Генеральные (примерные) условия договоров банковских услуг ао “Kaspi Bank” (версия 2)



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/4
Дата14.03.2018
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4

“Kaspi Bank” АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (5-нұсқа)




  1. БЗШ (жалғасы)

2.1. Банк заемы шарттарының (бұдан әрі – БЗШ) талаптарына сәйкес Банк Клиентке жаңартылмайтын кредит желісін беруге және төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен, заем Операцияларын жасау арқылы, тұтынушылық мақсатқа, қолма-қол жасалмайтын түрде заемға ақша беруге міндеттенеді. Сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтің ақысын төлеу үшін ССК-нің пайдасына қолма-қол жасалмайтын аударым арқылы, жүргізілген кредит лимитінің есебінен Картаға қызмет көрсету шоты бойынша заем Операциясын жүргізген жағдайда және/немесе Банктен бұрын алынған заемды қайта құрылымдағанда, Кредит мақсатына сай пайдаланылған болып саналады. Банктің белгілеген кредит лимитімен кредит желісін ашу Клиенттің БЗШ жасасу туралы офертасының акцепті болып табылады, бұл туралы Клиентке Банктің уәкілетті өкілі қол қойған және Банктің мөрімен бекітілген Банктің хабарламасы Клиент туралы Мәліметтерде көрсетілген мекенжайға жолданады немесе хабарлама Клиенттің өз қолына қол қою арқылы немесе қашықтан байланысу арналары арқылы немесе БЗШ-ның нысанына қол қоюы арқылы беріледі.

2.2. Әрбір нақты уақыт кезеңінде Кредиттің жалпы сомасы Банктің белгілеген кредит лимитінен асып кетпеуі тиіс. Кредит желісінің ең көп сомасы 15 000 000 (он бес) миллион теңгені құрайды. Ағымдағы кредит лимиті Клиенттің назарына қашықтан байланысу арналары арқылы немесе БЗШ-да жеткізіледі.

2.3. Кредит валютасы – теңге.

2.4. Сыйақы мөлшерлемесі бекітілген, жылдық пайызбен, шартты жасасқан күнгі мөлшерде көрсетіледі, шартта сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның БЗШ жасалған күні белгілеген тәртібіне сәйкес шынайы жылдық тиімді салыстырма есептеуінде Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері болады.

2.5. Берешек қолма-қол жасалатын немесе қолма-қол жасалмайтын тәсілмен, Клиенттің қалауы бойынша Оңтайлы төлемді төлеу әдісімен бір айдың ішінде бір рет төлеуі арқылы өтеледі.

2.6. Кредитті өтеу тәртібі БЗШ-да, Кредит пен Сыйақыны өтеу мерзімділігі бір айдан тұратын Есептесу кезеңінде анықталады.

2.7. Клиент БЗШ-ға сәйкес төмендегі комиссияларды төлейді:

2.7.1. Қаржылық сүйемелдегені үшін комиссия, ол Есептік кезеңнің соңғы күні өндіріп алынады, оның реттік нөмірі Картаны іске қосқан айдан бастап үшке тең. Егер комиссияны есептеген күні Берешек болмаса, комиссия өндіріп алынбайды;

2.7.2. Банктің кассасында Картаға қызмет көрсету шотына қолма-қол ақша төлегені үшін комиссия, ол Банктің кассасында қолма-қол ақша төлеу бойынша операция шотында көрсетілген күні өндіріп алынады.

2.8. Заем касса арқылы, банктік шотқа қашықтағы терминал арқылы және қашықтан байланысу арналары арқылы өтеледі, заемды және сыйақыны өтеу мерзімділігі бір күнтізбелік айдың ішінде Оңтайлы төлемді төлеу әдісімен бір рет белгіленеді.

2.9. БЗШ бойынша мыналар қамсыздандыру болып табылады: қамсыздандырусыз берілетін заемдарды қоспағанда, кепіл, тұрақсыздық айыбы, кепілдік, кепілдеме, ұстап қалу және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес басқа да түрлері.

2.10. Заем алушы БЗШ бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ БЕ-нің аясында шарттар жасасқанға дейін және жасасқаннан кейін Клиенттің жасаған мәлімдемелерінің, растамаларының, мәліметтерінің және/немесе кепілдіктерінің кез келгені шарттардың қолданылу кезеңінде немесе олар жасалғанға дейін жарамсыз (шынайы емес) болғанда немесе болып қалған жағдайда, сондай-ақ шарттарда көзделген басқа да жағдайларда Банк заңнамада көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ:

2.10.1. Заем алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені Банктің уәкілетті органының қарауына шығаруға;

2.10.2. Сот тәртібімен және соттан тыс тәртіппен берешегін өндіріп алуға; Кредитті беруді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға; БЗШ-ны біржақты тәртіппен бұзуға;

2.10.3. Клиенттің Шарт бойынша кез келген ағымдағы, сол сияқты мерзімі өткізілген міндеттемелерін (берешектерін) орындау (өтеу) үшін ақшаны (Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен, Клиенттің талап етуімен ашылған банктік шоттардағы, Клиенттің мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшасын қоспағанда);

2.10.3.1. Қазақстандағы және одан тысқары жердегі кез келген банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған Клиенттің банк шоттарына акцептсіз тәртіппен орындалатын төлемдік талап-тапсырмаларды қою арқылы акцептсіз тәртіппен;

2.10.3.2. Банктің төлем ордерінің немесе заңнамада және/немесе Банктің құжаттарында көзделген басқа құжаттардың негізінде Клиенттің Банктегі банк шоттарын тікелей дебеттеу арқылы алуға (есептен шығаруға) құқылы.

Ақшаны Шарт бойынша берешек өтелуі тиіс валютадан өзгеше валютада алған жағдайда, алынған ақшаны мұндай берешек өтелуі тиіс валютаға Банктің бағамы бойынша, Банктің тарифтеріне сай кросс-операциялар (бір шетел валютасын басқасына айырбастау) үшін комиссия ұсталып, айырбасталады. Клиенттің Қазақстандағы және одан тысқары жердегі кез келген банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарынан ақшаны есептен шығарған жағдайда, Клиент мұндай есептен шығаруға байланысты Банктің барлық шығындарын өтейді;

Жалақылық жобаның қатысушысы болып табылатын Клиенттің берешегін өтеу үшін ақша алудың кейбір ерекшеліктері БЕ-нің 15-тарауында анықталады.

2.10.4. Клиенттен Шарт бойынша барлық міндеттемелерін мерзімінен бұрын (Банк талабын жіберген сәттен бастап он күнтізбелік күннің ішінде) орындауын (соның ішінде мерзімінен бұрын Кредитті қайтаруын және сыйақы төлеуін) талап етуге. Бұл кезде Шарт бойынша міндеттемелерін орындамау Клиенттің Кредитті қайтаруға және/немесе сыйақы төлеуге белгіленген мерзімді бұзуында көрінгенде, Банк Кредитті мерзімінен бұрын қайтару және сыйақы төлеу туралы талабын АК-нің 728-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып жолдай алады;

2.10.5. Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты шығыстар мен шығындар сомасын өтеуін Заемшыдан талап етуге құқылы, олар тиісті құжаттармен расталуы тиіс және тұрақсыздық айыбына үстеме толық сомада өтелуі тиіс, бұл кезде Заемшы Банктің талабын алған сәттен бастап жетікүндік мерзімде аталған шығыстарды өтеуге міндеттенеді;

2.10.6. Заем алушыдан төлем жасаудың мерзімін өткізген әр күнге, егер заңнамада тікелей өзгеше көзделмесе, мерзімі өткізілген негізгі борыш пен сыйақы сомасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлеуін талап етуге, бірақ заңнамада белгіленген шекті сомадан көп емес;

2.10.7. Берешекті сот тәртібімен өндіріп алуға;

2.10.8. Заем алушы Клиент туралы мәліметтерде көрсетілген деректемелерінің өзгерісі туралы тиісті оқиғалар болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарламаған жағдайда – Заем алушыдан бес мың теңге көлемінде айыппұл өндіріп алуға;

2.10.9. Кредитті мақсатына сай пайдаланбаған жағдайда, соның ішінде Кредит сомасын қолма-қол ақшамен алғаны үшін Клиентпен жасалған шартта белгіленген мөлшерде Заемшыдан айыппұл/төлемақы өндіріп алуға;

2.10.10. Кредит желісі аясында заем Операцияларын жасау ықтималдылығын уақытша тоқтатуға немесе тоқтатуға;

2.10.11. Осы БЕ-ге сәйкес өз қалауымен Заем алушының Берешегін өтеу кезектілігін өзгертуге;

2.10.12. Кредит лимитінің мөлшерін азайтуға;

2.10.13. Клиентке жазбаша хабарлап, БЗШ мен осы БЕ-де көзделген басқа да шарттарды біржақты тәртіппен бұзуға. Банктің осыған байланысты шеккен барлық шығыстары мен шығындарын Клиент Банкке өтейді. Клиент Банктен БЗШ-ны бұзу туралы хабарлама алғаннан кейін келесі күні, егер Банк басқа мерзімді анықтамаса, шарт бұзылған болып саналады;

2.10.14. Картаға (барлық қосымша карталарды қосқанда) тосқауыл қоюға, сондай-ақ Клиенттен оны қайтарып беруін талап етуге;

2.10.15. БЕ-де көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға;

2.10.16. Банктік құпияны құрайтын ақпаратты және Клиенттің кез келген үшінші тұлғаларға, соның ішінде Клиенттің Жұмыс берушісіне хабарлаған басқа да мәліметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы, Берешек сомасын қайтару жұмыстарын жүргізу мақсатында ашуға;

2.10.17. Қазақстан Республикасының заңнамасында және БЕ-де көзделген кез келген басқа шараларды қолдануға;

2.11. БЕ-нің 2.10-тармағында аталған шараларды Банк БЗШ бойынша кез келген өзге міндеттемелерін орындамаған кезде немесе олардың орын алуының нақты қаупі төнген кезде, соның ішінде Заем алушыда Кредит бойынша кезекті төлемді өтеу үшін қаражаты болмаған кезде және олардың түсуінің болашағы болмағанда, Өтініш берген кезде, шартты жасасқанда немесе заем Операцияларын жасағанда Заем алушының шынайы емес мәліметтерді беру фактісі анықталғанда, егер Клиент сот процесіне тартылса және/немесе оның шотына тыйым салынғанда немесе одан өндіріп алынғанда (немесе мұның нақты қаупі болғанда), Клиентті психоневрологиялық диспансерлерге, психиатриялық клиникаларға, есірткіге немесе алкогольге тәуелді болуынан емдеу үшін клиникаларға жатқызылғаны туралы ақпаратты алған кезде, сондай-ақ, Банктің пікірінше, Заем алушының төлем қабілеттігіне және оның шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін басқа жағдайларда қолдануға құқылы. Аталған жағдайларда, соның ішінде Берешекті мерзімінен өтеу талабын қойған жағдайларда, сондай-ақ басқа жағдайларда, Банк берілген Кредит бойынша Сыйақы мен Банкке тиесілі басқа төлемдер, соның ішінде комиссиялар мен айып санкциялары (тұрақсыздық айыбы мен өзгесі) және/немесе олардың ары қарай есептелуі түріндегі кірістерді де мойындауды тоқтата тұруға құқылы.

2.12. БЗШ бойынша өз міндеттемелерін бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және БЕ-ге сәйкес жауапкершілік атқарады.

2.13. БЗШ-ның қолданылу мерзімі кредит желісінің мерзіміне тең. Егер бұл мерзім аяқталғанға дейін өтелмеген Берешек болған жағдайда, БЗШ дәл сол мерзімге ұзартылды.

2.14. Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлға болып табылатын Клиентке кредит лимитін берген жағдайда, Банктің ішкі нормативтік құжаттарының қағидаларын ескере отырып, берілген кредит лимитін қамсыздандыру үшін жеткілікті сомаға Қамсыздандыруды беру туралы тиісті шарттың талаптарына сай, Қамсыздандыруды берген күннен ерте емес мерзімде кредит лимиті қолжетімді болады.

2.15. Заем алушы Кредитті нақты пайдаланған мерзімге Сыйақы төлеп, Кредитті толық көлемде мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

2.16. Клиент үш жұмыс күні ішінде БЕ аясында шарттар жасақан кезде берілген өз деректерінің өзгерісі туралы, соның ішінде тегінің, атының, әкесінің атының, мекенжайының, жеке басын куәландыратын құжаттардың, ЖСН, үйінің телефон нөмірінің, телефон нөмірінің, жұмыс орнының телефонының, жұмыс орнының (табыс алу көзінің) өзгерісі, жеке кәсіпкер мәртебесін алуы туралы, сондай-ақ Клиенттің Кредитті қайтару және Сыйақы төлеу және/немесе Клиентті сәйкестендіруге әсер етуі мүмкін кез келген жағдайлар туралы Банкке жазбаша немесе қашықтан байланысу арналары арқылы, Банк белгілеген тәртіппен және тәсілмен түрде хабарлауға міндетті.

2.17. Банк белгілеген кредит лимиті Клиентке оның қашықтан байланысу арналары арқылы кредит лимитін мақұлдау туралы және оны беру туралы хабарламаны алғанынан кейін немесе тиісті хабарламаны Клиенттің мекенжайына жолдағаннан кейін қолжетімді болады. Кредит лимиті тек Картаны пайдалану арқылы, соның ішінде касса арқылы және Картаны терминалдарда пайдалану арқылы қолжетімді.

2.18. Жасалған БЗШ-ға сәйкес берілетін Кредит лимитінің мөлшерін Банк Клиенттің Банкке берген ақпаратының, сондай-ақ Клиенттің кредит скорингінің нәтижесі бойынша, кредит бюросының деректер базасындағы ақпаратты қосқанда, басқа да қолда бар мәліметтердің негізінде өз бетінше анықтайды. Кредит лимитін өтегеннен кейін немесе оның қолданылу мерзімінде Банк Клиентке жаңа кредит лимитін немесе қосымша кредит лимитін беруге құқылы. Картаны іске қосу немесе Клиенттің кредит лимитін пайдалануы Банктің белгілеген кредит лимитінің мөлшерімен келісімі болып табылады.

2.19. Кредит желісінің ең көп сомасы Кредит лимитінің Ең көп мөлшері болып табылады.

2.20. Кредит желісінің мерзімі БЗШ-ны жасасқан күннен бастап жиырма жылды құрайды.

2.21. Банк Клиенттің БЗШ-ны жасасу туралы офертасын акцепттеген кезде немесе БЗШ-ға қол қойған кезде Банк Клиентке мына жағдайлардың жиынтығына негізделіп есептелген Оңтайлы төлем мөлшерін хабарлайды:

2.21.1. Карта БЗШ жасалған (Банк Клиенттің оны жасау туралы офертасын акцепттеген) күні іске қосылады;

2.21.2. Картаны іске қосқан және Банктің Кредит лимитін белгілеген күні Клиент Кредитті берілген кредит желісінің толық мөлшерінде алады;

2.21.3. Кредит оның нысаналы мақсатына сай пайдаланатылатын болады.

Аталған жағдайлардың қандай да біреуі орындалмаған жағдайда, БЗШ жасалған кезде хабарланған Оңтайлы төлем мөлшері Банк пен Клиент арасындағы қатынастарға қолданылмайды. Бұл жағдайда Клиент Есептесу кезеңі үшін есептелген сыйақы мен комиссияларды ескере отырып, жасалған Операциялар сомасын негізге ала отырып, Берешекті (ол болған кезде) өтеуге міндетті.

- Клиенттің Банк алдындағы берешегі мыналардың нәтижесінде:

- Клиент заем Операциясын жасағанда;

- Банк Сыйақы есептегенде;

- Банк Клиенттің төлеуге тиіс төлемдері мен комиссияларын есептегенде;

2.21.4. БЕ-де көзделген шарттарды орындаумен байланысты Берешектің туындауына әкеп соқтырған басқа да жағдайларда туындайды.

2.22. БЗШ-ға сәйкес Клиент Оңтайлы төлемді төлеу әдісімен Берешекті уақтылы өтеуге міндетті. Банк кез келген үшінші тұлғаның БЗШ бойынша міндеттемелерді орындауын қабылдауға құқылы.

2.23. Клиент БЕ-ге сәйкес Берешекті ішінара/толық өтейді.

2.24. Картаға қызмет көрсету шотындағы ақшаны Банк БЕ-де көзделген жағдайларды қоспағанда, Кредитті мерзімінен бұрын өтеу есебінен толық көлемде есептен шығарады.

2.25. Банктің шотына ақша түскен күн БЗШ бойынша төлем жасалған күн болып саналады. Егер Банктің шотына ақша Астана уақытымен сағат 19.00 дейін түссе, мұндай төлемді Клиент ағымдағы күні жасаған болып саналады.

2.26. Банк кредиттік бюроға Клиент туралы мәліметті беруге және кредиттік бюроның Банкке Клиент туралы кредиттік есебін, сондай-ақ Тараптардың өз міндеттемелерін орындауымен байланысты ақпаратты беруге Клиенттің келісімін алды.

2.27. Клиент қайтыс болған жағдайда, Клиенттің Берешегі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оның мұрагерлеріне өтеді.

2.28. Банк кез келген үшінші тұлғаға өзінің Шарт бойынша талап ету құқығын толығымен немесе ішінара беруге құқылы. Бұл кезде Банк мұндай үшінші тұлғаларға, сондай-ақ оның агенттері мен оның уәкілеттік берген өзге де тұлғаларына мұндай құқығын беруді жасауға қажетті БЗШ-ның және БЕ-де көзделген басқа да шарттардың талаптары туралы ақпаратты ашуға, сондай-ақ мұндай тұлғаларға тиісті құжаттарды беруге құқылы.

2.29. Кейбір Тарифтік жоспарлардың аясында Кредитке қызмет көрсетумен байланысты басқа да комиссиялар көзделген жағдайда, мұндай комиссиялар БЗШ-да көзделген тәртіппен және мөлшерде ұсталады.

2.30. Кредитке қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар тек Тараптардың келісімімен, БЕ-де көзделген тәртіппен және жағдайларда комиссия мөлшерлерін азайту (соның ішінде уақытша) жағдайларын қоспағанда, өзгертілуі тиіс.

2.31. БЕ-де көзделген тәртіппен Картаның қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға болады. Картаның қолданылу мерзімінің өтуі БЗШ-ның қолданысын тоқтатпайды.

2.32. Банк өз қалауымен, соның ішінде Клиенттің тілегімен тиісінше Қамсыздандыруды берген жағдайларда, Клиент БЕ-нің аясында жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде, кредит лимитінің мөлшерін ұлғайтуға, жаңа кредит лимитін беруге немесе кредит желісінің Ең көп сомасы шегінде қосымша кредит лимитін беруге құқылы. Бұл кезде жаңа кредит лимитінің немесе қосымша кредит лимитінің талаптары бұрынғы (бұрын берілген) кредит лимитінің талаптарынан өзгеше болуы мүмкін.

2.33. Кредит лимитінің мөлшерін үлғайту немесе қосымша кредит лимитін беру туралы Клиентке не хабарлау жазбаша хабарлама жолдау арқылы, не Клиенттің телефон нөміріне SMS-хабар жолдау арқылы, немесе басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде қайта берілген кредит лимиті оны Банк берген күннен бастап Клиентке қолжетімді болады.

2.34. Жаңа кредит лимиті Банктің қалауы бойынша беріледі әрі бұрын берілген кредит лимитінің мөлшерінен аз болуы мүмкін және оны берген күні Клиентке қолжетімді болады. Қайта берілген кредит лимитінің мөлшері бұрынғыдан өзгеше болған жағдайда, Клиентке қашықтан байланысу арналары арқылы немесе Клиентке тиісті жазбаша хабарлама жолдау арқылы хабар беріледі.

2.35. Банк банк заемы шарттарының талаптарын біржақты тәртіппен, бір ай мерзімге немесе Банктің анықтаған уақыт аралығына талаптарын Клиент үшін жақсарту жағына қарай өзгертуге. БЗШ-ға қол қою арқылы Клиент үшін банк заемы талаптарының жақсаруы мыналар екенімен Клиент келіседі, атап айтқанда:

2.35.1. Сыйақы мөлшерлемесінің көлемін азайту;

2.35.2. Берешекті өтеу бойынша төлем жасаудың мерзімін ұзарту;

2.35.3. БЗШ бойынша көзделген комиссиялар мен басқа да комиссиялардың мөлшерлемесінің көлемін азайту;

2.35.4. Кредит лимитінің мөлшерін ұлғайту;

2.35.5. Операцияларды Артықшылықты блокқа қосу;

2.35.6. БЗШ бойынша Жеке талаптарды беру;

2.35.7. Грэйс-кезеңді, жеңілдік кезеңін, промо-кезеңді беру;

2.35.8. Берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, ол төмендегі кезектіліктің жоғарыда тұрған кезекке дейін Берешекті басымдықпен өтеуді көздейді;

2.35.9. Берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, ол Кредиттің басқа Операциялары бойынша Берешекті өтегенге дейін Артықшылықты блокқа қосылған Операциялар бойынша Берешекті басымдықпен өтеуді көздейді;

2.35.10. Жаңа немесе қосымша кредит лимитін беру;

2.35.11. Банктің Берешекті капиталдандыруы.

2.36. Заем алушының:

2.36.1. БЗШ жасасқан күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде Кредитті қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлемей, банктің Кредит берген күннен бастап есептеген сыйақы төлемін және Кредитті қайтаруға;

2.36.2. Егер негізгі борышты немесе Сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түсетін болса, заем алушы тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлемей, Сыйақыны немесе негізгі борышты одан кейінгі жұмыс күні төлейді;

2.36.3. Өтініш бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ақысыз, айына бір рет шарт бойынша борышты өтеуге түскен кезекті қаражаттың таралуы (негізгі борыш, Сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төленуі тиіс сомалар) туралы жазбаша ақпаратты алуға;

2.36.4. Шарт бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе ішінара мерзімінен бұрын банкке қайтару туралы өтініш бойынша – ақысыз, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төленуі тиіс сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдер көрсетілген қайтарылатын соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша түрде алуға;

2.36.5. Кредит алған күннен бастап бір жыл өткен соң, тұрақсыздық айыбын және басқа айып санкцияларын төлемей, Кредитті ішінара немесе толық көлемде мерзімінен бұрын өтеуге;

2.36.6. Қызмет көрсету бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде Банкке жазбаша өтініш жасауға және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында бекітілген мерзімде жауап алуға;

2.36.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды іске асыруға құқығы бар.

2.37. Банк:



2.37.1. Қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын және басқа айып санкцияларын түрін ұстап қалмай, Кредит берген күннен бастап есептелген Сыйақыны ұстап қалып, БЗШ жасасқан күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде Кредиттің қайтарылуын қабылдауға;

2.37.2. БЗШ бойынша борышты өтеуге түскен кезекті ақшаның таралуы (негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және мерзімі өткізілген төлемдер көрсетілген басқа да төленуі тиіс сомалар) туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиілігі айына бір реттен аспайтындай етіп Заем алушының өтінішімен ақысыз жазбаша түрде ұсынуға;

2.37.3. БЗШ бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе ішінара мерзімінен бұрын қайтару туралы заем алушының өтініші бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төленуі тиіс сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдер көрсетілген қайтарылатын соманың мөлшері туралы мәліметті оған ақысыз жазбаша нысанда хабарлауға;

2.37.4. Заем алушыға міндеттемелердің орындалу мерзімінің өткенін және БЗШ бойынша төлемдер жасаудың қажеттігі туралы шартта көзделген мерзімде және тәсілмен хабарлауға;

2.37.5. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен бекітілген мерзімде Заем алушының жазбаша өтінішін қарауға және оған жазбаша жауап дайындауға;

2.37.6. БЗШ бойынша (талап ету) құқықтарын үшінші тұлғаға берген кезде үш жұмыс күні ішінде ол туралы Заемшыға берілген талап ету құқықтарының толық көлемін, негізгі борышқа, Сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар және басқа да төленуі тиіс сомаларға бөле отырып, ағымдағы және мерзімі өткен берешектің қалдығын көрсетіп, сондай-ақ талап ету құқығы берілген Банкке немесе тұлғаға заемды өтеу бойынша алдағы уақыттағы төлемдерді тағайындау тәртібін жазбаша түрде хабарлауға міндеттенеді.

2.38. Банктің:

2.38.1. БЗШ-ны жасасқан күні бекітілген тарифтерді, комиссиялық сыйақылар мен заемға қызмет көрсету бойынша басқа да шығыстардың мөлшерін және есептеу тәртібін көбею жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге;

2.38.2. Жасалған БЗШ аясында комиссияның жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге;

2.38.3. Заем беру туралы шартпен сақтандыру шартын жасасу туралы және (немесе) Қамсыздандыру болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге талаптар көзделген болса, заем алушыны, кепіл берушіні сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдаған кезде шектеуге, сондай-ақ заем алушыға өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеуге;

2.38.4. Заем алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борыш мезгілінен бұрын ішінара өтелген немесе мезгілінен бұрын толық өтелген жағдайларды қоспағанда, заемды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін өндіріп алуға;

2.38.5. Егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен болса және заем алушы сыйақыны немесе негізгі борышты одан кейінгі жұмыс күні төлеген жағдайда тұрақсыздық айыбын және басқа айып санкцияларын өндіріп алуға құқығы жоқ.

2.39. Мына жағдайларда:

2.39.1. Заем алушы БЕ-нің аясында жасалған шарттар бойынша банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзғанда;

2.39.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банк жүргізген мониторингтің нәтижесі бойынша анықталған заем алушының қаржылық жағдайы нашарлағанда;

2.39.3. Банктің БЗШ-ны тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгергенде;

2.39.4. Егер Кредит беру нәтижесінде Банк уәкілетті органдар белгілеген нормативтерінің кез келгенін, оған қоса, бірақ шектелмей, пруденциалдық нормативтерді бұзғанда;

2.39.5. Егер Заем алушының және/немесе Қамсыздандыруды берген үшінші тұлғаның банк шот(тар)ындағы ақшаға тыйым салынғанда немесе өндіріп алынғанда немесе мұның іс жүзінде қаупі бар болса немесе Банктің аталған тұлғалардың басқа ақшасының есебінен орындай алмайтын инкассалық өкім және/немесе төлемдік талап-тапсырма қойғанда;

2.39.6. Егер төменде көрсетілген жағдайлардың кез келгені басталғанда немесе, Банктің пікірінше, Заем алушының, Қамсыздандыруды берген үшінші тұлғаның Шарт және/немесе Қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы (тиісінше орындамауы) қаупі болса, оған қоса, бірақ шектелмей, төменде көрсетілген:

  1. Заем алушының/Жұмыс берушінің Банктің жазбаша хабарламасының негізінде алған Заем алушының Жұмыс берушімен еңбек қатынастарының тоқтатылуы (соның ішінде алдағы болатыны) туралы ақпараттың немесе Банкке басқа дереккөздерден түскен ақпараттың болуы немесе анықталуы;

  2. әлдекімнің Шарттың және/немесе Қамсыздандыру туралы шарттың жарамдылығын даулауы;

  3. егер Заем алушының және (немесе) үшінші тұлғаның Банкке берген құжаттары және (немесе) ақпараты шынайы және (немесе) толық болмаса;

  4. Заем алушы/үшінші тұлға қайтыс болғанда немесе хабар-ошарсыз кеткенде;

  5. Заем алушыда үшінші тұлғаның алдында Берешектен артық сомаға міндеттемелері туындағанда немесе болғаны анықталғанда;

  6. Заем алушы өзінің растамалары мен кепілдіктерінің кез келгенін бұзғанда;

  7. Заем алушының Банк алдындағы міндеттемелерін бұзуына әкеліп соқтыратын немесе әкеліп соқтыруы мүмкін заңнама талаптарын Заем алушы бұзғанда;

  8. Заем алушы және/немесе Қамсыздандыруды берген үшінші тұлға үшінші тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің кез келгенін бұзғанда;

  9. Қамсыздандырудың құжаттар бойынша және іс жүзінде болуын, мөлшерін, жай-күйі мен сақтау жағдайларын тексеруге Банктің кез келген себептер бойынша мүмкіндігі болмағанда;

  10. Кредитті мақсатына сай пайдаланбағанда және (немесе) Кредиттің мақсатына сай пайдаланылғанын растау үшін қажет құжаттаманы уақтылы бермегенде;

  11. Заем алушы немесе кепілгер, немесе үшінші тұлға туралы жағымсыз ақпарат анықталғанда;

  12. Қамсыздандыруды (кепіл мүлкін) қайта бағалаудың нәтижесі бойынша оның құнының арзандауы және (немесе) Қамсыздандырудың жоғалуы, сондай-ақ, Банктің пікірінше, Қамсыздандырудың (кепіл мүлкінің) құнының елеулі арзандауына әкеліп соқтырған оның жай-күйінің кез келген өзгерісі;

  13. Шарттың қолданысының кез келген уақытында Заем алушының қаржылық жағдайының нашарлауы;

  14. Банктің талап етуімен Кредитті өтеу көзі болып табылатын табысты көрсететін әрі растайтын (Банктің талаптарын қанағаттандыратын) құжаттарды бермеу;

  15. Заем алушының және (немесе) Қамсыздандыруды берген үшінші тұлғаның азаматтығының өзгеруі және (немесе) аталған тұлғалардың уақытша немесе тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасынан тысқары көшіп кетуі сияқты жағдайлардың кез келгенімен байланысты Банк біржақты тәртіппен Кредит беруді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.

2.40. БЗШ бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізу және төлемдар жасау қажеттігі туралы Клиенттің телефон нөміріне SMS-хабар жолдау арқылы немесе www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста мерзімін өткізген борышкерлердің қатарына клиенттің БЗШ-ның нөмірін көрсету арқылы немесе басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентке хабарланады.

2.41. БЗШ Қорытынды шот-көшірмеге сәйкес Берешек болмаған кезде Клиенттің өтініші бойынша немесе Банктің қалауы бойынша бұзылуы мүмкін.




  1. Банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптары

    1. БЕ-нің мақсаты үшін пайдаланылатын терминдердің, анықтамалар мен қысқартулардың БЕ-нің 3-тарауында анықталған мынадай мағынасы бар:

БЕ-нің 3-тарауында көрсетілген терминдер, анықтамалар мен қысқартулар Клиенттің оферталарын акцепттеген кезде жасалған шарттарға (соның ішінде өтініштер, өтінімдер) және Клиент пен Банктің арасында БЕ-ні іске асыруға байланысты қатынастардың туындауына байланысты ресімделетін басқа құжаттарға қолданылады. Өтініштер мен БЕ-де қолданылатын басқа терминдер мен анықтамалар Төлемдік жүйелердің ережелерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған мәнге ие.

БЕ-ге сәйкес Клиент пен Банктің арасындағы Клиентке банктік қызмет көрсетуге, Клиенттің Банктен банк заемын алуына, беруіне және төлемдік картаға қызмет көрсетуге, сондай-ақ ағымдағы банктік және жинақ шоттарын ашу, оларды жүргізу және жабу қызметін көрсетуге және Клиентке басқа банктік қызмет көрсетуге байланысты қатынастар реттеледі.



БЕ-нің мақсаты үшін пайдаланылатын терминдердің, анықтамалар мен қысқартулардың мынадай мағынасы бар:

      1. Call Center – клиенттердің қоңырауларын қабылдайтын әрі өңдейтін, Банк қызметі мен өнімдері туралы хабарлайтын, Карталарды іске қосатын, оларға Тосқауыл қоятын және Клиентке қызмет көрсету үшін Банктің айқындайтын тағы басқа қызметтерді жүзеге асыратын Банктің бөлімшесі немесе қызмет;

      2. Автотөлемақы – банктік қызмет көрсету қызметі, оған Банктің Клиентке үшінші тұлғалардың көрсететін қызметтері үшін үшінші тұлғалардың берген шоттарын кейіннен қажетті ақша сомасын (Клиенттің қосымша нұсқауынсыз) акцептсіз немесе Клиенттің кез келген банк шоттарын, соның ішінде Кредиттің ақшасы, оң қалдық немесе салым есебінен тікелей дебеттеу тәртібімен жасаған төлемақысы кіреді;

      3. Авторландыру – Картаны пайдаланып төлем жасауға Банктің берген рұқсаты. Авторландыруды алу рәсімі Төлем жүйесінің ішкі ережелеріне және/немесе Төлем жүйесінің қатысушыларының арасында жасалған шарттарға және/немесе Клиентпен жасалған шартқа сәйкес белгіленеді. Авторландыру автоматтандырылған режимде электрондық құрылғыларды пайдалану арқылы (бұдан әрі – «автоматтандырылған режим») немесе телефон байланысын пайдалану арқылы дауыс шығаратын режимде (бұдан әрі – «дауыс шығаратын авторландыру») жүзеге асырылады;

      4. Картаны іске қосу – Банк Картаны шығарған кезде Ұстаушының Банктің Төлем лимитінен немесе Банк ұсынатын кез келген тәсілмен қандай да бір басқа талаптардан тыс Авторландыруды беруден бас тартуын көздейтін Картаны пайдаланып шығыс операцияларын жүргізуге белгіленген техникалық шектеуді жою рәсімі;

      5. Банк – “Кaspi Bank” акционерлік қоғамы;

      6. Банктік қызмет көрсету – шартқа сәйкес Банктің көрсететін ақылы банктік қызметі;

      7. Картаға тосқауыл қою – Картаны пайдаланып төлем жасауға және/немесе Операцияларды жасауға толық немесе уақытша тыйым салу;

      8. Валюталық жинақ шоты – Банктің БЕ-ге сәйкес Клиентке ашатын, бір шетел валютасындағы Клиенттің банктік жинақ шоты;

      9. Валюталық шот –кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсатқа Банктің БЕ-ге сәйкес Клиентке ашатын бір шетел валютасындағы ағымдағы банктік шоты;

      10. Қайтарылатын төлем – Банкке жазбаша шағым және т.с.с. беру арқылы Клиенттің Картаны пайдаланып жүргізген шығыс операциясына наразылығын білдіруі және Банктің Клиенттің шағымын дәлелді деп мойындауы салдарынан Картаға қызмет көрсету шотына аударылған ақша;

      11. Сыйақы – кредит лимитінің есебінен алынған, Банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен заем сомасына пайыздық көрсеткішпен айқындалған ақшаны пайдаланғаны үшін ақы;

      12. Грэйс-кезең – Сыйақы немесе Кредит берумен байланысты комиссиялар, немесе Банктің Тарифтері мен басқа да шарттарда көзделген өзге комиссиялар БЕ-ге сәйкес есептелмейтін және ұсталмайтын, немесе кейбір қызмет ақысын төлеуге жеңілдік берілетін, немесе негізгі борыш бойынша немесе Сыйақы бойынша мерзімі ұзартылатын, немесе БЕ-де көзделген шарттардың талаптарын басқалай жеке уақытша жақсартулар берілетін уақыт кезеңі. Грэйс-кезең бір немесе бірнеше адамдарға, Банктің анықтайтын уақыт аралығында бір немесе бірнеше Операцияға қатысты қолданылуы мүмкін. Грэйс-кезеңін беру талаптарын Банк тиісті ақпаратты www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жариялау арқылы және/немесе SMS-хабар және/немесе жазбаша хабарлама жолдау арқылы хабарлайды;

      13. Кешенді банктік қызмет көрсету шарты – Картаға қызмет көрсету шоты шартының, банктік қызмет көрсету шартының талаптары берілген, Клиентпен жасалатын шарт, сервис-пакет қызметін көрсету шарты, банктік қызмет көрсету шоты шарты, жинақтық шот және салым шарты, валюталық шот шарты және Банк ұсынатын басқа шарттар мен қызмет;

      14. Қосымша карта – Клиенттің нұсқауымен, соның ішінде Call Center-ге хабарласу арқылы, интернет-банкингтің көмегімен, банкомат арқылы және Банктің көздеген өзге де тәсілдерімен шығарылған екінші және кейінгі карталар;

      15. Кредит лимитінің қолжетімді қалдығы – Клиенттің кредит лимитінің пайдаланбаған бөлігінің мөлшері, ол кредит лимитінің мөлшері мен негізгі борыш бен Овердрафт мөлшерінің арасындағы айырмаға тең;

      16. Берешек – негізгі борыш сомасын, Овердрафт сомасын, есептелген, бірақ төленбеген Сыйақыны, комиссияларды, айыппұлды, өсімпұлды, тұрақсыздық айыбын, БЕ-нің аясында Клиентпен жасалған шарттарда көзделген өзге де төлемдерді қосқанда, Клиенттің төлеуі тиіс ақшасы;

      17. Заем алушы – Кредит берілген Клиент;

      18. Жалақылық жоба – Клиенттің жұмыс берушіден жалақыны, сыйлықақыларды, әлеуметтік төлемдерді және басқа да ақшаны алуын қамтамасыз етумен байланысты Банкпен Картаны пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға/есепке жазуға байланысты тиісті қызмет көрсету бойынша келісім жасасқан заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің жұмыскері/қызметкері болып табылатын Клиентке көрсетілетін Банктің қызмет кешені;

      19. Өтініш – Тарифтік жоспардың атауы мен талаптары және Клиенттің БЕ-де көзделген шарттарды жасасу туралы оферталар түріндегі Банкке жасаған ұсынысы берілген Банктің белгілеген нысаны бойынша жасалған құжат;

      20. Капиталдандыру – Банктің қалауы бойынша, Банктің негізгі борышты шегергендегі мөлшерде Клиенттің өтініші бойынша, соның ішінде төлем мерзімін ұзартқан кезде берілетін, Есептесу кезеңі аяқталған күні есептелген Берешек мөлшерінде кредит лимитінің есебінен Клиентке ақша беруі;

      21. Карта – Клиенттің Картаға қызмет көрсету шотындағы/Шоттардағы ақшасына электрондық терминалдар немесе басқа құрылғылар арқылы қолжетімділік беретін құрал, онда мұндай картаны ұстаушыға төлемдер жасауға, қолма-қол ақша алуға, валюталар айырбастауға, Картаның төлемдік емес қосымшаларына қолжетімділік алуға және Банк анықтаған және оның талаптарымен басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат берілген. Карта немесе оның нөмірі де Банктің немесе үшінші тұлғалардың Клиентті Банк пен үшінші тұлғалардың бірлескен бағдарламаларының (адалдық бағдарламаларының) аясында, соның ішінде банктік ақпараттық жүйеде және үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде сәйкестендіру құралы болып табылады;

      22. Клиент – Банкке Өтінішпен, Өтініммен келген немесе БЕ-нің аясында шарттар жасасқан жеке тұлға;

      23. Кіру коды – Клиент Call Center-ге телефон арқылы қоңырау соғып, қашықтан байланысу арналары бойынша Банкке қашықтан хабарласқан кезде, сондай-ақ БЕ-де көзделген өзге жағдайларда Клиентті сәйкестендіру мақсатында айтылатын Клиенттің ақпаратына кірудің жеке цифрлық коды және/немесе әріптік коды;

      24. Кредит – Заем алушының барлық заем Операциялары бойынша мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық талаптарымен берілетін кредит желісінің есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарлар, жұмыстар мен қызмет сатып алуға алған ақшасы;

      25. Кредит желісі – Клиентке кредит алу уақытын өзі анықтауға және заем Операцияларын жасауға, бірақ Банктің ішкі кредит саясаты ережесінде және БЕ-де кредит желісінің Ең көп сомасы шегінде, кредит лимитінің жаңартылатын немесе жаңартылмайтын негізінде, Банктің белгілейтін сомасы мен уақыты шегінде мүмкіндік беретін талаптарда Клиентке кредит беруге арналған Банктің міндеттемесі;

      26. Кредит лимиті – Заем алушының біржолғы пайдалануында болатын кредит желісінің Ең көп мөлшері аясында Банктің анықтайтын әрбір нақты уақыт кезеңінде заем Операциялары бойынша негізгі борыш сомасының шекті мөлшері;

      27. ДСЖК – цифрлық немесе әріптік-цифрлық код және/немесе ЖСН-коды түріндегі Клиентті динамикалық сәйкестендіру жүйесінің коды, ол қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентті сәйкестендіру үшін пайдаланылады;

      28. Жеңілдік кезеңі – Банк анықтайтын Берешекті өтеудің жеңіл тәртібінің қолданылатын кезеңі. Банк жеңілдік кезеңін беру талаптарын тиісті ақпаратты Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында жариялау арқылы хабарлайды;

      29. Кредит желісінің ең көп сомасы – кредит желісі аясындағы кредит лимитінің шекті мөлшері, ол БЗШ бойынша беріледі;

      30. Ең ұзақ қаржыландыру кезеңі – реттік күнтізбелік айлардың сандық мәнімен анықталатын уақыт кезеңі, бұл кезеңде Берешек тек Банк белгілеген мөлшердегі Ең аз төлемді төлеу арқылы өтелуі тиіс;

      31. Ең аз төлем – төлем жасау арқылы Берешекті өтеу әдісі, төлем мөлшері кредит лимитінің немесе Берешек сомасының пайызынан немесе Банк белгілеген өзге тәртіппен құралады, Берешек болған кезде Ең ұзақ қаржыландыру мерзімінде Банктің анықтайтын кредит желісінің мерзімі шегінде Клиенттің Берешекті өтеуі үшін төлем жасауы міндетті болады;

      32. Мультивалюталық қызмет көрсету – банктің қызмет кешені, ол Клиенттің Шоттары бойынша қашықтан байланысу арналары арқылы аударыммен, валюта айырбастаумен байланысты Операцияларды жүргізу мүмкіндігін және Банктің анықтаған және Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында жарияланған талаптарда басқа да әрекеттерді көздейді;

      33. Дербес талаптар жиынтығы – Банктің БЕ-нің аясында қызмет көрсетуінің жеке жақсартулары, ол Банк анықтаған, талаптарды жақсартуға бағытталған, БЕ-нің аясында шарт жасалған сәтте анықталған грэйс-кезеңін және/немесе жеңілдік кезеңін, және/немесе промо-кезеңін беруді, және/немесе Операцияларды Артықшылықты блокқа қосуды, және/немесе қызмет көрсетудің басқа параметрлерін, атап айтқанда, кредит желісінің Ең көп сомасын көбейтуді, Кредиттің және/немесе кредит желісінің мерзімін көбейтуді білдіреді;

      34. Телефон нөмірі – Клиенттің Клиент туралы Мәліметтерде хабарлаған Клиенттің ұялы немесе үйінің телефонының нөмірі;

      35. Қамсыздандыру – кепіл, кепілдік, кепілдеме, соның ішінде заттай кепілдеме және Заем алушының БЗШ бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамсыздандыру үшін Банкке берген міндеттемелерді орындаудың басқа да тәсілдері;

      36. Қамсыздандыру жарнасы – Артықшылықты блокқа қосылған заем Операциялары бойынша Клиенттің БЗШ бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамсыздандыру ретінде кепілге беретін ақшасы;

      37. Овердрафт (немесе Лимиттен үстеме берешек) – Төлем лимиті мөлшерінен үстеме Операцияларды жүргізумен байланысты Клиенттің төлеуге тиіс ақшасы;

      38. Операция – Шоттарда көрінуі тиіс кез келген операция (транзакция), соның ішінде заем Операцияларын (кредит лимитінің есебінен шығыс Операциялары) қосқанда, шығыс Операциялары, Картаны пайдаланып жасалған (тауар ақысын төлеу және қолма-қол ақша алу), қолма-қол жасалатын немесе қолма-қол жасалмайтын тәртіппен Шоттарға ақша салу; Қайтарылған төлемдер; Банктің Берешекті өтеуге ақшаны есептен шығаруы; есептелген төлемдерді Шоттардан есептен шығару, Өтінішке және БЕ-ге сәйкес комиссиялар мен Сыйақылар; Клиенттің Шоттарында көрсетілуі тиіс басқа да Операциялар;

      39. Оңтайлы төлем – бір айдан тұратын Есептесу кезеңінің соңғы күні Берешекті толық өтеу үшін Клиенттің БЗШ бойынша Банкке төлеуге тиіс міндетті төлем мөлшері;

      40. Негізгі борыш – заем Операциялары бойынша жасалған, Клиенттің қайтармаған (өтемеген) сомасын, сондай-ақ капиталдандырылған сыйақы мен өзге де төлемдер сомасын білдіретін Клиенттің Берешегінің бір бөлігі;

      41. Жаднама – шарттың бөлігі емес, БЕ-нің кейбір ережелері, Тарифтік жоспар берілген, Картаны пайдалану және Берешекті өтеу жөнінде қысқа нұсқаулық, соның ішінде талаптар мен тарифтер жөнінде түсініктер, Дербес талаптар жиынтығының атауы мен қысқаша мазмұнныың нұсқауы, соның ішінде мұндай Дербес талаптар жиынтығына сәйкес Клиентке берілетін кредит лимит(тері)нің мөлшер(лер)і, сондай-ақ Артықшылықты блок болған кезде, болжамды төлем кестесі кіреді;

      42. ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі, Ұстаушыға берілетін және Ұстаушыны сәйкестендіруге арналған құпия код;

      43. Клиенттің таңдауымен жасалған төлем – мөлшерін Клиент өз бетінше анықтайтын және Банктің белгілеген Ең аз төлем мөлшерінен кем болмауы тиіс төлемді жасау арқылы, БЕ-де өзгеше көзделмесе, Берешекті өтеу әдісі;

      44. Төлем жүйесі – төлем карталарын пайдалану технологиясының негізінде өзара қатынастар құратын және белгілі бір ережелер мен талаптармен өзара біріктірілген есептесуге қатысушылар мен олардың есептесу агенттерінің жүйесі. БЕ-нің аясында мыналар Төлем жүйесі болып табылады: MasterCard WorldWide халықаралық төлем жүйесі; Visa International халықаралық төлем жүйесі;

      45. Төлем лимиті – ақша сомасы, оның шегінде Ұстаушының Картаны пайдаланып, шығыс Операцияларын жасауға құқығы бар. Оған теңгедегі Шоттардағы ақшаның оң қалдығы мен шоттарда әлі көрсетілмеген Операциялар сомасын шегеріп тастағанда кредит лимитінің Қолжетімді қалдықтары кіреді;

      46. Оң қалдық – мерзімі өткізілген Берешегі болмаған кезде Клиенттің Картаға қызмет көрсету шотындағы меншікті ақша сомасы;

      47. Артықшылықты блок – заем Операцияларының блогы, оны Клиент Банктің анықтаған артықшылықтары мен Банктің анықтаған және бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында жарияланған банк заемы немесе банктің қызмет көрсету шартының қосымша талаптары (шектеулері) қолданылатын, Банк анықтаған Операциялар тобынан жасалған немесе жасалатын Операциялардың қатарынан таңдап алады;

      48. Промо-кезең – банктің қызмет көрсету және/немесе сервис-пакет шарттарының қолданылу мерзіміне қарамастан, банктік қызмет көрсетудің кейбір қызметтері және/немесе сервис-пакеттері тегін негізде ұсынылатын уақыт кезеңі;

      49. ССК – сауда және сервис кәсіпорны, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болып табылатын, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсеткені үшін қолма-қол жасалмайтын ақыны қабылдайтын азаматтық құқықтық қатынастарының кез келген субъектісі;

      50. Картаны тосқауылдан шығару – Банктің Картаны пайдаланып Операцияларды жүргізуге бұрын белгіленген шектеулердің күшін жоюы;

      51. Есептесу кезеңі – Картаны іске қосқан күннен басталатын Картаны пайдаланатын бір айға тең уақыт кезеңі. Алдыңғы Есептесу кезеңі аяқталған күн әрбір кейінгі Есептесу кезеңінің басталған күні болып табылады;

      52. Ұсынылған төлем – кредит лимитінің не Берешек сомасының пайызында көрсетілетін төлемді жасау арқылы Берешекті өтеу әдісі, Берешек болған кезде бір жылдан аспайтын мерзімде немесе кредит желісінің мерзімінде Банктің анықтайтын басқа мерзімінде тең үлестермен Берешек сомасын өтеу үшін оны төлеу міндетті;

      53. Жинақ шот – БЕ-ге сәйкес Банктің Клиентке салымды салуы үшін ашатын теңгедегі банктік шоты;

      54. Клиент туралы мәліметтер – Клиенттің БЕ-нің аясында шарттар жасасу үшін Банкке беретін, ықтимал Клиент/Клиент туралы ақпарат, Клиенттің қол қойылған және Банкке берген Клиенттің растаулары, келісімдері мен кепілдіктері берілген құжаттар. Клиент туралы мәліметтерге мынадай құжаттар жатады: Банк пен Клиенттің шарттар бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауы үшін Банкке қажетті Клиент туралы мәліметтер (ақпарат) берілген Клиенттің Сауалнамасы/Растаулары, кепілдіктері және келісімдері және Клиенттің өтінімдері, сондай-ақ кредит беру туралы өтініш;

      55. Сервис-пакет – Банктің қалауымен сервис-пакет қызметін ұсыну шарттарын жасасу туралы офертаны акцепттеген жағдайда Банктің көрсететін қосымша тегін банктік қызметтерінің пакеті;

      56. Картаның қолданылу мерзімі – Операциялар жасау үшін Картаны пайдалануға рұқсат берілетін уақыт кезеңі. Карта оның оң жағындағы цифрлық пішімде көрсетілген жылдың айының соңғы күніне дейін жарамды болады;

      57. Шот – банктік шоттар, соның ішінде БЕ-ге сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттар үшін ашылатын Картаға қызмет көрсету шоты және/немесе банктік қызмет көрсету шоты және/немесе жинақ шоты және/немесе Валюталық шоттар (іске қосылған жағдайда) және/немесе Валюталық жинақ шоттары (іске қосылған жағдайда);

      58. Шот-көшірме – сервис-пакет қызметін көрсету шарты аясында Есептесу кезеңінде Шотта көрсетілген Операциялар туралы ақпаратты, сондай-ақ БЕ-де көзделген басқа да ақпаратты Клиенттің назарына жеткізу мақсатында Банктің әзірлейтін және Клиентке жолдайтын ақпараттық үзінді көшірмесі;

      59. Тарифтік жоспар – БЕ-ге сәйкес Клиентпен жасалатын шарттар бойынша Банктің кейбір тарифтері мен кейбір қызмет ұсыну талаптары кіретін, Өтініште келтірілген кредит лимитін беру талаптарының үлгілік түрінің шартты атауы;

      60. Банк тарифтері – Банктің уәкілетті органы бекіткен және Банктің қызмет ақысын төлейтін күнгі қолданыстағы Банктің қызметімен байланысты оның қызметі үшін төлемақы мөлшерлемелері және;

      61. Ағымдағы кредит лимиті – БЗШ жасалғаннан кейін нақты күні заемшыға берілген кредит лимит(тер)і, олардың мөлшер(лер)і не жазбаша түрде, не қашықтан байланысу арналары арқылы Клиенттің назарына жеткізіледі;

      62. Терминал – электрондық-механикалық құрылғы, ол қолма-қол ақша беру (қабылдау), төлем жасау және ақша аудару бойынша операцияларды, шетел валютасын айырбастау операцияларын және басқа да банктік операцияларды, соның ішінде төлем карталарын, электрондық ақша пайдаланып операциялар жүргізуге, сондай-ақ тиісті оперциялардың өткізілгенін растайтын құжаттарды жасауға арналған;

      63. Қашықтан байланысу арналары – Банктің анықтайтын талаптарында және тәртібімен пайдаланылатын, Интернет киоскіні қосқанда, электрондық пошта (e-mail), пошталық байланыс, интернет-банкинг, ұялы банкинг, SMS-хабар, телефон, факс, банкомат, POS-терминалдар, терминалдар, электрондық кабинет арқылы Клиент пен Банктің арасында ақпаратты беру құралдары;

      64. Электрондық банктік қызмет – банктік шот(тар)ындағы ақша сомасы туралы, банктік шот(тар)ы бойынша, төлем жасаумен және ақша аударумен, банктік шот(тар)ын ашумен немесе жабумен және/немесе телекоммуникация желілері бойынша, спутник байланысы немесе басқа да байланыс түрлері арқылы жүргізілген операциялар туралы ақпарат алу үшін Клиенттің өзінің банктік шот(тар)ына кіруге рұқсат алуымен байланысты қызметтер. Электрондық банктік қызметтер ақпараттық-банктік және транзакциялық-банктік қызметтер болып бөлінеді;

      65. Электрондық ақша – Банктің айналысқа шығарған электрондық ақшасы;

      66. Электрондық кабинет – Клиенттің Банктің интернет-ресурсындағы дербес беті, оның көмегімен Банк пен Клиенттің арасында өзара әрекет ету және ақпаратпен өзара алмасу жүзеге асырылады және төлемдік нұсқаулардың Банктің анықтаған түрлері жүзеге асырылады. Электрондық кабинеттің жұмысының басталуын және оның жұмыс тәртібін Банк анықтап, қашықтан байланысу арналары арқылы Клиенттің назарына жеткізеді.

    1. Клиентке қызмет БЕ-де көзделген шарттарды жасасқаннан кейін БЕ-ге сәйкес көрсетіледі.

    2. БЕ тек мұндай талап БЕ-нің аясында жасалған шарттарда тікелей көзделген жағдайда ғана Банк пен Клиенттің арасындағы қатынастарға қолданылады.

    3. Банктің Кредит беру, Шот ашу үшін қажетті құжаттарды қабылдауы Банктің БЕ-нің аясында басқа шарттарды міндетті түрде жасасуына әкеліп соқтырмайды. Банк белгіленген тәртіппен шарттар жасалған сәтке дейін БЕ-де көзделген қызметті көрсетуге және міндеттемелерді өз мойнына алуға міндетті емес. Банктің БЕ-нің тиісті шарттарында көрсетілген әрекеттері шарттардың жасалғанының растамасы болып табылады.

    4. Шарттар, БУ жасалған жағдайда, оның қосымшаларын қосқанда, өтініштер/Клиенттен түскен құжаттар/ақпарат, шарттар, сондай-ақ Банктің Клиентке жолдайтын құжаттары немесе Банктің Клиенттің оферталарын акцепттеу бойынша іс-әрекеттері АК-нің 152-бабына сәйкес ресімделген болып табылады, атап айтқанда, Банк пен Клиенттің арасындағы қатынастарды реттейтін мына шарттардың біреуі немесе бірнешеуі түрінде, сәйкесінше жазбаша түрде жасалған болып табылады: Картаға қызмет көрсету шоты шарты/БЗШ/банктік қызмет көрсету шоты шарты/жинақ шот пен салым шарты/банктік қызмет көрсету шарты/сервис-пакет шарты. Банк БЗШ-ны және Картаға қызмет көрсету шоты шартын жасасу туралы оферталарды акцепттеген жағдайда, кредит лимиті бар төлем картасын беру туралы шарт осы шарттардың жиынтығы болып табылады.

    5. Клиент Банктің қызметінің ақысын операцияларды жүргізген кезде, Банк Тарифтеріне сай қолма-қол жасалмайтын тәртіппен, қолма-қол ақшамен, Банктің Клиенттің шоттарына тікелей дебеттеу арқылы және/немесе операцияларды жүргізген кезде Банктің Клиенттің шотынан, немесе Клиенттің Банктегі немесе басқа банктердегі кез келген басқа шотынан акцептсіз тәртіппен алып қоюы арқылы төлейді.

    6. БЕ-де көзделген шарттар БЕ-ге сәйкес анықталған күннен бастап, егер шарттардың талаптарында өзгесі тікелей берілмесе, жасалған, толық немесе бөлігімен күшіне енген болып саналады.

    7. Банк Клиентке қызметтің БЕ-де келтірілгеннен басқа жаңа түрлерін көрсетуге көздеуге құқылы, мұндай жаңа қызметтерді көрсету талаптарын БЕ-ге қосымшалар түрінде баспа түрінде немесе Банктің сайтында жариялайды. Клиент Өтініш жолдағаннан кейін Банктің жаңа қызмет түрлерін көрсете бастаған жағдайда, мұндай қызмет түрлері Клиентке оның жазбаша, ауызша немесе басқаша келісімі бойынша Банктің мұндай жаңа қызмет түрін көрсету үшін белгілейтін тәсілімен көрсетілген тәртіп бойынша көрсетіледі.

    8. Клиентке қызмет көрсету сапасын бақылау үшін, Клиент Call Center-ге, Банктің авторландыру қызметіне немесе Банктің басқа да бөлімшелеріне хабарласқан кезде, Банк онымен телефон арқылы жүргізілген келіссөздерін жазып алуға, сондай-ақ жазбаны мұндай хабарласу фактісін растау үшін пайдалануға құқылы.

    9. Қашықтан байланысу арналарын пайдалануымен Клиент қажетті құпиялылық режимін қамтамасыз еткенін, барлық қажетті, соның ішінде зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалардан қорғану үшін техникалық және бағдарламалық ресурстары бар екенін растайды.

    10. Хат жазысу, Операциялар жүргізу және мәмілелер жасасу және БЕ-ге сәйкес басқа да іс-әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланылуы мүмкін.

    11. Жеке талаптарды Банк өз қалауымен анықтайды және олар Банктің анықтаған уақыт кезеңінде қолданылады, бірақ БЕ-ге сәйкес шартты жасасқан сәттен анықталған талаптармен салыстырғанда Клиенттің жағдайын нашарлататын талаптарды көздей алмайды. БЕ-мен салыстырғанда Кредит желісінің Ең көп сомасының неғұрлым жоғары мөлшерін, Кредиттің және/немесе кредит желісінің неғұрлым ұзақ мерзімін, банктік қызмет көрсету қызметінің неғұрлым жоғары құнын көздейтін жеке талаптар немесе шарттардың талаптарының БЕ-де көзделмеген басқалай өзгерісін Банк Клиенттің Өтінішінде тиісті оферта болған жағдайда ғана беруі немесе БЕ-нің аясында жасалатын шарттарда көзделуі мүмкін.

    12. Банктің акцепттеген Клиенттің оферталарының талаптарын Клиенттің өзгертуіне жол берілмейді.

    13. Клиенттің БЕ-де көзделген шарттар бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Банктің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

    14. БЕ-ге сәйкес Банктің Клиентке жолдайтын жазбаша хабарламалары, Клиенттің оферталарын акцепттеу тәсілдерін қосқанда, Шот-көшірмеде жазылуы мүмкін немесе Банк оларды жеке құжат түрінде немесе қашықтан байланысу арналарының көмегімен, соның ішінде Клиентке SMS-хабар жолдау арқылы жолдауы мүмкін. Әр түрлі оферталарды Банк бір хабарламада акцепттей алады.

    15. БЕ-де көзделген шартты жасау туралы Клиенттің офертасын акцепттеген жағдайда, Клиентке акцепт туралы хабарды жолдаған күн мен Өтініштің тіркеу нөмірі БЗШ-ның жасалған күні және, сәйкесінше, БЗШ-ның нөмірі болып табылады.

    16. Банктің алған дербес деректері тарап ретінде Клиент пайда алушы немесе мүдделі тұлға болып табылатын шарттарды жасасу және орындау үшін; клиенттің құқықтары мен міндеттерінің тиісінше іске асырылуын қамтамасыз ету үшін; мәліметтерді анықтау үшін, соның ішінде алаяқтық операцияларға жол бермеу мақсаты үшін; шарттарды орындаумен байланысты ақпаратты, үшінші тұлғалардың бірлескен бағдарламаларына (адалдық бағдарламаларына) қатысатын үшінші тұлғалардың мәліметтері мен ақпаратын Клиенттің назарына жеткізу үшін; сақтандыру, почталық ұйымдарға, байланыс ұйымдарына беру үшін; мерзімі өткізілген Берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық және басқа ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғаларға беру үшін пайдаланылады және пайдаланылуы мүмкін.




  1. Банктік қызмет көрсету шарты

    1. Банктік қызмет көрсету шартына сәйкес Банк Клиентке БЕ-нің осы тармағында анықталған банктік қызметті көрсетеді, ал Клиент көрсетілген қызмет ақысын төлеуге міндетті. Шарт жиырма жыл мерзімге жасалады. Клиент банктік қызмет көрсету шарты бойынша көрсетілген қызметтің ақысын Шот-көшірмеде көрсетілген мөлшерде, банктік қызмет көрсету шарты бойынша төленетін ақы түрінде төлейді. Пошта арқылы Клиентке тиісті жазбаша хабарламаның жолдануы немесе Клиенттің өзіне берілуі немесе Телефон нөмірі бойынша SMS-хабардың жолдануы немесе қашықтан байланысу арналары арқылы немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қою арқылы хабарламаның жолдануы банктік қызмет көрсету шартын жасасқаны туралы Клиенттің офертасын акцепттеуі болып табылады.

    2. Банк Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қойған жағдайда, банктік қызмет көрсету шарты мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде күшіне енеді:

      1. Берешек болған кезде Клиент Оңтайлы төлемді төлемейді;

      2. Клиенттің Шоттарында Оң қалдықтың туындауы.

    3. Банктік қызмет көрсету шартына сәйкес Банк Клиентке мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

      1. Жеке қаржы менеджерінің қызметі;

      2. Электрондық банктік қызмет;

      3. Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін кейінге қалдыру қызметі;

      4. Клиенттің жинақ шотын ашу және жүргізу;

      5. Мультивалюталық қызмет көрсету қызметі;

      6. Алушымен шот ашылмай ақша аударымдары қызметі;

      7. БЕ-де көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де қызмет түрлері.

    4. Жеке қаржы менеджерінің қызмет көрсетуінің аясында Шоттар бойынша Операцияларды жүзеге асыруға, сыйақы мөлшерлемелеріне, Банктің стандартты қызмет түрлеріне байланысты сұрақтар және өзге де сұрақтар, соның ішінде БЕ-де көзделген шарттарды орындауға байланысты сұрақтар бойынша Банктің Call Center телефонына тәулік бойы қоңырау соғу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Егер грэйс-кезеңнің талаптарында өзгеше көзделмесе, жеке қаржы менеджері қызметінің ақысы абоненттік төлем түрінде төленеді, ол айына жүз сексен мың теңгені құрайды.

    5. Клиентке электрондық банктік қызмет көрсету аясында Банктің

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет