Pakistan International Airlines (PIA) стюардессасы Канадаға жеткен рейстен соң жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Media Line басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pxhere.com

Фаиза Мұхтар Торонтоға Исламабадтан 19 қаңтарда келген. Келесі күні Карачиге ұшуы керек еді. Алайда стюардесса белгіленген уақытта жұмысқа келмей, байланысқа шықпаған. 

Pakistan International Airlines қызметкерлері әуе компаниясынан қашып, 2018 жылдан бері басқа елдерден баспана іздей бастапты. Сол кезден бүгінге дейін мұндай жағдайлар жиі болып тұратын көрінеді. Осылайша 2023 жылы кем дегенде жеті адам Канадаға қашып кеткен.

  • Қазақстанда төрт жаңа әуежай салынады
  • Boeing ұшақтарында бұрандалардың дұрыс бекітілмегені анықталды

Әуе компаниясы босқындарға қатысты либералды саясатты ұстанатын Канада билігін кінәлайды. Тасымалдаушы қашып кеткен жұмысшыларды жұмыстан шығарып, Пәкістанға оралған соң сотқа беретінін айтты. Бірақ қызметкерлердің жоғалу себебі ұшу экипаждарының төмен жалақысы мен елдегі экономикалық жағдайға байланысты екен.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясының мүшесі Асқар Садықов Air Astana әуе компаниясының басшысын сынағаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.