Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Ресейдегі Wildberries қоймасынан шыққан өртке қатысты түсініктеме берді. Министр өрт кезінде келтірілген шығын туралы қазақстандықтардан шағым түспегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Министр өртенген қойма Wildberries сақтау сыйымдылығының шамамен 3,5 пайызын құрайтынын түсіндірді. Жалпы алғанда, компанияның Ресейде 100-ден астам пункті бар. Сондықтан бұл жағдай қазақстандық кәсіпкерлерге әсер етпегенін айтты министр.

"Бүгінгі күні бізде қанша тауардың бүлінгені туралы нақты ақпарат жоқ.  Себебі бұл жерде тергеу, санау, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жеткізу мүмкіндіктеріне келетін болсақ, көлік паркі зақымданбағанын, жеткізу жүріп жатыр. "Біздің тауарларды сақтау және өңдеу пункттерінің кейбірі Ресейдің орталық бөлігінде орналасқан, процесс қалыпты түрде жүріп жатыр. Әзірге бізге ешқандай өтініш түскен жоқ. Тергеу нәтижесін күтуіміз керек”,- деді министр.

Еске салайық, 13 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Wildberries қоймасынан өрт шыққан еді. 70 000 м² аумақтағы өрт локализацияланған. Жалын кезінде ғимаратта кем дегенде 1000 адам болған. 

 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.