«Филология» мамандыєына арналєан



жүктеу 111.93 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі111.93 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК




ПОӘК

«Қазақ балалар әдебиеті» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы



________2015 жылғы

№ 2 басылым



ПОӘК 042-18-28.64/01.2015





5В020500- «Филология : қазақ тілі»

мамандығына арналған

«Қазақ балалар әдебиеті»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2015

Кіріспе


1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Ақтанова А.С. – қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

_____________ _____ ___жыл
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Қазақ тілі әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №__ «___» ____________ жыл.
Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.
2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.
Хаттама №__ «_» ___________ жыл.
Төрайым _________________Самекбаева Э.М.
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №__ «» __________жыл.

ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.


4  «___» _________ __ж. шыққан ПОӘК-нің орнына
№ 2 БАСЫЛЫМЫ

Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің (модулдің) мазмұны

5 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі

6 Оқу-әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету картасы

7 Әдебиеттер



1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

«Қазақ балалар әдебиеті» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В020500-«Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған мамандығының студенттеріне арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Қазақ балалар әдебиеті» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 Мемлекеттік білім беру стандарты;

-- 5В020500 : -«Филология: қазақ тілі », « 5В 050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-СГУ-5-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: әдебиет туралы ғылым және оның салалары; әдебиеттану ғылымының қосалқы салалары; әдебиеттің халықтығы, ұлттығы мен жалпыадамзаттық сипаттары; көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы; көркем бейне оның жасалу жолдары; көркем туынды тілі, өлең құрылысы. әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар.

3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:

Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өэге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.

3.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

«Қазақ балалар әдебиеті» бұрын өтілетін «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп саралау қажет. Көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игеру, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті біліммен қаруландыру; әдеби шығарманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну; әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, игеру; әдеби даму процесі, оның заңдылықтары, көркемдік тәжірибе дәстүрі мен жаңашылдық мәселелерін көркемдік тұрғыда қабылдай білу; көркемдік, оның өзіндік болмысын, көркемдік өлшемдерін біліп, танитын талғам қалыптастыру; әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру.
3.4 Білім алу нәтижесі:


  • Көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиет тарихы мен көркем туындыны зерттеуге қажетті біліммен қаруланады.

  • әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдарды, категорияларды теориялық тұрғыда терең игереді.

  • өз бойында көркемдікті танитын талғам қалыптастырады.

  • әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралап, түрлі қырынан талдауды үйренеді.

  • қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болады.

  • теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.

  • зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

  • кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.


3.5 Курстың пререквизиттері
Әдебиеттануға кіріспе

Әлем әдебиетінің тарихы

Қазақ әдебиетінің тарихы
3.6 Курстың постреквизиті:

Қазақ әдебиеті сынының тарихы

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді 1 Кесте


Курс

Семестр

Кредит

Дәріс саны

Тәжірибелік

СРСП

СРС

Барлығы

Бақылау формасы

2

3

3

30

15

15

15

90

емтихан



4. Оқу пәнінің (модулінің) мазмұны


Тақырыптар атауы және олардың мазмұны



Сағат саны

1






Дәріс сабақтары





1Модуль. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.





1-дәріс. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.

2

2-дәріс. ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

2

3-дәріс. Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі.

2

4-дәріс. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы

2

5-дәріс. Ы.Алтынсарин өлеңдерінің идеялық, көркемдік ерекшеліктері

2

6-дәріс. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. Абай қарасөздеріндегі оқу, білім.

2

7-дәріс. ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті

Шәкәрімнің балаларға арналған туындылары

С.Көбеевтің “Үлгілі бала”, “Үлгілі тәржімә” атты оқу құралдарының жанрлық ерекшеліктері.


2

8-дәріс. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларындағы әлеуметтік тақырып




2

8-дәріс. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

С.Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт.



2

9-дәріс. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

С.Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт.



2

10-дәріс. Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

М.Жұмабаевтың ақындық табиғаты.

С.Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің идеясы, 2тәрбиелік мәні


2

11-дәріс. І.Жансүгіров өлеңдеріндегі эстетикалық тәрбие

2

2 модуль. М.Әуезов және балалар әдебиеті




12-дәріс. Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.

2

13-дәріс. Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі

2

14-дәріс. Өмірі мен жазушылық қызметі

2

15-дәріс. Жетім” әңгімесі мен “Көксерек” повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.

2

5. Білім алушылардың өздік жұмыстар тақырыптарының тізімі:

1. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

2. Психология, әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі.

3. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

4. Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

2. Қоғамдық-тарихи жағдай. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

3. Балаларға арналған туындылардың идеялық-тақырыптық негізі.

1. М.Әуезов және балалар әдебиеті.

2. Өмірі мен жазушылық қызметі.

3. “Жетім” әңгімесі мен “Көксерек” повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.

1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті.

2. Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.

3. Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі.

1. Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романының тарихи-көркемдік ерек шеліктері.

2. Ғ.Мүсіреповтің новеллаларындағы бала тағдыры үшін күрескен ана бейнесі.

3. “Қазақ солдаты” романының балалар әдебиеті тарихында алатын орны.

4. Бала психологиясы мен эстетикалық мұратын, ой-арманын бейнелеудегі жазушы шеберлігі.

1. Қазіргі балалар поэзиясы.

2. Қазақ әдебиетінің стиль, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер.

3. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті.

1. Қ.Мырза Әли шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі.

2. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырып молдығы, мазмұн байлығы.

3. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері.

1. Қазіргі балалар прозасы.

2. Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан игеру ауқымының кеңдігі, образдар табиғатының күрделілігі, адамгершілік-моральдық мәселелердің өткірлігі

3. тақырып аясының әралуандығы.

1. Қазіргі балалар драматургиясы.

2. Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерекшелігі.

6. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ


3-Кесте

Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

С. О. Садырбаев Қазақ халық ауыз әдебиеті, хрестоматия, Алматы, 1992 ж.


12

12

100%

Б.Қапасова, Қазақ балалар лирикасы /60-90ж.ж./ Павлодар, 2004ж


12

12

100%

Абай өлеңдері, Алматы, 1996 ж.


12

12

100%

Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. Алматы, 1992ж.


15

15

100%

  1. Қ.Матыжанов, Бөбектерге арналған фольклорлық поэзия жанры. Алматы, 1990ж.




10

10

100%

Б.Ыбырайым, Сырлы әлем /қазіргі қазақ балалар прозасы/, А. 1997


10

10

100%

М. Ғабдуллин, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Алматы, 1996 ж.








100%

М. Әуезов, Әдебиет тарихы, Алматы, 1991 ж.








100%

А. Құнанбаев, ІІ томдық өлеңдері мен аудармалары, Алматы, 2002


13

13

100%

7.Пайдаланылатын әдебиеттер және ресурстар



Негізгі әдебиеттер

  1. Ш. Ахметов, Қазақ совет балалар әдебиеті, Алматы, 1976 ж.

  2. М. Әуезов, Әдебиет тарихы, Алматы, 1991 ж.

  3. Ә. Қоңыратбаев, Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы, 1994 ж.

  4. Б.Ыбырайым, Сырлы әлем /қазіргі қазақ балалар прозасы/, А. 1997

  5. Қазақ әдебиетінің тарихы, ІІІ том, Алматы, 1979 ж.

  6. М. Ғабдуллин, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Алматы, 1996 ж.

  7. Б.Қапасова, Қазақ балалар лирикасы /60-90ж.ж./ Павлодар, 2004ж

  8. А.Ақтанова. Қазіргі қазақ балалар драматургиясы. Семей, 2008ж.

  9. Қ.Баянбаев, Қазақ балалар кітапханасы. Алматы, 1991ж.

  10. Қ.Матыжанов, Бөбектерге арналған фольклорлық поэзия жанры. Алматы, 1990ж.

  11. С. О. Садырбаев Қазақ халық ауыз әдебиеті, хрестоматия, Алматы, 1992 ж.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Ш. Ахметов «Қазақ балалар әдебиеті» /хрестоматия/, Алматы, 1974 ж.

  2. С. Қирабаев, «мектеп және қазақ әдебиеті», Алматы, 1979 ж.

  3. Қ. Ергөбеков, «Мейірім шуағы», Алматы, 1985 ж.

  4. С. Көбеев, «Орындалған арман», Алматы, 1954 ж.

  5. Ы. Алтынсарин, «Таза бұлақ», Алматы, 1988 ж.

  6. А. Құнанбаев, ІІ томдық өлеңдері мен аудармалары, Алматы, 2002

  7. Абай тағылымы, Алматы, 1986 ж.

  8. Абай өлеңдері, Алматы, 1996 ж.

  9. Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. Алматы, 1992ж.

  10. Қ.Мырзалиев. Қазақ балалар кітапханасы. Алматы, 1984ж.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет