Формат (содержание) справки об итогах деятельности за 2008 год



жүктеу 418.89 Kb.
бет1/3
Дата09.09.2017
өлшемі418.89 Kb.
  1   2   3



Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігінің

2013 жылы «___» ______________

_______________ хатына 2-қосымша




ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы және 2014 жылға арналған міндеттері туралы Алқа мәжілісіне анықтама
Мазмұны






Кіріспе


I.


ҚР Көлік инфрақұрылымын дамыту

II.

ҚР транзиттік-көліктік шамасын дамыту


III.

Мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған қазіргі заманғы технологиялармен негізделген инновациялар, ТКК инфрақұрылымы және өндіріс, қызметтерді дамыту


IV.


Мемлекеттік қызметтерді ұсыну іс-шараларын дамыту, техникалық сүйемелдеу және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, сонымен қатар, Кедендік одақтың ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін механизмдерді және шартты құру



Кіріспе

Қазіргі уақытта ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің міндеті көлік-коммуникациялық кешенді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында тиімді мемлекеттік саясатты жүргізу және құрумен айқындалады.

ККМ негізгі жұмысы төрт маңызды бағытпен жүргізіледі:

Көлік-коммуникация кешені саласында (бұдан әрі – ККК):


  1. ҚР көлік инфрақұрылымын дамыту.

  2. ҚР транзит-көліктік мүмкіндігін дамыту.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында (бұдан әрі –АКТ):

3. Мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған қазіргі замандағы технологиялармен негізделген АКТ инфрақұрылымын және өндірісін, қызметтерін дамыту.

4. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну іс-шараларын дамыту, техникалық сүйемелдеу және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, сонымен қатар, Кедендік одақтың ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін механизмдерді және шартты құру.


I. Стратегиялық бағыт: ҚР көлік инфрақұрылымын дамыту.

1.1 - мақсат: Көлік-коммуникация кешенінің даму қарқынына жету.

Статистикалық мәліметтер бойынша ККК жұмысының талдауына сәйкес 2013 жылға 2012 жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі


8,7 %-ға өсті және 3277,14 млн. тоннаны құрады. Жүк айналымы 25 %-ға өсті және 377,1 млрд. ткм-ді құрады. Көшірілген жолаушылардың саны 8,2 %-ға өсіп, 20001,4 млн. жолаушыны құрады. Жолаушылар айналымы 233,7 млрд. пкм-ді құрып, 2012 жылмен салыстырғанда 10,6 %-ға өсті. 2013 жылға қаржыландыру жоспарымен 302,6 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 2014 жылғы 1 қаңтардағы күйінде 100,1 % игеріп алынған.

ККК заңдылық негізінде :

1) 2013 жылғы 4 шілдеде «Көлік мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда қолданыстағы заңнамаларды қазіргі замандағы реалия талаптарына сәйкес келтіру, «қара тізімнен» шығуды қамтамасыз ету, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасының жоғарылатуына бағытталған көлік өрісіндегі барлық салалар көтерілген.

2) 2013 жылғы 2 шілдеде «Автожол саласын реформалау мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, бұл автомобиль жолдарын құру және жөндеу іс-әрекеттерімен тиімді басқаруға мүмкіндік беретін автожол саласын реформалауға бағытталған.

3) «2020 жылға дейін ҚР көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау мемлекеттік бағдарламасы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы ҚР Президентінің №725 Жарлығымен бекітілді.

4) «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы


2013 жылғы 8 қаңтардағы ҚР Президентінің №464 Жарлығымен бекітілді.

2013 жылы барлығы 173 ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленіп ПМК-не енгізілді, оның ішінде: 124 – бекітілді, 44 – ПМК қарауында, 5 – қайта жөндеуге қайтарылды. Сонымен қатар, 2013 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрінің 94 бұйрығы бекітіліп, ҚР ӘМ-де тіркелді.


1.1.1 - міндет: Автожол саласында инфрақұрылымды дамыту деңгейін арттыру

Ағымдағы жағдай:

2013 жылы республикалық бюджеттен трансферттер есебінен жалпы пайдаланымдағы автожолдарды дамытуға 268 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бөлінген қаржының есебінен 5,2 мың км астам, соның ішінде республикалық желідегі 3 мың км, жергілікті желідегі 2,2 мың км автожолды жөндеу жұмыстары қамтылды.

Орталық-Оңтүстік, Оңтүстік – Батыс жаңа дәліздер салу бойынша жұмыстар басталды.

Орталық-Оңтүстік бағыты бойынша 2013 жылы «Астана-Теміртау» - 22 км және «Алматы-Қапшағай» - 51 км жұмыстармен қамтылды. 12,4 млрд теңге игерілді.

Оңтүстік – Батыс бағыты бойынша 2013 жылы «Астана-Павлодар» - 61 км және «Семей-Қалбатау» - 129 км жұмыстармен қамтылды. 13,8 млрд. теңге игерілді.

Құрылыс және реконструкциялау басқа объектілері бойынша Көкшетау-Петропавл, Орал-Ақтөбе, Омбы-Майқапшағай, Бейнеу-Ақтау, Астана-Қостанай, Алматы-Қапшағай-Талдықорған, Астана-Павлодар және Таскескен-Бахты автомобильді жолдар учаскелерінде жұмыстар жалғастырылды.

Ұзақтығы 39 км Ақтөбе қ. Солтүстік айналма жолы және ұзақтығы 26 км «Көкшетау-Петропавл» автомобильді жолдар учаскелері эксплуатацияға берілді.

Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен республикалық маңызы бар 1 165 км жол қамтылды.

2013 жылы орындалды:

- қайта жаңарту бойынша: 22,3 млн. м3 жер жұмыстары, негізді салу- 769 км, жоғарғы кеуекті а/б – 299 км, төсемнің жоғарғы қабаты- 727км және цемент-бетоннын жасалған төсем- 294км;

- күрделі жөндеу бойынша: а/б төсемнің 58 км жоғарғы қабаты;

- орташа жөндеу бойынша: 536 мың м2 шұңқырлы жөндеу, 1107 км тегістеу қабаты, 1107 км кедір-бұдыр негізді өндеу.


«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің ұзақтығы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 2 787 км құрайды, соның ішінде қайта жаңартуға 2 452 км жатады (I санатқа 1 391 км. ҚХР шекарасынан Қызылорда қаласына дейін және II санатқа - 1 061 км Қызылорда қаласынан РФ шекарасына дейін). Жобаның құны 825 млрд. теңге. 2013 жылы 124,4 млрд. теңге қаражат игерілді.

Толық ауқымды жұмыстар 2009 жылы басталып, 2011 жылы Қарабұтақ қаласынан Қызылорда облысына дейінгі 215 км пайдалануға берілді. Ал, 2012 жылы ұзақтығы 700 км аралықта жол қозғалысы ашылды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде (Ақтөбе облысында – 140 км, Қызылорда облысында – 260 км, Оңтүстік Қазақстан облысында – 224 км, Жамбыл облысында – 188 км) ұзындығы 812 км жаңа жамылғымен қозғалыс ашылды.

Қазіргі уақытта қайта жаңарту жұмыстары 1 552 км жүргізілуде, оған 35 мың адам, 18 бас мердігер тартылды, 4,5 мың бірлік техника, 30 асфальт-бетон зауыты, 28 цемент-бетон зауыты және 34 ұнтақтағыш қондырғылары жұмылдырылды.

Сонымен қатар, ұзақтығы 384 км «Алматы-Қорғас» және «Шымкент-Жамбыл обл. шек.» учаскелерінде мердігерлер анықталды және жұмыстар басталды.

Ал, ұзақтығы 100 км «Ташкент - Шымкент» учаскесі бойынша тендерлік рәсімдер жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2014 жылдың басында басталады.

Жобаны толық аяқтау 2015 жылға жоспарлануда.



1.1.2 - міндет: Теміржол саласында инфрақұрылымды дамыту деңгейін арттыру

Ағымдағы жағдай:

Темір жол тасымалдау

2013 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңіне жүк айналымы 231,2 млрд.ткм (98%) құрады, 2012 жылдың аналогиялық кезеңмен салыстырғанда 2% төмендеді. 293,6 млн.тонн жүк тиелді (99,6%), 2012 жылдың аналогиялық кезеңмен салыстырғанда 0,4% төмендеді.

Өткен жылмен салыстырғанда экспорттық, транзиттік және республика ішінде тасымалдаулардың азаюына байланысты жүктерді тасымалдау көлемі төмендеді. Оның құдырауына қара металлдің және бидайдің тасымалдауының төмендеуі әкеліп соқты. Негiзгi себеп кәсіпорындардың өнiмдiлiгiн құдырауы, шикiзатқа сұраныстың жоқтығы және бидай өнімділігінің төмендеуі болып табылады.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңіне жолаушылар айналымы 19,1 млрд.жкм (103,2 %) құрады, 2012 жылдың аналогиялық кезеңмен салыстырғанда 3,2 % өсті. 24,7 млн. жолаушылар тасымалданды (105,5 %), 2012 жылдың аналогиялық кезеңмен салыстырғанда 5,5 % өсті.

Қазіргі уақытта темір жол желісі Жезқазған - Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл құрылыс жалғастырады, общей протяженностью 1250 км.

Бұл ретте жобалар бойынша жер төсемін төгу және жолдың үстіңгі құрылысын төсеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ электржабдықтау желілерін орнату, карьерлерді және олардың резервтерін қалпына келтіру, жолдарды балластау бойынша жұмыстар жүргізілуде.



«Жезқазған - Бейнеу» темір жол желісінің құрылысы

Темір жол желісінің жалпы қашықтығы 1036 км.

Жүзеге асыру кезеңі – 2012 – 2016 жылдар.

Қазіргі кезде жұмыстарға 1220 бірлік техника, 1902 адам жұмылдырылған және 2013 жылғы 12 айда 199,192 млрд.тенге қаржыландырылды.



«Арқалық – Шұбаркөл» темір жол желілерінің құрылысы

Темір жол желісінің жалпы қашықтығы – 214 км.

Жүзеге асыру кезеңі – 2012 – 2015 жылдар.

Қазіргі кезде жұмыстарға 130 бірлік техника, 79 адам жұмылдырылған және 2013 жылғы 12 айда 44,7 млрд.тенге қаржыландырылды.


Теміржол тасымалы

«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалын субсидиялау» 009 бағдарламасы бойынша 2013 жылға республикалық бюджеттен 25,5 млрд. теңге бөлінген. Жыл қорытындысы бойынша бөлінген қаражат толығымен игерілген.

Маршруттар желісін дамыту және халыққа ыңғайлылықты күшейту мақсатында «Алматы - Атырау», «Астана - Атырау» «Астана – Семей» маршруттары бойынша 2013 жылы үш жаңа «Тулпар-Тальго» жедел поездары іске қосылды.

Осы поездардың қозғалыс уақыты бұрын қатынаған поездармен салыстырғанда екі есеге жуық қысқартылған.

Бұдан басқа, а.ж. 1 қаңтардан бастап «Астана – Орал» және «Павлодар – Қарағанды» маршруты бойынша және «а.ж. 1 желтоқсаннан бастап «Алматы-Алтынкөл» маршруты бойынша жаңа поездар қатынасын бастады.

Вокзалдарды жаңа Стандартқа сәйкестендіру шеңберінде осы жылы 80 вокзал ғимаратына күрделі жөндек жұмысы жүргізілуде. Жөндеудің аяқталу мерзімі – а.ж. желтоқсаны.

Билеттерді электронды сатуды дамыту бойынша, а.ж. 11 ай ішінде 2 283 664 электрондық билет сатылған, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегіден 2,5 есе артық.
Жылжымалы құрам паркін жаңарту

2013 жылғы 12 айда 1704 жүк вагоны, 237 бірлік жолаушылар вагоны және 97 бірлік тарту құрамы сатып алынған.


Теміржол машинажасау

Қазақстанда 2013 жылда 75 локомотив, 160 жолаушы вагондары және 1550 жүк вагондары шығарылды.


1.1.3-міндет: Азаматтық авиация саласында инфрақұрылымды дамыту деңгейін арттыру

Ағымдағы жағдай:

2013 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 4,9 млн. жолаушыны тасымалдады (болжамды деректер), өсім 11% құрады. 2013 жылы республика әуежайлары 9,7 млн. адамға қызмет көрсетті (болжамды деректер), өсім 11% құрады.

Ағымдағы жылы Тараз қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын және № 2 рульдеу жолағын қайта жаңарту аяқталды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласы әуежайының жолаушылар терминалы және ұшу-қону жолағы пайдалануға енгізілді.

Қазіргі уақытта Талдықорған қаласының әуежайында «Талдықорған әуеайлағының ұшу алаңының элементтерін күрделі жөндеу» жобасы іске асырылуда, әкімшісі ҚР Қорғаныс министрлігі болып табылады. Жобаның аяқталуы – 2014 жыл. 2014-2015 жж. Петропавл, Орал қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтарына, жолаушылар терминалдарына қайта жаңарту жүргізу жоспарланып отыр.



«Әуе кемелерінің паркін жаңарту».

2013 жылы «Эйр Астана» АҚ авиакомпаниясының әуе кемелерінің паркі - 29 бір., «СКАТ» АҚ – 23 бір. құрады, соның ішінде 2013 жылы «Эйр Астана» АҚ дайындаушы зауыттан 2 Боинг 767, 3 Эйрбас 320, 2 Эбрайер 190, «СКАТ» АҚ – 4 бір., «Бек Эйр» АҚ – 2 бір. әуе кемелерін сатып алды.


«Халықаралық авиатасымалдар».

Қазіргі уақытта қазақстандық авиатасымалдаушылар 18 шетелдік мемлекетке ұшуды орындайды. Қазақстанға тұрақты жолаушы ұшуларын 25 шетелдік авиакомпания 19 таяу және алыс шет елдерден жүзеге асырады. Бүгінгі күні Қазақстан әуе қатынасы туралы 36 үкіметаралық келісім жасасты. 2013 жылы 15 халықаралық тұрақты маршрут ашылды: Алматы-Хошимин, Алматы-Паттайя, Алматы-Шарджа, Алматы-Киев, Астана-Киев, Астана-Орынбор, Астана-Бішкек, Астана-Лондон, Астана-Шарджа, Астана-Паттайя, Астана-Бангкок, Ақтау-Симферополь, Ақтау-Волгоград, Атырау-Мәскеу, Өскемен-Мәскеу. Қазіргі уақытта халықаралық қатынастар саны 79 авиамаршрутты құрайды.

Қазақстан Республикасы үшін тағайындалған пункттер – Стамбул, Анталья, Анкара, жаңа пункттер Измир және Бодрум ққ. қосылды, Түрік Республикасы үшін – қолданыстағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларына Қарағанды және Қызылорда ққ. қосылды.

Анықтама:

мемлекеттер арасында рұқсат етілген тұрақты рейстер саны 50%-ға өсті, мысалы, қазіргі уақытта екі тараптың авиакомпаниялары аптасына 42 әуе рейстерін орындауға мүмкіндігі бар, соның ішінде Алматы-Стамбул қалалары арасында аптасына 26 рейске дейін, Астана-Стамбул – 10 рейске дейін.
«Ішкі авиатасымалдар»

Ішкі әуе қатынастары саласында 46 маршрут бойынша тұрақты ұшу жүзеге асырылады. Ішкі маршруттарды 5 тұрақты авиакомпания орындайды («Эйр Астана» АҚ, «СКАТ» АҚ, «Bek Air» АҚ, «Жетісу» АҚ, «Жезқазған» АҚ). 2013 жылы екі ішкі тұрақты маршрут ашылды (Алматы-Үржар, Көкшетау-Шымкент). Алматы-Астана және Алматы-Атырау маршруттарында тұрақты рейстерді 3 авиакомпания, 14 маршрутта – 2 авиакомпания, қалған 30 маршруттарда - 1 авиакомпания орындайды. Бәсекелес маршруттарда тариф деңгейі 30% дейін төмендеді.


«Ішкі авиамаршруттарды субсидиялау»

2013 жылы республикалық бюджеттен келесі 10 ішкі әлеуметтік-маңызды рейс 1 млрд. 513 млн. 585 мың теңге сомаға субсидияланды: Астанадан Жезқазған, Павлодар, Петропавл және Семейге, Алматыдан Петропавл, Көкшетау және Үржарға, Қарағандыдан Өскемен және Қызылордаға, сондай-ақ Көкшетаудан Шымкентке. Субсидияланған рейстерде тасымалданған жолаушылар саны 96 946 адамды құрайды. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап екі авиамаршрут Астана-Семей, Астана-Павлодар коммерциялық негізге ауыстырылды.


«Ұшу тұрақтылығы»

2013 жылы республика әуежайлары 52 188 тұрақты рейс және кешігумен - 7 386 орындады. Тұрақтылық – 85,9% құрады. Бұл ретте, 2012 жылы авиакомпаниялар 46 178 рейс орындаса, соның ішінде кешіккен рейс саны – 6 522. Ұшу тұрақтылығы 85,9% құрады. Талдау орындалған рейстер саны 6 010 рейске өскенін көрсетеді, тұрақтылық бұрынғы деңгейде қалды.


Анықтама: Азаматтық авиация саласы «Көлік туралы», «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» және 100-ден астам заңға қосымша нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Ұлттық заңнаманың және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұйымдық құрылымы мен процедураларының ИКАО талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында азаматтық авиация саласындағы заңнамаға сараптама жүргізілді, нәтижесі бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына 80 түзету, соның ішінде 69 түзету «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР қолданыстағы Заңына, басқа қосымша заңдарға, соның ішінде Салық кодексінің азаматтық авиация саласында сертификаттау үшін алым төлемі бөлігі бойынша. Заң шеңберінде 30 нормативтік құқықтық акт әзірленді және қабылданды, соның ішінде: 18 қаулы, 12 бұйрық.

2015 жылы 2 заңды әзірлеу жоспарлануда: «Азаматтық авиация туралы» және «ҚР әуе кеңістігін пайдалану туралы».


«ИКАО ескертулерін жою»

Министрлік ИКАО ескертулерін жою және жағдайды жақсарту үшін мынадай шаралар қабылдады:



  1. 2012 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде ИКАО ұсынымдарына сәйкес «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» қолданыстағы Заңға 80 түзету енгізді, соның ішінде 69 түзету ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды күшейтуге қатысты.

  2. Азаматтық авиация комитетінің ұйымдық құрылымы ИКАО ұсыныстарына сәйкес келтірілді (құрылымы ИКАО қосымшалары және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенция талаптарына жауап береді).

Анықтама: Штат саны 2010 жылғы 51 адамнан 2013 жылы 65 адамға дейін өсті, соның ішінде 40 қызметкер профильдік авиациялық білімі мен жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік инспекторлар болып табылады. 2013 жылғы желтоқсанда ИКАО бағдарламасы бойынша мемлекеттік инспекторларды оқыту басталды. Қазіргі уақытта ИКАО техникалық ынтымақтастық бюросының мамандары OJT оқыту жүргізуде. 2014 жылғы наурызда бүкіл инспекторлық құрам ұшу қауіпсіздігін тұрақты қадағалау бойынша жұмыс үшін қажетті дайындық рәсімдерін (оқу, жаттығу және дербес инспекторлық жұмысқа рұқсат) өтеді деп күтілуде.

  1. Барлық авиакомпанияларды қайта сертификаттау жүргізілді,

авиакомпания саны 2009 жылғы 70-тен 2013 жылы 48-ге дейін қысқартылды (соның ішінде 23 пайдаланушы, 24 авиациялық жұмыстар). Қайта сертификаттау нәтижелері бойынша 6 пайдаланушы сертификаты және 1 авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік (ДЕТА, МЕГА, Евро-Азия Интернейшенл, САМАЛ, Семейавиа, Азия Континетал Эйрлайнс) кері қайтарылды.

  1. Әуе кемелері бойынша батыс өндірісі әуе кемесінің үлгісі 2009

жылғы 23-тен 2013 жылы 76-ға дейін ұлғайды, кеңес, Ресей өндірісінің ұшақтарын пайдалану 2009 жылғы 537-ден 2013 жылы 297-ге дейін қысқартылды. АН-2 108 әуе кемесін пайдалану ИКАО талаптарына сәйкес келтіргенге дейін тоқтатылды.

  1. 2015 жылдан бастап тұрақты жолаушы тасымалдарын жүзеге

асыратын компаниялар IOSA аудитін өту бойынша талап заңды

түрде енгізілді. Эйр Астана авиакомпаниясы осы аудитті сәтті өтуде, басқа авиатасымалдаушылар IOSA сертификатын алу бойынша дайындық жұмыстарын бастады.



  1. Атқарылған жұмыс нәтижелері туралы Еуропалық

комиссияның ұшу қауіпсіздігі комитеті және ИКАО тұрақты негізде хабардар етіледі. 2014 жылғы ақпанда ИКАО-ның Париж бюросында есеп беру жоспарланып отыр, нәтижелері бойынша ИКАО валидациялық миссиясын өткізу күні белгіленеді, шамамен алғанда ағымдағы жылғы сәуірде өтеді.

ИКАО валидациялық миссиясын өту нәтижелері бойынша ұшу

қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін авиакомпаниялардың Еуропалық Одаққа ұшуына шектеулерді алып тастау мақсатында ЕК ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысына қатысуды жоспарлайды. Осы жұмысты 2014 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Проблемалық мәселелер.

Азаматтық авиация саласының негізгі проблемалық мәселелеріне мыналарды жатқызуға болады:



  • әуежайлардың жердегі инфрақұрылымының нашар техникалық жабдықталуы және тозуы (50%);

  • ҚР азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларының әуе кемелерінің ескірген паркі;

  • қолданыстағы жергілікті әуе желісі әуеайлақтарының шамалы саны, 3 әуеайлақ жарамдылық сертификатына ие: Үржар, Зайсан және Балқаш;

  • әуеайлақтардың күрделі метеожағдайларда пайдалануды қамтамасыз ететін қонуға дәл бет алу жүйелерімен және визуалды құралдармен дұрыс жарақталмауы;

  • Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Семей және Орал ққ. әуежайларының арнайы техникасының, жарық беру сигналы және электрмен қамтамасыз етілу және коммуникация жабдықтарының елеулі тозығы;

  • авиакөлік инфрақұрылымының жердегі техникамен, жүк қоймаларымен және терминалдармен қажетті деңгейде жарақталмауы;

  • инспекторлардың жеткіліксіз саны.


2014 жылға жоспар:

  1. ИКАО аудитінің ескертулерін жою бойынша жұмысты жалғастыру;

  2. «Азаматтық авиация туралы» ҚР Заңын және «ҚР әуе кеңістігін пайдалану туралы» ҚР Заңын әзірлеумен Еуропалық қағидаларды (ЕASA) енгізу арқылы одан әрі жетілдіру;

  3. Петропавл және Орал қалаларының ұшу-қону жолақтарына қайта жаңарту жүргізу;

  4. Әуе кемелерінің паркін жаңарту;

  5. Халықаралық әуе қатынастарының санын ұлғайту.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша:

  1. «Астана қаласының одан әрі тұрақты дамуы бойынша шаралар туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі №01-7.2 хаттамасы

3.11 – тармақ «ККМ авиарейстердің кешігуін қысқарту, әуежайлардағы тұрақ орындары мен кіре беріс жолдары мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдау» (тапсырма К.Қ. Мәсімовтің 2013 жылғы 14 мамырдағы №525-ПАБ-10 қарарына сәйкес бақылаудан алынды)

1. Рейстердің кешігу себебіне күнделікті мониторинг іске асырылады.

2. Авиакәсіпорындарда ұшу тұрақтылығының жай-күйіне ай сайынғы талдау жүргізіледі және Қазақстанның авиакомпаниялары мен әуежайларының ұшу тұрақтылығының жай-күйі туралы рейтинг БАҚ-та тұрақты түрде жарияланады

1. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына сәйкес азаматтық авиация ұйымдарына ҚР «Әуе кеңістігін пайдалану туралы» заңында көзделген жолаушыларға рейстер кешіккен кезде сервистік қызметтерін көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделген.




  1. «Оңтүстік өңірлерді дамыту мәселелері туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы №01-7.3 хаттамасы

17-тармақ «Облыс орталықтары әуежайларын сапа және қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау»

Бүгінгі күні «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ (Қарағанды қ.) ISAGO аудитінен ойдағыдай өтті. Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Павлодар, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларының әуежайлары ISAGO аудитінен өтуге (өткізу мерзімі 2014-2015 жылдар) өтінім берді. Көкшетау қ. әуежайының қайта жаңартуы аяқталғанына байланысты 2014 жыл ішінде ISAGO аудитінен өтуге өтінім беруді жоспарлады.

Талдықорған, Орал және Семей қалаларының әуежайларын қайта жаңарту жүргізгеннен кейін аудиттен өтуді жоспарлауда.

19-тармақ «ККМ Тараз қаласы әуежайының ұшу-қону жолағына қайта жаңарту жүргізу бойынша ұсыныстар енгізу» (нақты ақпарат Азаматтық авиация инфрақұрылымын дамыту деңгейін арттыру деген 1.1.3. тапсырмасында жазылған).

2014 жылғы мамырда Тараз қ. аэровокзалын қайта жаңарту бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлауда.



25-тармақ «ИЖТМ, ККМ әуежай құрылысы және «Хоргос– Шығыс қақпасы» СЭА жанасқан аумағындағы сервистік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар енгізу»

ТЭН нәтижесі бойынша экономикалық орынды еместігінен СЭА әуежай салу көзделмеген (осы тармақтар олардың қайталануына байланысты бақылаудан алынған) (ҚР АӘ 2013 жылғы 11 ақпандағы № 01-30.12-2 қарары: 2012 жылғы 18 желтоқсандағы №449 Жарлығымен бекітілген ЖҰЖ 11-тармағы шеңберінде жұмысты жалғастыру)




  1. «Астана қаласын одан әрі тұрақты дамыту бойынша шаралар туралы» 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 01-7.6.

1.2.8-тармақ «ККМ, ЭБЖМ, Астана қ. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ автовокзалдар құрылысы, әуежайларды жаңғырту, сондай-ақ қоғамдық көлікті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу»

Астана қаласы әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңартуға ТЭН әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде (жауап жобасы ҚР АӘ 2013 жылғы 12 шілдедегі №03-14/Д-4471/24//11-5/04-98//01-7.6(ХТ) (п.2.8)-И енгізілді) (жинақтау Астана қ. әкімдігіне 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 11-8/04-98(2.8) қарарына сәйкес белгіленген).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет