Ғылым мен техника дамып,адамзат қоғамы жиырма бірінші ғасырдың табалдырығын аттап отырған кезеңде оқушыға белгілі көлемде білім,білік дағдыларын меңгертумен бірге табиғат,қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып



жүктеу 78.22 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі78.22 Kb.

«Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары»

Ғылым мен техника дамып,адамзат қоғамы жиырма бірінші ғасырдың табалдырығын аттап отырған кезеңде оқушыға белгілі көлемде білім,білік дағдыларын меңгертумен бірге табиғат,қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыта отырып, жеке тұлға етіп қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы.

2004 жылдың ақпан айында Үкіметтің қаулысымен 2015 жылға дейінгі «Білім тұжырымдамасы» қабылданып, соның негізінде елімізде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) жүйесі құрылды. Қазіргі уақытта оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында тестілеудің тиімді екені дәлелденіп отыр. ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттауы мен жоғарғы оқу орындарының қабылдау емтихандарын біріктіру болып табылады. Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау,бақылау,зерттеу деген мағынаны білдіреді.Педагогикада тесті пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды.Ең алғаш тестіні 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер құрастырып,оны Гринвич госпиталіндегі мектепке пайдаланған . Тест тапсырмаларының әр түрлі типтері болады.Олар: толықтыру тестісі,еске түсіру,балама,таңдау ,салыстыру,тізбелеу,құрастырмалы,кәсіптік бағдары тестілер.


ҰБТ-ны енгізу мақсаты білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауға, олардың нақты рейтингін анықтауға, жалпы білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтуге, оқушылар мен мұғалімдердің оқу қорытындысын дәлелдеуге, білім бағытын және мазмұнын жетілдіруге, оқу бағдарламасын, оқулықтардың технологиясын оқытуға, мұғалімдерді даярлауға мүмкіндік беретін болды. Оқушылардың ҰБТ көрсеткішінің жоғары болуы үшін, оларға жеткілікті дәрежеде білім беру, әзірлік жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бағыт-бағдар беру, жан-жақты жағдайлар жасау мен көмек көрсету жұмыстары жоспарлы болу қажет. Осы мақсатта жылда оқу жылының басында келесі оқу жылына арналған ҰБТ өткізу жоспары жасалып отырады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны,экономикалық процестерді басқару теориялары күннен күнге математикалық сипат алып бара жатқаны тарихи шындық. Бірақ математика пәнінен ҰБТ-де оқушылардың жинаған балы төмен болады.Себебі неде

Оның бірнеше факторлары бар.

Себебі ,қазіргі таңда еліміз егемендігін алып,қоғам дамуы демократиялық сипат алуынан,математиканы оқытудың әртүрлі әдістемелері мен ұсыныс-пікірлері тексерусіз,ғылыми тұрғыдан дәлелдендей –ақ ,эксперименттік бақылауға ұсынылды.

Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі тұрлаусыздықтар ,яғни білім беру стандарттарының ,оқу бағдарламаларының жылда өзгеруі,оқу құралдарының жетіспегендігімен тұрмай,ішкі құрылымның жылда өзгерістерге ұшырауы ,тіпті оның ішкі құрылымындағы тақырыптардың мән-мағынасының ,сапасының төмендегі не күрделендіріп берілуі оқушы түгел мұғалімдердің де өз міндеттеріне деген немқұрайлығын туғызуы әбден мүмкін.

Математика пәнін оқытудың мақсаты төмендеді.Бекітілген уақыт көлемінде қарастырылатын материалдың көпшілігінен күрделі есептерді орындау,дәлелдеу,түрлендірудің стандартты жолдары ғана қарастырылып ,шығармашылық тұлғалардың қалыптасуына ,математикалық идеялардың туындауына мүмкіндіктің болмауы.

Оқушылардың ойлануының психологиялық дамуын ескермей олардың жалпы логикалық дамуына ғана назар аударуынан.

Оқушыларды тек дайын білімді қабылдаушы ретінде қарау ,яғни, мұғалім береді олар сақтайды.Нәтижесінде элементар математикасын қалыпты тәсілдерін ғана меңгереді.Мектеп оқушыларын бағдарламалық материалдарды ысырып қойып, тек ғана ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау,кез келген әдіс амалмен ұпай жинауға бейімдеу.

Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында математикалық білімді игеру пирамидалық тұрпатта дамиды.Демек соңғы сынып оқушыларының 10% -ы ғана мектеп бағдарламасын толық меңгерсе,30% -ы қанағаттанарлық деген бағаға сәйкес келеді.Ал қалған 50%-ын математикадан алшақтап алғанымыз рас және ата-аналардың ,оқушылардың ,тіпті мұғалімдердің арасында «барлық оқушылар бірдей математиканы оқуға қабілетті емес » деген пікір қалыптасты.


Математиканың негізін меңгертуде математика пәнінің мұғалімі өз пәнін терең білетін ,күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын,әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі,оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірген әдіс амалдарын,құралдарын еркін меңгеруі,математиканы оқытудың педогогикалық-психологиялық негіздерінен хабардар болуы керек.

Оқыту барысында теориялық материалды практикамен байланыстырып есептерді шығартқанда оқушыға түсінікті ,жете меңгеретіндей мүмкіндіктерді таңдап білім деңгейін анықтап,талдап,кемшіліктерін толықтырып отырулары керек.

Есептер шығару көбінесе байқап көру,іздену процесімен жүреді .Ойша болжай білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады.

. Есептерді бірнеше жолмен шығару әдістері бар.Соның тиімді әдісін таңдау оқушының қабілеттілігін көрсетеді және ҰБТ-де жоғары балл жинаудың бірден-бір жолы.

. Математикада тестпен жұмыс жасау арқылы оқушы әрбір тапсырманың мазмұнына сәйкес оның есептеу жолдарын таңдау ,уақытты үнемдеу мүмкіндігіне ие бола алады.

Математикалық тест тапсырмаларымен жұмыс жасау жолдарына тоқталайық:

1.Әрбір тапсырманың берілген шартын нақты түсініп,не берілгенін ,нені табу керектігін айқындау.

2.Уақытты үнемдеу үшін есептеудің қысқа жолдарын таңдай білу керек.

3.Барлық тапсырмаларды қысқаша жазып есептеуге дағдылану.

4.Белгілі уақыт аралығында барлық тапсырмаларды тез жылдам орындау.


Кейінгі жылдарда мектеп бағдарламасы бойынша математикадан ұсынылған тестілік тапсырмаларды талдау барысында төмендегі кемшіліктер байқалады.

1.Сапасы төмен тестілік тапсырмалардың кездесуі

2.Жекеленген тапсырмалар тым күрделі

3. Тестілік тапсырмалардың басым бөлігі тікелей тура сұрақ түрінде берілген .Мұндай сұрақтарға жауап оқушының есепті шешудің негізгі тәсілдерін меңгерген ,меңгермегендігін анықтап бермейді.

4.Қолданылып жүрген тест тапсырмаларды орындауға оқушылардың дайындығы бір қалыпты сипат алуда.

5..Есеп жауаптарының қайталануы

6.Тест тапсырмалардағы көптеген геометриялық есептерді шешу үшін оқушының ұзақ есептеулер орындауына тура келеді.Ал тестілік тапсырманы орындауға бөлінген уақыт шектеулі болғандықтан берілген уақыт шеңберінен шығып кетеді.

7 .Әр жылдарда ұсынылып жүрген тестілерде мектеп математикасының негізгі бөлімдері қамтылған . Геометриялық есептерді шешу үшін сызбалар,қосымша салулар қажет.Көп жағдайда шешу бірнеше сатыдан тұрады .Сондықтан оқушылар есеп шартын түсінбей –ақ белгілей салады.

8.Бағдарлы оқытылудың ескерілмеуі,яғни екі бағыттағы оқушыға есептің бірдей берілуі.

Математикадан оқушылардың білім сапасының төмен болу себептері:

1. Апталық жүктемедегі сағат санының аздығы, бірақ биылғы оқу жылынан бастап сағат сандары көбейтілді, дегенмен әліде бірнеше (5)жыл мате

мати икадан білім сапасына әсер етеді.

2. 5-6 сыныптарда жақсы оқыған оқушылардың, 7-9 сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты оқуға ынтасының азаюы.

3.Математика пәнін қиын пән дей отырып,оқушылардың немқұрайлы қарауы.

4.Оқушылардың өз бетімен білім алуға қабілеттігінің жоқтығы.

5. Есеп шығарудың тиімді әдісін қолдана білмеуі

6. Мұғалімдердің ізденісінің аздығы,білім тайыздығы

7. Білімді жастардың басқа салаға кетуі, яғни мұғалімдікке 3-4 –ке оқыған балалардың баруы

Математикадан тестіден жақсы нәтижеге жету үшін:

1. Өз пәнін жетік білетін,білім берудің жаңа технологияларын меңгерген,жеке тұлғаны қалыптастыру жолында еңбек ететін, білімді ұстаз керек

2 .Қосымша сабақ өткізу

3. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату

4. Қосымша әдебиеттермен,журналдармен жұмыс істей білуге үйрету

5.Уақытты үнемдей білуге үйрету

6. Оқушыларды ауызша есептеуге үйрету

7.Апталық сағат сандарын көбейту

8. Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру.

9. Формуланы жаттап, қолдана білу

Біздің мектебімізде ҰБТ-ге математика пәнінен дайындық жақсы жолға қойылған. 11-сыныптың басында ұйымдастыру жиналыстарында ата-аналармен келісе отырып,дайындық кестесі құрылады. Мектеп бағдарламасын түгел қайталатып, әрбір тарау бойынша тест тапсырмалары дайындалады. Тест қорытындысы бойынша жіберген қателіктермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың түсінбеген тақырыптарына қайтадан лекция оқылып, тесті жүргізіледі. Жақсы оқитын оқушыларды консультант ретінде пайдаланамыз.Тестімен тез жұмыс істеу әдістері үйретіледі. Ақпараттық технологияны пайдаланып электронды оқулықтар, интербелсенді тақтамен жұмыстар жүргізіледі.Ата-аналарға әрбір тестіден кейін ,баласы туралы мәлімет беріліп отырады. Мектеп басшылығы да, ата-аналарда мұғалімге әр баламен жеке жұмыстануға жағдай жасайды. Мектеп психологі оқушылармен жиі кездесіп,кездескен қиындықтарды жеңуге ақыл кеңес беріп отырады. Мектеп дәрігері оқушылардың денсаулығына көңіл бөліп,жыл бойына балалардың тамақтануын, күн режимін қадағалап отырады. Бірлескен жұмыс ҰБТ-де өз нәтижесін беріп жүр. Бірнеше жылдан бері оқушыларды ҰБТ-ге математика пәнінен дайындап жүрмін. 2009-2010 оқу жылында 19 оқушыны математика пәнінен ҰБТ-ге дайындап , нәтижесінде 6-оқушым «Алтын белгі» иесі атанды, білім сапасы 70% болды. Қазіргі таңда барлығы да жоғары оқу орнында білім алуда. 2012-2013 оқу жылында 19 оқушыны математика пәнінен ҰБТ-ге дайындадым. Білім сапа-89% болып, бір оқушым «Алтын белгі» иесі атанды. Орташа балл-16,2 . Әрбір тестіден кейін жинаған балдары бойынша мониторингісі жасалып, балалардың білім сапасына талдау жасалады. «Алтын белгі» үміткерлеріне де білім мониторингісі жасалып, талданады.

ҰБТ көрсеткіштері бойынша диаграмма:





Д.Пойа айтқандай:”Егер мұғалім өз пәнін шын ықыласымен берілсе ,онда бүкіл сыныпта бұл пәнге ынтасымен берілетін болады.Егерде ,пән сізді қызықтырмаса және оны терең білмесеңіз онда сабақ беруден бас тарту керек. Себебі,сіз ешқашанда сабақты жақсы бере алмайтын боласыз.”

Өз заманының аса ойшылы ,дүние жүзіне танымал,артына өшпес мұра қалдырған немістің атақты математигі Карл Гаусс “Математика –ғылымдардың патшасы”-деп текке айтпаған шығар.Олай болса, математиканы оқыту ,одан терең де сапалы білім беру -әрбір математик ұстаздың міндеті. Расындада пәнді сүю және оны терең білу-мұғалімге қажетті шарт ,алайда бұл жеткілікті емес. Мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет.

Елбасы Н.Назарбаев:”Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары ,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи танымдық педагогикалық-психологиялық сауаттылық ,саяси эканомикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп оқумен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде саналады.”

Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы




«Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары»

Баяндамашы: Математика пәнінің мұғалімі С.Қ.Сабирова

2013-2014 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет