Каноэ мен байдаркада ескек есуден Қазақстан құрамасы лицензиялық Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Қазақстандық ескекшілер Париж олимпиадасының жолдамасын сарапқа салатын лицензиялық Азия чемпионатында сынға түседі. Жапонияның Токио қаласында өтетін байрақты бәсекеде сарықұрлықтың ең үздік спортшылары бақ сынасады. 18-21 сәуір аралығында өтетін Азия чемпионатына жұптық сында жеңімпаздар, жекелей сында бірінші және екінші орын иегерлері Париж додасына жолдама алады. Назарларыңызға Токиодағы дүрмекте сынға түсетін спортшылардың тізімін ұсынамыз:

Бекарыс Раматулла

Андрей Ергучёв

Мария Бровкова

Сергей Емельянов

Ольга Шмелёва

Сергей Токарницкий

Татьяна Токарницкая

Тимур Хайдаров

Руфина Искакова

Ирина Подойникова

Ульяна Киселёва

Виктор Степанов

Артём Терещенко 

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 11 түрінен, 31 жолдама бар.  Өкінішке қарай, каноэ мен байдаркада ескек есуден әлі бірде бір жолдама жоқ.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.