Германияның бірігуіндегі сыртқы факторлар



жүктеу 70.04 Kb.
Дата01.10.2017
өлшемі70.04 Kb.

Германияның бірігуіндегі сыртқы факторлар
Аймахов Е.Н., тарих магистры, Жылқыбаев Н., студент

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.


ХІХ ғасырдағы Еуропа тарихында Германияның бірігуі халықаралық резонанс туғызды. Еуропа құрлығының ортасында орналасқан германдық мемлекеттер маңызды геосаяси және әскери рөлге ие болды. Қазіргі таңда ХІХ ғасырлардағы Еуропа тарихындағы Германияның бірігу мәселесі әлі де болса назар аударуды қажет етеді.

1815 жылғы Вена конгресі Германияның мемлекеттік бытыраңқылығын бекітті. Герман одағы 34 мемлекет және 4 ерікті қаладан тұрды [1, 18 б]. Одақ құрамында Австрия мен Пруссия саяси басымдықта болды. Екі мемлекет өзара Германиядағы саяси жетекшілікке қол жеткізу мақсатында күрес жүргізді. Австрия Одақтық сеймнің тұрақты өкілі ретінде бәсекелесінен белгілі бір дәрежеде саяси артықшылыққа ие болды. Прусс корольдігі өз кезегінде 1834 жылы құрылған Кедендік бірлестік шеңберінде солтүстікгерман мемлекеттеріне экономикалық ықпал жүргізді.

Қалыптасқан жағдайда сыртқы факторларда маңызды рөл ойнады. Германдық іс Англия, Франция және Ресей тарапынан бақылауда болды. ХІХ ғасырдың ортасында аталған державалар Германияның революциялық жол арқылы «төменнен», сондай-ақ Пруссияның басшылығымен «жоғарыдан» бірігуіне қарсы болды. Алайда, ХІХ ғасырдың 60-жылдарында олар ұстанған саяси бағыттарынан бас тартты. Еуропалық державалар сол кездегі қоғамға қауіпті революцияға қарсы шыға отырып, Пруссияның күшеюін қолдады және прусстық монархияның күшін бір-біріне қарсы күресте, революциялық қозғалысты басу үшін пайдалануға үміттенді. Қоғамда орын алған саяси жағдайда біртұтас неміс мемлекетін құру үрдісі өзінің шешуші кезеңіне жетті. Пруссияның өкімет басшылығы әскери реформалар жүргізді, саяси дағдарысты жеңе отырып, Германияны «жоғарыдан» біріктіру бағдарламасын іске асыруға көшті. Бағдарлама ұлттық бірігудің «кішігермандық» нұсқасының жеңіске жетуіне, Германияда прусс үстемдігінің орнауына негізделді. Сонымен қатар бағдарламада Еуропада әскери кампаниялар жүргізілу де қарастырылды.

60-жылдары Пруссияның сыртқы саяси жағдайы бірігуді іске асыруға қолайлы болды. Ресей 1854-1856 жылдардағы Қырым соғысынан кейін континентальды Еуропа ісіне ықпалын жоғалтып алды. Сонымен қатар Ресейдің жағдайы 1863 жылы Польшада туындаған көтерілістен ушыға түсті. Пруссия Ресей империясына көтерілісті басуға көмектесті. Бұл Пруссияның көршілеріне қарсы соғыстарда Ресейдің бейтараптылығын сақтауға кепілдік болды. Франция 1862-1865 жылдардағы мексикалық сәтсіз экспедициясын тоқтатты. Оның әскери күштері отарларды ұстап тұруға бағытталды. Англия көп отары бар ірі империя еді, ол Еуропа ісіне араласуды қажетсінбеді. Ағылшындарды Суэц каналындағы француз жобасы (Үндістан үшін қауіптенді) және ІІІ Наполеонның Бельгияны жаулап алуға ұмтылысы алаңдатты. Англия үшін біріккен Германия бәсекелесі емес, сауда серіктесі ретінде ғана қарастырылды.

1864 жылғы Пруссияның Данияға қарсы соғысы Германияның бірігу жолындағы алғашқы қадамы болды. Пруссия саяси күшке ие болуды Шлезвиг пен Гольштейнді өзіне қосып алудан бастады. XV ғасырдың ортасынан бастап Шлезвиг және Гольштейн герцогтіктері Данияның униясында болды. Сонымен қатар Гольштейн Вена конгресінің шешімі бойынша Герман одағының бір мүшесі еді. 1848 жылы Пруссияның аталған герцогтіктерді өзіне қосып алуға талпынысы сәтсіз аяқталады. 1852 жылғы Лондон хаттамасы Шлезвиг пен Гольштейнге Данияның униялық құқығын бекітеді.

Бірақ жаңа қақтығыстың тууына 30-наурызда 1863 жылы королі Фредерик VII 1864 жылдың 1 –қаңтарынан Шлезвигті Данияға қосу және Гольштейнге өзіндік басқару жүйесін енгізу жөнінде жарлығы себепші болды [2, 140 б.]. Екі герцогтік тұтастығын және автономиялығын сақтауға міндетті Данияның бұл әрекетіне Пруссия, Австрия және Одақтық сейм қарсы болды. Елшілік қақтығыстардың шиелініскен жағдайында король 15-қарашада 1863 жылы қайтыс болады. Мұрагері болмағандықтан Шлезвиг пен Гольштейнге дат тәжінің тікелей униялық құқығы үзіліп қалды. Таққа Глюксбург әулетінен шыққан Христиан ІХ келеді, оның мұрагерлік құқығы 1852 жылғы Лондон хаттамасы бойынша бекітілді («принц по протоколу» деген лақап аты осыдан шыққан). 18-қарашада Христиан ІХ қол қойған жаңа конституция бойынша Шлезвиг қарапайым дат провинциясына айналды. Лондон хаттамасының бұзылғандығы дат-прусс соғысына сылтау болды. «Ссылка на Лондонский протокол ставила Пруссию на почву законности, предоставляла роль ее нарушителя Дании и открыла пути для дипломатических комбинаций как в Союзном сейме, так и во взаимоотношениях с великими державами». Пруссия өзін хаттаманың қорғаушысы ретінде Австриямен одақта Англия, Франция және Ресей сияқты державалардың бейтараптылығын сақтауға кепілдік алды. 1864 жылы 14-қаңтарда Австрия мен Пруссия Данияның сыртқы істер министріне ультиматум-нотасын жібереді: 48 сағат ішінде конституцияның күшін жою туралы [2, 153 б.]. Англия мен Францияның араласуына үміт артқан Дания ультиматумнен бас тартады. 1-ақпанда 1864 жылы Шлезвигте әскери қақтығыстар басталды. Екі үлкен держава жалғыз Данияға қарсы соғыс ашады. Нәтижесінде 30-қазанда 1864 жылы Венада бейбіт келісімге қол қойылады. Келісім бойынша Дания Шлезвиг, Гольштейн және Лауэнбергке жүргізген құқығынан айырылады. 1865 жылы 14-тамызда Гаштейн конвенциясы бойынша Австрия мен Пруссия герцогтіктерді басқаруды өзара бөлісті: Шлезвиг, Лауэнбург Пруссияның, Гольштейн Австрияның басқаруына көшті [1,105б.]. Гаштейн конвенциясы Австрия мен Пруссияның арасында жерді бөлу мәселесін шешіп бергенмен, екі державаның өзара соғысына алып келді.

Гольштейн мен Шлезвигті бөлісу Пруссияның Австриямен соғысқа түсуіне сәтті сылтау болды. Біріншіден, герцогтік жерлер үшін қақтығыс Австрия жағында басқа державалардың араласу мүмкіндігін төмендетті; екіншіден, жеңген жағдайда екі герцогтік Пруссия қарамағына өтеді.

1866 жылы 7-маусымда Гольштейндегі антипрусстық агитацияны тоқтату мақсатында Пруссия әскері орналаса бастайды. Одақтық сейм Австрияның ұсынысымен Пруссияға қарсы әскер жасақтайды. Бұл әрекетке жауап ретінде Пруссия 16-маусымда Австрияға шабуыл жасайды [1, 107 б.]. Австрия екі майданда: прусстарға және итальяндықтарға қарсы соғысуға мәжбүр болды. 1866 жылы сәуірде Пруссия мен Италия одақтық келісім жасасқан еді.

Италия-Австрия майданында австриялықтар табысқа жеткенімен, прусстармен шайқастарда жеңіліске ұшырады. 1866 жылы 3-шілдеде Чехия территориясындағы Садовой түбіндегі шайқаста прусс әскері австриялықтарға шешуші соққы берді. Бірақ Пруссия Австрияның түбірлі жеңіске ұшырауына әрекет жасамады. «Если бы Австрии был нанесен серьезный ущерб, то она сделалась бы союзницей Франции и каждого из противников; даже свои антипрусские интересы она принесла бы в жертву тому, чтобы взять реванш у Пруссии» [3, 42 б. ]. 26-шілдеде 1866 жылы Францияның араласуымен Никольсбург келісіміне қол қойылады.

Пруссияның келесі қадамы Австрияның жағында соғысқан оңтүстікгерман мемлекеттерін бағындыру болды. Австриямен соғыста жеңген Пруссия оңтүстікгерман мемлекеттеріне үлкен көлемде контрибуция талап етеді. Бірақ кейін бұл саясатынан бас тартады. Талаптардың жеңілдеуіне байланысты аталған мемлекет басшылары Пруссиямен әскери одақ құруға шешім қабылдайды. 1866 жылы тамыз-қазан айларында Вюртемберг, Бавария, Баден, Гессен-Дармштадт, Саксония 5 жылдық мерзімге Пруссиямен әскери конвенцияны бекітті. 24-тамызда Прагада Австриямен бейбіт келісім жасалды.

Пруссия 4-тамызда 1866 жылы Германия мемлекеттерінің басшыларына біртұтас мемлекет құру жөнінде идея ұсынады. Бұл ұсынысты 18 мемлекет және 3 ерікті қалалар-Гамбург, Бремен, Любек қолдады. Нәтижесінде 10-тамызда Солтүстікгерман одағы құрылады. 1867жылы одақтың конституциясы қабылданады [4, 124 б.].

Солтүстікгерман одағының құрылуымен Германияның бірігуі аяқталған жоқ. Германияның «жоғарыдан» бірігуі үшін «расправиться с Францией, которая упорно поддерживала раздробленность Германии, усматривая в объединении восточного соседа большую опасность»[1, 116 б.],алда Франциямен соғысу қажет еді.

Франциямен соғыс өртін тұтандыру мақсатында Пруссия төмендегі саяси жағдайды пайдаланды. 1868 жылы Испанияда революция болды. Ханшайым Изобелла елден қашуына орай кортестер босап қалған тақты прусс король әулетінің ханзадасы Леопольдқа ұсынады. ІІІ Наполеон ханзададан испандық тақтан бас тартуды талап етеді. Талапты орындамаған жағдайда Франция Пруссияға соғыс ашатындығы жөнінде сыңай білдіреді. І Вильгельм, Леопольд тақтан бас тартады. Алайда Франция бұнымен ғана шектелмей, француз өкіметі корольден Наполеон атына жазылған жеке хатымен Леопольдтің кандидатурасын бекітпеу жөнінде кепілдік беруін талап етеді. І Вилгельм өз ұстанымында тұратынын, бірақ кепілдік бермейтіндігі жөнінде телеграмма жолдайды. Бұл телеграммаға Бисмарк өзгерту енгізіп, соғыс қаупін тудыратындай сипатта болды: «...французский посол предъявил в Эмсе его королевскому величеству добавочное требование уполномочить его телеграфировать в Париж, что его величество король обязывается на все будущие времена никогда не давать снова своего согласия, если Гогенцоллерны вернутся к своей кандидатуре. Его величество отказался затем еще раз принять французского посла и приказал дежурному адъютанту передать ему, что его величество не имеет ничего более сообщить послу» [3, 86 б.]. Франция өкіметі эмстық депешені намысқа тиісушілік деп санап, 1870 жылы 19-шілдеде Пруссияға соғыс жариялайды. Прусс әскерінің күші Франциядан басым болды. Француз солдаттарының қайсарлығына қарамастан бірінен соң бірі жеңіліске ұшырады. 2-қыркүйекте 1870 жылы Седан түбіндегі шайқаста прусстар француз әскеріне күйрете соққы береді. ІІІ Наполеон 100-мыңдық әскерімен тұтқынға түседі. Седан түбіндегі жеңіліс және императордың тұтқынға түскен хабары белгілі болдған кезде 1870 жылы 4-қыркүйекте Парижде республика жарияланады. Алайда Пруссия соғыс әрекетін жалғастыра береді [5, 41-42 бб.].

Соғыс Пруссия жағынан жаулап алушылық сипатқа ие болады.


17-қыркүйекте 1870 жылы неміс әскері Парижді қоршап алады. 1871 жылы 28-қаңтарда Ұлттық қорғаныс өкіметі Париж қаласының берілгендігі жөнінде актқа қол қойып, немістермен бейбіт келісім жасалды. Бір айдан соң, 26-ақпанда Пруссия Францияға 5 млрд. көлемде контрибуция және Эльзас пен Лотарингияны Германияға қосу міндетін жүктеді [1, 120 б.]. Бұл міндеткерліктер 1871 жылғы 10-мамырдағы Франкфурт бейбіт келісімімен бекітілді.

Парижді алу кезінде-ақ 18-қаңтарда 1871 жылы Версаль сарайында Германия империясы жарияланады. Прусс королі І Вильгельм мұрагерлік император (kaiser) болып тағайындалады. 1871 жылы наурызда империялық рейхстагтың ашылуы болып, конституция қабылданады [1, 121 б.].

«Темір және қанның» арқасында прусс юнкерлерінің басшылығымен Германияның бірігуі жүзеге асты. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарынан 1871 жылға дейін созылған Германияның бірігу үрдісі аяқталды.

Герман мемлекеттерінің бірігуінде Пруссияның тарихи рөлі жоғары болды. Пруссияның тарихи миссиясы – Германияның ұлттық бірігуін жүзеге асыру. Бүгінде тарих тағлымы осыны дәлелдейді.

____________________________

1. Галкин И.С. Создание Германской империи 1815-1871 гг. М., 1986

2. Чубинский В.В. Бисмарк.Политическая биография. М., 1988

3. О. Бисмарк. Мысли и воспоминания. Т. 2. М., 1940



4. Сергеев В.В. Англия и объединение Германии. Ленинград, 1986

5. Шайхутдинов М.Е. Геополитика: история, теория, практика. Том І. Геополитика Запада. Книга 1. Павлодар, 2005
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет