Танымал актриса Әсел Асқар көктем мезгіліне сай стилін өзгертіп, су жаңа аяқ киімдер сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Актрисаның айтуынша, аяқ киім алғанды өте жақсы көреді екен. 

“Қымбатта оқырмандар! Көптен бері шықпай кеткен айдар – сатып алған заттарымды көрсету. Міне, бүгін сәті түсті. Өте көп аяқ киім алдым. Бәрін жеңілдікпен сатып жатыр екен. Мына қазақша ою-өрнекпен көмкерген аяқ киімнің бағасы – 319 мың теңге. Шалбар және көйлекпен де кие бересің. Одан кейін көктемде киетін жеңіл биік өкшелі етік алдым. Бағасы – 559 мың теңге. Екеуін алдым. Бірі – қара, екіншісі – ақ. Ақ түсі – 178 мың теңге. Қатты қуанып тұрмын. Мұның барлығы – брендтер”, – деді актриса. 

  • "Қандай ана туды екен?!": Баян Мақсатқызы Тәуекел Мүсілімнің алғаш киноға түскен сәтін есіне алды

  • "Бөрі", "Шатақ", "Сылқым": Жанатбек пен Сержан отандық шоу-бизнес өкілдеріне лақап есім қойды

Өнер иесі елімізде ең қымбат саналатын сауда орталығында таусылып қалған аяқ киімдерді арнайы тапсырыспен шетелден алдырған көрінеді. 

“Спорттық аяқ киімді тапсырыспен алдырдым. Қазақстанда бітіп қалыпты. Аяқ киімді өте жақсы көремін. Fendi брендінің соңғы үлгідегі коллекциясы менде бар. Осыдан 5-6 жыл бұрын бренд заттар алмайтын едім. Ол дұрыс емес екен. Қазір өте көп бренд бұйым жинауды әдетке айналдырдым”, – деп қуанышын жасыра алмады кино жұлдызы. 

Еске салайық, актриса бір кремінің құны 450 мың болатынын айтқан еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Асель Аскар (@assel.askar)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.