Бүгін өткен үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов қосылған құн салығы мөлшерлемесі көтерілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

“Қосылған құн салығы мөлшерлемесі жоғарыламайтынын мәлім еткім келеді. Ұлттық экономика министрлігі мен қаржы министрлігіне республикалық бюджеттің шығысымен қатар кірісін де сапалы жоспарлау керек”, – деді ол үкімет отырысында. 

Премьер қаржы министрлігі бизнеске 600 млрд теңгеге жуық қосымша құн салығын қайтармағанын атап өтті. 

“Сонымен қатар шұғыл шығындарды қаржыландыру үшін бюджетке 2024 жылғы төлемдермен аванс берілген. Бұл дұрыс жоспарламаудың салдарынан болған. Былтыр түсуге тиіс болған кірістер жоспары асыра бағаланды. Мұндай тәжірибе қайталанбауға тиіс”, – деп ескертті Бектенов. 

Үкімет 2025 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесін 12-ден 16%-ға дейін көтеруді жоспарлаған еді. Кәсіпкерлер оған қарсы шықты. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қосылған құн салығының өсуіне байланысты кәсіпкерлердің жағдайы қалай өзгеретінін айтқан еді. 

Ал халықаралық валюта қоры Қазақстанда қосылған құн салығының көтерілуін қолдайтынын мәлімдеген. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.