Астананың екі тұрғыны халықаралық қаржы орталығына тіркелмей,  лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Олар криптобиржасынан заңсыз жолмен 7 миллиард теңгеден астам табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Алаяқтар Binance платформасында екі жыл бойы заңсыз USDT-ны айырбастап, пайда тапқан.

Олар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, біреуі үш жыл, ал екіншісі екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

  • Алматылық ер адам криптовалюта арқылы пайда табуға уәде берген блогерге алданып, ақшасынан айырылды

Сонымен қатар олардың жеті жыл бойы цифрлық активтердің айналымына байланысты қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Апелляциялық шағымдан кейін үкім өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.