Физика рфмм-нің 8-сыныбына түсушілерге арналған тест сұрақтары



жүктеу 35.02 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі35.02 Kb.

Физика

РФММ-нің 8-сыныбына түсушілерге арналған тест сұрақтары

1. Дұрыс анықтамасын таңда:

Әртүрлі заттарды құрайтын ұсақ бөлшектер ...

А. атомдар Б. молекулалар В. протондар Г. нейтрондар деп аталады.


2. Қандай заттарда (қатты, сұйық және газ тәрізді) диффузия құбылысы байқалады?

А. газда Б. қатты денеде В. сұйықта Г. қатты, сұйық және газ тәрізді денелерде


3. Зат молекулаларының арасында ...

А. өзара тартылыс және тебіліс күштері бар

Б. тартылыс та, тебіліс те күштері жоқ

В. тек тебіліс күші бар

Г. тек тартылыс күші бар
4. Егер сыйымдылығы 1 л ыдыстағы газды сыйымдылығы 2 л ыдысқа айдап кіргізсе, онда газдың көлемі өзгере ме?

А. 2 есе кемиді Б. 2 есе артады В. 4 есе артады Г. өзгермейді


5. Велосипедші 10 мин-та 3 км жол жүрген. Велосипедші қандай жылдамдықпен қозғалған?

А. 30 м/с Б. 5 м/с В. 0,5 м/с Г. 3 м/с


6. Басқа планетаға ұшып баруға арналған космос ракетасының Жермен салыстырғандағы жылдамдығы 41760 км/сағ, осы жылдамдықты м/с-пен өрнекте.

А. 200 м/с Б. 11600 м/с В. 8900 м/с Г. 15 м/с


7. Велосипедші 10 мин-та 2400 м жол жүріп, онан соң ылдиға қарай 1 мин-та 900 м төмен түсіп және тағы да 1200 м жолды 4 мин-та жүрген. Велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай?

А. 5 м/с Б. 18 м/с В. 7,5 м/с Г. 15 м/с


8. Жүріп бара жатқан трамвайдан секірген адам қай бағытта құлайды?

А. Трамвай қозғаласының бағытымен

Б. Трамвай қозғалысының бағытына перпендикуляр бағытта

В. Трамвай қозғалысына қарсы бағытта

Г. Трамвай қозғалыс бағытына параллель
9. 0,025 кг да қанша грамм бар ?

А. 25 г Б. 0,25 г В. 2,5 г Г. 250 г


10. Адам денесінің тығыздығы 1070 кг/м3. Массасы 53,5 кг адам денесінің көлемін есепте.

А. 20 м3 Б. 2 м3 В. 0,5 м3 Г. 0,05 м3


11. Көше жуатын машинасының цистернасында су бар. Егер ол 200 л суды көшеге сепсе, онда оның массасы мен салмағы қаншаға кемиді ?

А. массасы 2 кг-ға, ал салмағы 19,6 Н-ға

Б. массасы 20 кг-ға, ал салмағы 1,96 Н-ға

В. массасы 20 кг-ға, ал салмағы 196 Н-ға

Г. массасы 200 кг-ға, ал салмағы 1960 Н-ға
12. Жүккөтергіштігі 5 т самосвал 100 м3 гранитті тасуға неше рет қатынайды?

ρгранит=2600 кг/м3

А. 500 Б. 20 В. 4 Г. 52 Д. 30
13. Үстел үстінде жатқан кітапқа әсер ететін күш ...

А. серпімділік күші Б. ауырлық күші В. дененің салмағы Г. үйкеліс күші


14. Ауырлық күші ..., ал осы дененің салмағы ...

А. тірекке не аспаға, денеге Б. денеге, тірекке не аспаға

В. тірекке, аспаға Г. аспаға, денеге
15. Көлемі 0,2 л бір стакан суды ішкен адамның массасы мен салмағы қаншаға өзгереді?

А. массасы 2 кг-ға, ал салмағы 19,6 Н-ға

Б. массасы 20 кг-ға, ал салмағы 1,96 Н-ға

В. массасы 0,2 кг-ға, ал салмағы 19,6 Н-ға


16. Бірқалыпты қозғалған трактор Жерді жыртқанда 15 кН күш дамытқан. Жер қыртысының кедергі күші қандай?

А. 150 кН Б. 30 кН В. 15 кН Г. 24 кН


17. Қысым дегеніміз

А. тіректің бірлік ауданына әсер ететін күш

Б. Бетке перпендикуляр бағытта әсер ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы

В. Бетке әсер ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы


18. Салмағы 0,96 кН жәшіктің табан ауданы 0,2 м3. Жәшіктің табан ауданына түсірген қысымын есепте.

А. 4800 Па Б. 135 Па В. 480 Па Г. 19200 Па


19. 2 м тереңдікте адамға түсірілетін теңіз суының қысымы қандай ? ρтеңіз суы= 1030 кг/м³.

А. ≈ 20900 Па Б. ≈ 1030 Па В. ≈ 20200 Па Г. ≈ 6800 Па


20. 760 мм сын. бағ. қысымды Паскальмен өрнекте.

А. ≈ 104000 Па Б. ≈ 28000 Па В. ≈ 118000 Па Г. ≈ 101000 Па


21. Барометр қалыпты атмосфералық қысымды көрсетеді, ол неге тең ?

А. 1013 гПа Б. 760 гПа В. 1000 гПа Г. 750 мм сын. бағ.


22. Физикалық теорияның негізгі мақсаты:

А. ғылыми гипотезалар ұсыну Б. жаңа ғылыми теория жасау

В. құбылысты түсіндіру Г. тәжірибе жасау

Д. дұрыс қойылған тәжірибелерді тексеру


23. Жоғары көтерілген сайын қысым қалай өзгереді?

А. артады Б. кемиді В. өзгермейді


24. Ыдыстағы суға параллелопипедті 1-суретте көрсетілгендей тереңдікке батырған, оның табан ауданы 0,5 м2. Параллелопипедтің төменгі табанына әсер ететін күшті есепте.
А. 3200 Н Б. 14 Н В. 6000 Н. Г. 12 Н Д. 1 Н
25. 1-суреттегі параллелопипед судан қандай күшпен ығыстырылады?

А. 2000 Н Б. 4 Н В. 800 Н. Г. 1000 Н Д. 7 Н


26. Төменде келтірілгеннің қайсысы дұрыс емес ?

А. 2 см = 0,02 м Б. 5 мм³ = 0,005 см3 В. 2 мм2 = 0,02 см2

Г. 73 л = 0,073 м3 Д. 150 мм³ = 0,00015 м3
27. Бактерияның жасушасының ұзындығы 0,00021 см, оттегінің молекуласының орташа радиусы 0,0000000003 м. Оттегінің молекуласының радиусы жасуша өлшемінен неше есе кем ?

А. 6300 Б. 630 В. 70 . Г. 700 Д. 7000


28. Түбінің өлшемі 0,40,2 м аквариумға массасы 12 кг су құйса, онда судың биіктігі қандай болады ?

А. 10 см Б. 15 см В. 20 см. Г. 25 см Д. 30 см


29. Бір түзудің бойымен денеге үш күш әсер еткен: F1 =7 Н , F2 =2 Н, F3 =11 Н. Төменде келтірілген шамалардың қайсысы денеге әсер еткен тең-әсерлі күші бола алмайды?

А. 20 Н Б. 6 Н В. 2 Н. Г. 16 Н Д. 10 Н


30. Көлемі 250 см3 жез детальдың мұнайдағы салмағы қандай?

ρжез=8400 кг/м3 ρмұнай=800 кг/м3



А. 5000 Н Б. 14 Н В. 19 Н. Г. 4 Н Д. 400 Н
Каталог: wp-content -> uploads -> sites
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №3 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 26 қараша Өткізу формасы
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №4 хаттамасы павлодар қ. 2014 жылғы 22 желтоқсан Өткізу формасы
sites -> Измененмия объема крови и гематокрита при различных патологическия процессах
sites -> I. Общая характеристика учреждения
sites -> Башкортостан Республикаһы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет