Депутат Арман Қалықов Қазақстанда геология және жер қойнауын қорғау салаларын дамытуға жауапты жаңа министрлік құруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Мәжіліс депутаты премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында мемлекеттік органдардың пайдалы қазбаларға тиісті мемлекеттік бақылауды және олардың "халық мүддесі үшін" ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

"Пайдалы қазбаларға жауапты мемлекеттік органдар жер қойнауын нарықтың еркіне қалдырып, саланы реттеуден толығымен бас тартты.(…) Қазіргі жағдайда мемлекеттік бақылау жер қойнауын пайдаланушының өзі ұсынған есеп деректері бойынша ғана жүзеге асырылады", – деді депутат.

Оның айтуынша, пайдалы қазбалар қорларының сарқылу мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы мәселелердің барлығын реттеу үшін, жеке министрлік қажет.

"Осыған байланысты, геологиялық саланы жүйелі дамыту үшін жеке мемлекеттік орган – Геология және жер қойнауын қорғау министрлігін құру қажет", – дейді мәжіліс депутаты.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.