Алматы прокуратурасы 7 жасар Карина Закураеваны өлтірді деп айыпталған өгей анасын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 7 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша тараптар арасындағы пікірталас кезінде прокурор айыпталушыны 99-баптың 3-бөлімі 99-баптың 3-бөлімі “кәмелетке толмаған адамды өлтіру” бойынша жазалауды сұраған. Баланы өлтірді деген күдікке қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек алынып отырғанын айта кетейік.

Прокурордың сөзінше, жағдайды жеңілдететін және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

“Мүлікті тәркілеуге негіз жоқ. Қылмыстың ауырлығын ерекше ауыр санат ретінде ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймыз.Айыптаушы тарап бап бойынша жаза тағайындауды жөн деп санап, соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрайды. Қамауда болған уақытын ескере отырып. Сондай-ақ сотталушыдан процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК мөлшерінде төлем өндірілсін”, – деді прокурор сотта.

Бұл осы бапқа сәйкес ең ұзақ жаза мерзімі екенін баса атап өткен жөн.

Өз кезегінде жәбірленушілердің адвокаттары, өлтірілген қыздың туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын және сотталушыдан қыздың әжесінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық шығын өндіруді сұраған.

  • "Оны өлтіріп қойған сияқтымын, үйге кел деді": Әкесі 7 жасар қызының өліміне қатысты мән-жайды айтып берді
  • Алматы өгей анасы 7 жасар қызды ұрып өлтірген: Сотта жеткіншектің қайтыс болғанға дейін бірнеше жарақаты болғаны айтылды

Еске салсақ, былтыр шілде айында Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікпен қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек қамауға алынған еді.

Жеті жасар Каринаны асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел бар кінәні азаматтық некедегі күйеуіне артқан еді. Сотта айыпталушы Балжан Тұрлыбек өгей қызына киім алып беріп, мектепке дайындағанын, би үйірмесіне жазып, жеке репетитор да жалдағанын айтты. Сонымен қатар ол Каринаның әкесімен отбасын құрған соң баланы асырап алуды жоспарлаған.

Бірақ айыпталушы сотта қыздың әкесі баланы кіші дәретін ұстай алмағаны үшін ұрып келген деді. Тіпті кейде 7 жасар қызды салқын душқа түсіріп, бақша қайшысымен ұрғанын, балконға қамайтынын айтқан.

20 желтоқсан күні болған сот отырысында судья Ерлан Болатов қыздың әкесі Бәкен Ғалымжанұлынан жауап алуға шақырды. Ол куәгер болды. Әкесі сотталушымен 2022 жылдың қыркүйегінен кісі өлтіргенге дейін, яғни 2023 жылдың шілдесіне дейін бірге тұрған.

Куәгер қайғылы оқиға болған күні, яғни 10 шілдедегі оқиғаның қалай болғанын айтып берген. Айтуынша, таңғы сағат 08.00 шамасында әйелі екеуі оянған. Ол дүкенге кеткен кезде, қызы Карина да оянған. Балжан Тұрлыбек оларға таңғы ас әзірлеп берген. Содан кейін үйлеріне кабель тартып жатқан альпинистер келіп, көмек сұраған. Ер адам оларға көмектесіп жүріп бірнеше рет үйіне кірген кезде бәрі жақсы болған. Әйелі тіпті емханаға барып келген.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.