Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы


Студенттердің өз бетінше жұмыс жасауы



жүктеу 446.58 Kb.
бет3/3
Дата04.12.2018
өлшемі446.58 Kb.
1   2   3

Студенттердің өз бетінше жұмыс жасауы: Әдебиетпен жұмыс, электрондық базалар мәліметтерімен және компьютерлі оқытатын бағдарларымен жұмыс жасау; жағдаяттық есептердің шешімін табу, тест тапсырмаларының шешімін табу, рефераттардың дайындауы және қорғауы.

Білімдерді бағалауының критерийлері және ережелері:

  • Ағымды бақылау: Тестілеу, ауызша сұрауы, жағдаяттық есептердің шешімін табу, студенттердің гистологиялық препараттарды микроскопиялау, электрондық микросуреттерді және сызбаларды орындауындағы берілген тапсырмаларды тексеру.

  • Аралық бақылау: тестілеу , ауызша сұрауы, жазбаша бақылау.

  • Қорытынды бақылау: Емтихан 2-кезеңде өткізіледі: 1)гистологиялық препараттарды диагностикалау және жағдаяттық тапсырмалардың шешімін табу; 2) ауызша сұрауы, аралық бақылаудың нәтижелері бойынша, СӨЖ тақырыптарының сұрақтарын қосқанда.


Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі

Білім алушыларды дәстүрлі бағалау шкаласымен қоса


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз




Баллы

Ауызша сұрау.

100 балл

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Жауап толық, әрі дұрыс. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Спецификалық терминологияның негізгі терминдерін тірекке ала отырып, өз ойын сауатты, еркін жеткізе алады. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды; аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын. Емдеудің классикалық түрлерін жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда өзіндік көзқарасын білдіріп, емдеудің өзге де тәсілдерін ұсына алады.



90 балл

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді. Деректерді бағалай біледі, өздігінен ақылға салады, қорытындыны негіздеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді және оларды логикалық бірізділікпен түсіндіреді, бірақ жалпы мінездемелерде кейбір қателер жібереді, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде өзін жоғары деңгейде көрсетті. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.



85 балл

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді, бірақ кейде теориялық қорытындыларды негіздей алмайды және логикалық негіздемелерді бере алмайды, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде жақсы деңгейді көрсетті, негізгі және қосымша материалдарды (басқа оқулық) пайдаланады. Студент сұраққа сенімсіз жауап береді. Кейде қателер жібереді және өзі түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Логикалық, клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.

80 балл

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды жақсы меңгергендігін көрсетті. Бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі біліммен жақсы меңгергендігін көрсетеді, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады, өзінің көзқарасын жеткізе алады. Студент қателер жібереді және оқытушының жаңа сұрақтар қоюы арқылы түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.



75

балл


Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, талқыланатын сұрақтар туралы түсінігі жоқ, пайымдауда қателер жібереді, осыған қатысты бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі білім деңгейінің жақсы екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады. Студент маңызы жоқ қателер жібереді және оқытушының көмегімен түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін нақты сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Тек қана оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті айқын.



70 балл

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде орташа білім деңгейін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының белсенді қатысуы арқылы түзетуге болатын маңызы жоқ қателер жібереді. Студенттің меңгерген материалдары алдағы оқуына жеткілікті, студент негізгі әдебиет бойынша білімін көрсетті. Нақты мысалдар келтіргенде білімін еркін қолдану оған қиынға соғады. Практикалық машықтарды орындаудың техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтарды талқылауда белсенді емес.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін бөлшектеп сипаттап, дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық емес.









60 балл

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды терең түсінбейді, логикалық ойларын негіздей алмайды, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті толық емес деңгейде пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының көмегімен кейбір бөлігін ғана түзете алатын маңызды қателер жібереді, практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді). Практикалық машықтарды қорытындылауды білмейді және тұжырымдай алмайды.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады, тексерудің қосымша әдістерін баяндай алмады. Дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге жасай алады, аурудың этиологиясы, патогенезі жөніндегі мәліметтерді толық қолдана алмады, болжаммен анықтады. Клиникалық ойлауды меңгермеген.



50 балл

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды талдауда белсенділік танытпады, сондықтан бұрынғы оқыған пәндердің материалдарын нашар меңгеріп, білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті толық көлемде пайдалана алмайды. Жауабы толық емес, қателері көп, оқытушының жаңа сұрақтарынан кейін де кейбір қателерді түзете алмайды. Практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді. Қорытынды жасай алмайды, сонымен бірге зерттеудің нәтижесін де сипаттай алмайды.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін, қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады және дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасай алмады. Диагноз қоюды бөлшектеп сипаттады. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге ғана жасай алады, түрлі аурулардың этиологиясы, патогенезі туралы мәліметтерді толық қолдана алмады, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ.



0 балл

Студент сұраққа жауап бергенде тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетті. Практикалық машықтарды білмейді. Жауап бере алмайды.

РРБ-на әрбір себепсіз қатыспағаны үшін 1 балл шегеріледі.

Білім алушылар рейтингісінің бағасы ағымдық және аралық бақылаудың бағаларынан құралады.

Пән бойынша рейтинг келесі формуламен есептеледі:

РРБ=(АББх0,5 +РББх0,3 + СӨЖх0,2)


РРБ- рұқсат рейтингісінің бағасы. Сабаққа немесе емтиханға рұқсат рейтингінің бағасы. Бұл практикалық сабақтан, аралық бақылаудан алған және СӨЖ- ден алған балының орташа көрсеткішін есептегендегі алынған орташа бағасы.

АББ – практикалық сабақтан алған орташа баға (ағымдық бақылаудың бағасы) СӨЖ – СӨЖ- дің орташа бағасы

Рұқсат рейтингісі-студенттің қорытынды бағасы, кемінде 50 балл болуы керек.

Рұқсат рейтингісінде 50 балдан төмен болса, қорытынды баға есептелмейді.

Білім алушылардың семестрлік балы 50 не одан жоғары болса емтиханға кіруге рұқсат беріледі.

Пән бойынша қорытынды бағаға рұқсат рейтингісінің және қорытынды бақылаудың бағалары қоса есептеледі. Қорытынды бағаны есептегенде әрбір компоненттің үлесі есептеледі:

рұқсат рейтингісінің бағасы - 60%-ды құрайды, қорытынды бақылаудың бағасы - 40%-ды құрайды.

Білім алушының пән бойынша (ҚБ) академиялық рейтингісі білім алушы рұқсат рейтингісінен де, қорытынды бақылаудан да оң баға алған жағдайда ғана есептеледі. (ҚБ) есептеуде емтихан қабылдаушы келесі формулаға сүйенеді:


ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4
Қорытынды бақылау 2- кезеңде өткізілген жағдайда 1 және 2- кезеңдегі емтихан бағалары ведомостың тиісті графаларына жеке-жеке қойылады және ҚБ келесі формулаға сәйкес есептеледі:

ҚБ= РРБ* 0,6 +(ҚББ1 + ҚББ2)/2* 0,4
Пәндер бойынша ҚБ қорытынды бақылаудың әрбір кезеңдері бойынша тек оң баға (ҚББ≥50 бал) алған жағдайда ғана есептеледі.

Аттестация кезеңдерінің бірінде қорытынды бақылаудан (ҚБ) қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қорытынды баға (ҚББ) есептелмейді.



ГИСТОЛОГИЯ, ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭМБРИОЛОГИЯ

КАФЕДРАСЫНДАҒЫ

РЕФЕРАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРЫ МЕН

СӨЖ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Рефератқа қойылатын талаптар


  • Титулды парақ: жоғарғы жолда жеке сөйлемдермен ЖОО, кафедраның атауын, парақтын ортасында рефераттың тақырыбын (үлкен әріппен) жазу керек. Реферат тақырыбының астында – факультетті, курсты, топты және орындаушының аты-жөнін, сондай-ақ тексеруші оқытушының аты-жөнін жазу керек. Парақтың төменгі жолында қаланы және жылды жазу керек. Титулды парақтың безендіруі студенттің қалауына қойылады.

  • Реферат жоспары (екінші парақта жазылады) – кіріспе, рефераттың қорғауына қолданылатын үш ережеден тұратын негізгі бөлім, тұжырым, қорытынды, әдебиеттің тізімін (пайдаланылған парақтарды көрсету). Реферат құрастырылған жоспарға сәйкес болу керек.

  • Көлемі – компьютермен терілген мәтін 6-8 парақ, «Times New Roman» шрифті 12-ші кегілмен, 1,0 интервалымен жазылу керек. Парақтың сол шеті – 3см., үстіңгі және астыңғы шеттері – 2см. Егерде реферат қолымен жазылса (оқытушының келісімімен) – 12-16 парақ. Сызбалар, таблицалар, диаграммалар, суреттер, реферат бойынша графиктер – қосыла есепке алынады.

  • Сауаттылығы: грамматикасы, пунктуациясы, стилистикасы, терминологиясы мұқият тексерілген болу керек.

  • Мәтінде әдебиеттің түпдеректеріне сүйену туралы: әдебиеттің түпдеректерін міндетті түрде дұрыс пайдалану. Келтірілген әдебиет тізімі бойынша мәтінде пайдаланылған түпдерек нөмірінің реттілігі текшелі тік жақшаларда [**] көрсетіледі.

  • Әдебиеттер тізімі: 3-5 қазіргі заманның әдебиеттерінің көзі болу керек. Интернет сайтынан мәліметтер оқытушының келісімі болғанда ғана алынады. Қолданылған монографиялардың, еңбекжинақтарының, жорналдардағы мақалалардың және басқа жарияланымдардың тізімі библиография ережелеріне сәйкес беріледі.

  • Алдын-ала алынған тақырыпқа кез-келген еңгізілген өзгеріс оқытушымен келісіледі.


Рефератты бағалау критерийлері

«О» балл қойылады: реферат болмаса, рефераттың жазылуында принципиальді қателер, рефераттың жоспарының сұрақтары толық ашылмаса, оқытушының келісімісіз, тақырып өзгертілсе, реферат толықтыруға қайтарылады.


«50-74» балл қойылады, егер төменде көрсетілген пункттарға сәйкес болса:

1) Рефераттың көлемі жеткілікті;

2) Жұмысты безендіруде елеусіз қателіктер;

3) Рефераттың таңдалған тақырыбына сәйкестігі;

4) Тақырыптың сұрақтары толық ашылған;

5) Материалдың баяндауында сауаттылығындағы және бірізділігіндегі елеусіз ауытқулар;

6) Түпдеректер қарапайым түрде келтірілгенде, яғни материал өзбетінше талдалмағанда;

7) Материалды ауызша түрде баяндағанда және және рефератты қорғағанда сұрақтарға жауап берген кезде елеусіз қиындықтар болса;

8) Жұмысты қорғауға берілген уақыттан -5 минуттан ауытқуы.
«75-89» балл қойылады, егер төменде көрсетілген пункттарға сәйкес болса:

1) Рефераттың көлемі жеткілікті;

2) Жұмысты безендіруде жеке қателіктер;

3) Рефераттың таңдалған тақырыбына сәйкестігі;

4) Тақырып бойынша барлық қойылған сүрақтары тереңімен ашылған;

5) Жұмыс жоспарына сәйкес материал сауатты және бірізділігмен берілген;

6) Жүмыста түпдеректердің материалын бергенде жекелеген өзбетінше талдау және интерпретациялар болғанда;

7) Материалды ауызша баяндағанда және реферат тақырыбы бойынша қойылған сұрақтарға толық немесе жартылай жауап беру

8) Рефератты ауызша қорғаған кезде баяндама материалын сауатты ұсынылуы, берілген сұрақтардың көбісіне дүрыс жауап беру;

9) Жұмысты қорғауға берілген уақыттан -5 минуттан елеусіз ауытқуы.



«90-100» балл қойылады, егер төменде көрсетілген пункттарға сәйкес болса:

1) Рефераттың көлемі жеткілікті;

2) Жұмыс безендіруінде жекелеген дәл еместігі;

3) Таңдалған тақырыбына рефераттың сәйкестілігі;

4) Тақырып барлық сұрақтарының максимальді толығымен ашылуы;

5) Жұмыс жоспарына сәйкес материал сауатты және бірізділігмен берілген;

6) Жұмысты орындағанда түпдеректер зерттеген материалдың салыстырмалы анализ негідерін келтіргенде, өзбетінше қорытындыларды және интерпретацияларды жасағанда;

7) Материалды ауызша баяндағанда сауатты ұсыну;

8) Қосымша көрнекі материалды қолдану (сызбаларды, таблицарды, суреттерді, диаграммаларды, графиктерді). Өзбетінше орындаған көрнекі материалында сауатты хабарда болу;

9) Жүмысты қорғаған кезде қойылған сұрақтардың көпшілігіне түпдеректерге сүйене отырып сауатты жауап беру;

10) Рефераттың қорғауына берілген уақытынан асырмау- 5минут;

11) Материалды көпшілік алдында баяндаған кезінде

кафедра, кафедрааралық, универститеттік, (пленарлық) СҒК отырыстарында
2. Пән бойынша толтырылған альбомның бағалау критерийлері

« балл гистология альбомына (оқытушының қалауына) қойылады, егерде:

1) альбомы болмаса;

2) альбомды ұқыпсыз ұстаса;

3) суреттердің 20%-ы болмаса;

4) суреттердің сапасы төмен, атаулары және белгілеулері жоқ болса.


«50-74» балл гистология альбомына қойылады, егерде:

1) альбом ұқыпсыз ұсталса;

2) суреттердің 10%-ы болмаса;

3) суреттердің сапасы төмен, атаулары және белгілеулері дұрыс емес және толық болмаса;

4) барлық суреттерге оқытушының қол таңбасы қойылған.
«75-89» балл гистология альбомына қойылады, егерде:

1) суреттердің бірлі-жарымы болмаса;

2) суреттері сауатты салынған, атаулары және белгілеулері болса;

3) барлық суреттерге оқытушының қол таңбасы қойылған.


«90-100» балл гистология альбомына қойылады, егерде:

1) салынған суреттердің жиынтығы толық, атаулары және белгілеулері максимальді нақтыланған;



2) барлық суреттерге оқытушының қол таңбасы қойылған.
Каталог: student -> specialty
specialty -> Министру обороны
student -> Оқу жылындағы құқық негіздері пәні бойынша 1-ші курс студенттері үшін 051301 Стоматология мамандығына арналған тест бақылаудың сұрақтары
student -> Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы
student -> Жұмыс бағдарламасы пәні: Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері бойынша электив Мамандығы: 051301-«Жалпы медицина»
student -> 1 ші–тақырып. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі. Мақсаты. Студенттерді «Құқық негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет