Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімі тарап кеткен еді. Мұндай жеке деректерді кім таратып жібергенін оқу орнының баспасөз қызметі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің өкілдері студент қыздардың тізімін медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері жібергенін мәлімдеді.

6 ақпанда университетке келісімшарт негізінде медициналық қызмет көрсететін "Smart Health University City" ЖШС медбикесі Whatsapp мессенджері арқылы механика-математика факультетінің флюорографиялық зерттеуден өтпеген 3-4 курс студенттерінің Excell форматындағы құжаттарын факультет деканатының маманына жіберді.

“Берілген құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен басқа медициналық құпияға қатысты мәліметтер де болған. Кейіннен университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтер мессенджерлер арқылы тарап кеткен”, – делінген хабарламада.

Осы факт бойынша 14 ақпанда университетте қызметтік тексеру тағайындалды.

“Алматы қаласының прокуратурасына осы факт бойынша прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдауды және студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап өтініш жолданды. Университет "Smart Health University City" ЖШС-мен шартты бұзу туралы мәселені қарастырып жатыр”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыдағы жоғарғы оқу орны "пәк" қыздардың тізімін жариялап жібергені айтылды. Министр кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.