Оралдағы балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен бір тәрбиеші зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 1 ақпанда Орал қаласының Солтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасқан "Сәби" балабақшасында болған. Жедел жәрдем қызмтіне қоңырау таңғы сағат 11:30-да түскен. 

"Шкафтың құлауы салдарынан 5 адам зардап шекті, оның төртеуі бала. 1976 жылы туған әйел қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілді. Оған амбулаторлық бақылау тағайындалды. 2018 жылы туылған қыздарда кеуде-бел аймағының жұмсақ тіндері, оң қолдары мен білектері көгерген", – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Бүлдіршіндер дәрігерлердің тексерісінен кейін жағдайлары қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне қайтарылған.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.