География 6-сынып Бақылау жұмысы



жүктеу 30.88 Kb.
Дата05.08.2018
өлшемі30.88 Kb.

География 6-сынып Бақылау жұмысы

1- нұсқа


1. Тест

1. Жер шарындағы ең үлкен мұхит:

а) Атлант; б) Тынық в) Үнді; г) Солтүстік Мұзды

2. Параллельдер - картадан....анықтайтын шартты сызық :

а) Бойлықты; б) биіктікті; в) тереңдікті; г) ендікті.

3. Географиялық бойлық :

а) батыс, шығыс ; б) оңтүстік,солтүстік; в) солтүстік,шығыс;

г) оңтүстік,шығыс.

4. Қазақстан жер бедерінде басым:

а) жазықтар, аласа таулар ; б)аласа таулар; в) биік таулар; г) таулы үстірт.

5. Көлден жағалауға қарай соғатын жел:

а) жазғы мусссон; б) күндізгі бриз; в)түнгі бриз; г) қысқы муссон.

6. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал :

а) термометр; б) барометр; в) хронометр; г)жауын-шашын өлшегіш.

7 Солтүстік жарты шарда ғы ең ұзақ күн :

а) 22 маусым б) 22 желтоқсан в) 21 наурыз; г) 23 қыркүйек

8.Ең ыстық, ылғалды климат белдеуі :

а) тропиктік; б) экваторлық ; в) қоңыржай ; г) полярлық


2. Материктер мен жер бедерін сәйкестендіріңдер :

Материк Жер бедерінің формасы

1) Африка а) Амазонка ойпаты

2) Солтүстік Америка б) Дракон таулары

3) Еуразия в) Аппалач

4) СолтүстікАмерика г) Ұлы Кытай жазығы


3.Материктер мен өзендерді сәйкестендіріңдер:

Материк Өзен

1) Еуразия а) Миссисипи

2) Африка б) Ніл

3) Солтүстік Америка в) Ориноко

4) Оңтүстік Америка г) Лена


4. Жердің ішкі құрылысының суретін сызба түрінде көрсет
5.Мәтінде атмосфераның қай қабаты туралы айтылған:

Атмосфераның бұл қабатында ең көп су тамшылары шоғырланған.Бұнда бұлттар түзіледі, жауын-шашын түседі, циклон, антициклон қалыптасады. Биіктеген сайын әрбір 1000м-де ауаның температурасы 5-60 төмендейді, амосфералық қысым төмендейді.

География 6- сынып Бақылау жұмысы

2-нұсқа


1. Тест :

1. Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен:

а) Еділ; б) Хуанхэ; в) Ніл; г) Лена.

2. Меридиандар- картадағы шартты сызық , ... анықтайды :

а) биіктікті; б) ендікті; в) тереңдікті; г) бойлықты.

3.Географиялық ендік :

а) оңтүстік, шығыс; б) солтүстік, оңтүстік;

в) батыс, шығыс; г) батыс, солтүстік.

4. Қазақстанның оңтүстігінде жер бедерінің формасы басым :

а) аласа таулар; б) биік таулар; в) жазықтар; г) үстірттер.

5. Мұхитттан құрлыққа қарай соғатын жел :

а) жазғы муссон; б) күндізгі бриз; в) түнгі бриз; г) қысқы муссон.

6. Желдің бағытын анықтайтын құрал:

а) барометр; б) флюгер; в) жауын-шашын өлшегіш; г) термометр.

7. Оңтүстік жарты шардағы ең ұзақ күн :

а) 22 маусым; б) 22 желтоқсан; в) 21 наурыз; г) 23 қыркүйек.

8. Белгілі бір жерге тән ауа райының көпжылдық режимі :

а) климат ; б) ауа райы ; в)жылу белдеуі; г) ылғалдылық


2. Материктер мен жер бедерін сәйкестендіріңдер :

Материк Жер бедерінің формасы


1) Африка а) Кордильер

2) Еуразия б) Атлас

3) Солтүстік Америка в) Анд

4)Оңтүстік Америка г) Кавказ


3.Материктер мен өзендерді сәйкестендіріңдер:.

Материк Өзен


1) Еуразия а) Муррей

2) Африка б) Амазонка

3) Оңтүстік Америка в) Янцзы

4) Аустралия г) Конго


4. 180м төбенің биіктігін сызба түрінде көрсет. Горизонтальдарды 10м сайын жүргіз.

Төбенің батыс беткейі жатық, ал шығыс беткейі тік.


5.Табиғат құбылысын анықта : Су тамшыларының ауаның Жер бетіне жақын қабатында жинақталуы.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет