Ғылыми кітапхананың ОҚырмандар сұранысын қамту бөлімі туралы ереже



жүктеу 43.54 Kb.
Дата26.04.2019
өлшемі43.54 Kb.


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



Бекітемін

М.Өтемісов атындағы


БҚМУ ректоры

______________ А.С.Иманғалиев



03.09.2011 ж.


ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ОҚЫРМАНДАР СҰРАНЫСЫН ҚАМТУ БӨЛІМІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Орал, 2011




Ақпараттық деректер:


  1. Дайындаған: 01.09.2011 Т.Е.Алимбекерова

  2. 13.10.2004 ж. құжаттың орнына енгізілді

  3. Енгізілген күні: 09.09.2011

  4. Қайта қарау күні: 09.09.2014

  5. Өзгертулер:






Енгізілген күні

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5












Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы

  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттілігі

  5. Сипатталуы

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер



  1. Мақсаты

Ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлімі туралы осы Ереже оның ұйымдық құрылымын, мақсаттарын, қызметтік міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін бекіту мақсатында, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұдан әрі мәтін бойыша-БҚМУ) бөлімі туралы Ережеге және мамандардың қызметтік нұсқаулықтарға, ҚР іс жүзіндегі заңнамалық актілеріне сәйкес дайындалды.



  1. Қолданылу саласы

2.1 Осы ереже БҚМУ Ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлімнің меңгерушісі мен мамандары үшін жарамды.


3 Терминдер, анықтамалар және қысқартулар


3.1 Осы ережеде қолданылған термин және анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандарттарына сәйкес келеді.

3.2 Қолданылған қысқартулар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ  әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.



4 Жауапкершілік және өкілеттілік

4.1 Ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлімі (үрдістер тізіміне сәйкес) мына жұмыстардың уақытылы орындауына жауап береді:

4.1.1 бөлімнің жұмысын қамтуға, ұйымдастыруға және өздігінен басқаруға;

4.1.2 бөлімнің жылдық есебі мен жылдық жоспарын құруға;

4.1.3 бөлім жұмысының талдауы және оның деңгейін байқап, жоғарылату жөніндегі ұсыныстармен жұмыстануға;

4.1.4 бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жұмысымен айналысуға;

4.1.5 қорды жаңа әдебиеттермен толықтыруға, ескі, тізімнен шыққан кітаптардан тазарта отырып, кітапхана қорын жаңартуға;

4.1.6 бөлімнің кітап қоры мен мүлкін сақтауға;

4.1.7 отандық және шетел кітапханаларының іс-қызыметімен таныса отырып, бөлім қызметіне инновациялық технологияларды енгізуге;

4.1.8 кітапхана іс-қызметін реттейтін түрлі құжаттар жобасын әзірлеуге;

4.1.9 еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғауы бойынша өндірістік және еңбек тәртібі ережелерін сақтауға.

4.2 Ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлімінің өкілеттілігі, бөлімге жүктелген міндеттерін және БҚМУ туралы Ереженің талаптарын есепке ала отырып, бөлім меңгерушісі жүзеге асырады.



5 Сипатталуы

5.1 Ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлімі БҚМУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей Ғылыми кітапхана директорына бағынады.

5.2 Ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамасын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарын, СМЖ әдістемелік нұсқауларын және БҚМУ туралы Ережені, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.

5.3  Ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлімін оның БҚМУ ректоры қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын меңгерушісі басқарады

5.4 Бөлім меңгерушісі болмаған кезінде оның орнына Ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлімінің кітапханашысы жұмыс жасайды.
5.5 Бөлім мамандарын БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.

5.6 Бөлім меңгерушісі мен мамандарының міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі БҚМУ ректоры бекіткен қызметтік нұсқауларымен реттеледі.



6 Жазбалар

-

7 Дәйектемелер

7.1 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті туралы Ереже.

Келісілді



Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі
____________ А.С.Тасмағамбетов

02.09.2011 ж.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет