Генеральное соглашение по тарифам и торговле


V-БАП Транзит бостандығы



жүктеу 1.1 Mb.
бет3/10
Дата11.04.2018
өлшемі1.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
    Навигация по данной странице:
  • VI-БАП

V-БАП

Транзит бостандығы


1. Тауарлар (багажды қоса алғанда), сондай-ақ кемелер мен басқа да көлік құралдары жүктің қозғалысы жасалатын аумақ арқылы уағдаласушы тараптың шекарасынан тыс басталатын және аяқталатын толық бағдардың бір бөлігі ғана болып табылатын көлік түрінің жүк тиеу, қоймалау, партияларды бөлшектеу немесе ауыстырулары болған немесе болмаған кезде осындай аумақ арқылы тасығанда уағдаласушы тараптың аумағы арқылы транзитте тұрған деп есептеледі. Осындай сипаттағы қозғалыс осы бапта «транзиттік тасымалдау» ретінде айқындалады.

2. Басқа уағдаласушы тараптардың аумақтарына немесе аумақтарынан транзиттік тасымалдау үшін халықаралық транзитке барынша қолайлы бағыттар бойынша әр уағдаласушы тараптың аумағы арқылы транзит бостандығы белгіленеді. Кемелер жалауында, шығарылған жерінде, жөнелту, кіру, шығу немесе тағайындау немесе тауарлар, кемелер немесе басқа көлік құралдарының меншігіне жатқызылған қандай да болмасын мән-жайларға негізделген ешқандай айырмашылықтар жасалмайды.

3. Кез келген уағдаласушы тарап оның аумағы арқылы транзиттік тасымалдау кеден заңдары мен қағидаларында қолданылатын сәйкессіздік жағдайларын қоспағанда, тиісті кіру кедені арқылы жасалуын талап етуі мүмкін, басқа уағдаласушы тараптардың аумағынан жүретін немесе олардың аумағына келетін осындай тасымалдаулар қандай да болмасын артық кідіртулерге немесе шектеулерге ұшырамайды және тасымалдағаны үшін алымдарды және транзит немесе көрсетілетін қызметтер құнымен шақырылатын әкімшілік шығыстарға тең алымдарды қоспағанда, транзитке қатысты белгіленген кедендік баждардан және барлық транзиттік немесе өзге алымдардан босатылады.

4. Басқа уағдаласушы тараптардың аумақтарына немесе аумақтарынан транзиттік тасымалдау үшін уағдаласушы тараптар белгілеген барлық алымдар мен қағидалар тасымалдау шарттарын ескере отырып, ақылға қонымды болуға тиіс.

5. Транзитке байланысты барлық алымдар, қағидалар мен нысандылықтарға қатысты әрбір уағдаласушы тарап кез келген басқа уағдаласушы тараптың аумағына немесе аумағынан жүретін транзиттік тасымалдауға кез келген үшінші елге немесен одан* транзиттік тасымалдауға ұсынылған режимнен кем емес қолайлы режим ұсынады.

6. Әрбір уағдаласушы тарап егер олар осындай басқа уағдаласушы тараптың аумағы арқылы өтпей, шығарылған жерінен мақсатты жеріне тасымалданса, осындай тауарларға ұсынылатын режимге қарағанда, қолайлыдан кем емес режим кез келген басқа уағдаласушы тараптың аумағы арқылы транзитте тұрған тауарларға ұсынады. Алайда, кез келген уағдаласушы тарап баждардың преференциялық ставкалары бойынша тауарларды әкелуге құқық алудың міндетті шарты болып табылатын немесе баждарды өндіріп алу мақсаты үшін уағдаласушы тарап белгілеген бағалау әдісіне қатысы бар осындай тікелей жүк түсіру үшін кез келген тауарларға қатысты осы Келісімнің күніне қолданылатын тікелей жүк түсіру туралы өз талаптарын күшінде сақтай алады.

7. Осы баптың ережелері ұшақтардың транзитті қозғалысына қолданылмайды, алайда тауарлардың (багажды қоса алғанда) әуе транзитіне қолданылады.

VI-БАП

Демпингке қарсы және өтемақылық баждар


1. Уағдаласушы тараптар бір елдің тауарлары екінші елдің нарығына тауарлардың қалыпты құнынан төмен баға бойынша түскен кезде, демпингті егер ол уағдаласушы тараптың аумағында құрылған өнеркәсіпке материалдық зиян келтірсе немесе зиян келтіру қаупін тудырса, немесе отандық өнеркәсіпті құруды материалдық тежесе, талқылауға жатқызылуы тиіс деп таниды. Осы баптың мақсаттары үшін тауар егер бір елден басқа елге экспортталатын тауардың бағасы оның қалыпты құнынан төмен баға арқылы импорттаушы елдің нарығына түсті деп саналады:

(а) ол экспорттаушы елде тұтынуға арналғанда, ұқсас тауарға кәдімгі сауда барысындағы салыстырмалы бағадан төмен, немесе

(b) мыналардан төмен, осындай ішкі баға болмаған кезде:

(i) кәдімгі сауда барысында кез келген үшінші елге экспорттауға арналған ұқсас тауарға ең жоғары салыстырмалы баға, не

(ii) сату бойынша шығыстар мен пайдалардың ақылға қонымды мөлшерін қоса отырып, шығарған елдегі тауарды шығару құны.

Әрбір жағдайда салық салудағы айырмашылықтарды және бағаларды* салыстыруға ықпал ететін басқа айырмашылықтарға, сату жағдайларындағы айырмашылықтарға қажетті түзету жасайды.


2. Демпингті жою немесе алдын алу мақсатында уағдаласушы тарап осы тауар үшін демпингілік маржадан аспайтын мөлшерде демпинг мәні болып табылатын тауардан демпингке қарсы бажды өндіріп алуы мүмкін. Осы баптың мақсаттары үшін демпингтік маржа деп 1* тармағының ережелеріне сәйкес айқындалатын бағалардағы айырмашылық түсіндіріледі.

3. Кез келген уағдаласушы тараптың аумағынан басқа уағдаласушы тараптың аумағына әкелінетін кез келген тауарға белгілі бір тауарды тасымалдауға арналған кез келген арнайы субсидияны қоса алғанда, осындай тауарды шығаратын немесе әкететін еліне дайындауға, өндіруге немесе экспорттауға тікелей немесе жанама түрде беріледі деп белгіленетін жоғары бағаланатын дотация немесе субсидия мөлшерінде ешқандай өтемдік баж салынбайды. «Өтемдік баж» ұғымы деп кез келген тауарды* дайындауға, өндіруге немесе экспорттауғаа тікелей немесе жанама түрде берілген кез келген дотация немесе субсидиялардың қолданылуын жою мақсатында өндіріп алынатын арнайы баж түсіндіріледі.

4. Кез келген уағдаласушы тараптың аумағынан кез келген басқа уағдаласушы тараптың аумағына әкелінген ешбір тауарға оны шығарған немесе экспорттау елінде тұтыну үшін арналған ұқсас тауарға салынатын баждардан немесе салықтардан осындай тауарды босату себебі бойынша немесе осындай баждарды немесе алымдарды қайтару себебі бойынша демпингке қарсы немесе өтемдік баж салынбайды.

5. Кез келген уағдаласушы тараптың аумағынан кез келген басқа уағдаласушы тараптың аумағына әкелінетін ешбір тауар демпингтің немесе экспортты субсидиялаудың бірдей жағдайын өтеуі үшін бірден демпингке қарсы және өтемдік баждар салынбайды.

6. (а) Уағдаласушы тараптардың ешқайсысы егер ол демпинг немесе субсидиялау нәтижесі деп белгілемесе, қолданыстағы отандық өнеркәсіпке осылайша материалдық зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын немесе осылайша отандық өнеркәсіпті құруды материалдық кешіктіруі мүмкін жағдайларға байланысты басқа уағдаласушы тараптың аумағынан кез келген тауарды әкелумен кез келген демпингке қарсы немесе өтемдік бажды өндіріп алмайды.

(b) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР импорттаушы уағдаласушы тараптың аумағына осындай тауарды экспорттайтын басқа уағдаласушы тараптың аумағында өнеркәсіпке материалдық зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын демпинг немесе субсидиялау өтемақысы мақсатында кез келген тауарды әкелуге демпингке қарсы немесе өтемдік бажды өндіріп алуды уағдаласушы тараптың шешуі үшін осы тармақтың (а) тармақшасының талабынан босатуды белгілеуі мүмкін. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР олар субсидия импорттаушы уағдаласушы тараптың аумағына тиісті тауарды экспорттайтын басқа уағдаласушы тараптың аумағында өнеркәсіпке материалдық зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратынды белгілеген жағдайларда, өтемдік бажды өндіріп алуды шешу үшін осы тармақтың (а) тармақшасының талаптарынан босатылады*.


(с) Алайда, уағдаласушы тарап, кідірту түзетуі қиын болатын зиян келтіруі мүмкін айрықша жағдайларда, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ алдын ала мақұлдауын алмай, осы тармақтың (b) тармақшасында көзделген мақсаттар үшін өтемдік бажды өндіріп алуы мүмкін; мына жағдайларда, егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР оны мақұлдамаса, өтемдік баж тез кері шақырылуы тиіс деп УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ осындай шарасы туралы дереу хабарлайтын болады.

7. Экспорттық бағалар қозғалысына қарамастан, шикізат тауарының отандық өндірушілерінің ішкі бағаларын немесе кірістерін тұрақтандыру жүйесі, нәтижесінде кейде ішкі нарықта ұқсас тауардың сатып алушылары үшін белгіленетін салыстырмалы бағадан төмен баға бойынша экспортқа тауарды сату болып тұрады, егер уағдаласушы тараптар арасындағы консультация нәтижесінде осындай тауарға айтарлықтай қызығушылық болса, 6-тармақтың мағынасында материалдық зиян келтірмейтін ретінде мойындалады, бұл:

(а) жүйе ішкі нарықта ұқсас тауардың сатып алушылары үшін белгіленетін салыстырмалы бағадан жоғары баға бойынша тауарды экспортқа сатудың өз нәтижесіне де ие болды, және

(b) жүйе осылайша, не өндірісті тиімді реттеу салдарынан, немесе басқа себептер бойынша жұмыс істейді, ол экспортқа тиісті емес түрде ынталандырмайды немесе қалай болғанда басқа уағдаласушы тараптардың мүдделеріне шын қысым жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет