақты жағдайға байланысты Қатыспайтын қаржы мекемесінің шоты ретінде сәйкестендірілген күннен кейінгі 30 қыркүйекке дейін немесе (іі) нақты жағдайға байланысты, шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Қатыспайтын қаржы мекемесінің шоты ретінде сәйкестендірілгеннен кейін 90 күннен соң, нақты жағдайға байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Қатыспайтын қаржы мекемесінің шоты ретінде осы бөлімнің
G (2) (С) тармақшасына сәйкес айқындалған кез келген жабық шот туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Осындай жабық шотқа қатысты ұсынылуға тиіс ақпарат, егер шот шотты ашу күнгі жағдай бойынша, нақты жағдайға байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде немесе Қатыспайтын қаржы мекемесінің шоты болып сәйкестендірілген болса, ол осы Келісімге сәйкес есептік болып табылатын кез келген ақпарат.
H. Белгіленген күннен кейін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ашылған Ұйымдардың жаңа шоттарына арналған баламалы рәсімдер. Белгіленген күннен кейін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ашылған Ұйымның жаңа шоттары үшін не Ұйымдардың барлық жаңа шоттарына немесе осындай шоттардың қандай да бір нақты тобына қатысты жеке Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемелеріне мұндай шоттарға Ұйымның бұрын ашылған шоттары ретінде қарауға және осы І қосымшаның V бөлімінде көрсетілген кешенді тексеру рәсімдерінің орнына І қосымшаның ІV бөлімінде көрсетілген Ұйымдардың бұрын ашылған шоттарына кешенді тексеру рәсімдерін қолдануға Қазақстан Республикасы рұқсат бере алады. Бұл жағдайда осы І қосымшаның ІV бөліміндегі кешенді тексеру рәсімдері осы І қосымшаның ІV бөлімінің А тармағында көрсетілген шоттағы қалдық немесе қаражат сомасы үшін шекті мәнге қарамастан қолданылуға тиіс.

Қосымша I -




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет