Маңғыстау облысындағы қырылған аққу саны 1000-ға жуықтады. Құстардың өлексесі енді Қаракөл көлінен бөлек, өзге аудандардағы теңіз жағалауынан табылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арансына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен Қарақия ауданындағы Құрық ауылынан 20 аққудың өлексесі анықталды.

Қарақия ауданында өлген аққуларды зерттеу мақсатында Маңғыстау облыстық зертхана-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Каспий теңізінен сынама алды. Экологтар суда ластаушы заттардың бар немесе жоқ екенін анықтауы тиіс. Себебі теңізге тұрмыстық қатты қалдық, қоқыс немесе мұнай-химия заттары төгілсе, ол тек құс емес, басқа да су жануарларының қырылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Табиғат қорғаушылар аққулардың қырылу дерегі Қарақиядан бөлек Түпқараған ауданының теңіз жағалауында кездесуі мүмкін дейді. Сондықтан ветеринарлар күніне екі рет жағалауда бақылау жүргізуде. Аққу өлекселерін өртеп жатыр. Себебі құс тұмауы үй құстарына жұғуы мүмкін деген күдік бар. Тіпті тұрғындарға теңіз жағасына келуге тыйым салынуда.

Экология министрлігінің экс-қызметкері аққулардың өлімінен кейін Rixos қонақ үйіне қатысты мәлімдеме жасады

"Құрық ауылының теңіз жағалауында табылған құстар, сонымен бірге Түпқараған ауданының теңіз жағалауында шығуы мүмкін. Басқа жерден де шығуы мүмкін. Егер ондай болса, жергілікті атқарушы орган ветериналарына хабарланып, тиісті орындарға ветеринария талалабына сәйкес жойылу керек”, – дейді Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының инспекторы Мұңалбай Сансызбаев.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Қаракөлге қара қошқыл сұйықтықтың төгіліп жатқаны жөнінде кадрлар жарияланған. Осыдан кейін Қаракөлге тазартылмаған қалдық су төгілуі мүмкін екені айтылды. Ал Rixos Water World Aktau қонақүйінің бас менеджері Серік Исағалиев ағынды сулардың Қаракөлге төгілгенін растады. 

21 желтоқсаннан бері үш апта бойы Қаракөлде аққулар жаппай қырылған. Олардың саны қазір 870-ге жетіп отыр. Ресми мәлімет бойынша, бастапқы тексеріс қорытындысы "аққулар құс тұмауынан өлген" болуы мүмкін екенін көрсеткен. Кейін мамандар "құстар жем таппай суықта қырылған" деген тұжырым жасаған. Егер Қаракөлде аққулардың қырылуына қонақүй кінәлі екені расталса, оған айыппұл салынуы мүмкін.

Rixos Water World Aktau қонақүйі — Қазақстандағы алғашқы курорттық қонақүй. 2020 жылы тамызда ашылған. Ресми дерек бойынша, құрылысына 67 миллиард теңге қаржы кеткен нысанды ашуға Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысқан.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.