Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



жүктеу 1.59 Mb.
бет2/9
Дата26.02.2018
өлшемі1.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

$$$ 81.4 Психикалық дамуы тежелген, тірек- қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып дамыту жұмыстарының ерекшеліктері


Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс. Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.

Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан- жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.

Жалпы орта бiлiм беретiн мектепте үлгерiмi төмен балалар тобында елу пайыз психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседi. Психикалық дамудың тежелуi - бұл баланың интеллектуалды қабiлетiнiң жасына сәйкес келмеуi.

Психикалық дамудың негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi қалыпты балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде. Сондықтан зерттеу нәтижелерi бойынша ойлау, сөйлеу тiлiнде және шығарманың мазмұнынын айтуда қиындықтар кездесетiнi, сонымен қатар есте сақтау қабiлетiнiң артта қалғаны да анықталады. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi [5,48].

Психикасының дамуы тежелген, тірек- қимыл қозғалыстары бұзылған және есту қабілеті бұзылған балалармен жүргiзiлетiн психологиялық түзету,

дамыту жұмыстарының түрлерi көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргiзудiң принциптерi төмендегiдей [6,323]:



  • Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерiн анықтау;

  • Шаршап кетпеуiн қадағалау;

  • Оқу әрекетiн ойын түрiнде ұйымдастыру, кеңiстiктi бағдарлауын дамыту;

  • Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;

  • Ойын дағдыларын оқу әрекетiне аудару;

  • Арнайы әдiстемелермен оқытуды ұйымдастыру;

  • Жылдық диагностикалық даму деңгейiн салыстыру.

Мамандардың оқыту, түзету процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.

Бiлiм беру мекемесiнде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшiсi, ата - ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргiзiлетiн жұмыс нәтижелi болады, яғни баланың өз-өзiне деген сенiмдiлiгiн арттыру арқылы түзете отырып дамыту жұмыстарын жүргiзу тиiмдi.

Қорыта келгенде психикалық дамуы тежелген, тірек- қимыл аппараты бұзылған, есту қабілеті бұзылған баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелi болу үшiн, әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшiлiктерiн ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиiмдi ұйымдастыру болып табылады. Түзете дамыту жұмыстарында төмендегi мәселелерге көңiл бөлген жөн:


  • Баланың қоршаған ортаға бейiмделуi;

  • Мiнез - құлық ерекшелiктерi;

  • Өз- өзiн төмен бағалауы;

  • Қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы;

  • Өз күшiне деген сенiмсiздiгi;

  • Белсендiлiгi төмен.

Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi дамытатын, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек.

Адамдардың бiр бiрiмен қарым - қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым - қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады. Сол себептен танысу, қарым - қатынас орнатуға арналған төмендегідей тренингтерді өткізу ұсынылады.



Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған тренинг жаттығулар

Тірек- қимыл аппарты бұзылған балаларға арналған психологиялық тренингтер

Сөз арқылы жаттығулар



Бірінші нұсқа

Тренингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Олардың дәл ортасында жүргізуші доппен тұрады. Жүргізуші кез келген қатысушыға допты лақтыра отырып бір сөздің бастапқы буынын айтады. Ал допты тосып алушы допты тосып алып, лезде сөзді ары қарай аяқтауы қажет.



Екінші нұсқа

Тренингке қатысушылар дөңгелек жасап тұрады, жүргізуші – дөңгелектің ортасында. Ол кез келген қатысушыға лақтырып, алфавиттің бірінші әрпін айтады. Допты жүргізушіге қайтара отырып қатысушы екінші әріпті атайды. Ал жүргізуші үшінші әріпті атай отырып келесі қатысушыға допты лақтырады. Допты тосып алушы төртінші әріпті, тағы сол сияқты жалғаса береді. Егерде кімде кім шатасып қалса, ол айыптық ұпай алады.



Берілген әріпке сөз құрау

Жүргізуші ойын кубигін лақтырып неше деген сан түскенін бақылайды. Мысалға, 2 саны түсті. Онда ол «Бір, екі» деп санайды да, мәселен, «жануарлар әлемі» тақырыбын хабарлайды. Қатысушылар осы тақырыпқа сәйкес б,е әріптерінен бсталатын екі сөз атаулары қажет. Мысалы: бұғы, есек. Содан кейін жүргізуші қайтадан кубикті лақтырып, түскен санға байланысты басқадай тақырыпқа сөз құрастыртады. Берілген тақырыпқа толықтай сөз ойластырып айта алмаған тренингке қатысушы жүргзуші орнына ауысады.

Қозғалыс жаттығулары

«МҰРЫН – ҚҰЛАҚ – МҰРЫН»

Жүргізуші оқушыларға қарап: «Сұқ саусақтарыды мұрындарына тақата отырып, «Мұрын» деп айтыңдар. Тағыда қайталаймыз, тағыда. Жүргізуші де дәл солай қайталап отырады. Егерде мен мысалға, маңдай десем сендер тез арада маңдайды ұстау қажетсіңдер. Түсіндіңдер ме? Онда бастадық. Мұрын- мұрын- мұрын- құлақ!» (осы кезде жүргізуші саусағымен иегін көрсетуі мүмкін, сол кезде ойыншылар шатасып иектерін ұстайды). Ойын бірнеше рет қайталанады. Егер ойыншылардың бірі шаталасып кетсе айыппұл төлеуіне тура келеді. Зейінділік, байқампаздық және жылдамдылық өте қажет [7].

Есту қабілеті ауытқыған балаларға арналған тренинг жаттығулар

СӨЗ АРҚЫЛЫ ЖАТТЫҒУЛАР

«Алфавит біздің айналамызда» жаттығуы

Жүргізуші тренингке қатысушыларға алфавит қатары бойынша 5-10 минут ішінде бөлмедегі заттарды жазуды тапсырады. Бір әріпті пайдаланып бірнеше заттарды жазуға болады. Ең қиындығы – алфавиттің барлық әріпіне сай заттарды табу. Кімнің тізімі ең ұзын болған ойыншы жеңіске жетеді.



«Алфавит бойынша» жаттығуы

Үстелдің үстінде алфавит әріптері жазылған карточкалар тұрады. Қатысушылар оларды бір- бірден алады да, жүргізуші белгі берген ойыншылар алфавит реті бойынша тұра қалулары қажет. Егерде қатысушылар толық болмаса, онда алфавиттің тек бір бөлшегін пайдалануға болады.



«Баспалдақ» жаттығуы

Тренингке қатысушыларға кез келген әріп ұсынылады, мысалға, «А» әрпі. Осы берілген әріпке басталатын екі әріптен тұратын сөз жазу керек, ары қарай үш, төрт,бес.......әріптен құралған сөздер құрастыру арқылы баспалдақ орнату керек. Ең ұзын «баспалдақ» құрастырған ойыншы жеңіске жетеді. Мыалы:

А

Ат

Ана



Алма

Алғыс


Алаша

Арыстан


Алшалғыш

Адыраспан

ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС АРҚЫЛЫ ЖАТТЫҒУЛАР

«Тиын» жаттығуы

Тренингке қатысушылардың бірін аңшы қылып тағайындайды. Ал қалған қатысушылардың барлығы – «тиындар». Аңшы оларды тек жерде жүргенде ғана аулайды. Егерде тиын ағаштың үстінде жүрсе, яғни кез келген ағаштан жасалған заттың үстінде ( орындықты, үстелді ұстаса) жүрсе оларды ұстауға болмайды. Аңшы ұстап алған «тиын» аңшының орнымен алмасады.



«Айна» жаттығуы

Балалар қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші дөңгелектің ішінде тұрып қандай да бір қимыл көрсетеді (отырады, бір аяқпен тұру, суда тұрып орынында жүгіру, т.б.). Балалар қолдарын жіберіп жүргізушінің істеген әрекетін қайталаулары қажет [7].



Дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

      Төрт құбылыс

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.



      Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.



       Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.



      Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.



    Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.



             көктем – жаңбыр

             жаз – күн шықты

             аспан – бұлт

             жер – шөп

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

     Мен жеңімпазбын

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.



        Құлақ-мұрын

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.



        Өз орныңды тап

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.



        Дайын бол

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.



        Зейінді бол

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады. 



       Ойлауды дамытуға арналған ойындар

Матадағы менің орным

Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

     Ойлан да аяқта

- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)

- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...

- екі, бірден көп, ал бір...

-пышақ та, әйнек те...(өткір)

    Ойлан да аяқта

 -       Ат шабады, ал қарлығаш... 

-       Ит үреді, ал қарға...

-       Жылан жорғалайды, балық...

    Қарама-қарсы сөзді ата

Балалар шеңберге тұрады.  Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады.  Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.

 Қара –

 Күн –


 Аласа –  

Ойын: «Суреттерді құрастыр»

Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға 3-4 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің көмегінсіз суретті құрастырады.



Ойын: «Кім тығылды?»

Мақсаты: көзбен қабылдауын дамыту.

Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте қандай жануар жасырынғанын сұрайды.

Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды.

Ойын : «Не артық?»

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.



Ойын: «Не жетіспейді?»

Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұрайды.



Бекітуге арналған сұрақтары:

  1. Коррекциялық педагогика дегеніміз не?

  2. Коррекциялық педагогика пәні мен міндеттері?

  3. В.П. Кащенконың коррекциялық педагогика пәнінің дамуына қосқан үлесі қандай?

  4. О.Н. Усанова ұсынған ауытқушылығы бар балалар классификациясын атаңыз?

  5. Бала дамуының бұзылуына қандай факторлар әсер етеді?

  6. Ауытқушылығы бар балаларға қолданылатын қандай жаттығу тренингтер бар?



Дәріс 2. Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция

  1. Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары

  2. Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы

  3. Мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімелесу сұрақтары

  4. Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар


Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары

Баланың агрессивті іс - әрекетін ерте балалық шақтан байқауға болады. Өмірінің алғашқы жылдарында олар импульсивті көрінеді. Бұл қырсықтық, ашуланшақтықпен қоса айғаймен, жылаумен, тістенумен,төбелесумен де бірге жүреді. Әдетте, егер 1 жастағы бала анасына қолын сілтеп ұрса, онда анасының жағымсыз іс-әрекетіне баланың қалыпты реакциясы деп есептеледі.

Өмірінің 2-ші жылдарында баланың белсенді дамуы мен өсуі кезінде іс-әрекетіндегі тәуелсіздік пайда болады. Ол өзінің өзбеттілігін үлкендердің қажеттілігіне және тілектеріне қарсы тұруымен көрсетеді.

Бала үш жасында қырсықтығын таныта түседі. Кикілжіңдер, әдеттегідей ойыншық үшін туындайды. Ата – аналарының жауап қайтару реакциясы да салмақты болатын уақыт келеді. Егер бұрын қырсықтық, еркелікке ата – аналары көніп, еркелікпен жауап қайтарса, енді баланың іс-әрекетіне шыдамсыздық танытып, ашық агрессияға әкеледі. Нәтижесінде оның психикасына әсер ететін белгілік агрессия формалары пайда болуы мүмкін.

Зерттеушілер бала өскен сайын көптеген тыйым салулармен кездеседі. Оның қызығушылықтары мен ата–аналарының «болмайды» деген сөздерінен конфликттік жағдайлар пайда болады. Баланың қызығушылығына ата – аналарының қарсы тұруы балада жағымсыз агрессивті жағдайлар туғызады. Балада өкпе мен ашудың пайда болуына әсер етеді. Егер жағдайды баланың қорғансыздығын түсіну жағынан, оның қоршаған ортаны қабылдай алмауынан, оған көмек көрсету жағынан қарастырса, ата – аналар мен ересектер баланы тыныштандырудың әдістерін табуы мүмкін. Осыдан кейін ғана бала үлкендер талап ететін өнегелі мінез – құлық нормалары жайлы түсініктерін тыңдай алады.

Ересек пен баланың арасындағы конфликттілік жағдай, әрине үлкендердің пайдасына шешіледі. Жасына байланысты үлкен балаға өзінің қысымымен талаптарды орындатуға тырысады. Ал бала ше? Ол тәуелсіз болғысы келеді, үлкендер сияқты өз қалауларын қанағаттандырғысы келеді, соған тырысады, бірақ үлкендер тарапынан белсенді қарсыласуға тап болады.

Балада өзін қорғау үшін, қарсы тұру үшін күші де, тәжірибесі де жоқ. Үрей сезімі де өседі. Зигмунд Фрейдтің пікірінше, үрейдің үш түрін айыруға болады:


  • Шынайы үрей – қауіп – қатерге және сыртқы өмірдің шынайы қаупіне эмоционалды жауап(мысалы: балаға үлкен ит, ал жеткіншекке – мектептегі сыныптан сыныпқа көшу емтиханы); шынайы үрей өз - өзін қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі және жойылады.

  • Жүйкелік үрей бұл белгілі инстинкттер нақты болу қауіпіне эмоционалды жауап. Ол, бала инстинктінің туындауын бақылай алмай, артынан ауыр салдары болу мүмкіндігінен қорқумен аңықталады. Жүйкелік үрей көбіне шынайы үрей сияқты әсер етеді, өйткені жазалау сыртқы көздерден шығады, содан соң ғана инстинкттік импульстар өзін - өзі басқарудан өту қаупі болады, жүйкелік үрей пайда болады.

  • Рухани үрей төменгі инстинкттер әдепсіз ойлар мен іс - әрекеттер формасында белсенді көрінгенде, ал баланы ұят, өзін - өзі алдау, өзін кінәлі сезіну сезімдері билегенде үнемі пайда болады. Үрей өткен немесе қазіргі күнәларын өтеуді тосу мен өлім қорқынышына өседі.

Хорнидың пікірінше, балалық шақ үшін 2 қажеттілік тән: қанағаттану және қауіпсіздікке қажеттіліктері. Қанағаттану барлық негізгі биологиялық қажеттіліктерді қамтиды – тамақ, ұйқы. Жылу және т.б. Бірақ сонда да негізгісі қауіпсіздікке деген қажеттілік. Бұл қажеттілкті қанағаттандыруда бала түгелдей өз ата –анасына тәуелді. Егер ата- ана балаға деген қарым – қатынасында шынайы махабаты мен жылуын білдірсе, оның қауіпсіздікке деген қажеттілігі қанағаттанып, сонымен бірге дені сау жеке тұлға қалыптасады. Ал, керісінше болған жағдайда, Хорнидың пікірінше, жеке тұлғаның потологиялық дамуы да мүмкін. Көп уақытта ата – аналардың іс - әрекеті баланың қауіпсіздікке деген қажеттілігін фрустрациялауы мүмкін, яғни тұрақсыз іс - әрекеттері, мысқыл, орындалмаған уәделер, шамадан тыс қамқорлық , сонымен қатар оның ағалары мен апайларының аңық қалауларының әсер етуі. Бірақ ата – ана тарапынан осындай жаман, жат үндеулеріңің негізгі нәтижесі балада базалық өшпенділік пен базалық үрей сезімдерінің қалыптасуы болып табылады.

Базалық үрей – жағыздық сезімі мен өшпенділік әлемінде оқшаулану.

Базалық өшпенділік – баланың, яғни оған теріс айналғандар (ата - ана)

немесе онымен жаман сөйлескендерге байланысты ашу,ыза сезімдері. Бала екі оттың ортасында қалады: ол ата – анасына тәуелді сонымен қатар оларға деген реніш пен наразылық сезімдерін сезінеді.

Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым – қатынастан, қорытып үркітуден пайда болады.

Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресситі әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы, ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады? Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.

Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Э.Фромм екі түрлі бар дейді: «зиянды», «зиянсыз».

Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады.

Зиянды агрессия: қатігездік пен қауіпке толы болады.

Ал, З.Фрейд пен К.Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген.

Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән, ал кейде ерте кезеңнен басталады.

Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуына немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

Бүгінгі кино, бейнефльмдердегі қатыгездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазір ғылыми ізденістер дәлелдеді.

Егер қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын ата-ана алдында көрсетпей, ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтіндігіне кепіл бола алмайды.

Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аударту үшін де агрессивті қылық көрсетеді.

Ата – ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істеймін » деген агрессивті әрекет туғызады.

Сондықтан, агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:


  1. Ашу – ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету.

  2. Балаларды әртүрлі жағдайларда өзін - өзі ұстау, өзін - өзі басқару әдістеріне үйрету.

  3. Шиеленіскен жағдаяттарда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.

  4. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Агрессивті балалармен жұмыс істеу ережелері:

1.Баланың сұранысы мен қажеттілігіне мұқият болу;

2. Агрессивті емес мінез – құлықтың үлгісін көрсету;

3.Баланы жазалауда бірізді болу, тек нақты іс - әрекеті үшін жазалау керек;

4. Жазалау баланың абыройына нұқсан келтірмеуі шарт;

5. Ашу – ыза кезінде оны тарқата білу тәсілдерін үйрету;

6. Белгілі бір себепті жағдайдан кейін балаға өз ашу – ызасын білдіруге мүмкіндік беру;

7.Айналасындағы адамдардың және өзінің жеке басының эмоционалдық жағдайын танып білуге үйрету;

8. Эмпатияға деген қабілеттілігін дамыту;

9. Баланың міңез – құлқы аясын кеңейту;

10. Дау – жанжалды жағдайларда өзін ұстай білу дағдыларын пысықтау;

11. Өзіне деген жауапкершілікті сезіне білуге үйрету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет