Гидротехникалық ҚҰрылымдардың соңҒы жағындағы жергілікті шайылуы жұрымбаева Р. А., Қайназарова А. Б



жүктеу 69.35 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі69.35 Kb.

ӘОЖ 627.528
ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ

СОҢҒЫ ЖАҒЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ШАЙЫЛУЫ
Жұрымбаева Р.А., Қайназарова А.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

Су тораптарындағы өзендердің табиғи гидравликалық тәртібінің бұзылу салдарынан арналардың жергілікті шайылуы орын алады. Жоғарғы бьефтегі жергілікті шайылулар төмен арналы құрылымдардың понур алдында (бөгет, ГЭС ғимараты), ал төменгі бьефте ағынның қорғалмайтын арынға шыққан жерінде болады.

Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелердің қорытындысы көрсеткендей төменгі бьефтің бекіткішінің бүлінуінің басты себебін жеке жағдай мен құрылым өзінде болатын арнаның жергілікті шайылуын айтады. Мұндай жағдай көбіне ағынның артық кинетикалық энергиясын толық бәсендету жеткіліксіз және гидротехникалық құрылымның нақты қимасының үлесті өтімін тарату біркелкі болмағанда пайда болады, құрылымнан ағын суы тұрақсыз тәртіпте болған апатты жағдай орын алады [1-5].

Гидротехникалық құрылымдардың соңғы жағындағы жергілікті шайылу қашыртқы ағын мен арнаның күрделі әрекетіне байланысты. Ұсынылып отырған әдіс ағынның активті мінездемесінің ықпалын (жылдамдық, ағыс қалыңдығы, кіре-беріс бұрышы,төменгі бьеф тереңдігі) мен шайылу материалының пассивті кедергісін (рұқсат етілген шайылмау жылдамдығы, ішкі үйкеліс бұрышы, шамадан тыс коэффициенті) есепке алады.



Өзендегі су ағынының табиғи режимінің өзгеруіне арнаның қайта құрылуы алып келеді. Су торабын тұрғызып болған соң бұл процесс қарқынды күшейе боладі, яғни су өткізу құрылымдарын бастапқы пайдалануы дамыта түседі. Белгілі шайылуды есептейтін жергілікті және жалпы әдісі тек қана қарастырылып отырған өзеннің арнасына қиылысатын мүмкіншілігі болған жағдайда қайта құрылған және төзімді геотехникалық топырақ сипаттамасы алынған іргетастың геологиялық құрамын жеткілікті егжей-тегжейлі зерттеу шарттарында дұрыс нәтиже бере алады.

Төменгі бьефтің бекітілуі мен және оның соңғы жағындағы шайылудың керекті көрсеткіштері арнаны бұру мен ағын тереңдігін қиылыстыратын, таңдалынған топырақ түрімен алынған рисбермадан түскен ағынның үлесті өтіміне елеулі түрде тәуелді болып келеді.

Үлесті өтімді өзгерту барысында бекітпенің соңғы бөлігінің конструкциясын әр түрлі шешімді алуға болады және технико-экономикалық салыстыру негізінде ең тиімдісін таңдап алынады.

Үлесті өтімді алдын ала белгілеу барысында белгілі рұқсат етілген (шайылмайтын) жылдамдықты [2, 3] анықтау әдісін және өзен су тораптарының тәжірибелі жобасы мен құрылысына мән беру қажет. Құмды іргетастан жасалған төменгі және орташа арынды бөгет үшін есептеу үлесті өтімді qр =25-50 м3/с; ал балшықтан жасалған іргетас үшін qр =50-70 м3/с таңдалынады. Үлкен үлесті өтімдер іргетасы тастақты жыныстан құралған qр =50-70 м3/с сутастағыштын соңғы бөлігіне алынады.

Жергілікті шайылуды есептеуде қарастырылып отырған топырақ түрі шайылмайтын шекті тұрмыстық ағын жылдамдығын белгілеу қажет.

Көбінесе төменгі бьефтегі ағынның құрылыс жұмыстарын ақырғы түріне жеткізбеу (экономикалық тұрғыдан) тиімді. Арнаның біржолата бастапқы пішінін (шайылудың құйғышының сипаттамасы болған жағдайда және т.б.) торапты уақытында пайдалану кезінде оны ағынның ағуы кезіндегі шайылуда қабылдайды. Мұндай тәсіл жобада арнаның шайылуын уақытылы болжауды талап етеді, кей жағдайда бұл қиын мәселе болып табылады.

Гидротехникалық құрылымдарды жобалау барысында жергілікті шайылудың шамасы мен пішінін анықтау басты мәселелердің бірі болып табылады. Су қашыртқы құрылымның төменгі бьефіндегі жергілікті шайылудың басты себептерінің бірі ағынның артық энергиясын толымсыз бәсендету және ағынның ауытқу ағуының салдарынан ағынның шайылу шекарасы арттыруы болып саналады. Жергілікті шайылудың өлшемі мен пішіні су қашыртқы құрылымға, артық энергияны бәсендеткіш пен оның орналасқан жеріне, ағын сипаттамасына және топырақтың қасиетіне, төменгі бьефтегі су деңгейінің шайылу салдарынан төмендеуіне тәуелді.



Су түбіндегі режим үшін шайылудың ең үлкен аймағындағы hр су тереңдігінің бьефтегі түйіндесуінде шайылу аймағындағы үлесті өтімді, жалпы жағдайда рисбермадағы бірдей емес үлесті өтімді (qp=hpϑо), құйғыштағы рұқсат етілген орташа жылдамдықты алмастыру кезінде төмендегі формуламен оңай анықтауға болады:

(1)
мұндағы м, м/с  су тереңдігіндегі рұқсат етілген орташа жылдамдық.

Шайылу тереңдігін анықтау формуласы:
(2)
мұндағы Kp – шайылудың шартты түрдегі коэффициенті, егер рисберма шөмішпен аяқталса 1,05, егер рисберма төмендегі тік сызықты шекарамен аяқталса 1,7 деп қабылданады.

Байланыссыз жер әдетте әртекті және майда фракцияларды шаю барысында табиғи жер түбінің белгісі пайда болады және көп жағдайда К.И. Россинсийдің формуласын қолдануға болады [2]:
(3)
мұндағы: – бөлшектердің диаметріне жауап беретін рұқсат етілген жылдамдық, м/с; ∆ – жабынды қабатының қалыңдығы; әдетте оны бірнеше бөлшек диаметріне (2-3) байланысты қабылдайды; ∆ = 10 cм; n – мөлшеріне байланысты ірі қосындылардың біркелкі құрамы.

Ағынды тастау режимінде ең үлкен шайылу тереңдігін Ц.Е. Мирцхулавтың формуласымен анықталады [2]:



(4)
байланысқан және тастақты топырақтар үшін:
(5)
мұндағы: η = 1,5-2; ϑвх – төменгі бьефтегі ағын қалыңдығына кіре беріс жердегі ағын жылдамдығы, м/с; алдын ала қабылдауға болады; bo – ағын қалыңдығына кіре-беріс жердегі ағын биіктігі; ω – бөлшектердің гидравликалық ірілігі  формуламен анықталады (d – ірі бөлшектердің орташа диаметрі); δ и δо – судың және топырақ бөлшектерінің; – шайылудың тұрақты шұңқырындағы су түбіндегі рұқсат етілген жылдамдық;

байланысқан топырақ табандар үшін:
(6)
мұндағы: – шығыңқы жер кедір-бұдырлық биіктігіндегі рұқсат етілген шайылмау жылдамдығын Ц.Е. Мирцхулавтың әдістемесімен анықталады; = 3ϑ жақындатып алуға болады:

тастақты топырақ табандар үшін:
(7)
мұндағы: m – жұмыс шартының коэффициенті; – тастақты негіздердің бөліктерінің беріктік байланысы;;  RH – тастақ топырақты бөліктерінің нормативті есептік кедергісі; θ – еңіс бұрышы; егер еңіс ағынмен бағытталса, онда формулада минус, ал қарама-қарсы болса плюс қойылады; δо – ауа жібергіш деңгейімен бірге су салмағының салыстырмалылығы; ауа жібергішті жақындатып жылдамдыққа қатысты алуға болады: 3-4 м/с – 20%; 6-12 м/с – 35-50%; 20-25 м/с – 60-67%; n – шамадан тыс салмақ коэффициенті; n = 1 + d / (0,00005 + 0,3d) (d – метрмен); da, b, c өлшеммен анықталатын эквивалентті шар диаметрі (жағалай, көлденең және биіктігімен).

Шайылу шұңқыр ұзындығын сорғы алыстау түйістіруде Г.А. Юдицкийдің формуласымен анықталады [2]:
lp = 4,5hp + 2hкp, (8)
мұндағы hp – алмағайып тереңдік,м.

Гидротехникалық құрылымдардың сонғы жағындағы жергілікті шайылу инженерлік гидравликаның ең бір қиын мәселелері болып табылады. Шайылудың параметрлерін сенімді болжау барысында құрылым конструкциясын, қашыртқы өтімнің параметрлері және төменгі бьефке арнаны бекіту маңызды мағынағы ие. Құрылымды пайдалану сипаттамалары көбінесе жергілікті шайылудың тереңдігін алдын ала анықтауға байланысты болып келеді.
Әдебиет
1. Ахмедов Т.Х. Размыв скального русла. – М.: Наука, 1982.

2. Розанов Н.П. Гидротехнические сооружения. – М.: Агропромиздат, 1985.

3. Мирцхулава Ц.Е. Размыв русел и методика оценки их устойчивости. М.: Колос, 1967.

4. Шинибаев А.Д., Мамреев Е.Т. Местные размывы русла в нижнем бьефе сооружений на каналах. Центрально-азиатская Международная научно-техническая конференция. – Алматы, 2002.

5. Мырзахметов М.М., Шинибаев А.Д., Мамреев Е.Т. Ағын параметрлері арқылы жергілікті шайылудың пайда болуы. КазМСҚА Хабаршысы. – Алматы, 2003.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 III
konf 2015 III -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 III -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 III -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 III -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 III -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 III -> Әож 627. 886: 532.(075. 8) Жалғастыру қҰрылымдарынан кейін болатын гидравликалық шапшыманы зерттеу
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының гидрологиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің гидрологиялық ЖӘне гидрохимиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Нахатова А. А
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының табиғи техногендік жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Шу өзенінінің мойынқҰм тұстамасындағы сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет