Г. К. Искакова 4 алғаш рет енгізілген



жүктеу 158.67 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі158.67 Kb.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.37/02-2013



ПОӘК

Студенттерге арналған «Мұнай химиясы» пәннің бағдарламасы





18.09 2013ж.

№ 1 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мұнай химиясы»


5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

Кіріспе
1 ӘЗІРЛЕНГЕН
ҚҰРАСТЫРУШЫ « 28 » 08 2013 ж. Оразжанова Л. К., х.ғ.к, доцент м.а, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Химия» кафедрасы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Химия» кафедра отырысында

« 28 » 08 2013 ж., № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі Мусабаева Б.Х.
2.2 Инженерлік-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

« 12 » 09 2013 ж , № 1 хаттама


Төрайымы Толеубекова С.С.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған

« 18 » 09 2013 ж, № 1 хаттама
ОӘК төрайымы, ОӘЖ жөніндегі проректор Г.К. Искакова
4 алғаш рет ЕНГІЗІЛГЕН


Мазмұны





Жалпы ережелер

Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Курс форматы

Курс саясаты

Баға қоюдың саясаты

Әдебиет


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Оразжанова Ләззат Каметай қызы, х.ғ.к, доцент м.а.

Кафедра Химия

Байланыс ақпараты – тел:35-05-90, оқу ғимараты №9, кабинет №418

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 402

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 2

1.2 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау:

Мұнай және мұнай өнімдерінің анализі» курсы мұнай мен мұнай өнімдерінің құрамын, қасиеттерін зерттеу әдістерін, мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын талаптарды және осы өнімдерді сынау әдістерін оқытуға арналған.

Мұнай мен газдың энергетика, көлік, әскери және басқа әр алуан өнеркәсіптер үшін маңызы өте зор. Мұнайдан сұйық отынның барлық түрлері, майлар, смазкалар, битумдар, мұнай коксы, парафин, техникалықкөміртек және көптеген басқа тауарлық өнімдер алынады. Мұнай мен көмірсутектік газдар көптеген химиялық және тұтыну өнімдерін синтездеу үшін таптырмас шикізат.

Қазақстан Республикасының көмірсутектік шикізат өндірудің Әлемдік балансына қосар үлесі соңғы жылдары үнемі артуда.

1.3 Аталмыш курстың мақсаты: студенттерге мұнай түзілу процесстері туралы, мұнайдың және мұнай өнімдерінің фракциялық, химиялық құрамы жайлы, олардың сапасына қойылатын талаптар мен анализдеу әдістері туралы білім беру.

Курсты оқу нәтижесінде алған білімдері болашақ химик мамандарға мұнай-газ, мунай-химиялық салаларының өнеркәсіп орындары мен зертханаларында, ғылыми-зерттеу, экологиялық, криминалистикалық зертханаларда, стандарттау және сертификаттау органдарында жұмыс істегенде қажет болмақ.

1.4 Пәнді оқып білудің негізгі мақсаты:

-пәннің теориялық негіздерін, жалпы химиялық, физикалық заңдылықтарды білу;

-мұнайдың фракциялық және химиялық құрамын білу;

-мұнай компоненттерін бөлу әдістерін білу;

-сұйық отынның негізгі эксплуатациялық және аналитикалық қасиеттерін білу;

-мұнай мен мұнай өнімдерін анализдеу әдістерін білу;

- мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі көрсеткіштерін анықтау әдістерін және машықтарын меңгеру;

-анализ практикасында қолданылатын аспаптардың жұмыс принципін білу, олармен жұмыс істеп үйрену;

- мұнай мен мұнай өнімдерін анализдеу және сараптау үшін сандық анализ әдістерін қолдана білу;

- әр түрлі анализ кезінде аналитикалық химия әдістерін кешенді пайдалана білу;

- анализ схемасын құра білу, анализ әдісін таңдай білу;

- кез келген бағдардағы аналитикалық зертханаларда жұмыс істей алатын маман дайындау;

- мұнай мен мұнай өнімдерін анализдеудің бар әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер құрастыру.

1.5 Оқып білудің нәтижесінде студент мыналарды:

-Химиялық және физико-химиялық құбылыстарды бақылап, түсіндіре білу.

-Химия тілін, қазіргі номенклатураны жете білу.

-Химиялық реакциялар теңдеулерін ( молекулалық, иондық, иондық-молекулалық, тотығу-тотықсыздану реакцияларының) құрастыра білу.

-Физико-химиялық анализ әдістемелерін сараптай білу.

-Анализ нәтижелері бойынша графиктер сала білу.

-Анализ әдістерімен байланысты есептер шығара білу.

-Концентрациялары дәл ерітінділер дайындай білу.

-Анализ техникасын жете меңгеру.

-Аспаптардың электрлік немесе оптикалық схемаларын білу.

-Лабораториялық құрал-жабдықтарды, аспаптарды, реактивтерді, химиялық ыдыстарды дұрыс қолдана білу тиіс.

1.6. Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Бейорганикалық химия

1.7. Курстың постреквизиттері:

1.7.1 Органикалық химия

1.7.2 Биологиялық химия


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

Кесте 1



№, п/п

Тақырып аты, мазмұны

Сағаттар

Әдебиет

ЛК

ЗС

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7



Мұнайдың шығу тегі

1

1

1

3

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Мұнай мен мұнай өнімдерінің химиялық, элементтік, фракциялық және топтық құрамы

1


1

1

3

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Мұнайдың негізгі технологиялық сипаттамалары

2

2

1

3

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Мұнайлардың жіктелуі

1


1

1

3

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Мұнай алкандары. Алкандардың қасиеттері

1

1

1

3

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Мұнайдың нафтенді көмірсутектері

1


1

1

3

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Мұнай және мұнай өнімдеріндегі қанықпаған көмірсутектер (алкендер, алкадиендер, алкиндер)

2


2

1

3

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Мұнайдың арендері

1

1

1

3

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Октан саны

1

1

1

3

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Оттекті, күкіртті қосылыстар

1


1

2

4

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Мұнайдағы азотты қосылыстар. Шайырлы-асфальтенді заттар

1

1

2

4

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2





Мұнайдың коллоидтық-химиялық қасиеттері

2


2

2

4

7.1.1-7.1.4,

7.2.1-7.2.2






БАРЛЫҒЫ

15

15

15

45





3 ПӘНДІ ОҚЫП БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Мұнай химиясы курсын оқыту өзара байланысқан төрт форманы қажет етеді: дәріс, практикалық жұмыс, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ- студенттің өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте констпект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынан алынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Практикум мұнай және мұнай өнімдерінің сапалық, сандық құрамын анықтауды, ондағы жүретін химиялық реакциялардың жағдайларын және жеке қосылыстың ерекше қасиеттерімен таныстырады. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, лабораториялық сабақтарға дайындалады.



4 КУРС ФОРМАТЫ
Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық практикалық сабақ және 75 минуттық ОСӨЖ аптасына 1 рет болады. Дәрістерге, зертханалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір физико-химиялық параметрлердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, химиялық реакциялар тендеуін жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес студент зертханалық тәжірибе жүргізуге жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.
5 КУРС САЯСАТЫ

Сабаққа қатысу: Дәрістерге, практикалық сабақтар және СОӨЖ қатысу қатаң түрде міндетті болып табылады. Егерде әлдебір себептермен сабаққа қатыса алмасаңыз, сізге барлық босатқан сабақтардағы қабылданбаған материалдар үшін жауапкершілік жүктеледі. Оқу жоспары бойынша босатқан (қатыспаған) сабақтарды қайта қабылдау қарастырылмаған, сондықтан мұғалім тапсырмасы бойынша студент босатқан тақырыбы бойынша 5 есеп шығаруы керек.

Тәртіп: Сабақ барысында ұдайы тәртіпбұзушылық аудиториядан қуылумен жазаланады және сәйкесінше сабақ босатқаны үшін рейтінгілік бағасы төмендетіледі.

Практикалық сабақтар: Практикалық сабаққа дәріс материалының конспектісі, практикалық жұмыстың теориялық білімі бар студенттер ғана жіберіледі.Студенттер есептеу формулаларын, негізгі түсініктерді және есептеу кезінде шығатын заңдылықтарды түсіндіре білулері керек.

Межелік бақылау: Межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде СӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптарымен, тестілеу нәтижелерімен және межелік бақылауды ескере қойылады.

Емтихан: Ауызша емтихан немесе компьютерлік тестілеу жүйесі негізінде рұқсат алған барлық студенттерге қорытынды емтихан жүргізіледі. Емтиханның әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен. Тест сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.
6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ
Апталар және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі 2 кестеде келтірілген

«Мұнай химиясы» пәні бойынша балдардың бөлінуі

Кесте 2



Апта

Бақылау түрі

Барлық балл

Ескертпе

1

2

3

4




1 – 7 апталар аралығында дәріс сабақтарына қатысу мен дайындалу

30




1

Мұнайдың шығу тегінің әр түрлі болжамдары

0

Практикалық сабақ (ПС)

1

Қазақстанның мұнай кен орындары, олардың сипаттамалары.

0

СОӨЖ

2

Мұнай өнімдерінің тығыздығын есептеу

17

ПС

2

Қазақстанның мұнай өңдеу өнеркәсібі.

5

СОӨЖ

3

Мұнайды іздеу-барлау жұмыстары

17

ПС

3

Қазақстанның мұнай қорлары, мұнай қорларын болжау

5

СОӨЖ

3

Әлемдік Мұхиттың ең ірі мұнай дақтары

35

СӨЖ

4

Мұнай фракцияларының молекулалық массаларын есептеу

17

ПС

4

Қазақстанда мұнай тасымалдау мәселелері

5

СОӨЖ

5

Мұнайдың жіктелуі

18

ПС

5

Қазақстанда мұнайды депарафиндеу мәселелері

5

СОӨЖ

5

Дүние жүзініндегі ең ірі мұнай апаттары

40

СӨЖ

6

Қаныққан бу қысымы. Критикалық және келтірілген параметрлер. Фугитивтілік. Есеп шығару.

18

ПС


6

Қазақстанның жоғары тұтқыр мұнайлары мен табиғи битумдары

5

СОӨЖ

6

Межелік бақылау

60




7

Мұнай мен мұнай өнімдерін анализдеудің хроматографиялық және спектроскопиялық әдістері

18

ПС

7

Мұнайды өндіру әдістері.

5

СОӨЖ

1-7 апталар аралығында оқу нәтижесі бойынша барлық

300




8

Мұнайдың негізгі технологиялық сипаттамалары

13


ПС


8

Этилденген бензин. Оқтандық санды арттырудың альтернативті жолдары.

4

СОӨЖ

9

Мұнай тұтқырлығын есептеу

13

ПС

9

Зиянды заттар. Қауіптіліктің санитарлық кластары.

4

СОӨЖ

10

Мұнай көмірсутектері

13

ПС

10

Инженерлік-экологиялық көрсеткіштер.

4

СОӨЖ

10

Рессейдегі мұнай апаттары.

35

СӨЖ

11

Жылулық қасиеттерді есептеу

13

ПС

11

Экологиялық бақылаудың аспаптары мен әдістері.

4

СОӨЖ

12

Табиғи және мұнайға серік газдар

13

ПС

12

КР атмосфералық ауаны қорғау туралы заңы.

4

СОӨЖ

13

Массалық, көлемдік және мольдік құрамын есептеу

13

ПС

13

ҚР экологиялық сараптама туралы заңы.

4

СОӨЖ

13

Қазақстандағы мұнай апаттары

40

СӨЖ

14

Мұнайдың коллоидтық-химиялық қасиеттері

13

ПС


14

Америка мұнай институтының (АР1) стандарттары

3

СОӨЖ

14

Межелік бақылау

60




15

Мұнай құрамындағы компоненттерді бөлу және зерттеу әдістері.

14

ПС

15

Жапонияның негізгі отын түрлеріне стандарттары.

3

СОӨЖ

8 по 15 аптадалардың оқу қорытындылары бойынша барлық балл

300




Емтихан бойынша барлық балл

400




Академиялық кезені бойынша барлық балл

1000






7 ӘДЕБИЕТ

7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 Бишімбаева Г.Қ., Букетова А.Е. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. Алматы.: Бастау, 2007. -242б.

7.1.2 Зайлалова В.Р. Учебное пособие по курсу «Химия нефти и газа». Уфа.: УГНТУ, 2006. -145 с.

7.1.3 Рябов В. Химия нефти и газа. Л.: Форум, 2009. -336с.

7.1.4 Надиров Н.К. Нефть и газ Казахстана. Алматы.: Ғылым, 1996. -266с.


7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Давыдова С.Л., Тагасов В.И. Нефть и нефтепродукты в окружающей среде. М., изд. РУДН. 2004.-212 с.



7.2.2 Уильям Л. Леффер Переработка нефти, М, ЗАО Олимп-Бизнес -, 2001. -224с.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет