Әлеуметтік желіде бастауыш сынып оқушысының анасына қазақ тілінен сабақ беріп жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Видео Tiktok әлеуметтік желісінде жарияланған.

"Сәлем, Қазақ елі. Бірінші сыныпта демалыс басталды, бірақ мен жай отырмаймын. Мен анашыма ана тілінен сабақ беремін", – дейді кішкентай қыз.

Видеода оқушы қыз анасына өзін қазақша таныстыруды үйретеді. Сосын сөзді дұрыс айтқан анасының ынтасын бағалап 5 деген баға береді.

"Кім жақсы оқыса соған бес, ал кім жаман оқыса соған екі. Аман болайық, Қазақ елі", – дейді бүлдіршін.

Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары қыздың қазақша таза сөйлегеніне таңқалып, ізгі тілектерін жаудырды. 

@nuraiym.zhumabek

 

♬ оригинальный звук — jumajuma


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.