UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (24-3) 70 келідегі Ресейдің ең үздік жауынгері саналатын Эдуард Вартанянға (25-3) қарсы жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Наше Дело 

UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов 2 наурыз күні “Наше Дело” тұжырымында Эдуард Вартанянға қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Бірақ лига турнирді 6 наурызға ауыстырып, спортшыларға екі рет салмақ жасауға тура келген. Дамир Исмағұлов пен жеңіл салмақтағы (70кг) Ресейдің ең үздік спортшысы саналатын Эдуард Вартанян ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, екеуі де тиісті 75 келі салмақты көрсетті. 

Айта кетейік, турнир Мәскеу қаласында өтуі керек болған. Бірақ белгісіз себептерге байланысты Санкт-Петербург қаласындағы “Арена” алаңына ауыстырылған.   


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.