“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мадина Сәдуақасова әйелдің отбасындағы орны туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Әнші жеке парақшасына жазба жариялап, оқырман қауыммен пікір алмасты. 

“Әйел адамның өзіне сенімділігі мен ішіндегі оты тек әйелдің өзіне ғана байланысты. Бірақ бұл сөзіммен қасымдағылар келіспей тұр. Олардың айтуынша, күйеу мен енесіне, тіпті бастығына да байланысты екен. Кейбіреулері тағдырды қозғап кетті. Әйел адам өз тағдырын өзі құрады. Ал, айтыңыздаршы, кімдікі дұрыс?!”, – деп тыңдармандарына сауал жолдады. 

  • "Күйеуің ренжімей ме?": Жәния Джуринская қыз туа бересің дегендерге жауап берді

  • "Енді ойынқұмар, нашақор, психологиясы тұрақсыз жігіттердің тізімін жасаңыздар": Өнер жұлдыздары ҚазҰУ-дағы "пәк қыздардың тізіміне" қатысты пікір білдірді

Лезде жазба соңы түрлі пікірге толып кетті. Бірі әйелдің өзін күтуі тек қана өзіне байланысты десе, енді бірі қоршаған ортасына деп жазып жатыр. Араларында өнер иесінің өзінен қандай әйел екенін сұрап жатқандар да табылды. 

“Қасыңыздағылар дұрыс айтады. Енемен тұратын келіндер тек ене, күйеу үшін ғана өмір сүреді”, “Ене мен күйеуді бірінші орынға қойғаны дұрыс. Өзің де ертең ене боласың. Өмір – бумеранг”, “Маған енемнің не дегені қызықтырмайды. Өзімнің қалағанымды жасаймын. Өмір – менікі”, “Мадинаға күйеуі қалай шыдап жүр. Өнер адамына күйеу болу өте қиын”, “Әйелді үй тірлігіне салып қоймау керек. “Сананы тұрмыс билейді” деген рас екен”, “Мадина отбасына көңіл бөлмейтін әйел ғой. Қолынан ештеңе келмейді. Сосын енемен тұрмайды. Оның өмірін өздеріңдікімен салыстырмаңдар”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Еске салайық, эстрада жұлдызы Техас штатынан алған марапатын көрсеткенін жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.