Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



жүктеу 1.59 Mb.
бет5/9
Дата26.02.2018
өлшемі1.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кесте №2

Тұлға структурасы

Коррекциялау пәні

Педагогикалық тәсілдер

Психологиялық әдістер

1

2

3

4

Тұлғаның жекелей-типологиялық ерекшеліктері

Даму дисгормониясы. Жүйке жүйесінің тұрақсыздылығы және ригидтілігі. Құрдастарымен салыстырғанда психикалық процестерінің толық дамымауы

Түсіну, аяушылық білдіру және қысымды басу. Оқыту-тәрбиелеу процесінің рационализациясы. Балалардың мәдени-оқу мүмкіндіктерін қалыпқа келтіру. Тұлғалық перспектива.

Қимыл-әрекет сферасының ырықтылығын дамыту. Танымдық сферадағы ырықтылықты дамыту. Эмоционалдық сферасындағы ырықтылықты дамыту. Қарым-қатынастағы және мінез-құлықтағы ырықтылықты дамыту. Когнитивтік жаттығулар. Жүйелік десинсибилизация. өнерлік тәсілдермен терапиялық жұмыстар.

Қарым-қатынас субъектісінің қасиеттері

Жоғары үрей. Әлсіз әлеуметтік рефлексия. Қарым-қатынас қиындықтары. Адекватты емес мінез-құлық. Төмен әлеуметтік мәртебе.

Бала тұлғасына сеніммен қарау. Шынайылыққа сәйкес мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру. Тартысты жағдайларға талдау. Балаларға қатысты педагогтың үлгісі. Баланың құрдастарымен қарым-қатынасына педагог тұлғасының жағымды иррадиациясы.

Мінез-құлықты топта ойын арқылы коррекциялау. Жағымды қарым-қатынасты дамыту. Рольдік үйрету. Коммуникативтік ойындар мен жаттығулар.Балалардың мәртебелік ауысуы.

Іс-әрекет субъектісінің қасиеттері

Оқу мотивтерінің дисгормониясы. Мектептік үрей. Төмен оқу-танымдық белсенділік. Негізгі оқу іскерлігінің қалыптаспауы. Нашар үлгерім.

Іс-әрекеттегі бала жетістігінің акцептуациясы. Нәтижелерін парциалды бағалау. Оқытуда көрнекілікке сүйену. Оқыту жағдайларын жаңашылдық, шұғылданушылық, балалардың өмірлік тәжірибесіне сүйену элементтерін пайдалана отырып тудыру. Ақыл-ой ірекеттерін кезеңдеп қалыптастыру. Қиын тақырыптар бойынша алдын ала кеңес беру. Оқуда жеңілдік жасау.

Мұғалімнің маңыздылығын басу. Оқушының ішкі көзқарастарымен байланысты қажеттіліктер күшін басу. Бағалауға деген десенсибилизация. Оқу жетістіктерін өзі адекватты бағалауын қалыптастыру.

Өзіндік сана субъектісінің қасиеттері

«Мен» бейнесінің бұзылуы. Адекватты емес өзіндік бағалау. Мойындауға қанағаттанбаушылық. Өзін кем сезіну комплексі.

Баланы ешбір шартсыз қабылдау. Жағымсыз мінез-құлқын жою. Баланы эмоционалды «сипау». Ертеңгі қуанышты күту.

Психологиялық массаж. Идентификация. Баланың әмбебаптығын мақұлдау. Басқылырды жағымды қабылдауын дамыту. Өзін-өзі сендіру («мен қалаймын», «мен істей аламын», «мен істеймін»)

Барлық бастауыш сынып оқушылары бағаға сезімтал болып келеді. Төмен бағалау баланың мұғалімге деген қатынасын өзгертуі мүмкін. Мұғалім оқушы үшін баға ең алдымен эмоционалды маңызды екенін естен шығармауы керек. Жағымсыз эмоциялар оқуға деген қызығушылықты қалыптастырмай, керісінше, оларды тежейді. Оқушы-оқытушы қарым-қатынасында отбасындағы қарым-қатынастағы сияқты ересек адамда баланың көзқарасын өзгертуге деген қызығушылық байқалуы тиіс.



Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі.

Баланың мектеп табалдырығын аттауы тұлғалық жаңашылдықтың – оқушының ішкі көзқарастың пайда болуымен байланысты. Ішкі көзқарас – бұл баланың оқуға бағыттылығын, оның мектепке деген жағымды эмоционалдық қатынасын, жақсы оқушы үлгісіне сай болуға талпынысын қамтамсыз ететін мотивациялық орталық. Баланың оқушы ретіндегі ішікі позициясын бейнелейтін қажеттіліктері қанағаттандырылмаған жағдайда ол эмоционалды жағымсыз қайғыруларды бастан кешіруі мүмкін: үнемі мектептегі сәтсіздіктерді тосу, педагогтар мен сыныптастарының оған деген жағымсыз қарым-қатынасы, мектептен қорқу, барғысы келмеу.

Қорқыныш – адам санасында белгілі бір төнген қауіптің бейнеленуі; ал үрей – төніп тұрған қауіпті эмоционалды сезіну. Қорқыныштан үрейдің айырмашылығы – ол әрқашан тек жағымсыз емес, кейде қуанышты толқу түрінде де болуы мүмкін. Балада тұлғасының психикалық структурасына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрдастарымен қарым-қатынасына байланысты үрей де, қорқыныш та болуы мүмкін. Қорқыныш та, үрей де алаңдаушылық сезімінен бастау алады. Оны баланың сұрақ қойған кезде қобалжып, жауап таба алмауынан, сөйлегенде дауысы дірілдегеннен немесе мүлде үндемеген жағдайларда көруге болады. Сұраққа жауап беріп тұрған оқушы көп артық қимылдар жасайды немесе мүлде қозғалмайды. Мұндай белгілер ағзаның психофизиологиялық қызметіне артық күш түскендігін көрсетеді. Қорқыныш жас ерекшелігіне байланысты және невротикалық болады. Жас ерекшелігіне байланысты қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық дамуының ерекшелігі ретінде көрініс береді. Олардың пайда болуына мынадай факторлар әсер етеді: ата-анасында қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынастағы үрей, баланы қауіптен қорғау мақсатындағы шамадан тыс қамқорлық және құрдастарымен қарым-қатынастан оқшаулау; ата-анасы тарапынан тым көп тыйым салу; отбасындағы ересектер тарапынан қоқан лоқы; ата-анасының арасындағы тартысты қарым-қатынастың болуы; шошыну түріндегі психикалық жарақаттар: құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас барысында қорқынышты психологиялық «жұқтыру».

Невротикалық қорқыныштар жоғары эмоционалдық интенсивтілікпен, ұзақ уақыттылықпен немесе тұрақтылықпен, мінездің және тұлғаның қалыптасуына жағымсыз әсер етумен, т.б сипатталады.

Невротикалық қорқыныштар ұзақ уақыт жалғасқан және шешімі жоқ қайғырулардың салдары болуы мүмкін. Бұндай қорқыныш түрі ата-анасымен қарым-қатынасында эмоционалдық қиындықтары бар, сезімтал балаларда кездеседі. Бұл балалар ересектерге қауіпсіздік, үлгі, сүйіспеншіліктің қайнар көзі ретінде сенім арта алмайды.

Әр түрлі себептерге байланысты оқу тапсырмаларын орындауға шамасы келмейтін бірінші сынып оқушылары уақыт өткен сайын үлгермеушілер қатарына жатқызылып, невроздар, мектептен қорқу пайда болады. Мектепке дейін ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынаста тәжірибе жинақтамаған балалар өздеріне сенімсіз, мектеп ұжымына бейімделулері күрделі болады. Олар қателесуден, ағаттық қылық жасаудан және мазаққа қалудан қорқады.

Мектептен қорқу сезімін құрдастарымен арадағы тартысыты жағдай, олардың тарапынан физикалық агрессияның болуы тудыруы мүмкін. Бұл белгілер социомәдени және педагогикалық тәрбиеден босаңсыған эмоционалды сезімтал балаларға тән. Мұндай қорқыныштардың сипаты жасы өскен сайын өзгеріп отырады, кейде тіпті жоғалып кетеді.

Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныштарын аяқталмаған сөйлемдер мен бала суреттерін зерттеу әдістерімен анықтауға болады.

Аяқталмаған сөйлемдер әдісі оқушы қарым-қатынасының және іс-әрекетінің әртүрлі аймағындағы қорқыныштарды зерттеу үшін колданылады:

Мен мектеп туралы ойласам...

Мен мектепке келе жатқанда...

Қоңырау соғылған сәтте...

Мен мұғалімді көрсем...

Бізде бақылау болғанда...

Сабақ аяқталғанда...

Тақтада жауап бергенде мен...

Мен екі алғанда...

Мұғалім сұрақ қойғанда, мен...

Берілген сөйлемдердің аяқталуында баланың, мұғалім білуге тиісті өте маңызды эмоционалдық көңіл-күйі көрініс береді.

Суреттерді зерттеу баланың қызығушылықтарын, әуестіктерін, темпераменттерінің ерекшеліктерін, көңіл-күйін және ішкі әлемін жақсы тусінуге мүмкіндік береді. Мысалы, суреттегі сұр түстердің көптігі және қара түстің басымдығы өмірге құштарлықтың жоқтығын, көңіл-күйдің төмендігін, баланың өзінің шамасы келмейтін қорқыныштардың көптігін білдіреді. Керісінше, ашық, қанық, көзге жағымды түстер белсенді өмір тонусын және оптимизмді көрсетеді. Бояумен салғандағы көлемділік, алғашқы сюжетті өзгертетін алдын-ала және соңынан кескіндеуі жоқ сурет сенімділікті және нық шешімділікті білдіреді. Жоғары қозушылық және әсіресе шектен тыс белсенділік суреттің тұрақсыздығынан, көмескілігінен немесе сызықтардың нақты, бірақ бір-бірімен қиылысып жатқандығынан байқалады. Тежелуі және мазасыздығы бар балалар суретті аз салады, оған қарағанда басқа іс-әрекет түрлерін қалайды. Әрбір сабаққа тақырыбы кезекпен ұсынылатын топта сурет салу ерекше бағалы: "Мектепте", "Аулада, көшеде", "Отбасы", "Маған түсіме қорқынышты не кіреді немесе мен күндіз неден қорқамын?", "Менде қандай жақсылық немесе жамандық болды?", "Менің кім болғым келеді?".

Сурет сала бастағанда түрлі-түсті қарындаштармен салған дұрыс. Сурет салардан бір ай бұрын балаларға үйде сурет салуға тапсырма беруге болады, ол кейіннен үйде белсенді сурет салуға қызығушылықты тудыру үшін қажет. Оның болмауы психикалық дамуды жүдетеді және қандайда бір қиыншылықтың барлығын білдіреді.

Алғашқы екі сабақта балалар суреттің тақырыбын өздері таңдайды. Ол үй, көлік, ағаш, қонжык, ит, кұс, адам және т.б. болуы мүмкін. Балалар үстел басында кіммен отыратындарын өздері тандайды, бұл олардың симпатиясын және антипатиясын көрсетеді. Дайындалу сабақтарынан кейін тақырыптық сурет салу сабақтарына көшуге болады. Бір немесе екі тақырыпқа арналған 30 минуттан аспайтын сабақтар аптасына 2 рет жүргізіледі. Егер балалардың біреуі сурет салудан бас тартса, оған көп мән беруге, басқалардың жетістігін де баса айтуға болмайды. Мұндай сабақтарды оқудан тыс уақытта жүргізген жөн.

Тақырыбы "Мектепте" деп аталатын суреттерде сурет авторы мен құрбыларының бейнелерінің өзара орналасуының маңызы бар. Истерикалық мінез-құлық сипаты бар балалар өзінің нақты қоғамдағы орнына қарамастан, әдетте өздерін топтың ортасында бейнелейді. Невротикалық реакциясы бар балалардың суреттерінде құрбыларының саны аз немесе олар мүлдем жоқ, бұл олармен өзара қарым-қатынаста туындайтын мәселелерді бейнелейді. Бұл "Аулада, көшеде" тақырыбына арналған суреттерге де қатысты. Мұның барлығы достық, сенімді қатынастарды орнатудағы қиындықтарды және отбасындағы шектен тыс аялауды көрсетеді. Мектептегі үрейлену - бұл баланың эмоционалдық жайсыздығының ең жеңіл көріністері. Ол тынышсызданудан, оқу жағдайындағы, сыныптағы қатты мазасызданудан, өзіне деген нашар қатынасты күтуден, педагогтар, құрбылары жағынан кері бағалауды күтуден байқалады. Бала өзінің басқаларға тең емес екендігін, толымсыздығын сезінеді, өзінің мінез-құлқы мен шешімдерінің дұрыстығына сенімді емес. Педагогтар мен ата-аналар әдетте баланың мұндай ерекшеліктерін былай деп атайды: "бәрінен қорқады", "сезімтал", "күмәншіл", "тым сезімтал", "кез келген нәрсеге тым салмақты қарайды" және т.б. Әйтсе де бұл әдетте үлкендер тарапынан қатты мазасыздануды тудырмайды. Ал негізінде үрейлену, оның ішінде мектептегі де, невроздың алғашқы белгілері және оны жою жолы - невроздың алдын-алу жұмысы болып табылады.

Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мектепке келу мен оқудың алғашкы айлары кезеңіне тән. Алайда бір айдан үш айға дейін созылатын бейімделу кезеңінен кейін ахуал өзгереді: эмоционалдық көңіл-күйі және өзін-өзі бағалауы тұрақтайды. Содан кейін ғана арнайы сынақтың көмегімен шындығында да мектептегі үрейленуі бар балаларды анықтауға болады (Р.Тэммл, М.Дорки, В.Амен).

Сынақ көпшілік балалардың жағдайға байланысты үрейленуі тарқайтын бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Психологтар балалар үрейленуін жеңудің екі тәсілін көрсетеді:

1) қиын жағдайға түскен баланың конструктивтік мінез-құлық тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ шектен тыс мазасыздануды, үрейленуді жеңетін әдістерді игеру;

2) өзіне-өзі сенімділігін нығайту, өзіндік баға мен өзі туралы ойын дамыту, адамның "тұлғалық өсуіне" қамқорлық ету.

Үрей – баланың эмоционалды жағымсыз жағдайының көрініс беруінің жеңіл формасы. Бала өзі адекватты емес, кемтар сезінеді, өзінің іс-әрекеттері мен шешімінің дұрыстығына сенімсіз болады.

Бастауыш сынып оқушыларындағы мектептік үрейді жеңу үшін:



  • оқушының ішкі көзқарасымен байланысты қажеттіліктер күшін төмендету, жеңілдету керек;

  • қарым-қатынас пен іс-әрекеттің оперативті дағдыларын дамыту, байыту керек. Себебі жаңа жоғары деңгейдегі дағдылар балаға дұрыс қалыптаспаған мотивтерді жүзеге асыру әдістерінен бас тартуға көмектеседі.

  • Үрейдің тұлғалық білім берудегі конфронтациялық сипатын есепке ала отырып, білім берудегі бәсекелестікті барынша күшейту керек;

  • Мектеп жағдайларындағы шамадан тыс қысымды басуға бағытталған жұмыстар атқыру керек.

Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу

Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу үшін мұғалім ата-аналармен педагогикалық бірлестікте жұмыс атқаруы керек. Алдын алу жұмыстарын ата-аналар, педагогтар мен психологтар бірлесіп атқарады. Мектеп психологының жұмысы ең алдымен педагогикалық үрдістің гуманизациясына, қарым-қатынас мәдениеті мен «оқушы-оқытушы», «оқушы-оқушы», «оқушы-қоғам», «оқушы-ата-аналар» жүйелеріндегі эмпатиялық түсіністікті қалыптастыруға бағытталуы керек.

Педагогикалық тәрбиеден босаңсу отбасындағы, мектептегі және бала бақшадағы тәрбиенің жетіспеушілігіне негізделгендіктен, онымен күресу олардың өзара бірлескен іс-әрекетіне байланысты. Отбасы, бала бақша және педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалардың өзара бірлесіп әрекет етуінің негізгі жолдары мынадай:


  • ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейін, қарастырылып жатқан мәселе бойынша педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғарылатуға бағытталған жұмыс;

  • алдын алу жұмысының құрылымын бірлесіп бағдарламалау;

  • педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған бірлескен практикалық іс-әрекеттер;

  • оның нәтижелерін бірлесіп талдау.

Мұндай өзара әрекеттестіктің мақсаты – педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаларға қатысты отбасылық тәрбие және бала бақша мен мектептегі білім беру жұмыстарын қайта құру.

Тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған жұмыстар екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, оның пайда болуының алдын алу, яғни баланы осындай жағдайға әкелетін сыртқы себептерді жою, жағымды қасиеттерді қалыптастыру. Екіншіден, оның дамуының алдын алу, яғни бала дамуындағы кедергілерді жою, мінез-құлқын, іс-әрекетін және қарым-қатынасын коррекциялау, баланың жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай үш бағыт бойынша педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған жекелей жүргізілетін жұмыс бағдарламаларының үлгісін ұсынуға болады:


  1. Баланың отбасылық тәрбие жағдайларын өзгерту:

  • ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын және өзара қарым-қатынас мәдениетін көтеру;

  • отбасында тәрбиелік жағдайлар туғызу, тәрбелеу үрдісіне ата-аналарды белсенді араластыру;

  • балалардың бойында жағымды қасиеттерді тәрбиелеп, жағымсызын жоюға ата-аналарға көмектесу, жекелей кеңестер беру;

  • бала өмірі мен іс-әрекетінің қалыпты ұйымдастырылуын қадағалау;

  • баланың ақыл-ой іс-әрекетін (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған ортаны тану), отбасындағы қарым-қатынасын ұйымдастыруға көмектесу;

  • отбасындағы тәрбиенің бұзылуын жоюға, отбасының тәрбиелік потенциалын қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар.

  1. Сыныппен оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру:

  • педагогтың балаға деген қатынасын түзету, онымен жұмыс істеу әдістеріне нұсқау беру;

  • балалар ұжымындағы тұлға аралық қарым-қатынасты гуманизациялау, сыныпта жағымды психологиялық микроклимат орнату;

  • сыныптағы оқыту-тәрбиелеу үрдісінің рационализациясы;

  • оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі педагогтар мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеті.

  1. Баланың тұлғалық өсуіне көмек көрсету:

  • баланы психологиялық тексеруден өткізуді ұйымдастыру және қажет психологиялық көмек көрсету;

  • интеллектуалдық, адамгершілік, эмоционалды-еріктік сфераларындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған жекелей жұмыстар;

  • жағымды қызығушылықтары мен бейімділіктерін пайдалану негізінде баланы белсенді әрекетке араластыру;

  • жағымсыз оқу мотивациясын жою;

  • баланың мектеп бағдарламасын меңгеруде жетістікке жетуін ұйымдастыру;

  • баланың құрдастарымен жағымды тұлғалық қасиеттеріне сүйене отырып қарым-қатынас жасауын басқару;

  • жетістікке жету мотивациясын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар.

Коррекциялық бағдарлама үлгісі

  1. Мақсаты: 7-9 жастағы балалардың өзіне сенімділігін дамыту.

  2. Міндеттері:

  • өзіне сенімділікті тәрбиелеу, үрей мен қорқынышты басу;

  • өзбеттілікті дамыту;

  • өз көзқарасын дәлелдеу іскерлігін қалыптастыру;

  • есін дамыту;

  • ырықты зейінін дамыту;

  • өшпенділікті басу.

  1. Коррекциялық топқа іріктеу критерилері.

Ата-аналар мен педагогтар беретін баланың ерекшеліктері туралы эксперттік баға көмегімен (мысалы, ересектер баланың есінің, зейінінің, ойлауының даму деңгейін баллмен бағалайды).

Топқа педагогтар педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала деп ұйғарған балалар алынады. Олар алдын ала тестілеуден өткізіледі.



  1. коррекциялық жұмыс бағыттары және бағдарлама кезеңдері.

Өзіне сенімділікті қалыптастыруда – алдымен, белсенді қорқыныш пен үрейді басу, содан кейін – қоршағандарға деген жағымды қатынасты қалыптастыру.

  1. Сабақтарды ұйымдастыру.

Сабақ саны, қатысушылардың жасы мен саны. Бағдарлама барлық оқу жылына жасалады. 7-9 жастағы, яғни бастауыш сынып оқушыларына бағдарланады. Топтағы балалар саны – 8 адамнан артық емес.

  1. Сабақ типі.

Топтық сабақтар бір сағатқа дейін, аптасына үш реттен өткізіледі; ал жекелей сабақтар қажет болған жағдайларда жүргізіледі.

  1. Ойындар мен жаттығулар тізімі.

Әрбір кезеңде қолданылатын ойындар мен жаттығуларды өзгертуге және толықтыруға болады. Бастысы, олар коррекциялық бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі керек.

Шешілетін мәселеге байланысты бірнеше ойындар мен жаттығулар типтері қолданылады.



  1. Өзіне сенімділікті тәрбиелеу және үрей мен қорқынышты басу.

Шешілетін міндеттер:

  • өзіне сенімділікті тәрбиелеу;

  • эмоционалдық қысымды басу;

  • қорқынышты басуға көмектесу;

  • үрейді басу;

  • жағымсыз қайғыруларды жеңуге көмектесу.

Жаттығулар:

  • спираль тәрізді сызықтармен сурет салу.

Мақсаты: қол маторикасын дамыту.

  • екі затты бір сызықпен қосу.

Мақсаты: қолдың сенімділігін және іскерлігін қалыптастыру.

  • интенсивті оқыту бойынша «Клавиатура» ойыны.

Мақсаты: бір жол бойымен әр түрлі геометриялық фигуралар мен заттарды салуда жаттығу.

  • қорқынышты коррекциялау сабақтарының сериясы.

Мақсаты: қорықпайтынның белсенді көзқарасын қалыптастыру.

Ескерту: қорқынышты коррекциялау сабақтары бала «енді қорықпаймын» деп айтқанынша жүргізілуі керек.

  • ермексазбен кескіндеме.

Мақсаты: қол қимылын-қозғалысын жетілдіру және өзіне сенімділікті тәрбиелеу.

  • өз көңіл-күйін бейнелеу.

Мақсаты: балалардың өз көңіл-күйін жеткізе білу қабілетін дамыту.

  • «Хан мен қызметшілер» ертегісі.

  1. Қоршағандарға тәуелділікті коррекциялау.

Шешілетін міндеттер:

  • баланы жаңа қарым-қатынас формаларына (ересек-бала) үйрету;

  • өзін өзіне сенімді адам ретінде сезінуіне мүмкіндік беру;

  • өз бетінше шешім қабылдауға үйрету.

Жаттығулар:

  • пуантилизм – саусақтық кесіндеме.

Мақсаты: өз бетінше бейне жасауға үйрету.

  • кляксография.

Мақсаты: бейнелерді көру іскерлігін, бейне жасауда өзбеттілігін және шығармашылығын көрсетуін дамыту.

  • интенсивті оқыту бойынша ойындар.

Мақсаты: балаларға заттарды белгілермен, таңбалармен белгілеуді үйрету, коммуникативтік дағдыларын дамыту, қысымды басу.

  • сюрреалистикалық ойын («қар үйіндісі» әдісі»).

Мақсаты: бейнелік ойлауын дамыту, жағдаяттарды моделдеу.

  1. Есті дамыту.

  • Есті дамытуға арналған ойындар: «жетіспейтін суреттер», «жұп сөздер» әдісінің нұсқасы, «тыңшылар».

Мақсаты: моторлық-есту есін дамыту; қимыл-қозғалыс тежелісін және жағымсыздықты басу.

Сабақтың тақырыбы: «Ес қандай болады?»



  1. Зейінін дамыту.

Ойындар: «барлығын белгілеу», «тоқтамай ізде», «ретін есте сақта», «түймелер», «кішкентай маймылдар».

Сабақтың тақырыбы: «Кім ең зейінді?»

Ертегілер: «Білім сақшылары», «Екі құрбының саяхаты».


  1. Өшпенділікті басу.

Шешілетін міндеттер:

  • мінез-құлықтың адекватты формаларын қалыптастыру;

  • өзінің іс-әрекетін эмоционалды сезіну;

  • ұжымдағы мінез-құлқын реттеу.

Жаттығулар:

  • өзінің суретін салу.

Мақсаты: өзін-өзі жетілдіруге деген талпынысын қалыптастыру.

  • «Әдемі және ұсқынсыз» тақырыбына сурет салу.

Мақсаты: қоршаған өмірден және адамдардың өзара қарым-қатынасынан көргендерін түсінуге және жеткізе білуге үйрету.

  • интенсивті оқыту бойынша «Эмоция түстері» ойыны.

Мақсаты: әр түрлі эмоцияларды мимкамен жеткізуге үйрету.

  • сыйқыршы туралы ертегі.

Бекіту үшін ұсынылады:

  • «Айналар дүкенінде» ойыны.

Мақсаты: бақылампаздықты, зейінді, есті дамыту,сенімділікке жатықтыру.

  • «Доспен кездесу» этюды.

Мақсаты: басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсінуге және өзінікін адекватты жеткізе білу қабілетін дамыту.

  1. Бағдарламаның тиімділік критерилері.

Бұл кезеңде қайталап диагностика жүргізіледі. Ол коррекциялық жұмыс алдында жүргізілген диагностикалық әдістер көмегімен жүргізілуі тиіс. Даму деңгейінің қайсысы жеткілікті, ал қайсысы бағдарламаны қайта жүргізуді қажет ететінін шешіп алу қажет.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар

1. «Бәріміз бірге».

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

2. «Керісіншелер елі».

Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

3. «Ормандағы ағаштар» ойыны.

Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.

Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.

Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.



4. "Ондай болуы мүмкін емес"

Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.

Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім "ондай болуы мүмкін емес" деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады.

5. "Егер осылай болса..."

Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:

- егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.

Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталынады.



"Сиқырлы қалам"

Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек.

Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға "көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.

Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет