Геометрия, 7 сынып



жүктеу 0.7 Mb.
бет1/4
Дата22.09.2017
өлшемі0.7 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4

Геометрия, 7 сынып

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Нүкте, түзі және кесінді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Геометрия пәнімен танысу, оның негізгі ұғымдары, нүкте , түзу және кесінді туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушылардың геометрия пәніне қызығушылығын қалыптастыру

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, қызықтыру

  2. Теориялық білім беру кезеңі:

геометрия жайлы жалпы түсінік беру. Түзу және нүктеге анықтама беру

  1. Бекіту кезеңі:

Оқулықпен жұмыс.Есептер шығару /бекіту/

  1. Үйге тапсырма беру

  2. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Кіріспе:

Геометрия грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Геометрия екі бөлімнен тұрады. Планиметрия және стереметрия. Планиметрия жазықтықтағы фигураларды, ал стереометрия кеңістіктегі геометриялық фигураларды қарастырады. Планиметрия курсының ең негізгі элементтері болып нүкте мен түзу, кесінді болып табылады.

Ан-ма: Нүкте координатасымен анықталады және оның ұзындығы болмайды,

яғни 0-ге тең.

Ан-ма 2: Түзу -2 екі жағынан да шектелмеген нүктелер жиыны. Ұзындығы –

шексіз.

Ан-ма 3: Кесінді – екі жағынан да шектелген түзудің бөлігі, ұзындығы



әрқашан айқындалады.

Геометрияда келесі белгілеулер қолданылады: /тақтада көрсету/

1.Тиісті, тиісті емес

2. Бірігу

3.Қиылысу /Оқулықтан жазады/

2. Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:2

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері. Екі түзудің өзара орналасуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қарапайым геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерін білу

Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

сабақтың мақсатымен таныстыру

өткен тақырыпты қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру



  1. Теориялық кезең:

Жаңа тақырып беру

  1. Практикалық кезең /бекіту/

Оқулықпен жұмыс.Есептер шығару

  1. Үйге тапсырма беру

  2. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, ынталандыру, түгендеу, құрал саймандарының бар-жоғын анықтау

Қайталауға арналған сұрақтар:

Нүкте, кесінді, түзу анықтамаларын сұрау

Қарапайым мысалдар келтіру/тақтамен жұмыс/


  1. Теориялық кезең: Жаңа тақырып: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері. Екі түзудің өзара орналасуы.

Түзу дегеніміз нүктелер жиынтығы болып табылады.

Түзудің бойында жататын және жатпайтын нүктелер болады.

Нүктелер латын алфавитінің бас әріптерімен, ал түзулер кіші әріптерімен белгіленеді.

Кез-келген екі нүкте арқылы тек қана бір түзу жүргізуге болады.

Екі түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда мұндай түзулер қиылысады.

Егер екі түзу өзара қиылыспайтын болса, онда мұндай түзулерді параллель түзулер деп атаймыз.

/Тақтаға кескіндерін сызып көрсету/



Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар

Есептер: тақ есептер

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:3

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Түзу. Сәуле.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзу. Сәуле. Осы ұғымдарды білу

Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру, ынталандыру

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Жаңа тақырып беру кезеңі

  2. Практикалық кезең /бекіту/

  3. Үйге тапсырма беру

  4. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру, ынталандыру

Қайталау сұрақтары /үй жұмысының нәтижесі бойынша/.

  1. Жаңа тақырып беру

Кез келген түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі.

Ан-ма1: Бір шетінен шектеулі түзуді сәуле деп атаймыз.

Нүкте түзуді екі бөлікке бөліп, олардың әрқайсысын сәулеге бөледі. Сол нүкте сәуленің басы болып табылады. Әдетте сәулені кіші латын әріпімен немесе екі бас әріпімен белгілейді.

Мыс:


  1. түзу бойынан А және В нүктелерін орналастырыңдар. Ав кесіндісінен С нүктесін белгілеңдер, АВ, ВС, СА, АС және ВА сәулелерінің арасынан беттесетін сәулелерді табыңдар.

  1. Осы сәулелрді салыстыруға болады ма?

  2. Әр сәуленің толықтауыш сәулелерін ата.

/Тақтаға кескіндерін сызып көрсету/

Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар

Есептер: тақ есептер

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:4

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Кесінді. Оның ұзындығы және қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кесіндінің түрлерін, оларды өлшеп салуды білу

Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сабақтың мақсатымен таныстыру, сабаққа ынталандыру

ә) үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру



  1. Практикалық кезең /құрал-саймандары бар-жоғын тексеру/

  2. Оқулықпен жұмыс.Есептер шығару /бекіту/

  3. Үйге тапсырма беру

  4. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, ынталандыру

Қайталауға арналған сұрақтар:

-нүкте, кесінді, түзу анықтамаларын сұрау/қарапайым мысалдар келтіру

-түзулердің өзара орналасуы

-үй жұмысы бойынша жіберілген қателерге сипаттама беру





  1. Практикалық сабақ /салу, өлшеу жұмыстары/

Кесіндіні өлшеу оларды өлшем бірлігі ретінде қабылданған қайсыбір кесіндімен салыстыруға негізделген.

Өлшем бірлігі ретінде мм, см, дм,... т.с.с деп алу қабылданған.

Кесінділердің стандартты халықаралық өлшем бірлігіне метр қабылданған.

Бүгінгі сабақта біз кесінділерді өлшеп салу барысында құрал ретінде сызғышты қолданамыз, өлшем бірлігінде см-ді қолданайық.

Мыс:

1. АВ кесіндісі 3,5 см, АС кесіндісі 7,5 дм, ВС-ның ұзындығын тап.



  1. Осы кесінділерді салыстыр.

  2. Осы кесінділерді параллель орналастыр

  3. Осы кесінділерді өзара қиылыстыр.

/Тақтаға кескіндерін сызып көрсету/

Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар

Есептер: тақ есептер

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:5

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың шамасы және оның қасиететрі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бұрыш. Бұрыштарды өлшеп салуды, оның қасиеттерін білу.

Дамытушылық: геометриялық фигураларды кескіндеуді білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, ынталандыру

Қайталау сұрақтары. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Жаңа тақырып беру кезеңі

  2. Есептер шығару /бекіту/ кезеңі

  3. Үйге тапсырма беру.

  4. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, ынталандыру

Қайталау сұрақтары.

  1. Жаңа тақырып беру кезеңі:

Ан-ма1. Бір нүктеден шыққан екі сәуленің қиылысуынан пайда болған

геометриялық фигура бұрыш деп аталады.

Бұрыш теріс және оң бағытта болуы мүмкін. /Тақтда кескіндеп көрсету керек/

Бұрыштардың түрлері:



  1. Доғал бұрыш: 

  2. Сүйір бұрыш: 

  3. Тік бұрыш: 

  4. Жазыңқы бұрыш: 

Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы бір-бірінің толықтауышы болып кеелетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады. Осы бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең болады.

Екі түзу қиылысқанда пайда болған қарама-қарсы бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады және олар өзара тең болады.

4.Практикалық бөлім: /оқулықпен жұмыс/. Тақ есептер

/Тақтаға кескіндерін сызып көрсету/

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:6


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың түрлері мен элементтерін білу

Дамытушылық: Алған теориялық білімін практикада қолдана білуі

Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарт /Үшбұрыш/

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Жаңа тақырып беру

  2. Есептер шығару /практикалық бекіту/.

  3. Үйге тапсырма беру

  4. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру

Қайталау сұрақтары.

  • Бұрыштың градустық өлшеуіші дегеніміз не?

  • Қандай бұрыш сүйір, доғал, тік және жазыңқы деп аталады?

  • Қандай бұрыштар сыбайлас деп аталады және олардың бұрыштарының қосындысы неге тең?

  • Вертикаль бұрыштардың қандай қасиеттері бар?

  • 3-ші түзуге перпендикуляр екі түзу неліктен қиылыспайтынын түсіндір?

  • Жер бетінде тік бұрыштарды салу үшін қандай аспаптар қолданылады?

  1. Жаңа тақырып: /интербелсенді тақтамен жұмыс/

Үшбұрыш элементтері: төбе, бұрыш, қабырға, периметр

/анықтамалар беру/

Тең кесінділер және тең бұрыштар

/жалпы түсінік беру, мысалдар келтіру/

Үшбұрыштың түрлері:

Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты, қабырғалары әртүрлі үшбұрыштар

/жалпы сипаттама беру/

Сұрақтар: 26 бет

Практикалық бекіту:

А тобы


Ауызша: №№46,47

Өздігінен: №49

Тақтамен жұмыс: №№50,51,

Үйге тапсырма: №№48,52

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:7

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар. Практикалық сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың түрлері мен элементтерін қолданып, есептер шығаруды білу

Дамытушылық: Алған теориялық білімін практикада қолдана білуі

Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарт /Үшбұрыш/

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Есептер шығару /практикалық бекіту/.

  2. Үйге тапсырма беру

  3. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру

Қайталау сұрақтары.

  • Үшбұрыш элементтері: төбе, бұрыш, қабырға, периметр

  • /анықтамалар беру/

  • Тең кесінділер және тең бұрыштар

  • /жалпы түсінік беру, мысалдар келтіру/

  • Үшбұрыштың түрлері:

  • Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты, қабырғалары әртүрлі үшбұрыштар /жалпы сипаттама беру/



  1. Практикалық кезең:

интербелсенді тақтамен жұмыс.

Тапсырмалар:



  1. Салу жұмыстарын орында

  2. Бұрыштарды өлшеу

  3. Үшбұрыштардың түрлерін анықтау

  4. Периметрін өлшеу

Үйге тапсырма: №№54. 56

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:8


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кесінділердің , бұрыштардың , үшбұрыштардың теңдігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кесінділердің , бұрыштардың , үшбұрыштардың теңдігімен таныстыру, есептер шығаруды білу

Дамытушылық: Алған теориялық білімін практикада қолдана білуі

Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен танымстыру

Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Жаңа тақырып беру

  2. Практикалық кезең: Есептер шығару. Салу жұмыстары/бекіту/

  3. Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап жазу.

  4. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, үй жұмысын тексеру

Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

Жаңа тақырыпты түсіндіру



Үшбұрыштар теңдігінің негізгі қасиеті:

Үшбұрыш қандай болса да, оған тең үшбұрышбар болады.

Есептер шығару /практикалық бекіту/.



  1. АВС жәнеДЕF үшбұрыштары тең: ДЕ=2 см, ЕF= 3 см, ДF= 5 см,. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.

  2. АВС және ЕДК үшбұрыштары тең. В=600 , С=900 ,. ЕДК үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.

  3. АВС және МДК үшбұрыштары тең. АВ=3 см, ВС= 4 см, АС= 5 см. МДК үшбұрыштарының қабырғаларын табыңдар.

Үйге тапсырма беру. Тақырып бойынша салу жұмыстарын орындау

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:9


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас бұрыштар. Олардың қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сыбайлас бұрыштар мен олардың қасиеттерін білу.

Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен танымстыру

Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Жаңа тақырып беру

  2. Практикалық кезең: Есептер шығару. Салу жұмыстары/бекіту/

  3. Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап жазу.

  4. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, үй жұмысын тексеру

  2. Жаңа тақырып беру

  3. Бекітуге арналған сұрақтар /тақтамен жұмыс/ :

  1. Ауызша есептер: АВС бұрышы 111, 90, 15 градусқа тең деп алып, АВС бұрышына сыбайлас бұрыш табыңдар.

  2. Сыбайлас бұрыштардың бірі тік бұрыш, екінші бұрыш қандай болады?

  3. Сыбайлас екі бұрыштың биссектрисалары жасайтын бұрышты табыңыздар.

  4. Вертикаль бұрыштардың биссектрисалары бір түзудің бойында жататынын дәлелдеңдер.

  5. Вертикаль бұрыштардың бір бұрышы 44015!-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар.

  6. 2-ші бұрыш пен 4-ші бұрыштың қосындысы 2200-қа тең. 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші бұрыштардың қосындысын тап.

  7. Екі түзу қиылысқандағы екі бұрыштың қосындысы 1140. Қалған бұрыштарын табыңдар.

Үйге:Тақырып бойынша салу жұмыстарын орындау

Қорытындылау, бағалау.

Геометрия, 7 сынып

Реті:10


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Вертикаль бұрыштар. Олардың қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Вертикаль бұрыштар мен олардың қасиеттерін білу.

Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен танымстыру

Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Жаңа тақырып беру

  2. Практикалық кезең: Есептер шығару. Салу жұмыстары/бекіту/

  3. Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап жазу.

  4. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, үй жұмысын тексеру

  2. Жаңа тақырып беру

  3. Бекітуге арналған сұрақтар /тақтамен жұмыс/ :

  1. Вертикаль бұрыштардың биссектрисалары бір түзудің бойында жататынын дәлелдеңдер.

  2. Вертикаль бұрыштардың бір бұрышы 44015!-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар.

  3. 2-ші бұрыш пен 4-ші бұрыштың қосындысы 2200-қа тең. 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші бұрыштардың қосындысын тап.

  4. Екі түзу қиылысқандағы екі бұрыштың қосындысы 1140. Қалған бұрыштарын табыңдар.

/Тақтаға кескіндерін сызып көрсету/

Үйге:Практикалық тапсырма

Жазыңқы емес МОК бұрышын сызыңдар да, оның ішінен Р нүктесін, ал бұрыштан тыс Е нүктесін белгілеңдер. Бұрыштық пен жай сызғыш арқылы Р және Е нүктелерінен өтетін ОМ және ОК түзулеріне перпендикуляр түзулерді жүргізіңдер.

Қорытындылау, бағалау.

Геометрия, 7 сынып

Реті:11


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың түрлері мен элементтерін білу

Дамытушылық: Алған теориялық білімін практикада қолдана білуі

Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарт /Үшбұрыш/

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Жаңа тақырып беру

  2. Есептер шығару /практикалық бекіту/.

  3. Үйге тапсырма беру

  4. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру

Қайталау сұрақтары.

  • Бұрыштың градустық өлшеуіші дегеніміз не?

  • Қандай бұрыш сүйір, доғал, тік және жазыңқы деп аталады?

  • Қандай бұрыштар сыбайлас деп аталады және олардың бұрыштарының қосындысы неге тең?

  • Вертикаль бұрыштардың қандай қасиеттері бар?

  • 3-ші түзуге перпендикуляр екі түзу неліктен қиылыспайтынын түсіндір?

  • Жер бетінде тік бұрыштарды салу үшін қандай аспаптар қолданылады?

  1. Жаңа тақырып: /интербелсенді тақтамен жұмыс/

Үшбұрыш элементтері: төбе, бұрыш, қабырға, периметр

/анықтамалар беру/

Тең кесінділер және тең бұрыштар

/жалпы түсінік беру, мысалдар келтіру/

Үшбұрыштың түрлері:

Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты, қабырғалары әртүрлі үшбұрыштар

/жалпы сипаттама беру/

Сұрақтар: 26 бет

Практикалық бекіту:

Ауызша: №№46,47

Өздігінен: №49

Тақтамен жұмыс: №№50,51,

Үйге тапсырма: №№48,52

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:12


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің 1-ші белгісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштар теңдігінің 1-ші белгісімен танысу, білу Дамытушылық: Үшбұрыштар теңдігінің 1-ші белгісін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үшбұрыштар теңдігінің 1-ші белгісін тберу

  3. Оқулықпен жұмыс. Конспектілеу.

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

Жаңа тақырып:

Теорема1 /І белгі/

Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.



  1. Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар

  • Транспортир құралымен жұмыс істеу

  • №№90,91,92

Үйге тапсырма беру: 

№93, №94


Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:13

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісімен танысу, білу Дамытушылық: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үшбұрыштар теңдігінің 1-ші белгісін тберу

  3. Оқулықпен жұмыс. Конспектілеу.

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісі

- Мысалдар келтіру

- үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісін дәлелдеу

3. Жаңа тақырып



Теорема 2. ІІ-белгі.

Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.

/ Тақтаға кескінін оқушы шығып орындайды./

1 мысал:

АВ және СД кесінділері әрқайсысының ортасы болатын О нүктесінде қиылысады. Егр АС 10-ға тең болса, онда ВД – ны тап.

Шешуі: АОС бұрышы ВОД бұрышына тең болғандықтан, үшбұрыштың теңдігінің І-ші белгісі бойынша АОС үшбұрышы ВОД үшбұрышына тең болады, себебі АО=ВО, СО=ДО. Сондықтан ВД=АС=10м.

Үйге тапсырма беру: 

Теорема2 /дәлелдеу/

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:14

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Түзуге түсірілген перпендикуляр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзуге түсірілген перпендикуляр ұғымымен танысу, сала білу Дамытушылық: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісі

- Мысалдар келтіру

- үшбұрыштар теңдігінің І І-ші белгісін

3. Жаңа тақырып

Өзара перпендикуляр а және в түзулерін қарастырайық. а түзуінде А нүктесін, в түзуінде В нүктесін белгілейік. ВА кесіндісін В нүктесінен а түзуіне түсірілген перпендикуляр деп атайды. А нүктесін перпендикулярдың табаны деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет