Нидерландының бұрынғы премьер-министрі католик Дрис ван Агт әйелі Евгениймен бірге эвтаназия жасады. Екеуі де 93 жаста еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мk.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Wikipedia

Ван Агт 1977-1982 жылдар аралығында Голландияның премьер-министрі және христиан-демократиялық үндеу партиясының бірінші жетекшісі және католик болған.

Ван Агт әйелімен бірге өмірінің соңына дейін болғысы келгендіктен, осындай қадамға барды. Олар соңғы уақытта ауырып жүргендіктен, біреуі екіншісінен ертерек қайтыс боп кетеді деп қорыққан. 

Нидерландыда жұптардың бірге эвтаназияға баруы белең алған. Ең алғаш 2020 жылы ерлі-зайыптының эвтаназиясы тіркелді.

Нидерландыда жыл сайын 1000-ға жуық адамға эвтаназия туралы өтініш береді. Эвтаназия сараптама орталығының өкілі Эльке Сварттың айтуынша, кез келген ерлі-зайыптылардың  өтініштері бірге емес, жеке-жеке қатаң талаптарға сай бағаланады.

Эвтаназия Нидерландыда 2002 жылдан бері алты шарт бойынша заңдастырылды. Егер адам төзгісіз азап шегіп, дертіне шипа болмаса, өз ниетімен көз жұма алады. Алайда ол маманмен расталуы керек.

Некеде тұрған ерлі-зайыптылардың эвтаназиядан қайтыс болғандар елдегі барлық өлімнің 5,1%-на тең.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.