Физика-математика факультеті ақпараттық технологиялар кафедрасы



жүктеу 57.82 Kb.
Дата22.09.2018
өлшемі57.82 Kb.




ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ






АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
Қазақстанды үшінші жаңғырту аясындағы «БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕДЕГІ ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы Қазақстанды үшінші жаңғырту аясындағы «Білім, ғылым және тәжірибедегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция 2018 жылдың 16 мамыр күні өтеді.

Конференция мақсаты – Қазақстанда және әлемде ғылыми-зерттеу нәтижелерін талқылау, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру, ғылым және бизнесте тиімді қолданылуын анықтау. Конференция оң мотивация, идеялар алмасу және кәсіби байланыстар орнатуды қалыптастыруды көздейді.


Конференцияға қатысу үшін оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер, педагогикалық қызметкерлер, АКТ мамандары шақырылады.
Конференция жұмысы келесі секция бойынша жоспарланады:

1 секция. Білім беру жүйесіндегі инновациялық, ақпараттық-педагогикалық технологиялар

2 секция. Ақпараттық қоғам шеңберіндегі ғылыми және практикалық зерттеулер

3 секция. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістері.
Конкурс!!! Конференция аясында жарияланатын мақалаларға «Үздік Инфографика» конкурсын жариялаймыз.
Конференцияға қатысу формасы: күндізгі және сырттай қатысу.
Талқылауды өткізу формасы: пленарлық және секциялық отырыс.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.


Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Мақала мәтіні 5 бетке дейінгі көлемде (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, сурет пен кестеге қолтаңба) *.doc, *. docx. форматындағы файл түрінде ұсынылуы керек. Шрифт Times New Roman, 14 кегль; жоларалық интервал – біреу; жиектері – сол 3 см, оң жақ 1,5 см, жоғарғы 2 см, төменгі 2 см. Жоғарыда автордың Т.А.Ә., келесі жолда ұйым атауы және орналасқан жері, келесі жолда дәрежесі, ғылыми атағы. Бұдан әрі саңылау арқылы, бас әріптермен баяндаманың атауы, саңылау арқылы, жаңа жолдан баяндама мәтіні.

Беттер нөмірленбейді. Мәтінде әдебиетке сілтеме квадрат жақшада әдебиеттің тізімі және бет нөмірі көрсетіліп беріледі (мысалы, [1, 25 б.]). Мақала соңында қолдану реті бойынша әдебиеттер тізімі орналастырылады. Мақаланың библиографиялық сипаттамасы әдебиеттер жөніндегі барлық деректерден тұруы керек.

Конференция жұмысының (секциялық баяндама нәтижелері бойынша) нәтижелері бойынша материалдар жинағын шығару, жеңімпаздарға диплом және қатысушыларға сертификаттар беру жоспарлануда.

Ұйымдастыру жарнасы студенттер үшін – 2000 теңге, оқытушылар, докторанттар, магистранттар үшін – 3000 теңге. Ұйымдастыру жарнасы конференцияға мақаланың қабылдағаны туралы хабарлама келгеннен кейін төленіп, төлем түбіртегі сканерленіп, конференция ұйымдастырушыларына жіберілуі тиіс. Конференцияға келгендегі шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Құжаттар келесі мысал бойынша даярлануы керек: ТАӘ_тапсырыс, ТАӘ_мақала, ТАӘ_түбіртек.

Жариялау үшін материалдарды төмендегі электронды поштаға жіберу керек:

at@kazmkpu.kz хат тақырыбына көрсету керек: Секция нөмірі (мысалы, 1-секция)
Мақаланы өткізудің соңғы күні: 28 сәуір, 2018 ж.
Ұйымдастырушылар: ҚазМемҚызПУ, Ақпараттық технологиялар кафедрасы. Байланыс нөмірлері: Сабит Ботакөз, тел.: 8 7478170692

Аманкелдіқызы Назерке, тел.: 87025564715 (Whatsapp-қа хабарласуға болмайды!)


Эл. пошта: at@kazmkpu.kz 
Тіркеу 2018 жылдың мамыр айының 16 жұлдызында сағат 9.00-де Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің №2 оқу корпусында жүргізіледі. Басталуы сағат 10.00-де.

Конференцияға қатысу туралы ақпарат:

ТАӘ (толық)




Жұмыс орны




Қызметі




Ғылыми атағы, дәрежесі




Секция




Мақаланың аталуы




Адрес (қала)




ЖОО, кафедра




e-mail




Телефон




Қатысу нысаны: (атап көрсетіледі)

  • Ауызша секциялық мәжіліс баяндамасы;

  • Тек қана жариялау.


Банктік реквизиттер ҚазМемҚызПУ:
ИИК ТЕНГЕ-KZ61826A1KZTD2025263

БИК ALMNKZKA

БИН 990 240 005 438

КБЕ 16


Филиал АО «АТФ Банк», Алматы қ., 050060 Алматы, Төле би көшесі, 24

Төлем мақсаты: Конференция ИТ
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
Ж.Ж.Қожамқұлова 1, Н.Аманкелдіқызы 2

1 ф.-м.ғ.к., профессор, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы.

2 магистр, оқытушы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы.

Операциялық жүйелерде мобильді қосымшалар құру

Негізгі мәтін............................................................................. [1, 23 б.].



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. А.П.Ершов. Школьная информатика. Журнал “Информатика и образование” №1, 2005. -23ст.

Магистранттар мен студенттер үшін

Т.Алижанова

Ақпараттық жүйелер мамандығының 3 курс студенті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы
Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., профессор Ж.Ж.Қожамқұлова

Операциялық жүйелерде мобильді қосымшалар құру

Негізгі мәтін............................................................................. [1, 23 б.].



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. А.П.Ершов. Школьная информатика. Журнал “Информатика и образование” №1, 2005. -23ст.

Каталог: downloads
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
downloads -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
downloads -> Қазақстанның ежелгі тарихы
downloads -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
downloads -> Хабарландыру
downloads -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
downloads -> akp_den_kz.doc [VІІ қысқы Азия ойындары]


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет