"Алматыны қорғайық" қоғамдық бірлестігі мен тұрғындардан құралған альянс қаладағы құрылыс жоспарына келіспейтіндерін айтып президентке үндеу жолдады. Белсенділер мегаполюстегі заңсыз әрі қауіпті салынған құрылыс мәселесі әкімдікке бірнеше рет жеткізілгенімен, қарастырылмай отырғанын айтып шағымдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баспасөз конференциясында тұрғындар жаңа бас жоспарды сынға алып, экология мен тұрмысқа зиянын тигізіп жатқан заңсыз құрылыс саласына шара қабылдауды талап етті. Айтуларынша, қазірдің өзінде салынған нысандар талаптарға сай келмейді. Ал оны бақылап, тексеру жұмыстары мүлде ақсап тұр екен. Сонымен қатар тұрғындар бүгінде құрылыс саласындағы заңсыз әрекеттердің бақыланбай жатқанына наразылық танытты.

“Соттың өзі мәселені түсінбейді. Шешім қабылдарда дұрыс дәлелдерге қараған жөн. Одан бөлек, бізде құрылыс компанияларын тексеретін техникалық мамандардың жұмысын жақсарту керек. Кез келген компания ғимарат салғаннан кейін 6 ай ішінде барлық құжатты тапсыруы шарт. Талапқа сай құрылысты өз беттерінше емес, тұрғындардың келсімімен ақылдаса жасауы керек”, – деді қала тұрғындары.   

Жұртшылық сонымен қатар шенеуніктердің тек сандармен жұмыс істеп, жауапкершілікті бір-біріне сілтейтінін алға тартты. Осы орайда қала құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мемлекет дәрменсіз екенін де тілге тиек етті.

“Кімде ақша бар, соны тыңдайды. Тіпті ашық сотқа тұрғындарды қатыстырмай жатыр. Біз бірігіп, нәтижеге жұмыс істеуіміз керек”, – деп қосты тұрғындар.

  • "Компанияның артында кім тұр". Алматылықтар Досаевқа қоғамдық көлік тасылмалдаушыларының жұмысына шағымданды

  • "Бірінші саман кірпіш пен тастан салынған нысандар қирайды": Алматыдағы үйлердің қайсысы жер сілкінісіне төзімді

Қоғам белсенділері осы өзекті мәселені президенттің өзі назарға алса деп өтініш білдірді.

"Жоспарда көптеген сәйкессіз деректер мен өрескел талап бұзушылықтар бар. Оларды дәлелдеу қиын. Сондай-ақ, қаланың Бас жоспарында да мәселе жетерлік. Әкім Ерболат Досаевтан осы құжаттарды сұратсақ мемлекеттік құрылымдарға жүгінуімізді сұрайды. Ал мемлекеттік құрылым бізге сапасы нашар, түсініксіз суреттерді береді. Мүмкін олар әкімнің өзіне осылай көрсетіп құтылып жүрген шығар. Алайда біз бұл туралы президенттің  білгенін қалаймыз", — деді белсенді Салтанат Тәшімова.

Конференция соңында тұрғындар альянсы 4 мамыр күні тағы да жиын болатынын мәлімдеді. Онда депутаттардың құрылыс саласындағы заңға деген көзқарастары, соттың заң бойынша ашық сот болса да жұртшылықты процесске кірбізбеу мәселелері көтерілмек.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.