Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



жүктеу 1.59 Mb.
бет3/9
Дата26.02.2018
өлшемі1.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы
Ата-ана мен тәрбиешілердің негізгі міндеттері - бұл баланы өзінің жақындары мен үлкендерді сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу. Егер балада осы қасиет қалыптаспаса онда ол болашақта үлкендердің талаптарына бағынбайды. Тәрбиесінде кемістіктері бар балалар басқа балалар ішінен байқалып, көрініп тұрады. Ол дөрекі, ешкімді тыңдамайды, ерке және айналасындағы адамдарды сыйламайды.

Әрине, сыйластыққа үйретудің ең алғашқы қадамдары отбасынан басталады. Әкесі мен анасы мінез-құлықтың және қоршаған ортамен қарым-қатынастың үлгісі ретінде болады. Отбасының түріне, жағдайына байланысты балада қоршаған ортаға деген ішкі көзқарасы пайда болады. Себебі, 6-7 жастағы бала іс-әрекетті түсінумен бірге ненің жақсы, ненің жаман екенін біледі, сонымен бірге көп жағдайларда олар жаман мінез-құлыққа қарсы тұра алмайды, әсіресе олар жақын адамдарынан шыққан іс-әрекет болса.

Баланың үлкендерді сыйламауының себептері: келісе алмаушылық, балаға қатаң талап қою, үлкендер арасында түсініспеушілік, олардың өзін-өзі ұстай алмауы және ұрыс-керістердің болуы. Мысалы: 6 жасар ұл баланың анасы : «Біз өкінішке орай өз ұлымызға өзіміз үлгі көрсетеміз. Себебі біз баланың көзінше ұрысып, түсініспеушіліктерді жасыра алмайсыз. Бір жағынан әжесі, бір жағынан біз балаға қатты қысым жасаймыз!» - деп жазған.

Қазіргі уақытта балаға тәрбие беру қиыншылықтары,көбінесе, отбасы құрылымына байланысты болады. Ол бір бала және екі-үш үлкен адамдардан тұрады. Бұндай отбасының өмір сүру іс-әрекетінде тең емес жағдайлар болады. Көп ата-аналар өзінің баласын түсінбейді және оның

мүмкіншіліктерін бағаламайды, әсіресе оның адамгершілік қасиетінің дамуын. Осыдан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қойылатын талаптар бұзылады.

Көптеген ата-аналар тәрбиенің негізгі әдісі деп үлкендерді сыйлап, сезімдеріне әсер ету, баланың санасына байланысты деп есептейді. Мысалы:

-Біз ұлымызға түсіндіруге тырысып сәйкес келетін мысалдарды келтіреміз.

- Біз оны сендіреміз, оған түсіндіреміз.

-Жақсы нәрсе істеуге итермелеп, бұның қаншалықты маңызды екенін түсіндіреміз.

-Егер әңгімелесу мен түсіндіру көмектеспесе – сәйкес келетін әңгіме, ертегі оқымыз немесе қандайда бір тәрбиелік жайтты мысал қылып келтіреміз.

Адамгершілік тәрбие - шыныменде баланың дамуында қажет әдіс-тәсіл. Ата-аналар, бала-бақша тәрбиешісі, мұғалімдер үнемі оқуға мәліметтерді іріктеп алуы керек. Қоғамда, ұжымда, отбасындағы өмірдің ережелерін талқылап отыруы керек. Мектепте ата-аналар, мұғалімдер жағдайға сәйкес келетін әңгімелер, өлеңдерді қолданатын болса, олар баланың қате іс-әрекеттерінің алдын ала алады.

Отбасында баланы тәрбиелеу мен даму кезіндегі қателіктердің бірі – ол баланың өзіндік іс-әрекетін бағаламау. Көптеген отбасыларда баланың еңбексүйгіштігін, қамқорлығын тәрбиелеу мақсатында, қандай да бір тапсырмаларды орындатуға тырысады. Бірақ бұны жүйелі түрде емес жағдайдан жағдайға қарай орындайды, нәтижесінде ата-аналар өздерінің күткен нәтижелеріне жете алмайды.

Тәрбиелеу кезінде балалардың өздерінің қызығушылықтары, өздерінің өмірлері бар екенін ескеріп, оны құрметтеу керек. Баланың не ұнататындығын, не қызықтыратынын, немен өмір сүретіндігін және нені ұнатпайтындығын, кімдермен ойнайтындығы, достарының кім екендігін білуіміз керек. Балалар бұндай қамқорлықты, қарым-қатынасты бағалайды және бұл үшін өзінің ата-анасын сыйлайтын болады.

Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады.

Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Ата-аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып , қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата – аналар бұған жетткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитының, сабақтарын, жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Кейбір ата – аналар балаларына өте қымбат заттар алып беріп жатады. Ондай балалар өсе келе көрсеқызар, дүниеқұмар, өзімшіл, кекшіл болатының өмір көрсетіп келеді.

Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертенгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ.. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар.
Мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімелесу сұрақтары

3 – 4 жасарларға арналған сұрақтар.

1.Сенің атың кім? Сені кім деп еркелетеді?

2.Сен қандай ойындар ойнағанды ұнатасың?

3.Сенің балабақшадағы досың кім?

4.Жиі жылайсың ба? Сені біреулер ренжіте ме?

5.Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты түгел ішесің бе?

6.Сен біреуден немесе бір нәрседен қорқасың ба?

7.Сенің жақсы көретін ойыншығың бар ма? Қандай?

8.Саған балабақшаға келу ұнайды ма?

9.Сен балабақшаға келе жатқанда нелерді көресің? Үйге қайтқанда ше?



4 – 5 жасарларға арналған сұрақтар.

1.Сен балабақшаға келерде өзің жиналасың ба, әлде саған біреулер көмектесе ме?

2.Сенің кіммен ойнағың келеді?

3.Саған қай сабақтар ұнайды?

4.Сені біреулер ренжіте ме? Сен ше?

5.Сен басқа балаларға өз ойыншықтарыңды бересің бе? Кімге бересің? неге?

6.Балалармен төбелесіп қалатын кездерің болады ма?

7.Саған балалармен ойнаған ұнайды ма, әлде жеке ме?

8.Қатты ашуланғанда не істейсің?

9.Сен біреу ренжіткенде не істейсің?

10.Балабақшада таңертең болған ұнайды ма, әлде кешке ме?

5 – 6 жасарларға арналған сұрақтар.

1.Сен не істей аласың: оқу, жазу, санау?

2. Қалай ойлайсың, сенің мінезің қандай (жетекші сұрақ қою: көңілді, жабырқау, бір беткей т.б.)?

3.Сен біреулерден қорқасың ба (немесе бір нәрседен)?

4.Сен кіммен жиі ойнайсың? Неге?

5.Сен кіммен жиі ренжісесің? Неге?

6.Саған балабақшада не ұнайды?

7.Мектепке барғың келе ме ? Неге?

8.Сен қалай ойлайсың сенің тәрбиешің қатал ма, әлде мейірімді ме?

9.Сен нені көп армандайсың?

10Сен кімге көп ренжисің?

6 - 7 жасарларға арналған сұрақтар.

1.Балабақшада 10 жасқа дейін болғың келе ме? Неге?

2.Қалай ойлайсың үлкен болған жақсы ма? Неге?

3.Үлкендер саған жиі ұрыса ма, әлде мақтайды ма?

4.Сен қалай ойлайсың, балалар көбенесе не үшін ренжиді?

5.Сен қалай ойлайсың, балаларға не үшін ұрысуға болмайды?

6.Неге балалар кейде алдайды?

7.Қай кезде көңіл – күйің болмайды?

8.Егер сенің ғажайып таяқшаң болса, сен барлық адамдар үшін онымен қандай ғажайыптар жасаушы едің?

9.Сен қандай адамдармен дос болмас едің?

10.Сені көбінесе не қуантады?
Егер бала әңгіме барысында мазасызданып, тепкілене бастаса, бұл – ұялшақтық. Сіз диагностика барысында баланың сөйлескісі келмеу себебін түсінесіз: невроз, тілінің дамуындағы проблемалар.

Егер бала қорқыныш, үлкендермен қарым – қатынас жасаудағы проблемалар, тамақтанағысы, ұйықтағысы, ойнағысы келмеу сияқты жағдайлар кездессе, міндетті түрде тәрбиеші мен ата – анаға ескерту керек.

Әңгіме барысында сізде шағын психологиялық портрет (нақтырақ айтқанда, сипаттау) қалыптасады.

Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар

«Ат қою»

Мақсаты: вербальды агрессиядан арылту, балаларға қолданбалы түрде өз ашу-ызаларын шығара білуге көмектесу.

Балаларға келесі сөздерді айтыңыз: «Балалар, мына допты бір-біріміздің қолымызға шеңбер бойымен бере отырып, бір-бірімізді ренжітпейтіндей сөздермен айтайық (балалар шарт бойынша қандай сөздермен атайтындарын алдын ала келіседі. Ол жеміс-жидектер, жиһаздар, т.б. болуы мүмкін). Әрбір қаратпа сөз былай басталуы керек: Ал сен, ...сәбізсің!» Бұл ойын, сондықтан бір-біріңе ренжудің қажеті жоқ екенін естерінде ұстандар. Қорытынды айналымда міндетті түрде өз көршіңе жағымды сқз айту шарт, мысалы: «Алсен,... күнімсін!»

Ойын тек агрессивті балаларға ғана емес, сондай-ақ тез ренжігіш балалар үшін де пайдалы. Бұл бар болғаны ойын және бір-біріне ренжуге болмайтынын ескерте отырып, ойынды жылдам қарқынмен өткізу керек.

«Екі қошқар»

Мақсаты: вербальды агрессиядан арылту, балаларға өз ашу-ызаларын жариялы түрде шығара білуге мүмкіндік беру, шамадан тыс эмоционалдық және бұлшық еттердің шиеленісінен арылу, баланың энергиясын қажетті арнаға бағыттау.

Тәрбиеші балаларды жұп-жұпқа бөліп, оларға мына әңгімені оқиды: «таңертен ерте екі қошқар бір-бірімен көпір үстінде кездесіп қалады. Олар бір-біріне жол белгілері келмейді».

Ойынға қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады да аяқтарының арасын ашып, алақандары және маңдайларын бір-біріне тіреп итереді. Ойынның тапсырмасы – балалар орындарынан қозғалмастан бір-біріне мейлінше ұзағырақ қарсылық көрсету.

«Бе-е-е-е» дыбысын дауыстап шығаруға да болады. Ескере кететін жағдай, бұл ойында «қауіпсіздік ережесін» сақтаған жөн.



Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Баланың агрессивті іс- әрекетін қай кезде байқауға болады?

  2. Балада қай уақытта жағымсыз агрессивті жағдай туады?

  3. Зиянсыз агрессия дегеніміз не?

  4. Зиянды агрессия дегеніміз не?

  5. З. Фрейд үрейдің неше түрін бөліп көрсеткен?

  6. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға кім?

  7. Қазіргі уақытта балаға тәрбие беруде қандай қиыншылықтар кездеседі?

  8. Балалар көп жағдайда не үшін агрессивті қылық көрсетеді?



Дәріс 3. Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі

  1. М.Монтессоридің концепциясының мазмұны

  2. Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту

  3. М.Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету

  4. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тренингтер


М. Монтессоридің концепциясының мазмұны

Баланы түсінетін – тек басқа бала.

М.Монтессори

Мария Монтессори (1870-1952) – балабақшадағы балалардың және бастауыш мектеп оқушыларының ерте дамуы мен еркін тәрбиелеу идеясын алға тартқан итальян педагогы.

3-7 жас аралығындағы балалардың психикалық дамуы мен тәрбиелеуімен жүйелі түрде Мария Монтессори айналысқан. Ол осы жасты ең маңызды кезең деп көрсетті. М.Монтессори өз жұмысын ең алғаш жан ауруларын емдейтін клиникада бастады. Оның балалар үйінің мақсаты – бала дамуына жағдай жасап,олардың табиғи қабілеттерін дамытуға бағытталған. Монтессори тек ақыл-ой кем балалармен ғана емес, қалыпты балалармен де жұмыс жасады. Ол өзінің тәжірибесі мен бақылауын “Балалар үйіндегі балалар тәрбиесіне ғылыми педагогикалық әдістерді қолдану” деген кітабына жазып отырған.

М.Монтессоридің «Балалар үйінің» мақсаты - балалар қабілеттерінің дамуына жағымды жағдай жасауға бағытталған. Қиындықтарды жеңу мен тынымсыз еңбек М.Монтессоридің бүкіл өмірін қамтыды.

Ата-анасының сүйкімді қызы бола тұра, ол сол кезде университте оқи алу құқығы үшін күресті. Дегенмен, Римде әйелдерге оқуға жол берілсе де, бұл қадам қыз үшін жат болып есептелді. Бірақ соңында М.Монтессори ата-анасының келісімімен университетті жақсы аяқтап, медицина докторы атағын алды. Ол Римдегі жоғары дәреже алған ең алғашқы әйел болып есептелді.

Лондонда және Парижде М.Монтессори адамның жүйке жүйесі мен миының жұмысын теория жүзінде ғана емес, тәжірибеде де зерттеуді жалғастырды. Дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс істей отырып, М.Монтессори көптеген француз ғалымдарының еңбектерін оқыды, алдымен аударып жазған, кейін каллиграфиялық түрде, әрбір сөздің мағынасын саралап, автордың жан дүниесін түсіну үшін уақыт үнемдеу мақсатымен көшіріп жазған. Тек 1 томдық еңбегінің өзінде 600 бет болған.

«Ақыл-ойы кем және жүйке жүйесі тозған балалардың дамуы» сияқты қарапайым әйел үшін ауыр және қайырымсыз жұмысты өз мойнына алған медицина ғылымының докторы М.Монтессори ғажайып нәрсеге тап болды: «өлі болып көрінген есуастың санасы - қайта тірілген». Т.Л.Сухотинаның айтуы бойынша «Монтессори әдістемесі бойынша тәрбиеленген ақыл-ой кем, дамуында артта қалған болып есептелген бала, басқа қарапайым балаларға қарағанда қалалық мектепке емтиханды өте жеңіл және еркін түрде төзіп шыққан». Мұндай ғажайып нәрселер кейіннен қарапайым құбылыс сияқты қайталана бастады.

М.Монтессори ақыл-ойы жағынан кем және психикалық дамуы жағынан артта қалған балалармен ғана емес, сонымен қатар қарапайым, дені сау балалармен де жұмыс істеді. Ол өзінің тәжірибелері мен бақылауларын «Балалар үйіндегі балалар тәрбиесіне қолданылған ғылыми педагогикалық әдістер» атты еңбегінде жазған.

Балалардың тәрбиесі мен дамуы жүйесін құрған оның ойлары қарапайым және әйгілі болып келеді. Олар: бостандық, білім (ғылым), махаббат. Бұлар Л.Г.Песталоций теориясында, Л.Н.Толстойдың мектебінде қолданылған.

Уақыт өте келе адамдар бұл үш түсінікке басқаша мағына берген және олар сенімсіздік тудыра бастады. Бірақ осы түсініктердің өзі тәрбие жүйесінің негізі болып табылады. Тәрбиелеу, білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Бала – Монтессоридің айтуынша, өздігінен дамиды. Дамуға кедергі жасауға, оны тоқтатуға болады. Мәжбүрлеу – дамуды кідіртеді, осы үрдістерді тоқтатады және тәрбиешіге қажетсіз күйлердің: агрессия, өшпенділіктің пайда болуына мүмкіндік береді. Егер адам тек өзіне тән ерекшеліктер мен тұлғалық қасиеттерімен дүниеге келсе, тәрбиешілер мен ата-аналар оны жойып жібермей керісінше дамыту керек. М.Монтессоридің ойынша, бала тұлғасына, оның мінез ерекшеліктеріне «аса күтімділікпен» қарау қажет. Бала оның пікірінше, тамақтанғандықтан, тыныс алғандықтан, қажетті эргономиялық жағдайларда болғандықтан емес, өмірге деген құлшынысы оянғандықтан өсе бастайды. Сондықтан педагогтың міндеті – «баладағы кейде мызғыған өмірді ояту және өзінің жеке жақтарын өзіне дамытуға еркіндік бере отырып, бағыттау болып табылады».

Монтессори бойынша өзін-өзі тәрбиелеу - баланың жеке тұлғасының дамуына кілт болып табылады.

Өз бетімен, тәуелсіз болу балаға бостандық береді. Педагог әлсіз балаларға өмір сүре алу шарты ретінде тәуелсіздікке өзінің қайталанбас сапарын салуға көмектесу қажет. Т.Л.Сухотина әлзіз балаларға көрсетілетін көмектің түрлерін бөліп көрсеткен, олар: ешкімнің көмегінсіз жүруге, жүгіруге, жерге түсіп қалған заттарды көтеруге, киінуне және шешінуге, жуынуға, баспалдақтан көтеріліп-түсуге, анық сөйлеуге көмектесу.

Психиканың даму деңгейінен артта қалған және сау балалармен жұмыс істеудің бірінші этапы – ерте балалық шақтан бастап барлық сезім мүшелерін дамыту. Көбінесе сезім мүшелері 3-7 жас аралығындағы балаларда жақсы дамиды. Білім беру мекемелеріндегі қарапайым оқыту әдістемесі келесіден тұрады: «Біз ... алдымен бізді қызықтыратын зат жайында айтамыз, - деп жазады М.Монтессори, - оқушы түсінген кезде, біз осы затқа қатысты жұмысты орындауға мәжбүрлейміз. Оқушы оның мәнін түсінгенмен, ол өзінен талап етілетін жұмысты орындауда үлкен қиындықтарды басынан кешіреді. Себебі, тәрбиелеуде бірінші маңыздылық факторы – түйсіктердің кемелденуінің болмауы».

М.Монтессоридің әдістемесі бойынша сезім мүшелерінің дамуы үшін баланың өзі таңдайтын, өзінің ішкі келісімі бойынша, өз еркімен қатыса алатын іс-әрекет түрлерін табу керек болады. Монтессори мектебінде бұларға итермелеуші күш ретінде баланың өзіндік дамуына ықпал ететін әртүрлі ойындар, тапсырмалар, арнайы дидактикалық материалдар қызмет атқарды. М.Монтессори мектебіндегі педагогтар әр баланың жекелік ерекшелігін сақтай отырып, сонымен қатар олардың өзіндік дамуларын аса байқампаздықпен бағыттай отырып көбіне балаларды бақылаған.

Балаларды оқытуға қозғалмалы үстел мен орындық қолданылған. Бұларды қолданудың мәні бала оларды алып өзіне отыруға қай жер ыңғайлы, қай жерге отырғысы келеді, сол жерге қояды. Баланың орындықты құлатып алған кезідері де болған. Ол өзінің икемсіздігін түзеу үшін, бірден орындықты көтеріп орнына қойған.

М.Монтессоридің айтуы бойынша мұндай жағдайда бала орындықпен қайда баратындығын, қай жерге қоятындығын өзі таңдап, өзінің икемсіздігін, өзін-өзі түзеуге үйренген.

Ал егер бала орындықтардың арасынан оларға сүйенбей өтуді үйренсе, онда бұл баланың жүруге үйренгендігін білдіреді. Ауыр және қозғалмайтын парталар баланың қозғалысын тежейді, ал партада бірнеше сағат бойы отыру балалардың табиғи дамуына кедергі жасайды. Қазіргі уақытта да омыртқаның қисаюына байланысты омыртқа аурулары медицина ғылымының докторлары айтқанның дәлелі болып табылады. М.Монтессори мектептік тәрбиені таратуды дәлелдейтін мысал келтіреді. Оның жазуы бойынша, алғашқы қауымдағы адамның омыртқасы жабайы аңдармен шайқаста, тастарды қазып алуда, темір майыстырғанда, жер қазғанда және т.с.с ауыр жұмыстарды орындауда қарсы тұра алды. Бірақ бұл омыртқа бала партада отырғанда шыдамай, қисаяды. М.Монтессори әдістемесі бойынша бала өз орнында отырғысы келмесе сол мезетте ол еденге немесе кілемшеге отыра, жата алады. Жанама әрекеттер тежелуі мен өзгенің еркіне қарсы әрекеттерден аулақ болу қажет. Баланың өзіндік тәрбиелеуі жүретін жол біздің байлауға бейім жолымыздан өзгеше. Біздің тарапымыздан оның бейімділіктері жетелейтін сол жолдан тайдыру қателік.

Тәрбиешілер ата-аналар сияқты балалар үшін кейбір іс-әрекеттерді орындауға тырысады. Олар серуенге шығарда бәтеңкесінің бауын байлап береді, киіндіреді, шарфін байлайды және т.б. Осылайша балаға өмірден өздігінен сабақ алуға, үйренуге мүмкіндік бермейді. Монтессори қиындықтан, кедергілерден өтуге тырысқан 2,5 жасар баланы және жағдаяттың мәнін түсінбеген тәрбиешінің әрекеттерін бақылаған. Бала бір топ баланың жанына келіп, олардың қатарына қосылмақ болды. Бірақ ол іске аспады. Содан кейін бала көзімен бір орындықты таңдап, оны балалардың жанына апарып соған шықпақшы болады. Ол орындыққа жақындай бергенде тәрбиеші оның ойын түсініп, кенеттен баланы үйіліп тұрған балалардың үстіне көтеріп, суы бар легенді көрсетеді. М.Монтессоридің байқауынша, бала судағы қалқып жүрген ойыншықтарды көріп мәз бола қойған жоқ. Оның ойынша тәрбиеші балаға өзін-өзі тәрбиелеуге кедергі жасады, бала жеңімпаз болып сезіну үшін бара жатқан, бірақ ол тәрбиешінің қолында тұтқын болып қалды.

М.Монтессори тәртіп мәселесіне ерекше назар аударған. Оның ойынша тәртіпке тәрбиелеу үшін жамандық пен жақсылық жайлы түсінік болу керек. Сол себептен де баланы енжарлыққа, әлсіздікке, бағынуға тәрбиелемей, керісінше жұмысқа, іс-әрекетке, жақсылыққа тәрбиелеу керек. Тәрбиелеу мәселесі мадақтау мен жазалау тәсілдерімен тығыз байланысты. Монтессори оларды өз әдістемесіне қажет емес деген оймен енгізген жоқ. Монтессоридің айтуы бойынша, егер бала қайсыбір іс-әрекетті өзі таңдауы, ол бала үшін сыйлық болып табылады. Сыйлықтың дәл осындай түсінігі М.Монтессори мектебінде болды. Зорлық, ұпай, марапаттау баланың табиғи дамуымен сәйкес келмейді. Олар тұлғаны басып-жаншу ретінде бағаланып, М.Монтессори мектептерінде қолданылған жоқ. Ол былай жазған:

«Қалыпты адам үшін нағыз жазалау – өзінің күшінің жоғалтқандығын сезіну болып табылады. Адам өзін ешқашан алдамайтын нағыз, жалғыз жүлдені сезіне бастайды: өзінің күш-жігерінің өсуі және өзінің ішкі өмірінің еркіндігі». Монтессори мектебінде мұғалімнің мақтауы мен мадақтауына жол беріледі. Ал жалғыз сыртқы жазалау бұл – өзгелерге кедергі жасайтын оқушыны басқа оқушылардан алшақтау, бірақ оларды көретіндей отырғызу. Мұндайда оқушы өзіне ұнайтын заттарды ала алады. Жазалаудың бұл түрі Т.Л.Сухотинаның айтуынша әрдайым балаларды тыныштандыратын. Ол балаларды, олардың әрекеттерін, мұғалімді көріп, қобалжымайтын. Бұзақы осылайша достарының ортасында болу артықшылығын түсінуге және сезінуге үйренеді. Бұл балада басқа балалардың әрекеттерін орындау тілегінің туындауына ықпал етті.

М.Монтессори – қыздар мен ұл балаларды біріктіріп оқыту және тәрбиелеудің жақтаушысы. Оның «Балалар үйі», «Балалар бақшасы және жазуға, оқуға, санауға үйрететін мектеп» типі бойынша құрылған. Монтессори өз жұмысындағы басты мәселе – қабылдау мүшелерін дамыту деп білетін. Монтессори баланың сезімін тәрбиелеу мақсатында 40-қа жуық құралдар жасап шығарған.

Монтессори балаларды тәрбиелеу мен дамытуда олардың жоғары қабылдағыштығы мен сезімталдық кезеңдеріне көп бағытталған(сензитивті кезеңдер). Егер оларды баланы тәрбиелеу мен оқытуда қолданбаса, олар мүлдем жоғалып кетеді. Бірақ сензитивті кезеңдер жеке болып табылады. Олар әртүрлі балаларда, әр кезде жүреді. М.Монтессори әртүрлі сензитивті кезеңдердің шегін көрсетуге тырысқан. Олардың әрқайсысының өтуі өте баяу бастаумен, жоғары интенсивтілік этапымен және әрдайым сезімталдықтың төмендігімен сипатталады. Олардың қатарына мыналар жатады:


  • сөйлеудің даму кезеңі (туғаннан 6 жасқа дейін);

  • тәртіпті қабылдау кезеңі (туғаннан 3 жасқа дейін);

  • сенсорлық даму кезеңі (туғаннан 5,5 жасқа дейін);

  • кішкентай заттарды қабылдау кезеңі (1,5 жастан 2,5 жасқа дейін);

  • қозғалыс пен әрекеттің даму кезеңі (1 жастан 4 жасқа дейін);

  • әлеуметтік дағдының даму кезеңі (2,5 жастан 6 жасқа дейін).

Бала өміріндегі сензитивтік кезеңдермен қатар Монтессори жасерекшелік бойынша дамуды атап көрсеткен. Олар мыналар:

  • туғаннан 3 жасқа дейін – заттық-сезімдік бағдар;

  • 3 жастан 6 жасқа дейін – сөйлеуге деген сензитивтілік, тілді меңгеру, көрнекі-бейнелі ойлау;

  • 6 жастан 9 жасқа дейін – абстрактілі әрекеттерді меңгеру;

  • 9 жастан 12 жасқа дейін – оқытудың бастапқы кезеңінің аяқталуы;

  • 12 жастан 18 жасқа дейін – жоғары және гимназиялық деңгей.

М.Монтессори бала-бақша мен мектептегі іс-әрекеттің негізгі түрі етіп «еркін жұмысты» есептеген. Онда арнайы оқу бағдарламасы болған емес. Ұжымдық оқыту формасы – сабақты, ол қосалқы деп санады. Сабақтың негізгі өзіне тән сипаттары, Мария Монтессоридің пікірінше, қысқа сөйлеу, қарапайымдылық және обьектівтілік. Мұғалім қысқа сөйлеуі керек және осы айтылған сөздері қарапайым болуы керек. Мұғалімнің өзінің тұлғасы жойылуы тиіс. Балалар педагог зейін аудартқысы келетін пәнді тереңірек оқулары тиіс. Қысқа әрі қарапайым сабақ, пәнді түсіндірудің көп бөлігі ретінде қызмет атқарады.

М.Монтессори әдістемесі бойынша жұмыс істейтін мектептерде күн шеңберден басталады. Осыдан кейін барлығы таңдаған пәндермен(математикамен, ән-күймен, әдебиетпен, химиямен ...) айналысуға кіріседі. Жұмыс аяқталғаннан кейін әрқайсысы мұғалімге қандай жұмыспен айналысқандығын көрсетеді. Бұл өздік жұмыстың нәтижелері бірге талқыланады. Балаларды тақтаға сабақ сұрауға шығармайды, оларға үй тапсырмалары берілмейді. Жұмыс күнінің ортасына қарай қандай да бір пән бойынша 10-20 минуттық ортақ сабақ болады. Осы ұжымдық сабақта балалардың білімі жүйеге келтіріледі, оларға жаңа дидактикалық материал беріледі және жаңа терминологиямен таныстырады. Мұғалім оқу дәптерлерінде сабақ материалын өздік, логикалық ретпен құрылған жаттығулар көмегімен бала үйреніп жаттығуы үшін құрастырады және сипаттайды. Оқушыларда 3 пәннен дәптерлері болады. Олар:ана тілі, математика, ғарыштық тәрбиелеу.

М.Монтессори адам – жануарлар, өсімдіктер сияқты әлемдік ғарыштық дамуға сәйкес құрылған және әрекет етеді деп есептеген. Сондықтан ол өзінің құрушы қызметін атқара отырып, өзінің ғарыштық міндетін түсінуі қажет. Дәптерлерде тек потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға көмектесетін тапсырмалар болуы тиіс.

Көптеген балалар зұлымдық көріністерін, агрессияларын, қызғаныштық, өзімшілдік, қатыгездік танытады. Осындай ауытқу мінез-құлқының пайда болудың негізгі себебін М.Монитессори ақыл-ой үшін жетімсіз тағамда деп біледі. Сондықтан 3 және 6 жас аралығындағы балаларға өздерінің таңдауы бойынша материалдармен еркін жұмыс, оларда зейіннің шоғырлануын дамытады. Олар сыртқы әсерлерге көңіл бөлмей, тағңдалған әрекетепн шұғылданады. Зейіннің мұндай концентрациясы Монтессоридің ойынша балада үлкен өзгерістердің бастамасын, яғни мінез-құлықтың қалпына келуін білдіреді. Демек, балада біртіндеп шоғырлана алу дағдысы, өз бетімен жұмыс атқару, басқа балаларға достық таныту, тәртіптік, көмекке дайындық дамиды деген сөз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет