"Дюна: Екінші бөлім" фильмінің режиссері Денис Вильнев хоспис науқасының соңғы тілегін орындап, фильмді алғашқылардың бірі болып көруге мүмкіндік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: wikipedia.org

Канада қаласындағы Квебек хосписінің паллиативті науқастармен жұмыс жөніндегі маманы Хосе Ганьонға науқас өзінің ұзақ өмірі қалмағанын бөліскен. Ер адам киноны өте жақсы көретіндіктен, ол "Дюна" фильмінің жалғасын көргісі келетінін айтқан. Туынды алғаш рет 1 наурызда  кинотеатрларда көрсетілуі керек еді. Бірақ науқас ол күнге дейін өмір сүре алатынына сенімді болмаған.

Хоспис маманы Ганьон әлеуметтік желі науқастың бұл өтінішін жариялаған. Постты оқыған режиссер Денис Вильнев оның ұсынысын қабылдаған. Киногер бұл ойды қуана-қуана қабылдап, науқаспен тезірек кездесуге әрекет жасайды. Ол науқасты Лос-Анджелестегі премьераға шақырғысы келгенімен, бұл ойы іске аспаған. 

"Режиссерге "сіз түсінесіз бе, ол өлім аузында жатыр. Оны ешқайда алып кете алмаймыз. Біз, тіпті, оның келесі аптада тірі қалатынына да көзіміз жетпейді", – деп еске алды хоспис маманы Ганьон журналистерге берген сұхбатында.

  • Соңғы тілегі қызын көру еді: Ауыр дертке шалдыққан Алина Батурова ақыры презентін көрместен көз жұмды
  • Өлетінін білген азамат соңғы тілегін орындап, мектеп кезіндегі құрбысына үйленді

Содан соң киногер Вильнев көмекшісін хосписке жіберіп, оған фильмнің көшірмесі бар ноутбугын берді. Көмекшісі мен науқас екеуі ғана бір бөлмеде қалып, киноны көріп шықты. Науқаспен қатар хосписьтің барлық қызметкері жария етпеу туралы келісімшартқа қол қоюға тура келген. Премьераның жарыққа шығуына небәрі 1,5 ай қалса да, олар киноны ертерек көрсетуге мәжбүр болды.

Науқас тым әлсіз болғандықтан, фильмді соңына дейін көре алмаған. Ол сол кезде ұйықтап қалған. Көп ұзамай ол қайтыс болды.
Хоспис қызметкері Ганьон бұл оқиғаны ресми премьерадан кейін ғана жария етті. Ол науқастың соңғы арманын орындауға қатысқандардың бәріне алғысын білдірді. Вильневтің өзі ер адамның фильмді соңына дейін көре алмағанына көңілі түскен. Алайда режиссер мұндай адамдар үшін жұмыс істеуге құлқылы екенін айтты.

Бұған дейін Нью-Йоркте стриптизер онкологиялық ауруға шалдыққан зейнеткердің соңғы тілегін орындаған еді. Ол медициналық халат киген әйелге келіп, оны тексеріп жатқандай кейіп танытқан. Содан кейін киімін тастап, билей бастаған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.