Беларусь президенті Александр Лукашенко 2025 жылы сайлауға қатысатынын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Belta.by басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Лукашенко депутат сайлауында дауыс берген соң журналистердің сауалына жауап берді. 

"Оларға менің сайлауға қатысатынымды айтып барыңдар", – деді ол. 

Беларусь президенті сайлауға әлі бір жыл барын және бұл аралықта көп нәрсенің өзгеруі мүмкін екенін қосып өтті. 

Беларусьте келесі сайлау 2025 жылдың 20 шілдесінде өтуі керек. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.