Г. А. Жумабаева,З. Б. Серикова болашақ МҰҒалімдердің КӘсіптік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары



жүктеу 117.1 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі117.1 Kb.

Г.А.Жумабаева,З.Б.Серикова

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІПТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Оқытушылар мен білімгерлер арасындағы мәдени қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттегі маңызды құрал. Қарым-қатынас мәдениеті ынтымақтастық және демократиялық негізде жүзеге асырылуы қажет.Осыдан шығатын маңызды қорытынды: кәсіптік мәдениеті жоғары деңгейдегі педагогты дайындау үрдісінде субъектілердің өзара әрекеттерінің сипатын аша отырып,қатынастардың сыртқы және ішкі жүйелерін тануға көңіл бөлу қажет.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерісі білім мекемелерінің алдына білім берудің дамытушылық сипатына байланысты жоғары міндеттер қояды. Білім беруді реформалау шарттарының бірі- болашақ мамандардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен қабілеттерін қарқынды дамыту болып табылады. Сондықтан білім беру үрдісіндегі мамандардың кәсіптік дайындығының бөлігі ретінде коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру міндеті жүзеге асырылады.

Білім беру үрдісіндегі субъектілердің коммуникативтік әрекеттерін қалыптастыру тәсілдерін қарастыру алдында «коммуникация» ұғымына бірқатар зерттеуші ғалымдардың берген анықтамаларына тоқталайық:



  • хабарлау, қарым-қатынас (С.И.Ожегов, Н.Ю.Шведова);

  • ...ойды хабар алатын адамға жеткізетін үрдіс (Д.Джери, Дж..Джери);

  • ақпараттармен алмасу үрдісі (Г.М.Андреева);

  • әлеуметтік өзара әрекеттің мазмұндық аспектісі (В.Знаков).

Коммуникация қарым-қатынас үрдісінің дербес бөлігін және субъектілердің өзара әрекеттік ерекше формасын құрайды.

Педагогикалық үрдісте коммуникация қарым-қатынастың көп қырлы шарты ретінде бірнеше функция атқарады: ақпараттық, мотивациялық, әлеуметтік, дамытушылық, тәрбиелік және т.б. Сонымен қатар, коммуникацияның әртүрлі нұсқаларын бөліп көрсетуге болады. Олар: үш типті нәтижені ескеретін кең тараған қатынас, яғни білімдегі және бағдарлардағы өзгеріс, ақпарат алушының мінез-құлқының өзгеруі. Коммуникацияның әсерлігі келесі шарттарға байланысты:



  • ақпараттың қайнар бұлағының табиғатымен;

  • қарым-қатынас формасының ерекшеліктері мен ақпараттардың мазмұнымен;

  • адамдардың ақпарат алатын жағдайымен.

Коммуникацияны арттыру үшін хабарлау нәтижесінде болатын коммуниканттың мінез-құлқындағы өзгеріс әсерін білу маңызды. Коммуникацияның әсерлігіне тағы да кері байланыс- коммуниканттың жауап қайтаруы ықпал етеді. Кері байланыс коммуникацияны екі жақты үрдіс ретінде, яғни коммуниканттан ақпарат алу, коммуникатордың оны ескеріп, әрекеттер мен мақсаттарды түзетуін көрсетеді. Зерттеулерге байланысты коммуникацияның бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады: педагогикалық, іскерлік, жеке тұлғалық және т.б.

Білім беру үрдісінде педагогикалық коммуникацияға үлкен көңіл бөлінеді, мұнда педагог ақпараттың қайнар көзі немесе оны іздеудің ұйымдастырушысы болады. Ол үшін педагогтар жаңа ақпараттық технология құралдарын қолданады. Педагогикалық үрдісте ақпарат алушының міндеті тек ақпарат қабылдау ғана емес, сонымен қатар оны білімге айналдыру болып табылады. Оқу үрдісіндегі коммуникацияның құрылымын келесі түрде көрсетуге болады.


№ 1 схема

Кәсіптік әрекетте, әсіресе педагогикалық өнерде, коммуникативтік қабілеттер негізгі роль атқарады. Коммуникацияның әсерлі факторларының бірі екені сөзсіз. «Коммуникативтік қабілеттер, В.Д.Щадриковтың пікірі бойынша, бір адамды екіншісінен ажырататын жеке даралық қасиет, олар әрекеттің нәтижесінде көрінеді». Дж.Джери, Д.Джери коммуникативті қабілетті былай деп түсіндіреді: «Адамдар жүзеге асыратын коммуникативтік алмасудың құралдары мен ережелері». Е.А.Климов коммуникативтік қабілетті «Адамдармен жеке және іскерлік қарым-қатынас жасауда комектесетін адамның жеке даралық ерекшеліктерінің жиынтығы » десе, Ф.Н.Гоноболин «Өзара теңбе-тең қатынас құру, педагогикалық такт, оқушыға ықпал ету іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілеттер» деп көрсетті.

Коммуникацияны ұйымдастыру мен коммуникативтік іскерлікті қалыптастыру нәтижесінде коммуникативтік біліктілік дамиды.

В.А.Кан-Калик мұғалімнің коммуникативтік іскерліктері қатарына: адамдар алдында сөйлеу,қарым-қатынасқа түсе білуді, түрлі жағдайларды туғыза отырып, шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыруды, оқу және тәрбие үрдісінде дұрыс, бір бағыттағы қарым-қатынасты құрып, оны басқара білу іскерліктерін жатқызады.

Коммуникативтік біліктілік дегеніміз – білім, іскерлік, дағдының жиынтығы, оларға:


  • қарым-қатынастың функциялары мен коммуникативтік үрдістің ерекшеліктері;

  • қарым-қатынас түрлері мен сипаттары;

  • қарым-қатынас құралдары;

  • кері байланыс;

  • адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен технологиялары кіреді.

Коммуникативтік біліктіліктің анықтамасы №2 схемада көрсетіледі.

№ 2 схема



Коммуникативтік біліктіліктің дамуы бірнеше кезеңнен тұрады, олар:

коммуникацияны ұйымдастыру, коммуникативтік қабілеттердің дамуы және коммуникативтік іскерліктердің қалыптасуы. Нәтижесінде белгілі деңгейдегі коммуникативтік біліктілік қалыптасады.Коммуникативтік біліктіліктің даму үрдісінің құрылымы № 3 кестеде көрсетілген.

№3 кесте





Кезеңдері

Коммуникативтік

диагностикалық



Қалыптастыру

Бақылау

Мақсаты

Коммуникативтік іскер-ліктері мен біліктіліктері-нің қалыптасу деңгейін анықтау

Коммуникативтік әрекет бағытында оқу үрдісін жоспар-лау, ұйымдастыру

Коммуникативтік біліктілігінің деңгейін анықтау

Міндеттері

  • Білімгерлердің комму-никативтік қасиеттерін қалыптастыру деңгейін анықтау

  • Педагогикалық әрекетте коммуникативтік функцияны жүзеге асырудағы қиыншылықтарды анықтау

  • Педагогикалық-психологиялық жағдайларды анықтау

субъект-субъект қатынастарын ұйымдастыру,

теориялық және практикалық білім мен іскер-лікті қалып-тастыру



Коммуникация мәнінің қалып-тасу деңгейін анықтау,

теория мен практика жүзінде алын-ған коммуни-кативтік білім мен іскерлікті жүзеге асыру



Жұмысты ұйымдас-тыру фор-малары

  • Кураторлық жұмыс

  • Сабақ

  • Сыныптан тыс әрекет

  • Семинар

  • Практикум

  • Әңгімелесу

  • Ғылыми-зерттеу жұмысы

  • Арнайы курс ұйымдастыру

  • Ғылыми-зерттеу жұмысы

  • Кураторлық жұмыс

  • Тренинг сабақтары

  • Тақырыптық семинар

  • Ашық сабақ көрсету




  • Сабақтар

  • Кәсіптік практика

  • Семинар

  • Ашық сабақтар

  • Сынып-тан тыс әрекеттер

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстар

Әдіс-тәсілдер

  • Анкета

  • Шығармашылық тапсырмалар

  • Бақылау

  • Тестілеу

  • Әңгімелеу

  • Тренингтер

  • Семинар

  • Бақылау

  • Әңгімелеу

  • Сұрақ-жауап

  • Пікірталас

  • Рөлдік , іскер-лік ойындар

  • 1-ші, 2-ші кезеңнің әдістері қолданылады

Қазір бүкіл адамзат алдында болмаған ауқымды, бүкіләлемдік мәселелер қойылуда. Олардың ішінде ғылым мен техниканың жедел дамыған ақпараттар ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан – жақты жеке тұлғаны қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны дамыту және кәсіби мамандығын шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және т.б. күрделі мәселелер бар.

Осы мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының негізгі міндеттерінде айрықша атап көрсетілген.

Ол міндеттерді шешудің жауапкершілігі еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті, білікті мамандар даярлайтын педагогтарға жүктеледі. Педагогтар білімдерін жетілдіру арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық білімгерлермен қарым – қатынас жасаулары керек. Ежелгі Қытай философы Конфуций адамдар арасындағы қарым – қатынас, тәрбие мәселелеріндегі адамгершілік, сүйіспеншілік ұғымдарының мәнін ашқан. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат – мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік ету керек. Мәлік Ғабдуллин: «Бірлесе, ынтымақтаса, бір – біріміздің қате – кемшіліктерімізді жолдастық ниетпен шешуге тиістіміз», - деп бекер айтпаған. Өзгелермен қарым – қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз, яғни адамдар бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келісуін қарым – қатынас деп түсінеміз.

Гуманизм принциптеріне сәйкес қарым – қатынасқа түсуші әр адамға, қатынас жасайтын басқа адамдар бағалы болып табылады.

В.А. Кан Калик: «Адамдар бір – бірінің мүмкіндіктерін бағалауынан, олардың бірлесе орындаған әрекетінің өту сипаты мен нәтижесіне байланысты», - деген. Қарым – қатынас жетістігі көп жағдайда әлеуметтік перцепция деңгейімен анықталады, яғни адамдардың бірін – бірі, топта, әлеуметтік бірлестікте, өзін - өзі түсінуі және бағалауы қабылданады.

Әлеуметтік перцепция – адамдарды бірлестіріп, қарым – қатынас жасауға мәжбүр қылатын іс - әрекет. Бірлесіп қарым – қатынас жасауда адамдардың жеке тұлғасының бейнесі, оның бет әлпеті, сыртқы келбеті басымдылық рөл атқарады. Жақсы шебер педагог білімгерлермен өзара қарым – қатынастарда белгілі сыңай жасай алады. А.С. Макаренко: «Жалпы сыңай қуанышты болуға тиіс, ол шығармашылық өрлеуді, батылдықты, сергектікті, оптимизмді керек етеді», - деп талай рет атап көрсеткен болатын.

Өз жұмысының сипатына байланысты педагог ұйымдастырушы, насихатшы болуға тиіс, ал бұл үшін сергектік, қажыр – қайрат, өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенушілік керек. Білімгерлер сергек, ақ жарқын, жігерлі өмірді сүюшілерге жұртты еліктіріп, өз соңынан ерте білетін педагогқа жақын жүреді. Өйткені, адамның жүріс – тұрысы, қимылы, дауыс – ырғағы жеке тұлғалардың бірін – бірі қабылдауының негізгі әдістері болып табылады. Психолог В.А. Лабунскаяның тұжырымдамасы бойынша адамдардың өзара түсініспеушіліктерінің негізінде қарым – қатынастардың қиындығы байқалады. Қиын қарым – қатынастың көрсеткіштері: қатынас жасаудағы ұзақ үзіліс, дауыс ырғағын жоғарылату, адамды тыңдай алмау, әңгімені жалғастырмау, байланысқа түсе білмеу, дөрекілік, келіспеушілік, сенімсіздік, серіктесінің пікіріне құлақ аспаушылық.

Қарым – қатынас қиыншылығы ішкі күйзеліс, жағымсыз эмоциямен білінеді және тұлға үшін жеке қиыншылықтар туғызады, яғни қорқыныш, жек көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіреді. Мұның себебі, педагог пен білімгерлердің жеке бастарының мінез – құлықтары мен оқыту әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін. Педагог әрбір сабақты жан – тәнімен беріле оқытуды, білімгер жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін заң санауы қажет. Педагог өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.

Бүгінгі таңда педагогтарға білімгерлердің ынтасы мен назарын аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Сондықтан кез – келген іс – шара ұйымдастыруда педагог барынша тапқырлық танытқаны жөн. Мұндай іс – шараларды білімгерлер қатысуға құмартып тұратындай және оның жалғасын асыға күтетіндей дәрежеде тартымды етіп өткізу керек. Сонда ғана білімгерлердің шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін тамаша ойларға жетелеуге болады. Білімгерлер үшін педагогтың жеке басының өте үлкен маңызы бар. Педагог білімгерлерге бірлескен әрекеттерде жеке басының жағымды мінез – құлқын көрсетуі керек. Тек осы жағдайда білімгерлер жүрегіне баратын жол салынады. Білімгерлерге жалпы адамзаттық құндылықтар бірлігін бергісі келетін мұғалім ең алдымен өзі осы құндылықтарды ой – санасынан өткізуі тиіс.

Ерте заманда ғұлама ғалым Әл – Фараби ұстаз бен шәкірттің ара қатынасы, олардың моральдық бейнесінің қандай болуы туралы аз айтпаған. Ұстаз өз шәкіртінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді көргісі келсе, оның өзінде де осы аталған қасиеттер болуы шарт. «Ұстаздық еткен адамның әдісі тым қатаң болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікте болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғарымен болса, онда оқушылар мұғалімін жек көретін халге жетеді. Егер де өте босатып жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімдерді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады» деп, Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін алдын ала нені білу қажет» деген әйгілі еңбегінде жазған .Осындай екі жақтың қызығушылығы мен қажеттілігі қарама – қарсы бағыттарға тоғысқан жағдайда дау – дамай пайда болады. Дау – дамайларды пайда болған сәтте – ақ шешуге болады, ол үшін осы топты, ұжымды бірлесіп әрекет жасайтындай ұйымдастыру керек.

Г.М. Андрееваның пікірі бойынша, бірлескен әрекет – адамдарды біріктіру және жеке адамды дамыту құралы болып табылады.

Бірлескен әрекет барысында педагогтар мен білімгерлер әр түрлі ойлармен, көңіл – күйлермен, әзілдермен, қызығушылықтармен алмасып тұрады. Бұл мақсатка нағыз педагогтардың қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Жас өспірімдерді сүйетін және өзінің ісіне берілген педагог қана мейірбан адамның қалыптасуына және кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті.


Сонымен, болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі өзекті мәселелердің бірі- кәсіптік-коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру болып табылады.
Әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (Егемен Қазақстан, 1999 ж., 11 маусым)

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 жарлығы Егемен Қазақстан 16 қазан 2004 ж.,

  3. Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология. Москва, Владос Пресс, 2002;

  4. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении: книга для учителя. Москва, Просвещение, 1987;

  5. Косило Е.Е. Структурный анализ формирования коммуникативной компетентности у студентов высших учебных заведений (Инновации в образовании № 3 май-июнь, 2003);

  6. Психология Учебник для гуманитарных вузов. Под редакцией В.Н.Дружинина Питер, Москва,2003.




  1. Рыжов В.В. Психологические основы коммуникативной подготовки педагога. Нижний Новгород, 1994.

  2. Хисматуллина Р.Х. Общение лектора с аудиторией (социально-психологический аспект) Алма-Ата, 1981.



ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ КУЛЬТУРЫ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБЩЕНИЯ БУДУЩИХ УЧИТЕЛЕЙ




Культура общения между преподавателями и студентами является одним из

важных средств педагогической деятельности. Культура общения должна осуществляться на основе демократического сотрудничества. Отсюда следует важный вывод: в процессе подготовки педагога с высоким уровнем профессиональной культуры необходимо обращать внимание на изучение не только внешней системы отношений, но и внутренней, раскрывая характер взаимодействия субъектов.


WAYS OF FORMING CULTURAL PROFESSIONAL INTERCOURSE FOR FUTURE TEACHERS



Cultural basis of intercourse between teachers and students is one of the important aspects of teaching process. Cultural basis of intercourse must be carried out on the basis of democratic intercourse. Therefore it is necessary to take into account the peculiarities of external and internal systems of relationships between teachers and students. This will help to reveal the intercourse peculiarities between teachers and students and will improve the quality of teacher training process. If we take into account the intercourse peculiarities between teachers and students, it will help to train a highly professional specialists.

Авторлар жөнінде мәлімет:





  1. Серікова Забира Байдаулетқызы;




  1. Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, «Педагогика және психология »кафедрасының оқытушысы;



  1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты «Психология» кафедрасының ғылыми ізденушісі;




  1. Телефон: код 8-326-2 үй-45-76-86, жұмыс-43-34-34

Авторлар жөнінде мәлімет:

1. Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызы;
2. Тараз қаласы, А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Тараз институты, «Педагогика және психология»

кафедрасының оқытушысы;


3. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты «Психология» кафедрасының ғылыми ізденушісі;
4. Телефон: код 8-326-2 үй-46-32-83, жұмыс-43-33-17
Каталог: uploads -> 2018 -> post04
post04 -> Жеке тұлға бойында адамгершілік құзыреттілікті қалыптастырудағы отбасының орны
post04 -> Сабақтың мақсаты: а білімділік Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін бекіту
post04 -> Контаминация құбылысының лингвистикалық сипаты
post04 -> Сабақ тақырыбы: «Галогендер және олардың қосылыстары»
post04 -> Оңтүстік Қазақстан облысы
post04 -> Әрбір күнім мереке
post04 -> Сабақтың тақырыбы: «М. Мақатаев шығармалары»
post04 -> Ж. С. Есеналина Ән жетекшісі: Х. А.Қалышева
post04 -> Тақырыптық топ сағаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет