Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алулардағы заңсыздықтар үшін үш әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Шемонаиха аудандық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарттарды заңсыз жасау фактілерін анықтады.

"Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнама бойынша әкімдер тауар немесе қызметті бір көзден сатып алу кезінде жылдық көлемі 3000 АЕК-тен аспауы керек. Ал жекелеген әкімдер сатып алуды жүргізген кезде тек бір жұмыстың құны3000 АЕК-тен аспауы тиіс деп деп, әдейі кей талапты назардан тыс қалдырған", – делінген ШҚО аудандық прокуратурасының хабарламасында.

Прокурорлардың мәліметінше, Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты қысқы жол жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 27,2 млн теңгеге үш келісімшарт жасаған. Жұмыстың сипаты біркелкі болғанымен, жалпы құны 3000 АЕК-тен асқан.

"Осындай заң бұзушылықтарға Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері жол берген. Қадағалау актісі бойынша Шемонаиха қаласының, Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысы 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде айыппұл төледі", – деп атап өтті ШҚО прокуратурасында.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.