Француз тіліпјні бойынша



жүктеу 50.87 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі50.87 Kb.
түріБағдарламасы

Француз тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған

тест спецификациясы

(2014 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген)

Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.

Мақсаты: : Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары түлектерінің француз тілі пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес француз тілі пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.



Тақырып №

Мазмұны



Морфология. Ашық рай (жай шақтар). Осы шақ. Өткен шақ (ауыспалы). Жай өткен шақ, жай келер шақ



Морфология. Ашық рай (күрделі шақтар). Күрделі өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ. Жедел келер шақ. Жедел өткен шақ



Морфология. Етістіктің болымсыз түрі



Морфология. Ырықсыз етіс



Морфология. Етістіктің болымсыз түрі. Инфинитив



Морфология. Есімше. Осы шақ есімшесі (participle present). Өткен шақ есімшесі (participle passe)



Морфология. Көсемше (gerondif)



Морфология. Есімдіктік етістіктер



Морфология. Бұйрық рай. Бұйрық райдағы сөз тәртібі



Морфология. Шартты рай



Морфология. Қалау рай



Морфология. Сабақтас құрмалас сөйлемде шақтардың қиысуы



Морфология. Сын есімдер. Сын есім женский және мужской родтары. Сын есімдердің көпше түрлері. Сілтеу сын есімдері. Тәуелдік сын есімдер. Сұраушы сын есімдер. Сын есім шырайлары



Морфология. Артикльдер. Белгілік артикльдері. Белгісіздік артикльдері.Слитный артикль. Частичный артикль



Морфология. Сан есімдер. Есептік сан есімдер. Реттік сан есімдер



Морфология. Есімдіктер. Толықтауыш есімдіктер. Қатыстық есімдіктер. Тәуелдік есімдіктер. Сілтеу есімдіктер. Белгісіздік-жекелік "on" есімдігі. Жіктеу есімдіктері. "En","Y" адвербальдық есімдіктер. Сұраулы есімдіктер



Фонетика. (француз тілі дыбыстары мен алфавитін игеру)



Сөзжасау. Сөз құраушы элементтер. Зат есім суфикстері



Лексика._Союз____Лексика.'>Лексика. Предлогтар. Предлогтардың қолданылуы. Етістіктерді меңгеру



Лексика. Союз



Лексика. Зат есім суфикстері. Сын есім суфикстері. Үстеулер суфикстері



Лексика. Үстеу. Үстеу шырайлары



Лексика. Жалпы, арнайы, альтернативті сұрақ қою



Елтану. Франция , Қазақстан, Бельгия, Швейцария, Квебек, Канада



Мәтінмен жұмыс



Аударма__Тест_жоспары:__Морфология'>Аударма

Тест жоспары:

Морфология – 19 тест тапсырмасы

Фонетика – 1 тест тапсырмасы

Сөзжасау – 1 тест тапсырмасы

Лексика – 1 тест тапсырмасы

Елтану – 1 тест тапсырмасы

Мәтінмен жұмыс – 1 тест тапсырмасы

Аударма – 1 тест тапсырмасы

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Морфология: сөзге қатысты лингвистикалық білімдерді қолдана білу

-белгілі предлогтарды етістіктермен қолдану;

-фразалық етістіктер;

- faire + infinitif, laisser + infinitif конструкциясы;

-(c si) шартты сөйлемдер;

- төл сөз бен төлеу сөздің қолданылуы;

-етістіктің болымсыз түрі: инфинитив, осы шақ есімшесі (participle present). өткен шақ есімшесі (participle passe), көсемше (gerondif);

- белгілі предлогтарды қажет ететін етістіктердің қолданылуы;

- сын есімдердің үстеудің қызметінде қолдану.

Фонетика: орфографиялық біліктіліктер;

Лексика: сөздік қорын тексеру;

-пассивті сөздіктің құрамында 2100-2300 сөз, оның ішінде 1100 сөз белсенді меңгеруге;

-Сөзге қатысты лингвистикалық білімдерді қолдану;

-Шылауларды қолдану.



Елтану: өз елінің және оқып жатқан елдің мәдениетінің маңызды мәліметтері, географиялық, табиғи-климаттық, саяси ерекшеліктері.

Мәтінмен жұмыс: -(оқыған мәтіннің) мазмұнының меңгерілуін тексеру.

-түпнұсқа мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне отырып оқу (тақырыпты анықтау,негізгі ойды белгілеу,басты фактілерді анықтау, мәтіндегі негізгі фактілердің логикалық тізбектілігі)

-қажетті мәліметті түсініп мәтінді оқу;

-әр түрлі жанрдағы аутентивті мәтіндерді толық және нақты түсініп оқу.



Аударма: мәтінді толықтай немесе таңдау бойынша аудару (ауызша немесе жазбаша);

-мәтінге талдау жасау негізін білу;

-лексико-грамматикалық біліктілігін тексеру.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестіде 25 сұрақ.Тест нұсқаларының баламалығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.

Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.




Каталог: upload -> specifications ENT 2015 kaz
specifications ENT 2015 kaz -> Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Ағылшын тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> География пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Биология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Физика пјнінен тест спецификациасы
specifications ENT 2015 kaz -> Қазақ тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
specifications ENT 2015 kaz -> Неміс тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет