Астана халықаралық әуежайы аумағында орналасқан "Рухани жаңғыру" символы объектісі желден құлап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Astanovka98

"Сәулет объектісі қатты желдің әсерінен құлаған. Қазір мердігер ұйым қайта орнату жұмысын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі. 

9 ақпанда қолайсыз ауа райының кесірінен Астана халықаралық әуежайында 20 шақты рейс кешігіп жатыр.

  • Астана мен Павлодар облысында оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді
  • Ақтөбеде қатты бораннан 3 мыңнан астам үй жарықсыз, сусыз қалды

Еске салайық, елордада боранға байланысты тәулік ішінде 250-ден аса жол апаты тіркеліп, барлық қызмет түрі күшейтілген режимге ауысты. Сонымен қатар Астанада қатты желден Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің шатыры ұшып кеткен еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.