Г. А. Ерғалиева Ә. М. Мұханбетжанова



жүктеу 0.96 Mb.
бет1/5
Дата21.04.2019
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5




Г.А.Ерғалиева

Ә.М.Мұханбетжанова


Өзін-өзі тану ілімінің педагогикалық тарихи даму аспектілері



М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



Г.А.Ерғалиева

Ә.М.Мұханбетжанова

Өзін-өзі тану ілімінің педагогикалық тарихи даму аспектілері

О



РАЛ-2005

ISBN
УДК 371

«Өзін-өзі тану ілімінің педагогикалық тарихи даму аспектілері», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа орталығы, Орал, 2005. -88 бет.


Құрастырған: Г.А.Ерғалиева - аға оқытушы

Ә.М. Мұханбетжанова - педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Рецензенттер: М.О. Даупаев - педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті.

Т.И. Клименко - педагогика ғылымдары- ның кандидаты, доценті.
ISBN
«Өзін-өзі тану ілімінің педагогикалық тарихи даму аспектілері» -атты әдістемелік құрал өзін-өзі тану курсын оқитын студенттермен мектеп мұғалімдеріне арналады.
Студенттердің тұлғалық өзін-өзі тану арқылы адамгершілік рухани құндылық бағдарын қалыптастыру, оның өз бойындағы ішкі потенциялын дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу әдістері, студенттің тұлғалық дербестігін қалыптастырудың негізі-сыртқы ортаның ықпалы мен ішкі өзіндік даму үрдісі туралы көзқарастар мен ой-тұжырымдар беріледі. Сонымен қатар, әдістемелік құралда тұлғаның өзін-өзі тану қабілеті, өзін-өзі тану арқылы өзін үнемі адамгершілік-рухани бағдарда жетілдіріп отыруына өзін-өзі тәрбиелеу кезеңдерінің әсері тұлғаның адамгершілік-рухани құндылық бағдарының құрлымының қалыптасу ерекшеліктері қамтылады.
©



М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



университетінің баспа орталығы, 2005 ж.

Мазмұны
БЕТ.

Кіріспе 6 б.

Өзін-өзі тану ілімінің педагогикалық тарихи даму

аспектілері. 9 б.

Студенттердің тұлғалық өзін-өзі тануының

педагогикалық-психологиялық ғылыми

негіздері. 33 б.

Оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің тұлғалық өзін-өзі

тануын қалыптастырудың педагогикалық және

психологиялық ерекшеліктері. 46 б.

Студенттердің тұлғалық өзін-өзі тануының адамгершілік-

рухани құндылық бағдарын қалыптастыру

мүмкіндіктері 59 б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 81б.








Кіріспе
Проблеманың көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық, әлеуметтік – саяси жағдайға көшуі білім беру жүйесіне, сонының ішінде жоғары білім беру жүйесінің құрлымына өзгерістер енгізуде. Елімізде қалыптасқан нарықтық қатынастарға байланысты республикамыздағы жоғары оқу орнын бітіруші мамандардың сапасына жаңа талаптар қойылуда.

Бүгінгі күні студенттердің оқу-тәрбие үрдісінде тұлғалық өзін-өзі тануы терең руханилықтан, жан дүниесінің тылысым сезімінен адамның өз бойындағы құпия жан қуаттарының бастауларына сын көзбен қарау, өзін-өзі танып біліп, оған баға беру, адами қасиеті жоғары, көкірегі ояу, жүрегінде адамгершілік, мейірімділік шуағы үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру терең зерттеуді қажет етіп отыр.

Бұл мәселеге байданысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» /1/ деп атап көрсетілген. Соған орай атаулы мәселе қоғам талабынан туындап отырғандықтан тақырыбтың өзектілігін дәлелдейді.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасы білім берудің мақсат-міндеттері мен мазмұны ізгіліктік рухани-адамгершілік пен демократиялық идеяларға негізделген мемлекетіміздің білім беру саясатын айқындайды [3]. Аталған идеяларды жүзеге асыру ЖОО-ындарында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа талаптар енгізу негзінде жетілдіру, оған құрылымдық, мазмұндық тұрғыдан өзгерістер енгізу арқылы мүмкін болатыны белгілі.

Бұл тұрғыда С.А. Назарбаева өзінің халықаралық ғылыми практикалық конференцияда сөйлеген сөзінде «… Білім беру мен тәрбиелеу үрдісі бұл біріккен үздіксіз процесс, ол адамның және жеке тұлғаның дамуына бірден бір әсер ететін негізгі факторлар. … соңғы жылдары біздің елімізде білім беру сатысы көптеген өзгерістерге толы болып отыр. Бұл өзгерістердің ең басты мақсаты адамның бойында қайырымдылық, ізгілік, рухани жан азығы мен денінің саулығын қамтамасыз ету арқылы әрбір тұлғаның дамуына мүмкіндік туғызу ….» [4]- деп атап көрсетті.

Осыған орай С.А. Назарбаеваның басшылығымен қазақстандық ғалымдар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан ұрпағының ішкі жан дүниесінің бай, рухани болмысының жоғары дамуына терең жол ашатын “Өзін-өзі тану” пәнінің тәжірибелік бағдарламасының негізін қалады [5].

Жеке тұлғаның жалпы даму проблемалары туралы: Студент тұлғасын қалыптастыру сапасын арттыру мәселесі педагогтар мен психологтар: Н.В. Кузмина, А.А. Леонтьев, С.В. Кондратьева, озық тәжірибелі зерттеу, педагогикалық тұлғалық потенциалын ашу /Ю.К. Бабанский/ сонымен қатар, студенттердің өзін-өзі тануы шығармашылық белсенділігін көтерумен тығыз байланысты /В.А. Кан-калик, Ю.Н. Калюткин, Г.С. Суховская/. Теориялық бағыттағы келелі еңбектермен қатар /Ананьев, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин, И.И. Чеснокова,В.В. Шорохова және т.б./, аталмыш мәселенің нақты әдістемелік қырларын зерттеуге бағытталған еңбектері де бар: М.И. Боришевский, В.Н. Козинев, И.С. Кон, В.В. Столин т.б. Өзін-өзі танудың жеке тұлғаның даму үрдісіндегі қалыптасу мәселесі, өзін-өзі танудың бастаулары, тәсілдері және психологиялық тетіктері мәселесі қазіргі таңда /А.В. Захаров, В.Н. Козиев, В.П. Саврасов, Е.М. Боброва, С.В. Васьковская, Л.Н. Митина/ тұлға ұғымының қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік ролін: Ә.М. Мұханбетжанова еңбектерінде орын алған.

Өзін-өзі танудың бағдарлаушылық ролін арнайы зерттеу ісін Ю.Н. Колюткин, Р.С. Суховская, В.Д. Шадриков және өзге де ғалымдар бастады.

Өзін-өзі тану мәселесіне арналған педагогика саласында зерттеу еңбектері әлі де болса аз. /В.Н. Козиев, Е.М. Боброва, С.В. Васьковская, Л.Н. Митина, Г.И. Метельский/ және қазақстандық зерттеуші ғалымдар Қалиева К.М., К.Ж. Қожахметова, Д.Н. Әбішеваның еңбектерінде қамтылғандығын көруге болады. 2001 жылдан бастап “Өзін-өзі тану” курсын ұйымдастырып оның бағдарламалық негізін қалауда көптеген отандық ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т. Шерьязданова, п.ғ.к.Т.А. Левченко, п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессор Б.Қ. Дамитов, п.ғ.к. А.А. Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова, п.ғ.к. Л.К. Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б. Мадалиева т.б. айналысуда.

Сонымен қатар, зерттеу тақырыбына қатысты адамгершілік-рухани құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам қайраткерлері, ғұламалар, ғалымдар ұлы педагогтар: әл-Фараби, Ж.Баласұғын, Қ.А.Йассауи, Ш.Уәлиханов, Ы,Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өз еңбектерінде құнды ой пікірлерін қалдырып кеткен. Құндылыққа бағдарлау негіздері және отбасы тәрбиесіндегі ізгілік мәселелері Н.Г.Нұрғалиева, Г.К.Байдельдинова, валеология ғылымының теориялық және әдістемелік мәселелері А.С.Иманғалиев, А.Ақанов, рухани құндылықтардың әлеуметтік-философиялық негізі С.Нұрмұратов, Е.Әлсатов, Б.С.Ерасов, адамгершілік тәрбиесін жетілдіру А.А.Калюжный, Ж.С.Хасанова, А.А.Аманжолова, Г.А.Мұратбекова, К.Б.Сейталиев т.б. еңбектерінде орын алған.

Жоғарыда аталған еңбектердің барлығының да теориялық және практикалық маңызы зор. Алайда зерттеуші ғалымдардың өзін-өзі тану және рухани – адамгершілік құндылықтар мәселесіне қосқан үлкен үлесіне қарамастан, тұлғаның өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыру зерттелмеген күйде қалып отыр. Бүгінгі таңда С.А.Назарбаева жобасын қалап отырған бұл жұмысты әрі қарай жалғастырып, еліміздің болашағы студент жастардың бойында адамгершілік, имандылық, ізгілік, парасаттылық, мәдениеттілік, т.б. қадір – қасиеттер мен жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру бүгінгі күнде жоғарғы мектептің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Өзін-өзі тану ілімінің педагогикалық тарихи даму аспектілері

Жаңа типтегі оқу жүйесі - студенттерге білім, білік, дағдылар жиынтығын беріп қана қоймайды, сонымен қатар, өмірдегі өз орынын анықтай алатын, білімі арқылы мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, үнемі даму үстінде болатын тұғаны қалыптастырады. Сондықтан студенттердің тұлғалық өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыру олардың бойында ізгіліктік, адамгершілік-рухани қадір-қасиеттердің қалыптасуын көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет