Г. Директорам школ!



жүктеу 74.84 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі74.84 Kb.

22.02.10 г. Директорам школ!
Срочно! Необходимо забрать (снять копию) список детей школьного возраста из малообеспеченных семей, получающих государственную адресную социальную помощь.

Л.Конарбаева


19.02.10 ж. Мектеп басшыларына!
2010 жылдың І тоқсанына арналған Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің Ақтөбе облысы бойынша 2010 жылдың І тоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейі 11 677 теңге, осыған сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша кедейлік шегінің мөлшері 4 729 теңгені құрады.
Л.Конарбаева

22.02.10. Мектеп басшыларына!


Қалалық білім бөлімінің 2009-2010 оқу жылына арналған үйлестіру жоспарына сәйкес 23.02.10 – 03.03.10 аралығында келесі сұрақтар бойынша тексеру комиссиясы жұмыс жасайды:

1. Қала мектептеріндегі оқушылардың денсаулығын қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.

2. Қалалық мектептерінде жаңадан ашылған логопунктердың жұмыстарын ұйымдастыру.

Л.Конарбаева


Директорам школ.
Отдел образования города Актобе просит Вас предоставить сведения о месте обучения и проживания Ордабаева Батырхана Нурлыбековича, 17.03.1994 года рождения.

Информацию предоставить в горОО кабинет 38 до 25 февраля 2010 года.


А.Касымова
Мектеп басшыларына ! 22. 02. 2010 ж.


  1. «Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде білім беретін бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтеді.

Өтетін орны: № 15 орта мектеп

Басталуы: сағат 9. 00

Мезгілі: 24 ақпан 2010 жыл

2. 2010 жылдың наурыз айында мектепалды даярлық класс тәрбиешілеріне арналған байқау өткізіледі.



Қалалық «Үздік мектепалды даярлық класының тәрбиешісі - 2010» байқауының

ЕРЕЖЕСІ
БАЙҚАУ МАҚСАТЫ:

- мектепалды даярлық класы тәрбиешісінің кәсіби дамуына үлес қосу, оның шығармашылық деңгейін осы бағытта жетілдіру;

- оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға негізделіп жасақталған ең үздік жобаларды айқындау, тарату;

- тәрбиешілердің ішінен кәсіби шеберлігін жан-жақты қолдана білетін үздік мектепалды даярлық класының тәрбиешілерін таңдау, оларға қолдау көрсету және мадақтау.



БАЙҚАУ МІНДЕТТЕРІ:

- білім беру және білім сапасын арттыру деңгейін анықтау;

- қала мектептеріндегі мектепалды даярлық кластарының нәтижеге бағытталған тәжірибелері туралы ақпараттар жинақтау;

- білім беру сапасын арттыруға негізделіп жасақталған ең үздік жобаларды айқындап, бағалау.


БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:

Байқауға жалпы білім беретін орта мектептердің мектепалды даярлық класс тәрбиешілері қатыса алады.


БАЙҚАУДЫҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ӨТУ МЕРЗІМІ:


Байқаудың өту мерзімі қоса хабарланады. Екі күнде өткізіледі.

Бірінші күні - ашылу салтанаты, І, ІІ кезең;

Екінші күні – ІІІ кезең, жабылу салтанаты.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу кезеңдері бойынша ұйымдастыру комитеті құрылып, әділқазылар алқасы ҚҒӘО директорының бұйрығы негізінде құрылады. Байқауға талапқа сай білім мекемелері, демеушілер қатыса алады.

Ұсынылатын жұмыстар алдын ала дайындалынып, мектепішілк сараптамадан өткізіледі.
БАЙҚАУДЫҢ МАЗМҰНЫ:

Байқау барысында шығармашылықпен айналысатын, өз ісін жарыққа шығарып, тәжірибесін ортаға сала алатын тәрбиешілер анықталады.

Байқау үш кезеңде өткізіледі:

- І кезең: тәрбиешінің әдістемелік жинақ папкасы қорғалады - 5 минут.



  • ІІ кезең: тәрбиешінің кіші тұжырымдамасы немесе проблемасы қорғалады – 7 мин.

  • ІІІ кезең: тәрбиешінің панорамалық сабақ үстіндегі шеберлігі мен жаңашылдығы бағаланады.

Байқауға сұраныс 2010 жылдың 5 наурызына дейін қабылданады. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАДАҚТАУ РЕТІ:

Байқауды қорытындылау және қатысушыларды марапаттау салтанатты түрде өткiзiледі. Өткізілетін орны мен кезең талаптары қосымша хабарланады.

3жүлделi орын белгiленедi:1,2,3 дәрежелi диплом иегерлерi, 3 мадақтау номинациялары: «Үздік сабақ шебері»; «Үздік ізденуші»;»Үздік жоба қорғаушы».
ҚҒӘО әдіскері К. Рахатова


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы білім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру аймақтық орталығы мен Ақтөбе облысының білім беру басқармасы 05.10.2009 ж., бекітілген «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы мұғалімдерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру» Жобасы шеңберінде 2010жылдың 30 наурызында ғылыми – практикалық «ХХІ ғасырдағы білім беру процесі: мазмұны, жағдайы және келешегі» атты тақырыпта конференция – семинар өткізеді.

Конференция – семинардың мақсаты: «ХХІ ғасырдағы білім беру процесінің» өзекті проблемелары жайында талқылай отырып, оқытушылар мен студенттер, мұғалімдер мен оқушылар, әкімшілік пен ата – аналар қарым – қатынасына мүмкіндік беретін ғылыми ақпараттық орта жасау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:


  1. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі білім беру ортасын дамыту: дәстүрі мен келешегі

  2. Білім беру процесін психологиялық жағынан қолдау проблемалары

  3. Қазіргі заман мектебінің оқу процесіндегі ақпараттық – коммуникативтік технология

  4. Оқушылардың оқу әрекетін басқарудағы білім беру технологиялары

  5. Инклюзивті білім беру: білім беру процесінің тепе – теңдігі

Конференция шеңберінде «12 жылдық мектептегі білім беру процесінің үлгісі» тақырыбында семинар – кластерлік талқылау өтеді.

Семинар жұмысына мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, мұғалімдер, ата – аналар, оқушылар және педагогикалық жоғары оқу орындары, колледж оқытушылары мен студенттері шақырылады.

Баяндамаға қойылатын талаптар:


  • баяндама электронды почтамен немесе дискіге жазылып тапсырылады. Файл автордың фамилиясымен аталады;

  • баяндама тақырыбы мәтін ортасына бас әріптермен Times New Roman шрифтімен жазылады;

  • екі интервалдан кейін ортаға, курсив арқылы 12 кегльмен автордың аты – жөні, қала және оқу орнының атауы көрсетіледі;

  • баяндама мәтіні теріліміне қойылатын талаптар: А – 4 форматында 5 беттен аспауы керек, аннотациядан кейін бір интервал жол аралығымен 14 кегльде, жиектері сол жағы – 3 см., жоғары, төменгі жағы – 2 см., оң жағы – 1,5 см.

  • мәтіндегі сілтемелер тік жақшада пайдаланған әдебиеттер нөмірі көрсетіледі.

  • мәтіндегі бөлініп алынған ерекше ойларды көрсету үшін курсив және қою шрифті қолдану қажет.

Конференция қатысушыларына қойылатын міндетті талаптар:

  • баянадамының қазақ тілінен орыс тіліне, немесе орыс тілінен қазақ тілене аудармасын жазбаша түрде ұсынады. Аударма машинада терліген және 30 данадан кем болмауы тиіс. Баяндамашылар өз аудиториясын аудармамен баяндама жасар алдында өздері қамтамасыз етеді. Баяндама интерактивті әдіспен оқылады.


Қатысу шарттары

2010 жылдың 20-наурызына дейін конференцияға қатысу туралы өтініш пен баяндама мәтіні баспа және электронды нұсқада мына мекен – жайға жіберілуі тиіс: e-mail:rcpkro_agpi@mail.ru немесе ҚР, 030000, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 100 «А», 320 – аудитория, Білім қызметкерлеренің біліктілігін көтеру аймақтық орталығы Тел. 8 (7132) 549363



Ең үздік баяндамалар «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы» журналында жарық көреді.

Конференция қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.



Конференцияның өтетін орны: жиын залы, АқтМПИ 2-ғимараты, Тургенев көшесі, 100 «А»

Өту уақыты: 9.00 – 17.00

Конференцияға қатысу шығындары қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады.


Өтініш үлгісі
«ХХІ ғасырдағы білім беру процесі: мазмұны, жағдайы және келешегі» тақырыбында облыстық ғылыми – практикалық конференцияға қатысу үшін
Өтініш

  1. Аты – жөні

  2. Жұмыс орны

  3. Қызметі

  4. Ғылыми дәрежесі мен атағы

  5. Баяндама тақырыбы және бағыты

  6. Пошталық мекен – жайы

  7. Байланыс телефондары

Үй

Ұялы телефон



  1. e-mail:

Ұйымдастыру комитеті




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 2010 жылдың 22-23 сәуірінде «Ұлы Отан соғысы тарихы: зерттеу әдіснамасы мен оқыту тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы Ұлы Жеңістің 65 – жылдығына арналған Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеудің теориялық және әдіснамалық проблемалары

  2. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері

  3. Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу мәселелері және тылдағы шаруашылық – ұйымдастыру жұмыстарын зерттеу әдіснамасы

  4. Ұлы Отан соғысы тарихын оқыту тәжірибесінің өзекті мәселелері.

Конференция қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Конференция баяндамаларына қойылатын негізгі талаптар:

Баяндама көлемі 5 беттен аспауы керек. Беттің жоғарғы және төменгі жағынан 2 см., сол жағынан 3 см., оң жағы 1 см қалдыру керек. Жазу шрифті Times New Roman, кегль 12, жоларалық ашықтық 1 пт. Баяндама тақырыбы бас әріптерімен, қалың шрифтімен жазылып, жол ортасына орналасады. Бос интервалдан кейін оң жағында, қалың шрифтімен автордың аты – жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, қызметі, баяндама дайындалған мекеменің атауы, қаласы көрсетіледі. Баяндаманың негізгі мәтіні бос интервалдан кейін, кеңінен басылады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада, әдебиеттер тізімі мәтін соңында, пайдалану ретімен рәсімделеді. Түйіндеме баяндаманың жазылу тіліне байланысты; орыс тілінде – қазақша, ағылшын, қазақ тілінде –орыс, ағылшын тілдерінде жазылады.

Конференцияға қатысу үшін өтініштері 2010 жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей тапсырылуы керек. Конференция материалдарын мынадай электронды пошта арқылы жіберу қажет: немесе Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ. 34, АқтМПИ Қазақстан тарихы кфедрасы 214 каб. Байланыс тел: 8-713-2-95-46-30

Ұйымдастыру алқасы конференцияға түскен материалдарды сұрыптап басылымға ұсынуды өзі шешуге құқылы. Конференцияның материалдары ғылыми жинақ ретінде жарияланатын болады. Қатысушылар 2000 теңге көлеміндегі жарнасын мына мекен-жайы бойынша жіберуі керек: РМҚК «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты», Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ. 34, РНН 061800231424, ИИК 001609017, БИК 190301602 «Қазақстанның Халық банкі» АҚ АОФ-на Кбе 16, индекс 030000.



Өтініш үлгісі

  1. Аты-жөні

  2. Ғылыми дәрежесі және атағы

  3. Жұмыс орны

  4. Қызметі

  5. Мекен-жайы

  6. Телефон, e-mail

  7. Баяндама тақырыбы

  8. Секция

  9. Қатысу түрі (тікелей, баяндама арқылы)

  10. Тұратын орны (қажет, жоқ)

  11. Қажетті техникалық құралдар

  12. Түбіртек №



Ұйымдастыру комитеті

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет