Формат (содержание) справки об итогах деятельности за 2008 год



жүктеу 418.89 Kb.
бет2/3
Дата09.09.2017
өлшемі418.89 Kb.
1   2   3

«ҚР индустриалдық – инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі дамыту туралы және оны екінші бесжылдыққа даярлығы» 2013 жылғы 4 мамырдағы № 01-7.8 хаттамасы

1.14 –тармағы «Үкімет 2013 жылғы 1 шілдеге дейін АӘ өңіраралық ұлттық авиакомпанияны құру бойынша ұсыныс енгізу» (ҚР АӘ басшысы К.Қ. Мәсімовтің 2013 жылғы 24 шілдедегі №1484-1 тапсырмасымен Келісемін. Б.Сағынтаевқа Жұмысты жалғастыру үшін – ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылды )

ПМӘ 2013 жылғы 19 желтоқсандағы №01-27/Д-1729/2//17-40/04-105п.1.14-И хат жіберілді. 2013 жылғы желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қорының басқармасы (бұдан әрі - Қор) авиакомпания құру туралы шешім қабылдады және қордың Директорлар кеңесі осы авиакомпаниянының 100% акцияларын сатып алу туралы мәселені мақұлдады. Қазіргі уақытта авиакомпанияны құру бойынша бизнес-жоспарды әзірлеуге тендер жарияланды. Сондай-ақ ҚР бәсекелестікті қорғау агаенттігімен (Монополияға қарсы агенттік) бірлесіп нарықтың жаңа субъектісін келісу бойынша жұмыс жүргізілуде.


5. ҚР АӘ 2013 жылғы 29 наурыздағы № 1479 ««Bombardier Inc» компаниясымен бірлесіп өңірлік авиакомпания құру мүмкіндігіне қатысты»

Қарарлар:

1) Н.Ә.Назарбаев қарары: 29.03.2013г. «С.Ахметовке Бұл мәселені қараңыз. Егер осындай жеке меншік жаңа компания болса дұрыс болар еді. Эйр Астанаға қандай ықпал жасамақ. К.Мәсімовке бірге қарау үшін.»;

С.Н. Ахметовтің қарары: 10.04.2013ж. «ӨДМ, ККМ (жинақтау) ЭБЖМ, «Самұрық-Қазына» Аталған ұсынысты бірлесіп, мұқият қарауды сұраймын. Мемлекет басшысының атына жолданатын хаттың обасын енгізуді сұраймын.Мерзімі – 15.04.2013ж.»;

2) Н.Ә.Назарбаев қарары: 25.07.2013г.№1479-3 Келесемін.).

Орындалуда

АӘ жауап жобасы ҚР ПМК 2013 жылғы 19 желтоқсандағы №01-27/д1135/2 жіберілді. ККМ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Bombardier Inc» корпорациясының өкілдерімен келіссөз барысында авиакомпанияны бірлескен кәсіпорынның негізінде құру нұсқалары талқыланды.



Анықтама: «Bombardier Inc» корпарациясының ұсынысы әуе кемелерін сатумен ғана шектеледі және өзге қаржы қаражаттарын бөлуді көздемейді. Өңірлік авиакомпанияны құру жобасын іске асыруда өзара тиімді шарттардың болмауына байланысты «Bombardier Inc» корпарациясымен одан әрі келіссөздер тоқтатылды. Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ Басқармасы «Самұрық Эйр» АҚ авиакомпаниясын құру туралы шешім қабылдады. Одан әуе кемелерінің әлеуетті жеткізушілерін анықтау үшін жетекші әлемдік авиақұрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ»АҚ көрсетілген авиакомпанияның тиісті бизнес-жоспарын әзірлеу үшін консалтингтік компанияны тарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Жаңа авиакомпания өңірлік желілерді одан әрі кеңейтумен облыстық және өңірлік орталықтардың байланысын қаматамасыз ете отырып, қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарына сәйкес әуе көлігінің қол жетімді өңірлік қызметтерін ұсынатын болады.



«Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау туралы» ҚР АӘ №1260-4 тапсырмасы.

Орындалуда (жауап жобасы ҚР Президентінің атына ПМӘ 2013 жылғы 15 наурыздағы №01-27/Д-1458/2-и жіберілді)

Азаматтық авиация академиясы талап ететін деңгейге шығу үшін шұғыл кадрлық, әдістемелік және техникалық қайта құру талап етіледі, ал қажетті шығындар АА Академисының кірістерімен шамаласпайды. Жекеленген авиакәсіпорындар іске асыратын кәсіби даярлық жалпы саланың жүйелік міндетін шешпей, жеке кадрлық қажеттілігін ғана қанағаттандыруға мүмкіндік береді.



  1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы қолдану мәселесі жөніндегі ҚР АӘ 2013 жылғы 30 мамырдағы № 2238 тапсырмасы (ҚР АӘ 2013 жылғы 3 шілдедегі №2238-2 Келісемін. А.Дауылбаевқа А.Жұмағалиевке, Б.Жұмағұловқа. Жұмыс үшін. Қ.Қожамжаровқа, Б.Сұлтановқа)

Орындалды (Мемлекет басшысының атына Баяндама жобасы ҚР АӘ 2013 жылғы 24 маусымдағы №01-27/Д-1687//2238-и. енгізілді) (ҚР АӘ 2013 жылғы 3 шілдедегі қарарына сәйкес жаңа мерзім белгіленген). ҚР Қауіпсіздік Кеңесіне 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 03-27/Д-1687/2//2238-2-И ақпарат жолданды.

Қазіргі уақытта ҚР азаматтық авиацияның уәкілетті органына техникалық және консультативтік көмек көрсететін ИКАО Техникалық ынтымақтастық бюросының сарапшылары ҚР ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге соңғы жауапты бола алмайтын қосымша бақылаушы және қосарланатын мемлекеттік органды құруды ұсынбайды.


1.1.4 - міндет: Су көлігі саласында инфрақұрылымды дамыту деңгейін арттыру

Ағымдағы жағдай:

2013 жылғы 12 айға Ақтау порты арқылы ауыстырып тиеу көлемі 10 080 мың. тонна, немесе өткен жылдың ұқсас кезеңнің көрсеткіші 92 % (11 006 мың. тонна) құрады, оның ішінде 6 283 мың. тонна мұнай немесе 2012 жылғы көрсеткіштен 89 % (7 072 мың. тонна), құрғақ жүк 3 797 мың. тонна немесе 97 % 2012 жылғы көрсеткіштен (3 934 мың. тонна), оның ішінде паромдық тасымалдар 1 978 мың. тонна немесе 107 % өткен жылдың ұқсас кезеңнің көрсеткіші (1 540 мың. тонна).



Ақтау порты арқылы өтетін көрсетілген көлемнің 53 % «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС үлесі. 2013 жылы компаниямен 9 068 мың тонна жүк тасымалданды (мұнай - 8 878 мың тонна, құрғаз жүк – 190 мың тонна).
Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту

Қазіргі уақытта теңіз түбін тереңдету жұмыстары жаңа айлақта жүргізілуде. 2013 жылғы 1 желтоқсан бойынша шамамен 60 мың куб. м. тереңдету жүзеге асырылды.

Үш құрғақ жүк терминалының құрылысы бойынша жобаның ТЭН түзетілді, құны шамамен 23 млрд. тенге құрайды. Қазіргі уақытта жобаның іске асыру механизмінің сұрағы ықтимал инвесторлармен бірігіп талқыланып жатыр.
Теңіз сауда флотының дамуы

2 аралас жүзу құрғақ жүк кемесі сатып алынды (қаржыландыру көлемі – шамамен 2,2 млрд. теңге). 2 әмбебап паромның құрылысының ТЭН-сі бекітілді (іске асыру құны – 12 млрд. теңге).


Теңіз көлігі мамандарын даярлау

Теңізшілерді дайындау және дипломдау және кеме күзетін алып жүру туралы Халықаралық конвенцияны іске асыру шегінде қолданыстағы қазақстандық заңдылыққа талдау жүргізілді. Түзетулер жинағы жасалынды және ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарына жіберілді. Депутаттармен ұсынысқа бастамашылық етілген «Халықаралық теңіз ұйымына тексеру жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы қазіргі уақытта ғылыми-құқықтық және ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға жіберілген. Сондай-ақ, Заң жобасы қызметтері мәселелері бойынша халықаралық комиссия және Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына мемлекеттік шығындарды ұлғайту бөлігінде алдын-ала қаржы-экономикалық есептесулер енгізілді.


Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта кемелерді тану және ізіне түсу жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр (КТАҚ). КТАҚ жүйесіне қазақстандық тумен жүзіп жүрген кемелерді қосу бойынша қызмет көрсету үшін Ресей Федерациясы және Әзірбайжан Республикаларының халықаралық дата орталықтарының авторластырылған сервиз провайдерлерді анықтау бойынша екі нұсқа қарастырылуда.

Қазіргі уақытта КТАҚ жүйесінде Әзірбайжанда «Орал» танкер қондырғысына тестілеу жүргізілуде.
Су көлігінің инфрақұрылымын салу және қайта жаңарту.

020 «Су көлігі инфрақұрылымын салу және қайта жөндеу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде:



1) Өскемен және Бұқтырма шлюздерінің құрылғылары мен жабдықтарын қайта жөндеу және жаңғырту бойынша жобалар аяөталды.

Іске асыру мерзімі – 2009-2013 жылдар.

Жобалардың жалпы құны – 1 323,4 млн. теңге.

2009-2012 жылдары игерілді – 1 202,4 млн. теңге.

2013 жылы жобаларды аяқтау үшін 121,0 млн. теңге бөлінді, 100 % игерілді. Объектілерді қабылдау және қолданысқа енгізу бойынша қабылдау комиссиялар актілеріне 2013 жылдың 25 желтоқсанда қол қойылды.

Шлюздердің бетондық құрылысын қалпына келтіру, қақпалардың метал құрамын тозудан сақтау, бағытталған жүзбелі ауыстыру жөніндегі іс – шаралар іске асырылды;



2) Шүлбі шлюзінің қорғаныс кеме қатынасы гидротехникалық құрылысын салу бойынша жобасы іске асырылуда.

Іске асыру мерзімі – 2012-2014 жылдар.

Жобаның жалпы құны – 1 224,0 млн. теңге.

2012 жылы игерілді – 44,8 млн. теңге

2013 жылы объекті құрылысы бойынша іс-шараларды іске асыруға
402,3 млн. теңге бөлінді, 100 % игерілді.

Уақытша үйілген бөгет жасау бойынша жұмыстар жүргізілді, жоғарғы кіру каналын кептіру жұмыстары аяқталды. Кірмежолдарын салу, жоғарғы кіру каналының суын төмендету (насостарды қондыру), мердігерлермен метал құрылысын (Деррик-кран, жүзбелу пала, шандорлық қоршау) шарттар жасау бойынша жұмыстар атқарылды.



Су жолдарының кеме қатынасы жай-күйін қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау.

2012 жылы су жолдарын кеме қатынасы жағдайында болуын қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 5 121 016 мың теңге бөлінді, 100 % игерілді.

Ұзақтығы 4 040,5 км (792 247 км/тәулік) учаскелерде 4 046 навигациялық белгілерді күту, 2 185 мың текше м түбін тереңдету, 55 мың текше м түзету жұмыстары, 10 700 тонна түбін тазарту жұмыстары, 575 км арналық жобалық іздестіру жұмыстары, шлюздерді, флотты және навигациялық жабдықты жөндеу және ұстау жұмыстары орындалды, 6 бірлік техникалық флот кемесі сатып алынды (1 бірлік жабдық, 2 бірлік түбін тереңдету және 3 бірлік қосалқы флот), 2 қосалқы техникалық флот құрылысы жалғастырылды және 3 бірлік жабдық флотының кезеңдік құрылысы басталды.
1.1.5 - міндет: Автокөлік саласында инфрақұрылымды дамыту деңгейін арттыру

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 4 млн. 66 мың бірлік автокөлік тіркелген, оның ішінде 3 млн. 554 мыңы жеңіл, 414 мыңы жүк пен арнайы автомобильдер және 99 мыңы автобустар.

2013 жылдың 12 айында 2,9 млрд. тонна жүк және 19,9 млрд. жолаушылар тасымалданып, өсімі сәйкесінше 109,7 % және 108,2 % болды.

Жергілікті атқарушы органдармен автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтерін, сондай-ақ жолаушыларды автобус және таксимен тасымалдарын ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №617-од бекітілген бұйрығы бойынша 2014 жылдың басында күшіне енетін ұлттық стандарттарға сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Электрондық диспетчерлендіруді және билеттерді сатуды дамыту мақсатында автобустарды навигациялық жүйе құралдарымен жабдықтау және автокөлікте жол жүру билеттерін сату бойынша заңды деңгейде нормалар қарастырылған.

Қалалық маршруттардың электрондық диспетчерлендіру Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында енгізілді.

2013 жылғы желтоқсан айында қалааралық және халықаралық жолаушылар маршруттарында электрондық диспетчерлендіру пилоттық режимде енгізілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта аймақтық деңгейде Астана, Павлодар, Өскемен, және Қарағанды қалаларында электрондық билеттендіру жүзеге асырылады. Басқа аймақтардың автовокзалдарында электрондық билеттендіруді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасымен халықаралық автомобиль тасымалдары саласында 40 екіжақты келісімдерге қол қойылған. Осымен, БӘА, Иран, Дания, Әзербайжан, Португалия, Сербия, Босния және Герцеговинамен халықаралық автотасымалдар саласында келісімдер жасасу, Беларусь, Қытай және Қырғызстанмен қолданыстағы келісімдерге өзгерістер енгізу және Норвегия мен Австриямен келісімдер ратификациясы бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар халықаралық автомобиль тасымалына қолайлы жағдай жасау бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекет үкіметтер арасындағы келісімнің мәтіні түпкілікті келісіліп, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

2013 жылдың 4 шілде айында «Көлік мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының №132-V заңы қабылданды.

Көрсетілген заңға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағы бойынша халықаралық автокөлік құралдарының жүру жағдайы өзгертілген және қазақстандық көлік заңнамасын сақтамағаны үшін айыппұл санкциясы жоғарылатылды. Сонымен қатар Беларусь Республикасында қабылданған Декретке ұқсас ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Осы капиталды қалыптастыру үшін құрылтайшылық құжаттарды тағайындалған мерзімдер шеңберінде жарғылық капиталға құрылтайшының салымы түрінде үшінші елдерден әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктерді беру қағидасын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы Қағиданың қабылдануымен отандық тасымалдаушылар жарғылық капиталға құрылтайшының салымы ретінде нольдік кедендік ставкамен автокөлік құралдарын енгізе алады.

Жергілікті атқарушы органдармен автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтерін, сондай-ақ жолаушыларды автобус және таксимен тасымалдарын ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №617-од бекітілген бұйрығы бойынша 2014 жылдың басында күшіне енетін ұлттық стандарттарға сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Электрондық диспетчерлендіруді және билеттерді сатуды дамыту мақсатында автобустарды навигациялық жүйе құралдарымен жабдықтау және автокөлікте жол жүру билеттерін сату бойынша заңды деңгейде нормалар қарастырылған.

Қалалық маршруттардың электрондық диспетчерлендіру Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында енгізілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін қалааралық және халықаралық жолаушылар маршруттарында электрондық диспетчерлендіру енгізіледі.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта аймақтық деңгейде Астана, Павлодар, Өскемен, және Қарағанды қалаларында электрондық билеттендіру жүзеге асырылады. Басқа аймақтардың автовокзалдарында электрондық билеттендіруді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2013 жылдың басынан бастап халықаралық автомобиль тасымалы сұрақтары бойынша шетел мемлекеттерімен 13 бірлескен комиссия отырыстары өткізілді.

Бірлескен комиссия отырыстары барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті және проблемалық сұрақтары, 2013 жылға қосымша рұқсаттармен алмасу және 2014 жылға рұқсаттармен алмасу квотасы белгіленді.

Осыған қоса, автомобиль көлігімен халықаралық тасымал нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, осының нәтижесінде қазақстандық тасымалдаушылардың қатысуы 37% жеткізілді және 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% өсті.

II. Стратегия бағыт: ҚР транзиттік-көліктік потенциалын арттыру.

2.1 – мақсат: ҚР территориясы арқылы транзиттік тасымалы көлемін ұлғайту.

2.1.1 - міндет: ҚР көліктік кешенінің халықаралық көліктік желіге ықпалдау дәрежесін көтеру.

Ағымдағы жағдай:

2013 жылдың 9 айында Қазақстан территориясы арқылы тасымалданған транзиттік жүктің көлемі 12,7 млн. тонна құрады. Транзиттен түскен табыс 113,2 млрд. теңге құрады.

Қазақстан территориясы арқылы өтетін негізгі транзиттік жүктің қалыптасуы Ресейде (41%), Өзбекстанда (16%), ҚХР (14%) және Украинада (5%) іске асырылады, транзиттік жүкті қалыптастыруда басқа елдердің үлесі 3%-дан кем емес және жиынтықта 24%-дан аспайды

Транзиттік жүктердің бағыты Өзбекстан (29,0%), Тәжікстан (15,4%), Қырғызстан (14,1%), Ресей (14,0%), Ауғанстан (7,6%), Түркменстан (6,2%), Қытай (4,8%) елдеріне жүзеге асырылады. Басқа елдердің үлесі 14% құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстанға шектес елдер арасында сауда операцияларының көлемі 1,5 есе өседі және 2020 жылға 1 трлн. Долларға жетеді деп күтіледі. Мысалы, 2020 жылға Қытай – Еуропа қатынасында жүк тасымалының потенциалы 430 млн. тоннаға бағаланады. Қазақстанның міндеті жүк ағымының жалпы көлемінен 3-4 % тарту.

Осымен байланысты жаңа көліктік бағдарын қалыптастыруға үлкен үміт артылып отыр. Осылайша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» 6 халықаралық автомобиль дәлізі мен «Бейнеу-Жезқазған» және «Арқалық-Шубаркөл» теміржол желілерінің құрылысын аяқтау Шығыстағы Хоргос және Батыстағы Ақтау портындағы Қазақстанның қақпаларын қосылуын қамтамасыз етеді. Ал «Жетіген-Коргас» (Қытайға өту 2 пункт) және «Үзен – Түркменстан мемлекеттік шекарасы» теміржол желілерін пайдалануға тапсыру Таяу Шығыс пен Еуропа бағытында қысқа мерзімде жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.

Контейнерлік және астық терминалдарын құрылысымен және ТРАСЕКА (Азия-Кавказ-Еуропа) бағдары бойынша SILK WIND (Жібек жел) контейнерлік блок-поездін іске қосу бойынша жобаны жүзеге асырумен Ақтау халықаралық портын солтүстік бағытта кеңейту бойынша жұмыстары Қытай-Турция, Шығыс Еуропа арасында транзиттік жүк ағымын ұлғайтуға бағытталған.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру және тиімді географиялық орналасуы жақын келешекте ҚР қуатты көліктік-логистикалық хаб және Еуразиялық кеңістікте транзиттік мемлекет болуға мүмкіндік береді. Болжам бойынша 2020 жылға шамамен 300 млрд. теңге табысымен, 35,7 млн.тонна жүк транзитін қамтамасыз етеді.

2014 жылға жоспар:


  1. «LPI» рейтингінде Қазақстан позициясын жақсарту бойынша жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру;

  2. ҚР Үкіметі жанында логистикалық жүйені дамыту бойынша ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

  3. «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» кешендік жоспары жобасын жүзеге асыру;

  4. «Хоргос» Халықаралық шекаралас ынтымақтастық орталығы және «Хоргос – Щығыс қақпа» АЭА мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

  5. «Silk Wind» жобасының шеңберімен қоса, «ТРАСЕКА» халықаралық көліктік дәлізін дамыту бойынша «ТРАСЕКА» Ұлттық хатшылығымен өзара әрекеттесу;

  6. Инфрақұрылымды дамыту, шекараны кесіп өту, өзара сауданы, сондай-ақ, басқа да жақын және алыс шетел елдерімен сауданы кеңейтуге қажет заңнаманы үйлестіру мәселелері бойынша келісілген көліктік саясатқа бағытталған ТМД, ӘҚКҰ, ЕврАзЭО, ШЫҰ, , ЕКАКД, АКХО, ЕЭК, БҰҰ АТМЭӘ және т.б. халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

  7. Көлік бойынша ВАК, кіші комитеттердің және жұмыс топтары отырысының шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру.



III. Стратегиялық бағыт: Қызметтер, өндіріс және АКТ инфрақұрылымдарды, мультимедиалық қызметтерді көрсетуге бағытталған жаңа технологияларға негізделген инновацияларды дамыту.

3.1ақсат: Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымының дамуын қоса алғанда, ЖІӨ-дегі АКТ секторы үлесінің өсуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

3.1.1 - міндет: «АКТ саласындағы базалық қызметтерге қолжетімділік деңгейі және Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарын телефон байланысымен, Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен 100% қамтуды қамтамасыз ету».

Ағымдағы жағдай:

Қазіргі күні CDMA/EVDO, FTTН, 3G, 4G сияқты заманауи технологиялар енгізіліп жатыр. Халық саны 50 және одан көп елді мекендердің тұрғындары телефон және жылдамдығы 1 Мбит/с дейін CDMA-450/EVDO технологиясы бойынша Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерін алуда. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша орнатылған сыйымдылық 663 базалық стансаны құрады, ол телекоммуникация қызметтерімен 6 661 АЕМ (97,6%), оның ішінде 3 714 АЕМ (54%) EVDО технологиясы бойынша Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерімен қамтамасыз етеді. CDMA-450/EVDO технологиясын қолдана отырып Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерін ұсыну бойынша жобаны 2015 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.



2013 жылы Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда 141 735 порттардың сыйымдылығын қамтамасыз ететін көп пәтерлі секторды және коттеждік салуларды қамтумен FTTH талшықтық-оптикалық желілерін құру бойынша жобаның 3 кезеңі жүзеге асырылды. Пайдалануға берілген порттардың саны 2014 жылғы 1 қаңтарда 461 170 құрады.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кең жолақты Интернет желісіне FTTН технологиясы арқылы қол жеткізе алатын абонеттердің саны – 298 473 абонетті құрады (барлық қалалар мен облыс орталықтарында жобаны іске асыру 2015 жылы аяқталады).

Министрлікпен жоғарыдағы өткізіліп жатқан байланыс саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндіктер берді (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014ж. 1 қаңтардағы жедел ақпараты):

1) Тіркелген байланыс желілері абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға 26,1 немесе 4 384 400 абонент, оның ішінде ауылды жерлерде 100 тұрғынға 15,8 немесе 1 197 500 абонент;

2) Тіркелен Интернет желісіне қолжетімді абоненттер саны 1 928 700 абонентті құрап, оның ішінде тіркелген Интернет желісінің кең жолақты қолжетімділігі 1 907 300 абонентке тиесілі болды;

3) Интернет желісін пайдаланушылар тығыздығы 100 тұрғынға 71,1 немесе 11 940 300 пайдаланушылар;
2014 жылға жоспар:

CDMA/EVDO, FTTН технологиялары бойынша телекоммуникациялық инфрақұрылымды әрі қарай дамыту:



  1. CDMA/EVDO технологиясы бойынша – 2015 жылдың соңына дейін 900 базалық стансалары орнатылады;

  2. FTTH технологиясы бойынша – халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерді қамту.


3.1.2 - міндет: «Тұрғындар саны 1000 адам және одан жоғары барлық елді мекендерді ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету».

Ағымдағы жағдай:

2013 жылы халық саны 1 000 және одан көп елді мекендерді 2G ұялы байланыс қызметтерімен қамту 100% құрады.

Сонымен қатар, 2013 жылы халық саны 50 000 және одан көп барлық елді мекендер 3G желісімен қамтылды. (2015ж. – район орталықтарының және халық саны 10 000 және одан көп елді мекендердің тұрғындары қамтамасыз етіледі).

2012 жылы Астана және Алматы қалаларында 4G (LTE) желісі пайдалануға берілді.

2013 жылы 4G (LTE) желісі барлық облыс орталықтарында орнатылды, оның ішінде 6 облыс орталықтарында – Ақтау, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Өскемен, Жезқазған мен Темиртау қалалары, Астана мен Алматы қала маңында коммерциялық пайдалануға берілді. (2014 жылы халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде, 2018 жылға барлық аудан орталықтарында орнатылады. 2014 жылғы 1 қаңтарда тіркелген LTE абонеттерінің саны – 106 913).

Министрлікпен жоғарыдағы өткізіліп жатқан байланыс саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндіктер берді (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014ж. 1 қаңтардағы жедел ақпараты):

1) Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға 177 құрап, жалпы саны 29 675 600 құрады;

2) Кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға 11 499 800 құрады.


2014 жылға жоспар:

3G, 4G технологиялары бойынша телекоммуникациялық инфрақұрылымды әрі қарай дамыту:



  1. 3G технологиясы бойынша – халық саны 10 мыңнан асатын елді мекендерді қамту;

  2. 4G технологиясы бойынша – охват халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерді қамту.

Тарифтерді реттеу бойынша

2013 жылдың 1 наурызынан «Кар-тел» ЖШС ұялы байланыс қызметіне тарифтардың шекті деңгейлері орташа есеппен 17 % төмендеді.

2011 жылдан 2013 жылға дейінгі мерзімде ұялы байланыс операторларының АРРМ көрсеткіші (минуттағы орташа құны) 9,2 теңгеден 5,2 теңгеге төмендеді.

Байланыс саласындағы құзыретті органның ұялы байланыс операторларымен келісім бойынша 2010-2012 жылдары интерконнект мөлшерлемесі ҚҚС қоспағанда минутына 19,98 теңгеден 15,3 теңгеге төмендеді. Бұдан басқа, 2012 жылғы 27 қарашада ұялы байланыс операторлары арасында қабылданған Меморандумға сәйкес, жыл сайын интерконнект мөлшерлемесін 15 %-ға кезең-кезең бойынша төмендетіп отыру қарастырылды. Осыған орай, интерконнект мөлшерлемесі ҚҚС қоспағанда 15,3 теңгеден 13,02 теңгеге кеміді. 2014 жылдың 1 қаңтарынан Меморандум бойынша тағы 15 %-ға , яғни ҚҚС қоспағанда 11,1 теңгеге төмендету жоспарланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет