Алматыда Wolt жеткізу қызметінің 70-ке жуық курьері компанияның кеңсесі алдына жиналып, жалақыны көбейтуді және бонустық жүйені енгізуді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Компания кеңсесіндегі келіссөзге курьерлердің ішінен төрт өкіл шақырылды, келіссөзге Wolt менеджері, әкімдік пен полиция өкілдері де қосылды. Келіссөзге қатысушылар кездесуден тікелей трансляция жасады, бірақ ол басқа қатысушылардың өтінішімен тоқтатылған.

Курьерлер наразылықтың себебі ретінде қаңтар айынан бастап табыстары айтарлықтай азайғанын, бонус жүйесі жабылғанын айтты.

Келіссөздер кешкі сағат 19:00 шамасында аяқталды. Курьерлер талаптарын жазбаша түрде тапсырулары қажет, ал компания оларға сейсенбі күні жауап береді. 

Алматымен қатар Астана мен Ақтауда да ондаған Wolt курьерлері жиналып, осындай талаптарын айтты. Курьерлердің ереуіліне қатысты еңбек инспекциясы да пікір білдірді.

"Wolt Technologies Kazakhstan ЖШС өкілі бұл мәселелерді шешу компанияның АҚШ пен Финляндиядағы бас кеңсесінің құзыретіне жататынын айтты. Осыған байланысты өкілдікке тиісті хат жолданады. Айта кетейік, "Wolt Technologies Kazakhstan" ЖШС-де еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін курьерлер жоқ, барлық курьерлер азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарт бойынша жұмыс істейді", – делеінген хабарламада. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.