Ресейдің Ленинград облысында Қазақстан азаматы күдікке ілініп, газ құбырын бұзғаны үшін айыпталып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТАСС

Сант-Петербург сотының мәліметінше, ер адам Украина қауіпсіздік қызметінің тапсырмасын орындап, Ленинград облысындағы газ тарату станциясының (ГТС) ауданындағы құбырды бұзуға мәжбүр болған. 

Санк-Петербургтегі Джержин аудандық соты қазақстандық Сергей Зазулиді қылмыс жасады деп қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша қаулы шығарды. 

  • Мобилизациядан қашып келген қанша ресейлік азамат Қазақстанда қалған – Бас консул жауап берді

  • Ресей аумағынан келген: Петропавлдықтар азық іздеген жабайы еліктердің ауылдағы жем-шөпке қырғидай тиіп жатқанына шағымданды

"Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 281 "Диверсия" және 222.1 "Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымы" 2-бөліміндегі "а", "в" тармақшаларға сәйкес 9 сәуірге дейін уақытша қамауға алынды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі орталық коммуникациялар қызметінде Ленинград облысындағы отын-энергетикалық кешен объектісінде диверсия жоспарлаған украин арнайы қызметтерінің агенті ұсталғанын хабарлаған еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.